Казахстан, Кызылординская область, г. Аральск
Школа №220
Учитель начальных классов
Утегенова Нурбиби Айсакызы
Білімділік: Зат есімнің мағынасы туралы жалпы түсінік беру. Ол қандай да бір заттың , ұғымның атауы екенін түсіндіру.
Дамытушылық : Оқушылардың ой- өрісін, сөздік қорын , дүниетанымын , белсенділігін арттыру.
Тәрбиелілік : Сауаттылыққа , дұрыс мәдениетті сөйлей білуге , жылдамдыққа тәрбиелеу .
Типі: Аралас
Түрі: ойын сабақ
Әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, ой қозғау, ойын.
Көрнекілігі: суреттер, топшамалар, қима қағаздар,слайд.
Барысы : І . Ұйымдастыру кезеңі :
ІІ . Үй тапсырмасын сұрау :
378 — жаттығуды оқыту арқылы тексеру .
ІІІ . Өткен сабақты пысықтау .
Балалар « Бұл кім ?» , « Бұл не ?» ойынын ойнайық . Мына суреттерге қарап сұрақ қоя отырып қай сөз табына жататынын айтыңдар .
- Не? - Қоян
- Нелер ? - Сәбіздер
- Кім? - Қыз
- Кімдер ? - Балалар
- Бұл сұрақтарға жауап беретін сөздер қай сөз табына жатады ?
- Зат есім дегеніміз не ? ( ережесін сұрау)
- Қазақ тілінде басқа да қандай сөз таптарымен таныстық . Сөз таптары дегеніміз не ? ( ережесін айту)
Олай болса , Сөз таптары туралы білімдеріңді тексеру үшін «Семантикалық картамен» жұмыс жасайық .
р/с |
Сөз / Сөз таптары |
Зат есім |
Етістік |
Сын есім |
Сан есім |
1 |
бес |
+ |
|||
2 |
дәптер |
+ |
|||
3 |
қызыл |
+ |
|||
4 |
Айнұр |
+ |
|||
5 |
жазды |
+ |
ІV. Жаңа сабақ .
Балалар , енді « Менен сұрақ , сенен жауап» ойынын ойнаймыз. Мына суреттерден менің сұрағыма жауап беретін сөздерді табасыңдар .
- Кім? - Мұғалім
- Кімдер ? - оқушылар
- Кім? - Абай Құнанбаев
- Кім ? - ата , әже
-Нелер ? - бәйшешектер
- Нелер ? - саңырауқұлақтар
- Не ? - үкі
- Нелер ? - қояндар
Осы суреттерге жауап берулеріңе қарай ереже айтып көрелік.
Адамның аты — жөніне , мамандығына , туыстық атауларға , яғни адамға қатысты сөздерге кім? , кімдер ? , жануарлар мен заттарға не ?, нелер ? деген сұрақтар қойылады . Мысалы , Кім ? - бала , дәрігер , көке , Ұлпан. Кімдер ? — аталар , ұшқыштар, оқушылар . Не ? - дәптер , құс , гүл . Нелер ?- кітаптар , аңдар , күректер .
Келесі ойынымыз « Кім тапқыр» ойыны . Жұмбақ шешіп тапқырлықтарыңды көрсетіңдер .
Шанамен зырғып желдетіп ,
Шаңғы , коньки тебетін ,
Аққала жасап ойнайтын
Қай мезгіл деп ойлайсың ? (Қыс)
- Жарайсыңдар , балалар енді жұмбақ шешуіне сұрақ қояйық . ( не? — қыс )
-Бұл ненің атауы ?
- Мезгіл аты .
Сонда мезгіл атына да не? деген сұрақ қойылады екен .
380-жаттығу. Қыс айларының аттарын пайдаланып сөзжұмбақ шешейік . Кесте бойынша шешу.
- Ал , енді балалар « Қыста» тақырыбына сурет бойынша әңгіме құрайық . Қыс мезгіліндегі табиғат құбылыстарын ата ?
- қар , бұршақ , қырау , мұз .
- Сұрақ қояйық , қай сөз табына жатады ?
- Дұрыс айтасыңдар , не? сұрағына жауап бергендіктен зат есімге жатады.
Оқулықпен жұмыс : «Бұл не?» ойыны.
Суреттегі аңның терісі аса бағалы, су өткізбейді. Терісінен бағалы бөрік, жылы тон, киімге жаға жасайды. Көбіне суда тіршілік етеді.
381 — жаттығу . Мәтінді оқып, не?, нелер ? сұрағына жауап беретін зат есімдерді тап. Алғашқы және соңғы сөйлемді көшіріп жазу . Мәтінге ат қою .
Құндыз.
Құндыз –ғажап қызық аң. Ол жуан ағаштарды жығады. Өздеріне керемет үйшіктер жасайды. Құндыздың терісі аса бағалы.
Сергіту сәті:
«Өз иесін тап» ойыны. Қима қағаздағы сөздерді сұрақтарға сәйкес қалташыққа салады.
Әуен ойнап тұрады. Әр оқушының шапшаңдығын,білімділігін анықтау.
Кім? Кімдер? Не? Нелер?
Дәрігер ұлдар айна гүлдер
383-жаттығу. «Шеберлер» ойыны. Суреттегі заттарды кімдер пайдаланады? Сендер өздеріңді сол затты пайдаланушы ретінде, заттың атауын қатыстырып сөйлем құраңдар. Заттың аты құлаққа қалай естіліп тұр? Сөздердің айтылуы мен жазылуын салыстыр.
Бұрғұ –Бұрғы Сүргү — Сүргі Шарғы
Үндестік заңы ілгерінді ықпал.
384-жаттығу. «Білімділер» ойыны.
Оқы, әр жұптағы сөздерге сұрақ қой. Сұрақтың әр түрлі қойылу себебін дәлелде.
Ағаш — ағаштар қыз — қыздар
Перде –перделер мұғалім –мұғалімдер
Бүркіт-бүркіттер сатушы- сатушылар
Сабақты бекіту:
«Сөз ойла , тез ойла» ойыны. Ереже сұрау.
Үйге тапсырма: 382- жаттығу, ереже жаттау.
Бағалау.