Максимов Александр Сергеевич
Должность:Журналист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ…

Казахстан, Актюбинская область, Темирский район

Бабатайская средня школа

Учитель начальных классов

Тажикенова Акзия Кабдрахиевна

Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ…

Мақсаты: әртүрлі қызықты мәліметтер бере отырып,пәнге деген қызығушылығын арттыру, білімдерін шыңдау, тереңдету,көріністер көрсету арқылы қоршаған ортаны ластамауға, аялауға баулу.

Табиғат, сен — тіршілік, тұнып тұрған,

Сен-күнсің, көтерілген күліп қырдан,

Сен-көлсің,

Сен-ормансың,

Сен-бұлбұлсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған,-деп ақын ағамыз Садықбек Жангелдин жырлағандай табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені, адамның өзін дүниеге әкелетін аяулы да қадірлі жаны анасы болса, адамның табиғатты «ана» деп құрметтеуінде үлкен мән жатыр. Назерке 3-сынып

Су деген-тіршіліктің наны емес пе,

Су деген табиғаттың жаны емес пе.

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,

Күміс су қара жердің сәні емес пе?

Зарина 3сынып

Болмасын ауа ешкімнің арман- мұңы

Ауадан артық ас жоқ жалғанда ұлы.

Ойлашы, кімдей боламыз біз,

Жұтудан таза ауаны қалған күні

Ләззат 3сынып

Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат?

Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат

Ал адамға ауа қымбат бәрінен

Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.

І «Білгенге маржан»

Мәдениет о баста қалай пайда болды деген тұжырымның бір нұсқасы неміс оқымыстылары Карл Маркс пен философ Фридрих Энгельске тиесілі. Олар «адамды адам еткен еңбек» деген байламға келді. «Еңбек» деп олар еңбек құралдарын-тастан, сүйек пен ағаштан жасаудан басталған іс-әрекетті пайымдады. Маркс пен Энгельстің пікірінше, еңбек барысында адамда сана пайда болды.одан соң, яғни бірлесіпеңбек еткен кезден қарым-қатынас құралы ретінде тіл қатысу,сөйлесу қажеттілігі туды.осы жаңалықтардың-еңбек пен сөйлеудің — нәтижесінде маймыл адамға айналды, адамның іс-әрекетінен мәдениет туды.

Швейцарлық ойшыл, көрнекті психиатр Зигмунд Фрейд (1856-1938) басқаша нұсқасын ұсынды. «Адам — табиғат әлемінде кездеспейтін дүниеге йе болды,яғни, аң патшалығынан адамды ерекшелейтін-ұят» деді.Фрейд алғашқы қауымдағы адамдардың бір нәрсені өлтіру деген іс әрекетінен ұят деген ерекшелікті шығарды.

Көрініс «Сезім мүшелерінің таласы»

Бұрынғы өткен заманда екі көз, екі құлақ, мұрын,тіл: «ең бірінші адамға мен керекпін» деп таласыпты.

Көз(Еркебұлан)

-биікте мен тұруым қажет, адам ең бірінші көруі керек.

Құлақ(Дидар)

-жоқ, адам ең бірінші дыбысты естуі керек. Әйтпесе, аңдар жеп немесе машиналар басып кетуі мүмкін. Сондықтан мен бірінші боламын.

Мұрын(Әлішер 2 сынып)

-жаман мен жақсы йісті мен сеземін, әйтпесе…

Тіл (Асылжан)

Мен ең бірінші, әрі биікте тұруым керек. Адам менсіз ешкіммен сөйлесе алмайды. Тамақтаң дәмін тата алмайды. Менің атқаратын жұмысымды сендер жеткізе алмайсыңдар.

Ми(Баянсұлу)

-Сендер бекерге таласпаңдар. Әрқайсың адамға өте қажетсіңдер. Әр нәрсенің өз орны болады. Мен сендерді атқаратын қызметтеріңе қарай ойластырып, орындарыңа қоямын. Тұрған орындарыңа ренжімей, адамға адал қызмет жасаңдар.

Сөйтіп ми берген ақылды тыңдап, барлық сезім мүшелері өз орындарына риза болып, адамға адал қызмет жасауға уәде беріпті.

Жапырақтардың мезгілсіз сарғаюы мен түсуі жаңбыр суының ащылығынан болады.

Көк жүзінде жарқ-жұрқ етіп, адамдарға үрей туғызатын найзағайдың жер бетіндегі тіршілікке көп пайдасы бар екен. Найзағай ойнаған сайын ауада тірі ағзаға аса қажетті азот қосылыстары түзіледі.

Дәрумендер

А дәрумені (Толғанай)

А дәрумені бой өсіру, көру, инфекциямен күресу қабілетін күшейтеді. А дәрумені балық майы, бауыр, ас көк, сары түсті жеміс-жидектерде және жұмыртқа сарысы мен сары май құрамында көп.

Қасым

Д дәрумені ағзадағы кальций мен фосфорды көбейтеді. Үнемі балық майын, сүт, мұхит балықтарын пайдалансаңыз, Д дәруменінің жетіспеушілігінін қорғана аласыз.

Ақтілек

Е дәрумені ағзаны қартаюдан, жасуша аралық құрылым мен ферменттердің өзгерісінен сақтайды. Зығыр майы мен жүгері майы, маргарин, бидай, жаңғақтар бұл дәруменге бай.

Данияр

К дәрумені қан айналысын жақсартады. Бұл үшін сіздің ас мәзіріңізде ас көк, бидай міндетті түрде болуы тиіс.

Айтуған

С дәрумені буын, тамыр жүйесі, бұлшық ет тіндерінің жұмысын, гемоглабиндердің қалыптасуын жақсартады. Цитрус жемістері, құлпынай, бұрыш, түрлі-түсті қырыққабат, қызанақ, қара қарақат пайдалы.

Ләззат

В1 дәруменіжүйке жүйесі ауруларына, тыныс жүйесінің қалыпты қызметіне таптырмас дәрумен. Бұл дәрумен жаңғақ, сәбіз, жүгері, шемішке, фосоль құрамында көп болады.

Назерке

В2 дәрумені тіндердің қалыптасуына, ақуыздың, оттегі айналасына аса қажет. Сиыр бауыры, бүйрек, сыр, ірімшік, сүт өнімдері бұл дәруменге бай.

Зарина

В3 дәрумені жаралардың жазылуын тездетіп, көміртегі ауысуын жақсартады. В3 дәруменін сіз грек жаңғағы, күнбағыс дәндері, арахис, балықтан таба аласыз.

Дәрумендерді сақтау мен дайындауды және дұрыс пайдалануды білу қажет. Жеміс жидектерді тот баспайтын болаттан жасалған пышақпен ірі-ірі етіп турау керек. Бұларды міндетті түрде тоңазытқышта ұстап, микротолқынды пеш немесе буда пісіріп, суды аз мөлшерде пайдалануға тырысқан жөн.

Сіз табиғи тағамдардан бөлек дайын қоспа дәрумендерді де пайдалана аласыз.

Дайын қоспа дәрумендерді қолданар алдында пайдалану тәртібімен міндетті түрде танысып, дәрігермен ақылдасқан жөн.

Мидың қызметін жақсартатын тағамдар

1.Мидың қалыпты жұмысына қайнатылған жұмыртқа өте пайдалы. Аптасына 2-3 жұмыртқа жесе, жеткілікті

2.Мидың ойлау қызметіне кофе жақсы әсер етеді. Кофенің сапалы әрі таза болуына мән берген жөн.

3.Қаражидек ұмытшақтықпен күреседі. Қаражидекті маусымында көбірек жеген дұрыс. Кем дегенде ½ стакан.

4.Грек жаңғағы мидың еркін ойлауына ықпал етеді.күніне 6-7 түйір жаңғақ жесе, бастағы қалың тұман сейіліп, ойдау қабілеті артады.

5.Ащы шоколадтың құрамында какао көп. Сондықтан мидың жұмыс жасау қабілетін жақсарта түседі. Күніне 2 түйір жесе болады.

ІІ «Ойлан,ізден,тап…»

Оқушыларға жұмбақтар жасырылады.

Басы-сиырға, құйрығы-атқа, дене тұрқы-бизонға, жүні –ешкіге, мүйізі-өгізге, қорсылдағанда шошқаға ұқсайды. Қандай аң?(қодас)

Кескен болам,кесілмейді,

Кесілсе де, бөлінбейді.(су)

Өзі суден жаралған,

Бірақ судан қорқады.(мұз)

Жерде өскенде — шөп,

Жел ескенде-доп.(қаңбақ)

Қанаты жоқ-ұшады,

Аяғы жоқ-қашады(жел)

Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен.(су)

Жабырқаса,жылайды,

Жадыраса, құлайды(бұлт)

Түнде сері, нөкері көп,

Күндіз пері,дерегі жоқ(ай)

Өзі-көзі,көзі-өзі (күн)

Дүниеде бір қарбыз бар солмайтұғын,

Жаз шіріп, қыста үсіп тоңбайтұғын.

Жаһанның жерін, суын, жәндіктерін,

Іші кең, бәрін салса толмайтұғын.(жер)

Сөзжұмбақ «табиғат»

1.қара сиыр қазанды жалады,

Тесіліп қазан шұрық-шұрық болады(түн)

2.Бір нәрсе жер мен көктің атасында,

Көрінбес өзі түгіл қарасы да.

Білінбей жер үстінде жүрсе дағы,

Пайдалы адамзаттың баласына.(ауа)

3. көзі жасты-жылауық,

Келе жатыр бір алып.(бұлт)

5.шапалақ бетке сарт етті,

Көзімнің оты жарқ етті.

Бірақ ешкім ұрмады,

От орнында тұрмады.(найзағай)

7.ауылдың үстін,

Бозала түтін алды.

Күн шығармай

Ауылдың құтын алды.(тұман)

Үлестірмелі қағаздармен жұмыс

- Бұл туралы не білесің? (Вавилонның аспалы бағы)

- Ненің көзі? ( )

- Бұл қандай гүл? (қызғалдақ)

- Минералды тастың аты не? ( )

- Қандай өсімдік? ( )

- Тағамдардың атын ата? (ұлттық тағамдар)

- Тоқылдақ ағашты не үшін тоқылдатады? ( )

- Қандай балық? (лақа)

Данияр

Ертегі — жұмбақ «Жыл атасы»

Ертеде кішкене ауылда таңғажайып қария өмір сүреді.ол бірде далаға шығып, қара барқыт шапанының жеңінен әдемі құстарды ұшыра бастайды. Бірінші жолы аппақ құс ұшады. Күн суытып, аяз болады.

Қария жеңін екінші сілкігенде, жасыл-сары түсті үш құс ұшып шығады. Күн жылынып, қар еріп, бәйшешек көрінеді.

Қария барқыт шапанының жеңін үшінші сілкігенде, қызғылт түсті үш құс ұша жөнеледі. Күн ысып, өзен суы жылиды. Қария шапанының жеңін төртінші сермегенде, сұрғылт, қоңыр,сары үш құс пыр етіп ұшады. Күн салқындап, ел етек-жеңін қымтай бастайды.

Бұл жай құстар емес еді. Әрқайсысында төрт қанат, әр қанатта жеті қауырсыны бар. Әр қауырсынның өз аты болады. Бір жақ қауырсыны –қара, ал екіншісі-ақ. Құс қанатын бір сермегенде қараңғы, екінше сермегенде жарық болады.

Сұрақ:Бұл қандай ерекше құс? Әрбір құстағы 4 қанат және 7 қауырсын нені білдіреді? 7 қауырсынның, 4 қанаттың атын ата. Әр 7 қауырсынның 1 жағы қара, екінші жағы ақ болғаны нені білдіреді?

Жауабы:жыл,4мезгіл, 7 күн, күндіз және түн.

ІІІ «міне, қызық…»

-киімге жабысқан сағызды 1 сағат мұздатқышта қойып, кетіруге болады

- адам күніне 30-40 шаш жоғалтады

-орта есеппен 70 жасқа келген адам 48 кг тері жоғалтады

-мысықтардың миында 32 бұлшық ет болады

-Адамдар өмір бойы 2 бассейнді толтыратындай түкірік сөлін бөледі

-адам айлы түнде 2000 жұлдызды анық көре алады

-тырнақтардың арасында ең жай өсетіні басбармақтікі, ең жылдам өсетіні ортан теректің тырнағы

-арада бес көз бар, үшеуі төбесіне орналасса, екеуі алдыға қараған

-түнде сауылған сиыр сүті ұйықтататын дәрі сияқты

-қолтырауынның майы жасыл түсті болады

-кейбір қарлығаш ұшып жүріп ұйықтайды екен

-кенгуру артқа қарап жүре алмайды

-төрт тізесі бар жалғыз аң-піл

-Бегемоттар су астында туады

- шегірткенің қаны ақ түсті

- иттің шынтағы бар

- керіктің тілі қап-қара

- басымен тұра алатын жалғыз аң-піл

- жыландар қоректенбей 3 жыл ұйықтай алады

- ұлудың тістері тілінде орналасқан

- құмырсқалар ешқашан ұйықтамайды

- ай жерден 80 есе жеңіл

- кесіртке судың бетімен де жүре алады

- пілдер бір-бірімен өзара 50 шақырымға дейінгі қашықтықта ұғыса алады

- ыстық су суықсуға қарағанда ауырлау

- көк киттің терісіне 12 африка пілі сыйып кетеді

«Пән тұрмыста»

Әлихан 2-сынып

«Теңіз қасіреті» (экологиялық дастаннан үзінді) Арал апатына арналады,

Авторы Әскербек Рахымбеков

Қара шал айырылғандай киесінен

Жаңылған тіршілік-ай жүйесінен.

Көз жазған көлде жүзген үлесінен,

Балығы қайда қалды бұл өсірген?

Бәрі де ұл өсірген,

Қыз өсірген,

Тебірентіп теңіз жайлы жыр есілген.

Апыр-ай, біткені ме түбі осымен,

Аурудай айықпайтын ілесінен

Марғұлан (экологиялық ертегі)

Таңертең шелекпен суға бара жатқан Марғұлан(Әсет):

-қара жолды шаң қылам

Бәріңді жолда қалдырам.

Мінезіммен елгезек Жұмысты барлық тындырам

қандай сұмдық масқара

Кеше еді ғой тап-таза!

(шелегіне бір шортан ілесі шығады)

мынау қандай балық,

Кит пе,әлде акула ма?

Мені өзіне шақыра ма?

Шортан(Айтуған):

қорықпа менен бала,

Мен шортанмын, анықтап қара.

Марғұлан(Әсет):

менің шелегіме қалай түстің?

Шортан(Айтуған):

ой,Марғұлан, марғұлан,

Мен өзіңе зар қылам

Жұрт жамандық бастады

Қоқыстарын суға әкеп тастады

Марғұлан(Әсет):

аяп тұрмын сені, шортан,

Суыңа бар. Күтеді туған ортаң.

( ол шортан балықты суға жібереді)

Үйіне қайтып келе жатқан Марғұлан хан уәзірлерінің: «көмектесіңдер,ханның қызы қатты науқас» деген хабарды естиді. Ол хан сарайына барса, хан дәрігерге:

Хан (Ержан)

ауруын тез тап қызымның,

Мен ханмын, саған құзырмын.

Таппасаң басыңды аламын

Ашындым, міне, бұзылдым.

Дәрігер (Әлихан)

емес шығар жүрегіңіз тастан,

Қызыңыздың денесін ауыр металдар басқан…

Хан (Ержан)

ауыр металл?!

Ол қайдан пайда болған?

Менің аулам гүл бақша ғой толған.

Марғұлан(Әсет):

оның бәрі , хан йем,

Судан болып жатыр.

Хан (Ержан)

мынау қайдан шыққан қарақшы?!

Марғұлан(Әсет):

Барлық адам атынан,

Дат тыңдауға шақырам.

Тасталмасын жеріме

Зауыттардың қалдығы.

Табиғат үшін аһ ұрам!

Хан (Ержан)

Кім тастайды қалдықты,

Абақтыға қаматам

Марғұлан(Әсет):

Шындық сөзді сүйем,

Ол-сізсіз, хан йем!

Хан (Ержан)

Не деп тұрсың өзің,

Көре ме, өзі, көзің?

Марғұлан(Әсет):

Бұйрық беріп халыққа,

Қоқыс тастаттың арыққа,

Лас судан адам түгілі

Ауру боп бітті балық та

Тілегім бар хан йем

Табиғатқа ашысыншы жаныңыз

Халқымызға жеткізер сөз табыңыз

Су мен ауа таза болмай

Сау болмайды басымыз

Бұлақ көзі ашылсын

Гүл йісі шашылсын

Құстар сайрап көгімде

Аң азаю басылсын

Балақайлар мәз болып

Денсаулығы тасысын!

Хан (Ержан)

Халқым, табиғатты қорғауға жарлық беремін, уәде беремін!

Халық болжамы

- шық қалың түссе, шөп қалың бітеді.

- Көктемнің алғашқы жаңбырында күн күркіресе, шөп шүйгін шығады.

- Қарлығаш шарықтап ұшса, ауа райы жайдары болады.

- Қарлығаш ұшуын сиретсе, ауа райы бұзылады.

- Суыр інінің аузын қораласа, көктемде су тасқыны болады.

- Су бетінде шабақ шоршып ойнаса, жаңбыр жауады.

- Мысық босағаны немесе ағаш тіреуді тырналап мазаланса, ауа райы қатты бұзылып, жел тұрады немесе боран болады.

- Қыста тауық ерте қонақтаса, күн суытады.

- Әтеш қыстыгүні бір аяғын көтеріп тұрса, үйрек бір аяғымен тұрып, басын қанатының астына тықса-аяз болады. Аязды күні қанатын желпісе-аяз сынады.

- Қыста қаздар қаңқылдаса-жылы болады,аяқтарын бауырына тығып жатып алса-күн суытады немесе боран болады.

- Сиыр танауын тартып,мүйізін шайқаса, дауыл не боран болады.

- Жауын немесе боран жұма күні басталса, келесі жұмаға дейін созылады.

Мысал «бауырсақ пен қуыршақ»

Бауырсақ (Әлішер 1сынып)

Қуыршақ (Арай)

«Нан туралы аңыз»

3-сынып, ана тілі хрестоматиясы («Алматы-Атамұра» 2003) 135 бет

Қасым (4 сынып) мазмұнын айтып береді

Жыл он екі ай

Әділет

Қар қатайған қаңтарда,

шаңғы жолдан жалтарма.

Арай

Аязы көп ақпанда

Шана зулар ақ қарда.

Мадияр

Туғанда көктем наурыз,

Аузыңа тиер сары уыз.

Ақлан

Көк майсалы көкекте,

Жас төлдерді жетекте.

Мамыражай мамырда,

Гүл қаптайды адырға.

Тамылжыған маусымда,

Сары қымыз таусылма

Ақлан

Аптап ыстық шілдеде,

Сая керек кімге де.

Берекелі ай тамызда,

Жайқалар егін аңызда.

Күздің айы — қыркүйек,

Келеді білім нұр тиеп.

Қоңыр салқын қазанда

Шық тұнады азанда.

Қара суық қараша

Бұлт шіренсе тамаша.

Қыстың басы — желтоқсан

Ақ қарыңды ел тосқан.

Термос ыстықты ыстық, суықты суық күйінде қалай сақтайды?

Ойын «иә ма, жоқ па?»

- ашуланса торғайлар,

итті жыға ала ма?

- Қстап алып тышқанды,

Сөз сөйлетсең сөйлей ме?

- Бес жастағы ұл мен қыз

Жұмысқа бара ала ма?

- Тышқандар да кей-кейде,

Мысық аулай ала ма?

- Тышқандар да кей-кейде,

99 жыл өмір сүре ме?

- Балықтар да кей-кейде,

Сусыз жүзе ала ма?

- Ормандағы аюлар,

Адаммен дос бола ма?

- Аспандағы жұлдыздар,

Жерге түссе жана ма?

«Сандар сөйлейді»

Мұхиттардың ауданы

Тынық 166 240 000 ш.ш

Атлант 86 560 000 ш.ш

Үнді 73 430 000 ш.ш

Солтүстік мұзды 132 30 000 ш.ш

Ірі теңіздер

Оңтүстік қытай 2 974 600 ш.ш

Кариб теңізі 2 753 000 ш.ш

Жерорта 2 503 000 ш.ш

Беринг 2 268 200 ш.ш

Мексика шығанағы 1 542 900 ш.ш

Охот 1 527 000 ш.ш

Шығыс қытай 1 249 000 ш.ш

Гудзон шығанағы 1 232 000 ш.ш

Жарон 1 007 500 ш.ш

Қара 461 900 ш.ш

Ірі көлдер

Каспий теңізі 371 800 ш.ш

Жоғарғы 82 350 ш.ш

Виктория 69 500 ш.ш

Гурон 59 600 ш.ш

Мичиган 57 800 ш.ш

Танганьика 32900 ш.шүлкен Альф 31 800 ш.ш

Байкал 31 500 ш.ш

Нияса (Малави) 29 600 ш.ш

Үлкен Құлдар 28 500 ш.ш

Қызықты тәжірибе

1Су құйылған тәрелке ішінде тиын бар.

Сұрақ: тәрелкедегі тиынды қолды суламай қалай алуға болады?

2 алдымызда тұз қосылған және тұз қосылмаған су бар.

Сұрақ: жұмыртқа осы судың қайсысына батпайды?

«Ең, ең, ең…»

- ең тез ұшатын құс-шымшық

- ең көп жұмыртқа салатын құс та — шымшық,ол бірден 22-ге дейін жұмыртқа шығарады

- Ең жүрегі үлкен аң-керік

- күн жүйесіндегі ең кішкентай планета-плутон,ең үлкені –юпитер

- жердегі ең жылы теңіз-қызыл теңіз

- Күн жүйесіндегі ең ыстық планета — шолпан

- жер бетіндегі саны ең көп құс-үй тауығы

- ең ұзақ жасайтын жұлдыз-күн, оның жасы-5000 000 000 жыл

- ғарышқа сапар шеккен әлемдегі тұңғыш тіршілік йесі-лайка. 1957 жылдың 3 қарашасында салмағы 6 келі, 2 жастан асқан Лайканы «Спутник-2»кемесімен ғарышқа аттандырып жіберді. Ғарыш кемесі ұшырылғаннан кейін 5-7 сағаттан соң Лайка ғарыштағы температураның күрт артуы мен күйзеліс салдарынан өлді.Сынақты ұйымдастырушылар о бастан-ақ Лайканың жерге қайтуын күткен жоқ. Олардың жоспарлауынша,Лайка ғарышта 1 аптаға жуық уақыт өмір сүруі керек болатын.

- ең биік сарқырама Венесуелада. Анхель деп аталады. Биіктігі-1054 метр

- ең жүрегі мықты құс-суықторғай

- ең алып балық - Тынық мұхитында мекендейтін көк кит. Тілінің салмағы 4тонна, өзінің жалпы салмағы 150 тоннадан-195 тоннаға дейін жетеді, ұзындығы 33-35 метр

- ең қырағы құс-қыран

- ең кішкентай құс-колибри

- ең шөлге шыдамды жануар — түйе, 40 күн бойы су ішпей жүре алады

- ең даусы ащы аң-бақырауық маймыл

- ең биік ағаш-секвоя, АҚШ-тың Калифорния орманында өседі, биіктігі 150 метр,шеңбері 31 метр. Бұл ағаштан 9 бөлмелі үй салуға болады

- Республикамыздың ең суық жері-Алтай таулары мен Тянь-Шаньның өте шырқау биік тұстары

- Қазақстандағы ең ыстық мекен-Қызылқұм

Табиғатты өзгерте білу, оны игере білу алдымен сенің өзіңнен басталады. М.М.Пришвин

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности