link8174 link8175 link8176 link8177 link8178 link8179 link8180 link8181 link8182 link8183 link8184 link8185 link8186 link8187 link8188 link8189 link8190 link8191 link8192 link8193 link8194 link8195 link8196 link8197 link8198 link8199 link8200 link8201 link8202 link8203 link8204 link8205 link8206 link8207 link8208 link8209 link8210 link8211 link8212 link8213 link8214 link8215 link8216 link8217 link8218 link8219 link8220 link8221 link8222 link8223 link8224 link8225 link8226 link8227 link8228 link8229 link8230 link8231 link8232 link8233 link8234 link8235 link8236 link8237 link8238 link8239 link8240 link8241 link8242 link8243 link8244 link8245 link8246 link8247 link8248 link8249 link8250 link8251 link8252 link8253 link8254 link8255 link8256 link8257 link8258 link8259 link8260 link8261 link8262 link8263 link8264 link8265 link8266 link8267 link8268 link8269 link8270 link8271 link8272 link8273 link8274 link8275 link8276 link8277 link8278 link8279 link8280 link8281 link8282 link8283 link8284 link8285 link8286 link8287 link8288 link8289 link8290 link8291 link8292 link8293 link8294 link8295 link8296 link8297 link8298 link8299 link8300 link8301 link8302 link8303 link8304 link8305 link8306 link8307
Максимов Александр Сергеевич
Должность:Журналист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Табу

Казахстан, Северо­ Казахстанская область, Айыртауский район, с. Новоукраинка

Рудная средняя школа

Учитель казахского языка и литературы

Атыгаева Асем Шагымановна

Табу

Мақсаты: Жеті модуль идеяларын ықпалдастыра отырып, Табу туралы лингвистикалық білім беру.

Міндеттері:Ресурстардағы тақырыпқа сай тапсырмаларды орындау арқылы сыни ойлауға үйрету,оқушылардың метакогнитивті дағдыларын қалыптастыру, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге, өз ойларын ашық жеткізе білуге,ынтымақтастыққа дағдыландыру.

Күтілетін нәтиже: Табу туралы толық мәлімет алу, оның адам өміріндегі маңыздылығын білу. Топпен жұмыс жасай білуге, ынтымақтастық ахуал құру. Өз пікірін қорғай алу,дәлелдей алады,әр түрлі шығармашылық жұмыстарға, топпен жұмыс істеуге дағдыланады.

Түрі: аралас

Әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап,пікірталас,сахналау/диалогтік оқыту/ қызығушылықты ояту.миға шабуыл, ой қозғау/сыни тұрғыдан ойлау/,(жеке тапсырма беру арқылы) жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту,дарынды және талантты балаларды оқыту(зерттеу),бағалау(кері байланыс).

Көрнелігі: интерактивті тақта, ресурстар,ватман, түрлі қарындаштар.

Ұйымдастыру кезеңі:

І.Психологиялық дайындық : «Сағат бойынша достар» ойынын ұйымдастыру Психологиялық дайындық кезеңінде оқушылар «Сағат бойынша достар» ойынын ойнайды.Шеңберге тұрып, бір-бірінің қолдарын қысады, жылы сөздер айтады, массаж жасайды, арқаларынан қағады, бір-біріне көздерін қысады, күлімсірейді. Ойын арқылы көңілдері көтеріледі.

2.Қызығушылықты ояту.ТҰСАУКЕСЕР.

Берілген метаграммалардың жауабын табыңыздар:

Оқушылар топ болып берілген тапсырмаларды орындауда белсенділік танытып, қызығушылық білдірді. Берілген метаграмманы шешу арқылы жаңа тақырыптың тақырыбын анықтайды.

Атада бар

Арада жоқ

Батада бар Т

Масада жоқ

Сайда бар

Қойда жоқ А

Тайда бар

Тойда жоқ

Биеде бар

Түйеде жоқ Б

Биде бар

Тілде жоқ

Уықта бар

Ықта жоқ У

Суда бар

Ойда жоқ.

Негізгі бөлім. 3.Топқа бөлу.

1.Оқушыларға қима қағаздар таратылады.Ол қағаздарда күшік, әтеш деп жазылып тұр.Оқушылар өз кейіпкерінің дауыстарын шығарып, сол арқылы өз тобын табады.

4.Проблемалық жағдаят.

Бір келіншек орманнан келіп,маңыраманы ұлыма жеп жатыр екен, жаныманы алып, бауыздап жібердім депті. Мұны қалай түсінесіңдер? Мұндағы маңырама,ұлыма,жаныма сөздерін басқаша қалай атауға болады.

Маңырама-қой,ешкі Ұлыма-қасқыр Жаныма-пышақ.Ендеше, тілімізде ескі- наным сенімге байланысты атын тура айтуға тыйым салынған сөздерді табу дейміз.

5.Жаңа тақырыптың глоссарииімен таныстыру. Табу-полинезиялық тайпалар тілінен аударғанда тыйым салу –алғашқы қауымды құрылыс мәдениетімен тығыз байланысты діни негіздегі үзілді-кесілді тыйым салуды талап ететін ұғым.Терминді алғаш рет ағылшын жиһанкезі Кук енгізген болатын.

6.Оқушыларға жаңа тақырып бойынша мәтіндер беріледі.Табу,жаңа түскен келінге байланысты,табиғат құбылыстарына,жан - жануарларға байланысты.Топ тәлімгерлері жұмыстарын қорғайды.

7.Ертегі жазылған мәтінді таратып беру,сахналауды ұсыну. Топтар берілген мәтінді сахналайды.

8Шығармашылық тапсырма (өткен тақырыппен байланыс).

Мынадай үлгіде әзіл өлең құрастырып, өлең шумақтарында міндетті түрде омоним сөздер болу керек.

Мысалы:

Бүгін кеште ауылда,

Қызықты бір кеш болды.

Аяғымен су кешіп,

Айыбымды кеш деді.

СЕРГІТУ СӘТІ.

9.Айналайын,толғанайын –ойынын ұйымдастыру. Ойын барысында оқушылар үйдегі үлкендер оларды қалай еркелетсе ,бір-біріне жылы сөздер айту арқылы еркелетіп ,бастарынан сипап,арқаларынан қағады.

10. Әзіл сұрақтар. Бұл сұрақтарға оқушылар мақалмен жауап беруі қажет.

Қар жана ма?
Түкіріктен көл құрала ма?
Қандай бас аяққа тыным бермейді?
Тауық түс көре ме?

11.Екі топқа постер құрату.(Табу тақырыбына).

12.Зерттеу жұмысы. Ақын Қадыр Мырзалиевтің өлең кітаптарынан антоним кездескен бір екі шумақ өлеңдерін дәптерге жазу.

13.Топтармен жарыс ұйымдастыру.Кім жылдам? (тыйым сөздер айтып жарысады).

Сабақты қорытындылау:

14.INSERT –картасын толтыру.Осы сабақта не білгені туралы кесте толтырады.

Білемін

Білдім

Білгім келеді

15.Ыстық орындық. Топтан бір оқушы шығып,ортадағы орындыққа отырады.Ыстық орындықтағы оқушыға 2 топ мүшелері тақырыпқа сай сұрақтар қояды.

Үйге тапсырма:Табу тақырыбына 5 тест тапсырмасын құрастыру.

Қосымша мәліметтер іздеу

Бағалау./өзін-өзі бағалау,бірін-бірі бағалау/.

Кері байланыс.Ым - ишара арқылы.


Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности