Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы

Казахстан, Акмолинская область, г. Степногорск, п. Бестобе
Бестобинская школа №2
Учитель казахского языка и литературы
Оспанова Г.Б.

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік.

М. Жұмабаевтың шығармашылығы жайлы алған теориялық білімдерін оқушы есінде қайта жаңғыртып, тереңдете түсу.

2. Дамытушылық.

өлеңдері жайлы алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік.

Оқушының тіл байлығын жетілдіру, М. Жұмабаев секілді өз тілін, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: қалыпты, аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап, мәнерлеп оқу, жаңа технология элементтері арқылы түрлендіріп өткізу.

Сабақтың көрнекілігі: М. Жұмабаев жайлы кітаптар, өлеңдер жинағы, мультимедиялық тақта.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

1. Балалар, біз өткен сабақта «Мағжанның барлық өмірі — поэзиясында» деген тақырыпқа тоқталғанбыз. Бәріміз тақтаға назар аударайық.

Осы тақырыптар аясында өз ойымызды ортаға салсақ.

1) Неліктен Мағжан өмірін оның поэзиясымен тоғыстырамыз?

1 — оқушы: Мағжанның барлық өмірі — поэзиясында . Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. Соларға ақындықүн қосып, өз өлеңдері мен мақалаларын баспасөз беттерінде жиі жариялап отырады. Бірнеше өлең жинақтары жарық көреді. Мысалы, «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы Мағжан өлеңдері негізінен халқының, ел — жұртының тағдырына бағышталған. Ақынның еліне, халқына, бүкіл түркі нәсілдес, қандас халықтарға деген сүйіспеншілігі, оның жырларынан анық көрінеді.

2) Неге Мағжанды ұлы ақын дейміз?

2 — оқушы: Мағжан — ұлы ақын. Қазақтың кемеңгер жазушысы М.Әуезов: «Абайдан кейін Мағжанды сүйемін…Мағжан культурасы зор ақын…Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай … бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз — Мағжанның сөзі» деп, оның ақындығын да, әдебиет тарихындағы орнын да дөп басып айтқан.

3) Мағжанның лирик, сыршыл ақын аталу себебі неде?

3 — оқушы: Мағжан — лирик, сыршыл ақын. Оның поэзия — қомақты жағы — лирикалары. Олары романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Жай тербетеді, адамды нәзік, сұлу сезімдерге бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары сай алуан: туған жер, атамекен, халық тағдыры, адамгершілік, шынайы махаббат.

Дұрыс ал сен айта ғой

Мағжан — сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілген жұмсақ, жүрекке жылы тиетін, үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шертеді, не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады.

4 — оқушы: Мағжан — эпик ақын. Оның қаламынан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан» сияқты поэмалар туған. «Батыр Баян» поэмасында өзінің халқына, Алашына деген перзенттік жүрегінің ыстық сезімін өлең өрнегіне шынайылықпен түсірген. Ақылгөй, далагөй ақын бабаларымыз бен аты шулы батырларымызды жыр арқауына енгізіп, асқан ілтипатпен бейнеленген.

Мұғалім:

Өте жақсы. Міне, балалар, ақындық өнердің қыр-сырын жан жүрегімен сезіне білген адамның пікірі осындай болмақ. Мағжан Жұмабаев туралы айтылған пікірлерге назар аударайық.

1. «Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз — Мағжанның сөзі»

(М.Әуезов)

2. «М.Жұмабаев — Абай мен қазіргі қазақ поэзиясының арасындағы поэтикалық көпір»

(Ғ.Ибрагимов)

3. «Мағжанның «Педагогика» атты кітап жазуы - өмірде сирек кездесетін тек аса талантты, данышпан адамдарға ғана тән қасиет»

(Қ.Жарықбаев)

4. «Мағжанның ақындығы да, кісілігі де ерекше бөлек еді. Ақындық өміріне, біліміне келсек, алаштың екі күшті адамының бірі, тіпті ең дарындысы, күштісі Мағжан болатын. Бірі — біздің осы күнгі М.Әуезов»

(С.Мұқанов)

Халқымыздың осындай аптал азаматтарының пікірлеріне қарап, М.Жұмабаевтың жұлдызы қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жанып, жарқырағанын байқауымызға болады.

М.Жұмабаев өз өлеңдерінде туған жерге деген махаббат тақырыбын айрықша жыр арқауы еткен. Қане, туған жер, атамекен тақырыбына арнаған қандай өлеңдерін білесіңдер?

Мұғалім: «Сағындым», «Сүйемін», «Туған жер», «Туған жерім — Сасықкөл», «Көкшетау», «Орал тауы», «Жел» т.б.

М.Жұмабаев өлеңдерін саралап жазып көрсету.

Ақын өз өлеңдерінде туған жерге деген жүрек жарды жырын Сарыарқасына, дүниеге келген жері Сасықкөліне арнаған. Өлеңнің әрбір жолы перзенттік сүйіспеншілікке толы.

«Сүйемін» өлеңі мен «Көкшетау» өлеңін мәнерлеп оқиды.

Мұғалім: Міне, балалар ақын поэзиясында оның мінезі барынша көрініс тапқан. Оның әр сөзінен, әр жолынан, әр шумағынан ақынның өз тынысын, тіршілігін, жан жылуын, жан арпалысын, ыза-кегін, адамға деген сүйіспеншілікке толы жүрек соғысын сезінеміз.

270 беттегі «Түркістан» деген өлеңін оқып көрейік.

Өлеңді мәнерлеп оқыту.

Келесі өлең «Сен сұлу» өлеңін мәнерлеп оқыту.

Өлеңнің мазмұнын сұрау.

Сатылай кешенді талдау жасау.

Зерттеушілер тобы (Авторы, тақырыбы, жанр түрі, идеясы)

Өлең құрылысына талдау.

Әдебиетшілер тобы (шумақ, тармақ, бунақ, буын саны, ұйқас)

«Сен сұлу» өленің талдау.

Зерттеушілер тобы (Авторы, тақырыбы, жанр түрі, идеясы)

Авторы:Мағжан Жұмабаев

1)1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, Сасықкөл жағасында туған. 1938 жылы наурыз айында жазалау құрбаны болды.

2)Кеменгер, ұлт ақыны, шебер аудармашы, қоғам қайраткері.

Тақарып: Туған жерінің сұлулығын, кереметін жырлау.

Жанр түрі: Поэзия.

Идеясы: Өлең арқылы бүкіл адамзатты, қоршаған ортаның қадірін біліп, табиғат кереметін көріп сүюге, табиғатымыздың болашағын ойлауға, туған жерімізді қадірлеуге тәрбиелеу.

Әдебиетшілер тобы (шумақ, тармақ, бунақ, буын саны, ұйқас)

Шумақ: 4 шумақты өлең

Тармақ: 4 тармақты

Бунақ: Білем анық, жанға жайлы май сұлу.

Жарқ-жұрқ еткен майда нажағай сұлу

Буын саны: 11 буынды

Ұықас: май сұлу, нажағай сұлу, ай сұлу, жел сұлу, гүл сұлу, жер сұлу т.б.

Қара өлең ұйқасы. (а-а-б-а)

Жақсы, ал енді «Сен сұлу» Ерболат Құдайбергеновтың орындауындағы әнді тамашалайық.

Теориялық талдау жасау

сөйлем

дауысты

дауыссыз

жуан

жіңішке

ашық

қысаң

еріндік

езулік

ұяң

үнді

қатаң

Бота көз, сиқырлы көз, ханым Гүлсім,

Көктегі күн күлмесін, Гүлсім күлсін.

Гүлсім — күн, көкте ақырын жүзе білід-

Сүйдіріп, күйдіргенің қайдан білсін?!

.

45

73

11

34

24

21

15

30

30

17

26

5 жолды өлең.

1зат есім

2сын есім

3етістік

4сөзді сөйлем

1зат есім

Қорыту:

Сабақты қорыту мақсатында тест тапсырмасын орындайық.

Индекс:

3

3

5

6

2

1

Бағалау: тест тапсырмасының нәтижесі бойынша бағалау.

Үйге берілетін тапсырма: Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы оқып, мазмұнын айту.

Тауып айтқан сөздеріне адам түгіл тас иген», - деп

Шығыс жұлдызы Әбдірахман Жәми жырлағандай, М.Жұмабаев өлеңдерінің құдіретіне табынбасқа болмайды. Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың қай өлеңін алсақ та, адамның сезімін селт еткізіп, ойлағаныңды дөп басып айтады.

«Түркістан» деген өлеңі — елім, жерім, ерім деп соққан ақын жүрегінің қайнарынан төгілген отаншылдық жырдың шынайы да шебер үлгісі.

Тұран — көне мәдениет бесігі, сәулет өнерінің кең сарай көрінісі. Нелер ұлы ақындар ордасы. Қазақ халқының өткендегі тарихы, тағдыры, мәдениеті Тұранмен ұштасып жатыр.

М.Жұмабаев - өз тілін, ел дінін, мәдениетін, тарихын, жер — суын жетік білетін ақын.

Тақтадан көне Түркістан суреттерін көрсету.

«Түркістан» өлеңін мәнерлеп оқып беру, жекелеген шумақтарына түсінік беру.

Түркістан — екі дүние есігі ғой,

Түркістан — ер түріктің бесігі ғой.

Тамаша Түркістандай жерде туған.

Түріктің Тәңірі берген несібі ғой.

Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?

Түрікке адамзатта ер жеткен бе?

Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял

Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?

Ақынның еліне, жеріне деген нағыз шынайы перзенттік сезімін осы жолдардан байқауға болады. Түркістанға, Тұранға оқушыны ынталандыру үшін дыбыстардан керемет өрнек, сурет жасаған.

Ол Алашын алаламай, Түркістан, Тұран — тұтас түндік, бәрі — түрік жері, қазақ жері деп есептеген. Мұнда мекендеген халықтар бір кіндіктен жаралды деп таныған.

Ақын «Түркістан» өлеңінде Орта Азия алабының табиғи ерекшеліктерін жер — су қасиеттерін ерекше тебіреніспен суреттейді.

(Тянь-Шань тауы суреті)

Ертеде Оқыс, Яқсарт — Жейхун, Сейхун,

Түріктер бұл екеуін дария дейтін.

Жейхун, Сейхун екі өзеннің Сырдария, Амудария екеніне сурет арқылы түсінік беру.

Ақын тарих қойнауына терең үңіледі. Елім деп еміренген ер азаматтарын, ел зиялыларын асқан сүйіспеншілікпен жыр етеді. Осы жерде Алаштың абзал азаматтары Шыңғыс хан, Асқақ Темір, Ұлықбек, Ибн Сина Әбуғали, Әл — Фараби, Қасым хан, Есім хан, Тәуке, Абылай секілді даналарын сүйсіне еске алып, ұрпағына үлгі етеді.

Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер,

Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер.

Шыңғыстай арыстанның құр аты да,

Адамның жүрегіне жігер берер.

Бұл Тұран ежелден-ақ Алаш жері,

Тұрансыз тарқамаған алаш шері.

Тұранның топырағында тыныштық тапқан

Алаштың арыстаны — Абылай ері.

Тұранның билері бар Тарағайдай,

Сол биден Темір туған от боп ойнай.

От шашып жер жүзіне Асқақ Темір,

Жарқ етіп өте шыққан нажағайдай.

Түріктің кім кеміткен музыкасын,

Фараби тоғыз шекті домбырасын?

Шерткенде тоқсан тоғыз түрлендіріп,

Жұбанып, кім тыймаған көздің жасын?!

Ертеде Оқыс, Яқсарт — Жейхун, Сейхун,

Түріктер бұл екеуін дария дейтін.

Киелі сол екі су жағасында

Табасың қасиетті бабаң бейтін.

(Суреттердің жанына жазып қою)

Оқыта отырып, түсінік беру

Мағжан –халқының болашағына сенген, келешектен зор үміт күткен. Кейінгі ұрпақ шуақты күн шапағатына бөленетініне сенім білдірген. Мағжан — ұлтжанды ақын. Ол бүкіл ақындық талантын ұлтына, Алашына бағыштаған. Ол әрдайым халқының адал перзенті болған. Алаш жұртын бөлмей, оған өз жүрек жылуын, жан мүпілін білдіре жырлайды. Өлең жолдарындағы әсем сөз маржандары оқушыны сұлулық әлеміне ендіріп, сүйіспеншілік сезімге бөлейді. Ақынның бізге үлгі-өнеге еткен Түркістанның 1500 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде тойланды. Той 2000 жылы 19 қазанда өтті. Осының өзінен-ақ Түркістан жерінің тарихи тамыры тереңде жатқанын байқауымызға болады.

«Түркістан» өлеңін 4 оқушыға мәнерлетіп оқыту, 1 шумақтың өлең құрылысына талдау жасау.

3 4 4

Шер батса// кім іздемес//туған елін,

3 4 4

Тұлпар да // көксемей ме // туған жерін?

3 4 4

Арқаның // ардагері — // қалың алаш,

3 4 4

Тұран да // біле білсең, // сенің жерің!

Өлеңде 1 шумақ, 4 тармақ, 12 бунақ бар.Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған.

Көркем тіл

Мысалдар

Қайталаудың түрлері:

1. Жай қайталау

2. Анафора

3. Эпифора

Дәптерлеріне жазып алу.

IV. Сабақты бекіту.

- Енді, балалар, сабақты бекіту үшін мынадай тапсырмалар орындасақ.

Білемін

Білдім

Білгім келеді

Дұрыс, енді тақтаға назар аударайық. Осы өтілген тақырып бойынша сұрақтар шығады, сендер соған жауап бересіңдер.

  1. «Түркістан» өлеңі қай тақырыпқа арналып жазылған? (туған жер, атамекен)
  2. Ақынның: «Болмаса, барсаңшы іздеп бабаң бейітін» деуінде «баба» деп отырғаны кім? (Қожа Ахмет Йасауи)
  3. Бүкіл түрік елі Түркістанды киелі жер — екінші Мекке деп түсінеді. Себебі неде? («Бабаның басына барып қайту-үлкен сауап», - деп саналады)
  4. Тұранды түгелімен билеп тұрған ертедегі ертегі хан кім? (Афрасияп)
  5. Өлеңде Алаштың қандай азаматтарының аты аталады? (Абылай, Шыңғыс, Әл-Фараби, Ақсақ Темір, Тәуке, Қасым хан және т.б.)

Міне, балалар, ақын ағаларыңның туған жеріне деген жан толғанысы кез -келгенімізді бей-жай қалдырмайды деп ойлаймын.

Туған еліміздің жыр маржанын төккен асыл ұлдарын әрқашан ардақтап, жадымыздан шығармауымыз керек.

V. Балаларды бағалау.

VІ. Үйге тапсырма: «Түркістан» өлеңін мәнерлеп оқу, 8 шумағын жаттау.

«Мағжан — сыршыл ақын» тақырыбына шығарма жазу.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности