link11466 link11467 link11468 link11469 link11470 link11471 link11472 link11473 link11474 link11475 link11476 link11477 link11478 link11479 link11480 link11481 link11482 link11483 link11484 link11485 link11486 link11487 link11488 link11489 link11490 link11491 link11492 link11493 link11494 link11495 link11496 link11497 link11498 link11499 link11500 link11501 link11502 link11503 link11504 link11505 link11506 link11507 link11508 link11509 link11510 link11511 link11512 link11513 link11514 link11515 link11516 link11517 link11518 link11519 link11520 link11521 link11522 link11523 link11524 link11525 link11526 link11527 link11528 link11529 link11530 link11531 link11532 link11533 link11534 link11535 link11536 link11537 link11538 link11539 link11540 link11541 link11542 link11543 link11544 link11545 link11546 link11547 link11548 link11549 link11550 link11551 link11552 link11553 link11554 link11555 link11556 link11557 link11558 link11559 link11560 link11561 link11562 link11563 link11564 link11565 link11566 link11567 link11568 link11569 link11570 link11571 link11572 link11573 link11574 link11575 link11576 link11577 link11578 link11579 link11580 link11581 link11582 link11583 link11584 link11585 link11586 link11587 link11588 link11589 link11590 link11591
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесінен үзінді.

Казахстан,г. Кызылорда

Средняя школа №198

Учитель казахского языка и литературы

Исаева Гульнара Ибадулаевна

Бауыржан Момышұлы «Ұшқан ұя» повесінен үзінді.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік : Бауыржан Момышұлының өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру. «Ұшқан ұя» повесінен үзіндімен таныстыру, оның идеясын ашу.

2.Дамытушылық: Оқушының мәтінмен жұмыс дағдысын, дүниетанымын, ойлау қабілеттерін, тіл байлықтарын дамыту.

3.Тәрбиелік: Ұлы даланың алып ұлы Б. Момышұлына, қазақ даласына, Отанға деген құрмет сезімін тәрбиелеуге ықпал ету.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс тәсілдері: Баяндау, сұрақ — жауап, мәнерлеп оқу,тапсырмалар орындау.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд,Бауыржанның портреті, суреттері, шығармалары, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: Тарих.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Сабақтың мақсаты, барысымен таныстыру.

таныстыру.

3. Жаңа сабақ.

Эпиграф:

Мен де қазақпын жаралған сүйек-еттен,

Менде ар бар, менде ой бар жан тебіренткен.

Халқымның қарапайым бір ұлымын

Жанымды арым үшін құрбан еткен.

(Б.Момышұлы)

Жанын ары үшін құрбан еткен кім екен? Ол қандай адам болды екен? Міне осы сұрақтарға бүгінгі сабағымызда жауап алатын боламыз.

Олай болса , бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесінен үзінді.

1.Қазір мен сіздерге жазушының автобиографиясынан мағлұматтар беремін.

2.Мәтінмен жұмыс. (151-бет. Артық болмас білгенің) Оқылым.

Берілген сұрақтардың жауабын мәтіннен тауып оқы. 3. Сұрақтар арқылы ассоциация құру.

а) Қазақтың перзенті;

ә) 20 ғ саңлағы;

б) Гвардия полковнигі;

в) Даңқты қолбасшы;

г) Әскери жазушы;

д)Халық қаһарманы;

е) батыр;

4.Үй тапсырмасын сұрау арқылы жаңа сабақты бекіту.

Мәтін мазмұнымен үйде танысып келуге берілген болатын.

Ой шақыру:

Ұшқан ұя сөзін естігенде ойымызға не келеді?

Олай болса, жазушының ұшқан ұясы, қызығы мен қиыншылығы мол балалық шағы, өсіп-өнген ортасы мен алған таным-тағылымы туралы сыр шертетін шығармасын оқу арқылы батыр атамыздың қайталанбас өмір жолының куәсі болайық. Ол үшін дайындап келген әңгіме мазмұны бойынша келесі тапсырмаларды орындаймыз.

1-тапсырма. Сұрақ-жауап.

А) Әңгіме не туралы?

Ә)Бауыржанның атасы кім?

Б)Әкесі кім?

В) Анасы туралы не айтасыңдар?

Г) Бауыржан қашан дүниеге келді?

2-тапсырма.

1.Мәтінді бөлімдерге бөліп, әр бөлімге тақырып қойыңдар.

2. Әр бөлімнің негізгі ойын білдіретін сөздер мен сөз тіркестерін мәтіннен табыңдар.

3.Әр бөлімді қысқаша мазмұнда.

1-бөлім: «Менің отбасым»

Тірек сөздер: менің бабам, әкем, әжем, шешем;

2-бөлім:» Бауыржанның дүниеге келуі»

Менің әкемнің айтуынша, мен 1910 жылдың 24декабрінде дүниеге келіппін.

3-бөлім: Менің әкем немесе өмірлік өнеге.(Негізгі бөлім)

4-бөлім: Аспанмен тілдескен ақбас шоқылар немесе туған жер табиғаты.

Әлгі бір күн шоқыдан шығып келе жатқан шақтағы ғажайып суреттен…(соңғы сөйлем)

3-тапсырма.

Мәтіндегі барлық кейіпкерлерді ата. Оларға берілген сипаттаманы мәтіннен тауып оқы.

4-тапсырма.

Мәтіннен оқиға орын алған жерді ата.

Әулиеата- Жамбыл- Тараз.

5- тапсырма. Дәптермен жұмыс.

От жанарлы, перзент, аса ажарлы сөздеріне түсінік беріп, сөздердің синонимдерін табыңдар.

От жанарлы-жалынды-көзі жанып тұр- жарқырап тұр

Перзент-бала- ұл-сәби

Аса ажарлы-келбетті- сұлу.

6-тапсырма.

Үзіндіде қазақ халқының қандай салт-дәстүрі берілген? Түсінік бер.

Салт- дәстүр ------------- түсінік

7-тапсырма. Әдебиет теориясы.

Өздерің оқып танысқан жазушы шығармасының ерекшелігі неде, әдеби жанрдың қай түріне жатады? Міне осы сұрақтарға әдебиет теориясынан жауап іздеп көрейік.

Автобиографиялық шығарма туралы түсінік.

Афтобиографиялық шығарма немесе өмірбаяндық шығарма дегеніміз — жазушының өзі өмір сүрген қоғам жайын өзі көрген- -білгенімен ұштастыра, тарихи тұрғыдан баяндайтын деректі көркем шығармалар жинағы. Онда автордың тек өмірбаяны қамтылып қоймай, ішкі жан-дүниесі, ой-сезімі, арман- мүддесі, айналадағы адамдармен қарым-қатынасы арқау болады. Өмірбаяндық жанрдағы шығармалар көбіне қарасөз түрінде жазылады.

Поэзия сәтіне кезек берелік. Баукең тек жазушы емес өлең шығарған ақын да екен. Балалардың үйден жаттап келген өлеңдері бар екен соны тыңдап көрелік. Өлеңдері: Отан үшін отқа түскен өлмеген, Ана тілін ардақта, Досыма, Толғау т.б.

Қанатты сөздері: Халық батырының ақыл ай- ойынан , ақын жанды шабытынан сұрапыл жылдарда туған, қазірде халықтық мұраға айналған қанатты сөздері де мол: Отан үшін отқа түс –күймейсің, Намысты нанға сатпа, Арлы адам ардақты т.б .

Қорыту. Рефлексия.

1.Бүгінгі сабағымыздан не білдік?

2.Бауыржанды оқу арқылы біз қандай тәрбие алдық?

Бауыржанды оқу арқылы біз қандай тәрбие алдық?

3.Сабақ ұнады ма , несімен?

Бағлау.

Үйге тапсырма: Отбасыларың туралы автобиографиялық әңгіме жазып келіңдер.

  • Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности