link12480 link12481 link12482 link12483 link12484 link12485 link12486 link12487 link12488 link12489 link12490 link12491 link12492 link12493 link12494 link12495 link12496 link12497 link12498 link12499 link12500 link12501 link12502 link12503 link12504 link12505 link12506 link12507 link12508 link12509 link12510 link12511 link12512 link12513 link12514 link12515 link12516 link12517 link12518 link12519 link12520 link12521 link12522 link12523 link12524 link12525 link12526 link12527 link12528 link12529 link12530 link12531 link12532 link12533 link12534 link12535 link12536 link12537 link12538 link12539 link12540 link12541 link12542 link12543 link12544 link12545 link12546 link12547 link12548 link12549 link12550 link12551 link12552 link12553 link12554 link12555 link12556 link12557 link12558 link12559 link12560 link12561 link12562 link12563 link12564 link12565 link12566 link12567 link12568 link12569 link12570 link12571 link12572 link12573 link12574 link12575 link12576 link12577 link12578 link12579 link12580 link12581 link12582 link12583 link12584 link12585 link12586 link12587 link12588 link12589 link12590 link12591 link12592 link12593 link12594 link12595 link12596 link12597 link12598 link12599
Максимов Александр Сергеевич
Должность:Журналист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
География сабағында ойын түрлерін пайдалану

Казахстан, Северо-Казахстанская область, Жамбылский район, с. Пресновка

Пресновская средняя школа №2

Учитель географии
Аткельтиров Самат Айдарбекович

География сабағында ойын түрлерін пайдалану

Оқушыларға қазіргі заман талабына сай жоғары дәрежеде сапалы білім мен тәрбие беруде әр пәнді оқыту жоғары ғылыми дәрежеде жүргізілуі керек.

Сабақтың мақсаты оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру, оқушыларды сабаққа белсенді қатыстыру, үй тапсырмаларын тиянақты орындауға үйрету. Оқушылардың белсендігін арттыру үшін қайталау сабақтары кезінде ойын түрлерін пайдаланамын. Соның нәтижесінде оқушылар өткен материалдарды қайталап. Өздерінің география пәнінен алған білімін толықтырумен қатар өзіндік жұмыс істеуге дағдыланады, ой-өрісі дамиды, ұжымдасып жұмыс істеудің мәнісін түсінеді.

“Материктер географиясы” курсы бойынша “Гидросфера” тарауында ойын түрлерін пайдалану мысалына тоқталуды жөн көрдім.

I кезең. Географиялық ұғымдарды меңгеру және олардың анықтамаларын білу. Оқушыларға жаттап келуге мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақтар берілді.

  1. Мұхит суы қанша жылда жаңарады? (3000 жылда)
  2. Ғаламшардың “су жылытқышы” деген не? (Мұхит ағыстары)
  3. Жер шарындағы ең биік материкті ата? (Антарктида)
  4. Ең үлкен арал мен түбектер жер шарының қай бөлігіне орналасқанын картадан көрсет.
  5. Екі материкті, екі дүние бөлігін, екі мұхитты, екі теңізді, екі түбекті, екі мемлекетті бөліп тұратын қай бұғаз? (Беринг)
  6. Қай материк төрт мұхит теңіздерімен ұласады?

Оқушыларға ойланып жауап беруге уақыт берілді. Дұрыс жауабын картадан көрсетті. Бұдан соң оқушылар өздері білетін су туралы мынадай мақал-мәтелдерді айтты: “Су анасы - бұлақ”, “Су сүзілмейді, сүйек үзілмейді”, “Бұлақ көрсең көзін аш”, “Жаңбыр жауса, жер ырысы”, “Сулы жерде - ел болар, елді жерде - су болар”. Оқушылар төменде берілген жаңылтпашы бірінен соң бірін айтып, тіл жаттықтырды, бұл оқушылардың сабақ үстінде тыныстауына жәрдемдесті.

Сушы сушыға суымды алдың деп шу шығарады,

Шу шығарған сушыға шу шығармаған сушы

Шу шығарма деп су береді.

Сабақта мынадай жұмбақ пайдаланылды.

Бір зат бар дүниеде құшағы кең,

Ұшқан құс, жүгірген аң, бәріне тең.

Адамзат, жан-жануар арасында,

Мәңгілік өсіп-өніп сүрген.

(Жер)

II кезең. Оқушыларға проблемалық ой-толғам, ғылыми талдауды қажет ететін экологияға құрылған есептер шығарттым.

1-есеп. Жүзім көп өсірілетін жерлерде құстарды үркіту үшін мынадай шаралар қолданылған: 1) айна сынығы толтырылған шар (шар күнге шағылысып, жарқыл береді); 2) құстардың қауіп-қатер төнгендегі айқай - шуылы жазылған магнитофон таспасы. Осы деректерді пайдаланып, ғалымдар бақ, жүзімдіктерді құстардан қалай қорғап қалды? Бұл шаралардың экологиялық тұрғыдан тиімділігі неде екенін түсіндіріңіз.

2-есеп. Тоқылдақтың орман ағаштарының емшісі екенін ескере отырып, температура, ылғал, кене, ағаш, бунақдене дернәсілдері, кесілген ағаш, орманға дәрі шашу, орманның өртенуі ұғымдары мен тоқылдақ тіршілігінің арасында қандай байланыс болатынын ғылыми түрде дәлелдеңіз.

III кезең. “Қызықты атаулар” деп аталды. Оқушыларға белгілі материкті білдіретін жалпы атау ұсынылды. Мысалы, “Жасыл жер”. Мұнда оқушылар Гренландия туралы қызықты әңгімені магнитті таспадан тыңдады. Бұл оқушылардың материалды тыңдау арқылы есте сақтау және теориялық білім деңгейін көтереді.

IV кезең. Менен сұрау - сіздерден жылдам жауап.

  1. Қазақстанда қанша халық тұрады?
  2. Қазақ халқы неше пайызға өсті және қазақ халқының құрамы қанша?
  3. Қазақстан қашан БҰҰ-ға кірді?
  4. Қазақстан дүние жүзінде көлемі жөнінен нешінші орында?
  5. Еуразия құрылығының неше пайызын Қазақстан алып жатыр?
  6. Қазақстан неше елмен шектеседі?
  7. Қанша елдермен Қазақстан дипломатиялық қатынас орнатты?
  8. Қазақстанда неше экономиялық аудан бар және қандай?
  9. Қазақстан қашан тәуелсіздігін алды?
  10. Қазақстанның қандай қаласында мұнай өңдеу зауыты бар?
  11. Ең арзан электр энергиясы қайда?
  12. Мұнай, газ кен орындары қайда шоғырланған?
  13. Егіншілік ірі аудан.
  14. Суармалы егіншілікпен айналысатын аудан.
  15. Титан-магний зауыты қай қалада орналасқан?
  16. Алюминий өндіретін зауыт қай қалада орналасқан?
  17. Бекіре тұқымдас балықтар аулайтын теңіз.
  18. Қант қызылшасы қай облыста егіледі?
  19. Қандай ірі шетел компаниясын білесіңдер?
  20. Алматы - Тегеран алғашқы пойызы қай елдерден өтеді?
  21. Қай жылы ұлттық валюта теңге енгізілді?
  22. Қай жылдары Алматы ҚР астанасы болды?

V кезең. Тыйым сөздермен жұмыс.

“Суға түкірме”, “Кір жуған суды өзенге төкпе”, “Құдыққа түкірме”, “Адамға су шашпа, жаман болады”.

Сәйкестендіру.

А) Ластанған суды 1) Сүзгіден өткізу

Ә) Өндірістен шыққан суды тазалау үшін 2) Ошақтық, шектеулі тәсілдер

Б) Ауыз су қорын молайту мақсатында 3) Тазарту

В) Зиянкестерден қорғау кезінде ластануда 4) АЭС

қай сала суды көп қолданады?

География сабағында әр кезде пайдаланылатын мұндай ойын элементтері оқушының танымдық қабілеттерін дамытып, шығармашылық бағытқа жетелейді.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности