Казахстан, Жамбылская область, Шуский район, с. Толе би
КГКП детский сад «Асем»
Воспитатель
Ережепова Г.З.
Мақсаты: «Валеология» ғылым жөнінде алғаш білімдерін кеңейту және бекіту.
Сабақтың барысы: «Қазақ жері» атты тақпақ. Рамазан Тышқанбаев ағамыз жазған.
Шұғылалы таңымыз,
Қазақ жері — бағымыз.
Қайнарынан мөп-мөлдір.
Сусындайды жанымыз.
Қазақ жері сәніміз.
Мәуесі мол бағымыз.
Саясында жетілер
Балдай бала шағғымыз.
Кең байтақ қазақ жерінің адам денсаулығына қосар үлесі шексіз. Жыл бойы «Валеология» еліне саяхат барысында көптеген салауатты өмір салтын үйренгеніміз туралы сіздерге қорытынды сабығымыз ашық деп жариялаймыз.
Сұрақтарға жауап.
Валеология — бұл денсаулық туралы ғылым, ол бізді ақылды, көңілді, дені сау және ақ көңіл бала болып өсуге баулиды. Ең басты ауырмай өмір сүруді үйретеді.
Төсектен тұрғанда
Секіріп, тез тұрма
Керіліп денеңді,
Жадыра, бос тұрма. Мысал келтіру.
Минуара: «Менің таңым». Ерте тұрып күнде мен,
Терезені ашамын
-Сәлем! — деймін күнге мен,
Шаттық әнге басамын.
Күн-мол шаттық,
Түсінем,
Күнмен өстіп көрісем.
Содан соң үй-ішімен
Шаттығымды бөлісем.
Амина : -Қайырлы таң, аташым!
Деймін келіп атама.
-Қайырлы таң, апашым!
Деймін келіп апама.
Қолды шайып мен енді,
Жарты шыны су ішем.
Шынықтырып денемді,
Жаттығуға кірісем.
Жалықпаймын сабақтан,
Оқимын да, жазамын.
Білім нәрін таратқан
Ұстазда ылғи - назарым.
Осы құрылыс ішек туралы тақпақ.
Аида: Май жағылған тәтті нан.
Шықты бір күн сапарға
Ең алдымен тап болды
«Ауыз» деген апанға.
Онда азғана бөгелді.
Дейсіңдер ғой не көрді?
Ауыздың ішін аралап,
Одан әрі жөнелді.
Өзгеріп кетті түрі енді.
Бөгет емес бұл енді.
Жылжып енді ары қарай,
Жұтқыншақ — тауға тірелді.
Шерхан: Қарай қойшы батылып,
Одан да өтті ақыры.
Кірді өңеш — үңгірге
Қатпар-қатпар сатылы.
Сапарды ары жалғауға
Орта жолда қалмауға.
Тырысқан наның тап болды.
«Асқазан» атты орманға.
Асқазанды аралап
Көрді жайлап қарып-ақ
Кездесті ішек — лабиринт
Иір-иір ғажап-ақ.
Жұмбақ. Түссі бар көрінбейтін,
Бір тұтас бөлінбейтін.
Тынысы тіршіліктің
Ешқашан жерінбейтін. (Ауа).
Ауасыз ешқандай жанды зат өмір сүре алмайды. Ада м мұрын мен демалып қана қоймайды иісті сезеді.
Мұрын иіс сезу мүшесі.
Ереже есіңе сақта.
Диас Т.:
Өсімдіктердің тек жер бетіне көрік беріп қала қоймай, адамға жылу, тағам, таза ауа сыйлайтынын, сонымен бірге олардың емдік қаситеттері зор. Мұндай өсімдіктермен емдеуді фитотерапия деп атаймыз. Енді дәрігерлердің кеңесін тыңдау.
Әділет Н.: Алоэ — бұл Оңтүстік Африкадан тарағаң сондықтан ол бөлмелерде ғана өсіріледі. Оны жараланған, күйген, үсіген жағдайларда денеге тартады және суық тиген кезде балмен араластырып, мұрынға тамызады.
Бақ-бақ - оның тамырының қайнатпасын ас қорыту жолдарын түзетуге пайдаланады.
Емен — жас ағаштарының қабығы мен бұтақтарының үзбесін тыныс жолдарын тазартуға, ауызбен тамақ шаюға және асқазан бұзылған жағдайда ішеді.
Практиалық жұмыс.
Өгейшөп жапырақшасынан тұнба жасау. Суық тигенге стакандарға шөптердің керекті жиылтығын жинап, құйып бетін сүлгімен жауып қоямыз. Лимон шырынымен кішкене қант қосады.
Релаксация. Өздері дайындаған шөп қайнатқасын ішкен кезде орындыққа отырып, бастарын бос ұстап, қол-аяқтарын босаңсытып, шөптік өсімдіктердің ағзасын пайдасын, яғни адам мен өсімдіктердің тығыз байланыстылығын сезінуді ұсылады.
Ақарыс:
Тас
Ауа
Бұлт
Көкжиек
Найзағай
Жапырақ
Тұман
Жұмбақ арқылы шешу.
Диас Ж.: Өртесің де өшірмейді,
Не тот басын шірімейді.
Өн бойына су сіңбейді,
Ылғал тартып ірімейді. (Тас)
Түсті бар көрінбейтін,
Бір тұтас бөлінбейтін.
Тынысы ол тіршіліктің
Ешқашан жерінбейтін. (Ауа)
Аружан: Көшіп жүріп желмен,
Сеуіп шықты тамшысын
Қыраттарға шөлдеген. (Бұлт)
Алып мұхит — ақ алау,
Шеті шексіз жоғалау. (Көкжиек)
Аспанда — бір нәрсе бар жылмаңдайды,
Тау басына жүгіріп қылмаңдайды.
Жанына жан иесі жақын келсе,
Бақырып бас салуға тайынбайды. (Найзағай)
Дильдора:
Жасыл болып жапырлап өнеді,
Сары болып үзіліп семеді. (Жапырақ)
Сұрғылт түтін,
Бүркесе маңайды,
Адастырар талайды (Тұман)
Балаларға сіріңке жағу-қауіпті газ - өте қауіпті!
Есікті бөтен адамға ашуға болмайды!
Электр приборларын балаларға іске қосу — қауіпті!
Үйде қолға өткір пышақ ұстама.
Орнына қой кездескенде жайғана.
Инені де ұстағанда лақтырмай.
Сөреге қой ретімен сол қалпында.
Қайшыны да алсаң, қойсын орына.
Ақарыс:Жұмбақ.
Ертемен күнде сен
Қолына сүйкесең
Кетіп кір, ласың
Тап-таза боласың.
Бұл не? (Сабын)
Шомылған баланы
Аймалап алады
Сүртеді қолыңды
Сүртеді жолыңды.
Бұл не? (Сүлгі)
Шерхан: Жылы және құйын жаңбыр,
Бұл жауып бірақ жай емес.
Аспаны жоқ, бұлты жоқ,
Күші бойы жаууға әзір. (Душ)
Аю менен қасқырдан да,
Ұзын менің тістерім.
Бірақ жыртқан ан емеспін
Шаштарға мен сән беремін. (Тарақ)
«С» - дәрумені бар лимон жемісі.
«С» - дәрумені бар бұрыш көкөніс.
«В» - дәрумені бар алма, алмұрт жемістер.
«А» - дәрумені бар сәбіз көкөніс.
«А», «В» - дәрумені қызанақ көкөніс.
Тәбетпен ішілген ас адам денсаулығына пайдалы.
12. Менің қайырымды көмекшілерім көз, құлақ, мұрын, тіл, тері адамның айнала ортаны танып білуіне көмектеседі.
Көз бұлшық еттерін нығайтуға арналған жаттығулар.
Көз бұлшық еттерін нығайтуға, көздің көру қабілетін сақтауға көмектеседі.
3-5 секунд көзді қатты жұмады, ашады (6-8 рет).
Кірпікті тез-тез қоғамыз, тоқтаймыз, қараймыз. Қайтадан көзімізді жыпы-лықтатамыз тез-тез 15 секунд жыпылықтату (3-4 рет).
Енді көзіңді жұмып, қолыңмен сипа, сүйікті анамыз туралы ойлаймыз. Көзді жұмып, қабақты саусақ ұшымен сипалау.
Көзді оңға айналдыр
1,2,3
Көзді солға айналдыр
Тағы қайтала.
Көзіңді бір бағытпен шеңбер жасай отырып айналдыр.
Сұқ саусағыңды мұрнына қарай жылжыт.
Кері тарт.
Оған қара
Қолыңды алдыға соз.
Саусақтың ұшыма қара, мұрныңа ақырындап жақындат, содан соң, кейін тарт 5-6 рет.
Құлақ. Жұмбақ.
Инжу: Бір таудың екі жағынан,
Екі қалған жабысқан
Жақын барсаң маңына,
Сезе қояр дыбыстан. (Құлақ)
Психожаттығу.
Қиялдау ойыны «Ымменайт» Өзің — поездың ішіндесің, ал әжең — бекетте. Ол сені естімейді, бірақ сен оған мына жайларды айтуың керек.
Өзіңнің вагонға жақсы орналасқаныңды.
Жеткен соң әжеңе телефон шалатыныңды.
Әжеңнің орамалы шешіліп тұрғанын.
Қазір ол түсіп қалатынын.
Балалар осыны ымен көрсету керек.
13.Күн және ауа туралы не білесіңдер сергіту сәт.
Құдіретті күн, мен сені жақсы көремін,
Құдіретті күн, сені отінемін.
Құдіретті күн, маған тыныштық пен қайырымдылық бере гөр.
Құдіретті күн, маған денсаулық пен жылулық сыйла.
Жұмбақ.
Үлкен алтын табақтан,
әлемге нұр таратқан. (Күн)
Ауа Тәжірибе.
Әр балаға бір-бір шар беріледі. Оны үрлеп, суға салып және ақырындап ауасын шығарды. Ауаны көзбен көріп, қолмен ұтауға оның түсі, дәмі, иісі болмайді.
Су туралы не білесіңдер?
Аяғы жоқ, қолы жоқ,
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасың — қорын тек,
Борша тіршілік қурайды. (Су)
Сөздің қимыл ойын: Теңіз толқидып тәжірибе.
Іші суға толтырылған екі стакан
1-де тұзды су.
2-де тұзсыз су.
Балаларға осы суларды дәмін татқазып көрсетіп, тұзды су ішуге жарамсыз. Көлдерде, өзендерде, арықтарда тузсыз судың ағатынын, онымен бау-бақша суаруға бірақ, ішуге болмайды.
Унзила:Жұмбақ. Өзі аппақ маржандай,
Тамақ өтпес шайналмай. (Тіс)
Айдын көлде алтын тас,
Ау салса да алынбас. (Тіс)
Тісті күту ережесі.
Тісті күніне екі рет тазалау.
Тамақтан кейін ауызды шаю.
Ыстық тамақтан кейін, суық ішпеу.
Қатты заттарды шақпау.
Тәтті көп жемеу.
Тіс дәрігеріне жиі көріну.
Әркімнің өзінің жеке тіс щеткасын пайдалану.
15. Дене тәрбиесі.
Негізінен қозғалыс үстінде өтеді. Дене тәрбиесі тек емдел қана қоймай, сонымен бірге біздің бұлшық еттерімізді жаттықтырып, дамытып, нығайтады.
1- жаттығу. «Мықты тамырлар».
Балалар жоғалай малдас құрып отырып, «аласа ағаш» бейнесін келтіреді, «аласа ағаш», жел соққан кезде оңды — солды қозғалады. Ағаш жерден өзінің тамырын жұлып әкететіндей қатты қозғалады, бірақ тамырының мықтылығынан жұлынбай қалады.
2- жаттығу. «Күшті дің».
Балалар оңға, солға, алға, шалқасынан, ауысу арқылы қимылдар жасау.
3- жаттығу. «Созылмасы тамырлар».
Балалар аяқтарын бірге қойып, қолдары бүйірлерінде, оңға және солға секіреді.
16. Флора және фаунға не жатады?
Ельдар: Флора - өсімдік әлемі (ағаштар, гүлдер, бұталар, шөптер т.б.).
Фауна - жануарлар әлемі (үй және жабайы жанауарлар, құстар, балықтар, жәндіктер).
Аутотренинг. Жұмбақ.
Дүниеде не тәтті? (Ұйқы)
Димаш: Жәй ойнаған әуен ырғағы естіледі.
Мен денемді босаңсытамын
Және жайланамын
Мен қолдарымды ашыған.
Қамырдай бос жіберемін.
Жылы, жылы судың, ағысындай қимылсыз.
Менің аяқтарым босаңсыған жылы қимылсыз.
Менің кеудем босаң жылы қимылсыз
Менің мойным босаң жылы қимылсыз
Менің бетім босаң жылы қимылсыз
Жағдайым жақсы күйде
Жеңіл және еркін дем аламын.
Мен өзіме күш аламын, жақсылап бір демаламын.
Аида: Әуен ырғағы тезірек ойналады. Сергектік бойым жақсартады. Қол аяқ кеуде мойынымнан әлсіреу сезімі кетеді.
Менің бұлшық еттерім тынықты олар жеңіл, ауа шары сияқты. Мен сергек жүріп, бәріне жайдары жүзбен қараймын. Тыныс алуым жиілеп, терең дейді. Бетімді самал ескендей сезінемін сен өзіме сенімдімін. Мойым иық-арқамнан жағамды самал жел есті. Мен салқын суды қабылдағандай болдым.
Мен жақсы тынықтым!
Сергекпін және күштімін!
Көңіл — күйім көтеріңкі!
Өзімді-өзім өте жақсы сезінемін!
Қолды жиі-жиі жуу керек. Ит, мысықпен бірге ұйықтауға болмайды. Тамақты, суды ластамау. Егу жұмыстарын жүргізу. Ағзаны шынықтыру. Әжетханаға барғаннан және тамақтанғаннан кейін қолды жуу.
Жөтелген кезде ауызды бет орамалмен бүркеу керек.
Тырнағынды тістеме.
Денеңді таза ұста.
Жеміс-жидекті көбірік пайдалан.
Қорытынды:
Психологиялық жаттығу.
Балалар шеңберге тұрып, қол ұстасып.
Жағымсыз әдеттер кедергі келтірсе,
Бірмізге — біріміз көмек бере жеңеміз.
Саусақ салып ауызға, тырнақты тістелемей,
Жуылмаған жемісті, біз жемейміз.
Бірге жүріп, жағамсыз әдеттерді ұмытамыз.
Бір ауыздан бәріміз тазалықты құптармыз.
Достарменен, таласып, ұрсыспаймыз.
Салауаттың кеңесін жадымызда ұстаймыз!