link7503 link7504 link7505 link7506 link7507 link7508 link7509 link7510 link7511 link7512 link7513 link7514 link7515 link7516 link7517 link7518 link7519 link7520 link7521 link7522 link7523 link7524 link7525 link7526 link7527 link7528 link7529 link7530 link7531 link7532 link7533 link7534 link7535 link7536 link7537 link7538 link7539 link7540 link7541 link7542 link7543 link7544 link7545 link7546 link7547 link7548 link7549 link7550 link7551 link7552 link7553 link7554 link7555 link7556 link7557 link7558 link7559 link7560 link7561 link7562 link7563 link7564 link7565 link7566 link7567 link7568 link7569 link7570 link7571 link7572 link7573 link7574 link7575 link7576 link7577 link7578 link7579 link7580 link7581 link7582 link7583 link7584 link7585 link7586 link7587 link7588 link7589 link7590 link7591 link7592 link7593 link7594 link7595 link7596 link7597 link7598 link7599 link7600 link7601 link7602 link7603 link7604 link7605 link7606 link7607 link7608 link7609 link7610 link7611 link7612 link7613 link7614 link7615 link7616 link7617 link7618 link7619 link7620 link7621 link7622 link7623 link7624 link7625
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Сызба бойынша тоқу

Казахстан,Алматинская область, Алакольский район

Достыкская средняя школа

Учитель технологии

Махутова Сандуғаш Кабдрашидовна

Сызба бойынша тоқу

Сілтеме

Сабақ жоспары

Технология Күні:13.03.2014 жыл

Сабақтың тақырыбы

Сызба бойынша тоқу

Жалпы мақсаттар.Білімділік

Дамытушылық

Тәрбиелік

Оқушыларға ілмек бізбен схема бойынша тоқудың жолдарын игерте отырып майлық тоқу.

Оқушылардың ой - өрісін, таным белсенділігін,есте сақтау қабілеттерін дамыта түсу.

Оқушыларды ұқыптылыққа, әсемдікке , шапшаңдыққа,жұмысты тианақты жасауға, эстетикалық талғампаздылыққа тәрбиелеу .

Күтілетін нәтиже

Схемамен жұмыс жасау барысында шалулардың шартты белгілері бойынша жұмыс жасауға үйренеді .

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың типі

Дәстүрлі сабақ

Әдіс-тәсілдер

Топпен ақылдаса отырып бір шешім қабылдауға ,басқа топтармен диалогқа түсуге үйренеді

Дерек сөздер

Оқу бағдарламасы. Мектептегі технология журналы .7 сыныбына арналған оқулық.

Қажетті құралдар

Оқулық,жұмыс дәптері,стикер,флипчарт,фламастер,тапсырмалар,тест тапсырмалары ілмек біз,жіп, схемалар т.б.

Түйінді идеялар

Тапсырма мазмұны

1.Ой сергіту.

Мақалдың жалғасын тап:1. Ер дәулеті —жету.

2. Еңбек ерлікке жеткізер ,
Ерлік елдікке жеткізер.

3.Еңбек ет те, міндет ет.

4.Көп еңбегі — көңілді.

5. Еңбек пен бақыт егіз.

6.Еңбекте қорлық жоқ
Шындықта зорлық жоқ

.

Бағалау

Бағалау парағы әр топтың басшыларына үлестіріліп беріледі.Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып,жақсы бағалануға ұмтылады.Бағалау критерийі бойынша бағалау,фармативті бағалау.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының әрекеті

1.Ұйымдастыру(3мин.)

Оқушылармен сәлемдесіп алған соң сыныпты түгендеп шығады.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып топқа бөледі.Оқушылар назарын сабаққа аударады.

Амандасады,кезекші оқушы сабақта жоқ оқушыларды айтады.Топқа бөліну әрекеті бойынша жасырын жатқан суреттерді алып топ бойынша орындарына отырады.Топқа өлініп топтың ішінен көшбасшыларын,баяндаушы,бағалаушы,таемкипер,эксперт сайлап алады.

2.Үй тапсырмасын сұрау(7 мин.)

Оқушыларға тест тапсырмалары үлестіріліп беріледі:

  1. Ілмек бізбен тоқылатын бұйымдарды ата:

а)сүлгі ,көрпеше,жастық

ә)майлық ,көйлек ,шәлі ,шұлық ,кеудеше т.б.

б)Шұлық, бас киім, кілемше,текемет

2.Тоқуға қажетті құралдар:

а)жіп ,біз ,қайшы

ә)біз ,мата, жіп

б)мата ,жіп ,ине,кергіш

3.Жіптің түрлерін ата:

а) мақта ,жібек ,атлас

ә) жүннен, мақтадан иірілген, жібек жіптер, синтетикалық және аралас жіптер.

б)зығыр,былғары,жібек

4.Тоқу өнері қандай өнер түріне жатады?

а)қолөнер

ә)аспаздық өнер

б)Ібейнелеу өнері

5 .Ұршық дегеніміз не ?

а ) кесте тігетін иненің бір түрі

ә)жүн иіретін құрал

б)қару –жарақ аты

Ұпайы

Бағасы

5-4

«5»

3-4

«4»

1-2

«3»

Оқушылар түгелдей тест тапсырмаларын орындайды.Тапсырманы аяқтаған соң бір-бірімен алмасып,дұрыс жауаптармен тексеріп шығады.Топ басшылары бағалау парағына бағалап отырады.

3.Жаңа сабақ.Түсіну (10 мин.)

Әр топқа жаңа сабақ бойынш мәліметтер және суреттер үлестіріліп беріледі:

1-топ:Тізбек (цепочка) бірнеше үлпілдек шалудан жасалған тізбектер алғашқы қатар (немесе тоқылуға тиіс бар бұйымның бастапқы негізі) болып саналады. Ілмектің ұшына бір шалу жасайды да, жіпті ілмекке орап, алғашқы шалудың ортасынан өткізіп алады.

Қысқа шалу (полустолбик). Ілмекті тізбектегі 3-шалудың алдынан артына қарай өткізеді. Содан соң ілмекке жіпті орап, оны ілмектегі екі шалудан өткізіп алады. Жай шалу (столбик без накида). Ілмекті тізбектет 3-шалудың алдынан кері қарай өткізеді. Ілмекке жіпті орап, шалып алады, сонан соң жіпті тағы орап, оны ілмектегі екі шалудан өткізіп алады.

Нық шалу (прочный столбик). Ілмектің сабына жіпті орап алып, ілмекті тізбектің 3-шалуына алдынан артына қарай өткізеді. Ілмекке жіпті орап шалып алады да, жіпті тағы да орап, енді оны ілмектегі үш шалудан өткізіп алады.

Бос жіп қосылған шалу (столбик с накидами) . Бағананың (шалудың) биіктігін көтеру үшін оны бір не бірнеше бос жіп қосып тоқу керек. Ілмекке жіпті орап, бұрынғы қатардағы не тізбектегі 4-шалудан өткізеді де, оған қайта жіп орап, 1 шалуды тартып шығарады, жіпті қайта орап, оны ілмектегі шалу мен бос жіптен (2 шалу) өткізеді, жіпті тағы орап, оны да ілмектегі соңғы 2 шалудан өткізіп алады. 2 не 3, одан да көп бос жіп қосылған бағана жасау үшін соған сәйкес ілмекке 2 не 3 бос жіп қосып шалу жасап отыру қажет, содан соң біртіндеп ілмекте 1 жіп қалғанша 2 жіптен қосып тоқи береді, ол үшін ілмекті соған сәйкес 5, 6, 7 т. б. шалулардан өткізіп отырады. Ал ілмектің ұшында әрқашан бір шалу қалып отыру керек

Бос жіп қосылған рельефті оң шалу (рельефный лицевой столбик с накидом). Ілмектің сабына жіпті орап, ілмекті бұрынғы қатардағы шалудың түбін орай алдыңғы жағынан өткізеді де, бір шалуды тартып шығарады. Одан соң жіпті тағы орап, оны ілмектегі шалу мен бос жіптен өткізеді, жіпті тағы орап, оны ілмекте қалған 2 соңғы шалудан өткізеді.

Бос жіп қосылған рельефті теріс шалу (рельефный изнаночный столбик с накидом). Ілмектің сабына жіпті орап, ілмекті бұрынғы қатардағы шалудың түбіне орай сыртқы жағынан өткізіп, 1 шалуды теріс жағынан тартып шығарады, шалу мен бос жіптен өткізеді, жіпті тағы орап, оны ілмекте қалған 2 соңғы шалудан өткізеді.

Тоқыманы тарылту және кеңейту.тоқыманы тарылту - тоқыманың ортасынан не екі шетінен шалулар мен үлпілдек шалуларды қысқарту арқылы орындалады;кеңейту үшін қатарға жаңа шалулар мен үлпілдек шалулар қосылады.

Қауіпсіздік ережені қайталау

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы мұқият,түсініп оқып шығады да сол бойынша ілмек бізбен жіпті алып тоқиды .Бір –бірінің шалып алған жұмыстарын тексеріп бағалайды .

Қолдану (8 мин.)

Оқушылар берілген тапсырмалардан түсінгендерін топ болып ақылдаса отырып,флипчартқа түсіреді.

Талдау (10 мин.)

Постердегі жұмыстарын топ болып қорғайды.Басқа топтар мұқият тыңдап,тақырып бойынша білімдерін толықтырып отырады ,топтың бағалаушысы постерді қорғаулары бойынша смайлингтер арқылы өздерінің көңіл күйлерін білдіреді .

Жинақтау (3 мин.)

Жаңа сабақты қорытындылау мақсатында әр топ оқушыларының өзара диалогқа түсуін бақылайды.

Әр топ оқушылары өзара диалогқа түседі.Жаңа сабақ барысында не түйгендерін диалог түрінде ортаға салады.

Бағалау (5 мин.)

1.Тізбек шалу қай кезде тоқылады?

2.Бос жіп қосылған шалу қалай алынады?

3.Тоқыманы тарылту дегеніміз не?

4.Тоқыманы кеңейту жолдары?

5.Осы шалулар арқылы қандай бұйым тоқуға болады?

Топ басшысының жиынтық бағалауы.

Үйге тапсырма (2 мин.)

Тоқыма шалуларын қолдана отырып майлықтың өрнегін тоқу.

Оқушылар күнделіктерін алып,үйге берілген тапсырманы жазып алады.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности