Казахстан, Алматинская область, Енбекшиказахский район, с. Шелек
ГККП Д/С №38 «Гулдер»
Воспитатель младшей группы
Жусанбаева Д.К.
Мақсаты: Шаршы мен дөңгелектің айырмашылығын оң, сол жақтарын ажырата білуді бекіту. 9-ға дейін тура санауға үйрету. 8 көлеміндегі сандардың цифрлық таңбасын ажырата білуге жаттықтыру. Ақыл-ойын, қиялын дамыту.Берілген тапсырманы өздігінен орындай білуге дағдыландыру. Жұмыс істеу процесінде өздігінен еңбектенуге, белсенділік көрсете білуге тәрбиелеу. Көңіл күйдің өзгеруін бет әлпеті арқылы көрсету.
Методикалық әдіс –тәсілдер: Сөздік, көрнекілік,практикалық, ойын.
Керекті құралдар: Жапсыруға арналған геометриялық пішіндер, желім, үш ақ ватман қағаз, фланелеграф, 9 қоян, 9 сәбіз.
Үлестірмелі материалдар: екі жолақты жолақшалар, қояндар, сәбіздер, адам құрастыруға арналған геометриялық пішіндер.
Шаттық шеңбері:
- Балалар біз сабақты бастамас бұрын бір-бірімізбен сәлемдесейік.
Қуан, шаттан алақай!
Қуанатын келді күн.
Қайырлы таң,
Қайырлы күн.
Сәлеметсізбе,
Есенсізбе,
Амансыз ба?
Көңіл күйді көтеру.
- Балалар біз сендермен көз алдымызға елестету арқылы саяхатқа шығамыз. Кәне бәріміз көзімізді жұмамыз. Біз үлкен гүлзарға келдік. Гүлзарда көп гүлдер өсіп тұр екен. Түстері әр түрлі. Бәрі бізбен бас иіп сәлемдесті. Ағаштың жапырағы жап-жасыл. Олар да бізбен сыбдыр-сыбдыр етіп амандасып жатыр. Гүлдердің бір-бір талын үзіп аламыз. Бәріміз иіскейміз, иісі қандай керемет. Енді көзімізді ашамыз. Балаларға:
- Кім қандай гүлді алды?
- Неге?
- Кімге сыйлар едің?
- Неге?- деген сұрақ қойылады.
3 командаға бөлініп таңдаған түстері бойынша геометриялық пішіндерден гүлдер
құрастырады.
Сабақ барысы:
Қонаққа Дымбілмес келеді.
- Сәлеметсіңдерме балалар.
- Сәлеметсіз бе.
- Мен ертегілер әлемінен келдім. Ол жерде сондай керемет, сендер сияқты кешке дейін отырып сабақ оқымайды.Оқығың келсе оқисың, оқығың келмесе оқымайсың.
- Ертегілер әлемінде балабақша бар ма, сен балабақшаға барасың ба?
- Балабақшаның қажеті не, мен онсызда бәрін білемін.
- Сенің қолыңнан санау келе ме?
- Келгенде қалай.
- Олай болса тақтадағы үстіңгі жолақшаның жоғарғы қатарына 4 шаршы, астыңғы қатарына 4 дөңгелек қойып берші.
Қазір қоямын.
- Балалар Дымбілмес дұрыс қойды ма?
- Жоқ.
- Кім дұрыс орналастырады неше неше қою керек?
- ( Бір баланы тақтаға шығару )
- Дұрыс балалар, енді осы шаршы мен дөңгелектің айырмашылығын кім айтып береді. ( Бір баладан сұау )
- Енді, мен сендерге бір ертегі айтып берейін.
Ертеде 7 қоян бір бірімен дос болыпты. Олар жаздың жылы күндерінде әр бұтаның түбінде ұйықтап жүрді. Бір-ақ күн суытқан шақта басқа жыртқыш аңдардан сақтану үшін үй керек болды. Олар әрі ойланып, бері ойланып үйді неден саларын білмеді:
- Кәне балалар көмектесейік осы пішіннің ішінін алып кім үй құрап береді?
- Үйді қандай геометриялық пішіннен құрадық?
- Төбесі, қабырғасы
Қояндар сол үйде тұрып жатыпты. Бір күні олар жайылымға шығып жайылып жүрсе бір қоян келіп мен сендермен бірге тұрайыншы депті. Қояндар келісіпті.
- Айтыңдаршы балалар неше қоян болды?
- Барлығы 8 қоян болды. Содан тағы бір қоян келіп қосылыпты. Олар 9 қоян
- болды.
- Санаңдаршы неше қоян? Тура, кері санату.
- 9 қоян.
- Бастапқыда қанша қоян еді.
- 7.
- 7 көп пе, 9 көп пе?
- 9 көп.
- 9 қоян болу үшін не істедік?
- 7 қоянға 2 қоянды қостық.
9 қоян әрі қарай өмір сүріп жатыпты. Бір күні бір қоян шіркін-ай сәбіз болса ғой, дәмі қандай тәтті еді деп тамсанады.
- Балалар қояндарға сәбіз берсек қайтеді?
Дімбілмес: Мен берейінші деп 8 сәбізді қояды.
- Балалар дұрыс қойды ма?
- Жоқ.
- Неге?
- 1 сәбіз жетпей қалды.
- Қоян қанша, сәбіз қанша?
- Кім қоян санап береді? ( 3-4 баланы шығарып санату )
Қанша қоян болса, сонша сәбіз, тең, бірдей 9 қоян, 9 сәбіз ( жеке жеке және жалпылай айтқызу)
- Қоян мен сәбіздің тең, бірдей екендігін қалай білдіңдер?
- Қоян мен сәбізді салыстыру, беттестіру арқылы білдік.
Үлестірмелі материалдармен жұмыс жүргізу.
Олай болса алдарыңдағы жолақшаның жоғарғы жағына 9 қоян,төменгі жағына 9 сәбіз қойыңдар. (Жолақшаға оң қолымен сол жақтан бастап қоюды қадағалау)
Сергіту жаттығуы:
Ал балалар тұрмайық
Жаттығуды бастайық.
Оңға, солға иіліп
Басымызды қозғайық.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым.
Жоғары, төмен қарайық
Орнымызды табайық.
Ертегіні жалғастырамыз.Қояндар секіріп ойнап жүріп 1 хат тауып алыпты.
Ол хатты оқи алмайтын болғандықтан міне бізге жіберіпті. Ішінде цифрлар бар екен. Кімде кім мына цифрларды дұрыс орналастырса соған мына сыйлықтарды, сыйға тартамын деген екен.
- Кім орын-орына дұрыс қойып береді?
Дымбілмес: Мен қояйыншы.
1, 5, 3, 2, 4, 6, 7, 8.
- Балалар, айтыңдаршы Дымбілмес тапсырманы дұрыс орындады ма?
- Дұрыс орындаған жоқ. ( Бір баланы шығарып цифрларды орын орнына қойғызу)
Ойын: «Орнын тап».
Тыныштық сәті:
Суды ағызу. Дыбысын, қасиетін,түсін сұрау.
Елестету арқылы жаңбырдың дыбысын сұрау.
Балалар сендердің алдыларыңда геометриялық пішіндер тұр. Осыдан адамды құрастырамыз. Ол жай адам емес, сиқырлы адам болады. Сендер осы адам арқылы сабақтан алған әсерлеріңді, көңіл күйлеріңді бейнелейсіңдер. (Әр түрлі геометриялық пішіндер беріледі. Оның бір жағына күліп тұрған, екінші жағына ренжіп тұрған адамның бейнесі).
- Сен неге күліп тұрған адамды құрастырдың?
- Өйткені менің көңіл күйім жақсы.
Барлығы қанша геометриялық пішіннен адам құрадыңдар?
Неше - , неше - , неше , неше -
- Барлығы 9 геометриялық пішіннен адам құрадық.
Енді менің қолымдағы қолғапқа қарап осы көңіл күйді ым ишара арқылы бет әлпеттеріңмен көрсетіңдер.
Жарайсыңдар балалар мен де сендермен бірге болып жақсы дем алдым. Ризамын сендерге, өйткені сендер жақсы жауап бердіңдер. Мадақтау.
Дымбілмес: Мен де өте жақсы дем алдым. Көп білім алдым. Бүгіннен бастап мен де ертегілер әлеміндегі балабақшаға барамын. Сау болыңыздар.