link12600 link12601 link12602 link12603 link12604 link12605 link12606 link12607 link12608 link12609 link12610 link12611 link12612 link12613 link12614 link12615 link12616 link12617 link12618 link12619 link12620 link12621 link12622 link12623 link12624 link12625 link12626 link12627 link12628 link12629 link12630 link12631 link12632 link12633 link12634 link12635 link12636 link12637 link12638 link12639 link12640 link12641 link12642 link12643 link12644 link12645 link12646 link12647 link12648 link12649 link12650 link12651 link12652 link12653 link12654 link12655 link12656 link12657 link12658 link12659 link12660 link12661 link12662 link12663 link12664 link12665 link12666 link12667 link12668 link12669 link12670 link12671 link12672 link12673 link12674 link12675 link12676 link12677 link12678 link12679 link12680 link12681 link12682 link12683 link12684 link12685 link12686 link12687 link12688 link12689 link12690 link12691 link12692 link12693 link12694 link12695 link12696 link12697 link12698 link12699 link12700 link12701 link12702 link12703 link12704 link12705 link12706 link12707 link12708 link12709 link12710 link12711 link12712 link12713 link12714 link12715 link12716 link12717 link12718 link12719 link12720 link12721 link12722 link12723 link12724 link12725
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Ш.Мұртаза «Тұтқын бала»

Казахстан, Мангистауская область, г. Актау

ГУ «Общеобразовательная средняя школа №5 с гимназическими классами»

Учитель казахского языка

Куспанова Айнур Оразовна

Сабақтың білімділік мақсаты: аталған әңгіменің тақырыбын,идеясын анықтата отырып кейіпкерлер сипатын сан қырынан жан-жақты ашқызу:оқушыларға әңгіме авторы туралы кеңінен мағлұмат беру,көсемсөз шебері екендігін таныту.

Тәрбиелік мақсаты: оқушыларды адамгершілікке, инабаттылыққа, қайсарлыққа, Отанын сүюге, ата-анасын ардақтауға, халқын құрметтеуге баулу,тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: оқушыларды парасаттылыққа,өз ойын еркін жеткізуге, ой ұшқырлығына баулу, ойлау қабілетін арттыру,тіл байлығын байыту.

Сабақтың түрі: қорыту,жинақтау сабағы.

Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырма, «Топтастыру» стратегиясы.

Көрнекілігі: Шерхан Мұртазаның, Тұрар Рысқұловтың портреттері,

шығармалары, олар туралы жазылған сыни мақалалар,қанатты сөздер,сөзжұмбақ..

Сабақтың пәнаралық байланысы: Қазақстан тарихы,география.

Кино: «Асуда атылған оқ».(Қырғыз фильмінен жеке фрагменттер),М.Әуезов «Қараш-қараш оқиғасы» хикаяты, «Қараш-қараш оқиғасы» фильмінен жеке фрагменттер.(Ш.Айманов атындағы киностудиясы түсірген).

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сабақтың тақырыбы мен мақсат-міндеттерімен таныстыру.

ІІ. Ой қозғау.

1. Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеу.

2. Сонымен,балалар, Шерхан Мұртаза туралы не білдік?

«Топтастыру» стратегиясы бойынша жинақтау, дәлелдеу.

Мысалы: Ш.Мұртаза — аудармашы. Ш.Айтматовтың «Қош Гүлсары», «Жанпида» т.б. шығармаларды орыс тілінен аударған.

қоғам қайраткері аудармашы

жазушы Шерхан Мұртаза ел азаматы


публицист көркемсөз шебері

драматург

ІІІ. Жадымда әңгіме мазмұны.

а) «Тұтқын бала» әңгімесінің мазмұны құрылған жоспар бойынша баяндалады.

б) Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс. (Өтілген материалдарды қаншалықты меңгергендерін анықтау мақсатында деңгейлік тапсырмалар беремін.)

1. Тұрардың басынан өткен қиындықтар мәтінде қалай,кімнің сөзі арқылы берілген.

2. Приходько Рысқұлдың тілегін қабыл алғанда қандай мақсат көздеді,ол ойы орындалады ма?

3. Тұрар кімді,оның қандай мінездерін өнеге тұтты?

4. Тұрардың түрмеде болу себебі не?

5. Тұрар қандай жұмыс атқарды?

6. Тұрарды надзиратель қалай мұқатты?

7. Бронников надзирательге не деп айқайлады,Бронников бала санасына қалай әсер етті?

8. Әкесін Сібірге алып бара жатқанда әке мен баланың арасын не жалғастырады?

9. Рысқұлдың Сәлмен болыстан кетуіне не себеп болды?

10. Сәлменнен кетіп,Жарасбайды паналағанда Рысқұл не тапты?Қандай қиянат көрді?

11. Сәлменге,Жарасбайға мінездеме бер.

12. Наталияға ,Аркадийге мінездеме бер.

13. Бронниковтың айдалып бара жатқан Рысқұлға берген қоштасу белгісі бұлардың арасындағы қандай қарым-қатынасты ,сезімді білдіреді?

14. Әке мен бала арасындағы сүйіспеншілікті жазушы қалай суреттеген?

б) Т.Рысқұловтың өмір жолы мен өсу жолдары жайлы әңгімелеу.

Туған халқының жер бетінен жойылып кетпеуі үшін бел буып,саяси өмірге араласты.Халқы үшін адал туған ұл бүкіл ғұмырын ұлт қамқоры болуға арнады.

Т.Рысқұловтың өмір жолы мен өсу жолдарын мына кестедегі жылдар арқылы көрсету.

Жылдар

Болған оқиғалар

1894.26.12.

Алматы облысының Талғар ауданындағы Бесағашта дүниеге келген.

1907-1910ж

Меркедегі туыстарына барады.Орыс-қазақ бастауыш мектебінде оқып,оны үздік бітіріп шықты.

1910-1914 ж

Бішкектегі І дәрежелі ауыл шаруашылығы мектебін тәмамдайды.

1915 ж

Ташкеттегі мұғалімдер институтына түседі.

1916ж

Ұлт-азаттық көтерілісі басталып,оған қатысады.

1918 ж

21 жаста Түркістан республикасында аштықпен күрес орталық комиссиясының төрағасы болады.

1924ж

Моңғолияға өкіл етіп жібереді.

1932-1933 ж

Қазақ халқының жер бетінен жойылып кетпеуі үшін бел буып күресті.

1943 ж

Өмірден өтеді.

в) Сахна төрінде «Ақылды Тұрар» драмасы.

( «Тұтқын бала» әңгімесінен сахналық көрініс)

г) «Венн диаграммасы» бойынша оқушылардың салыстыруы,жинақтауы.

Салыстырмалы мінездеме (интерактивті тақтада)

Бала Тұрар

Ортақ

Тұрар Рысқұлов

Аңғал,қиялшыл,

жасқаншақ,зерек,алғыр.

Сенгіш,ұстамды,әкесін жақсы көреді.Өмір әділетсіздігін сезеді,бірақ күресуге дәрмен жоқ..

1.Білімге деген құштарлығы.

2.Әкеге деген құрмет.

3.Туған елге деген сүйіспеншілігі

Білімді.

Қайраткер.

Төраға.

«Қызыл жебе»

Азаттық үшін күрескер,халық қамқоршысы,адамзаттың ұлы.

ІV. Бекіту. Сөзжұмбақ.

Т

Ұ

Т

Қ

Ы

Н

Б

А

Л

А

1.Патшалық Ресейде арнаулы бір облыстың бастығы қалай аталған?

2. Тұрардың әкесінің есімі.

3. Айбар мырзаның баласының есімі.

4. Тұрардың бүркеншек ф

амилиясы.

5. Тұрардың нағашы жұртының ауылы қалай аталған?

6. Меркедегі орыс-мұсылман мектебінің меңгерушісінің есімі.

7. Меркедегі мұсылман пәнінің мұғалімі.

8. Революцияға дейінгі Ресейдегі орта дәрежелі оқу орны.

9. Ш.Мұртазаның Т.Рысқұлов өмірімен байланысты драмасы.

10. Кеңсе жұмыстарын жүргізуші.

V. Үйге тапсырма беру.

«Әке көрген оқ жонар», «Жақсы бала жеткізеді мұратқа» деген тақырыптардың бірін Т.Рысқұлов өмірімен байланыстырып шығарма жазу.

VІ. Оқушыларды бағалау.

VІІ. Қорытынды.

Шерхан Мұртаза Тұрар бейнесі арқылы қарама-қайшылыққа тұнған қазақ халқының тарихындағы ең ауыр кезеңін баян етті және оны шынайы суреттей білді.Олай болса,Т.Рысқұлов туралы әлі де айтар сөз көп.

«Атадан асыл ұл туса,

Елінің қамын жейді.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді» демекші,Тұрар Рысқұловтай адамзаттың ұлы, халықтың қамын ойлайтын қайраткер бола біліңіздер.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности