link960 link961 link962 link963 link964 link965 link966 link967 link968 link969 link970 link971 link972 link973 link974 link975 link976 link977 link978 link979 link980 link981 link982 link983 link984 link985 link986 link987 link988 link989 link990 link991 link992 link993 link994 link995 link996 link997 link998 link999 link1000 link1001 link1002 link1003 link1004 link1005 link1006 link1007 link1008 link1009 link1010 link1011 link1012 link1013 link1014 link1015 link1016 link1017 link1018 link1019 link1020 link1021 link1022 link1023 link1024 link1025 link1026 link1027 link1028 link1029 link1030 link1031 link1032 link1033 link1034 link1035 link1036 link1037 link1038 link1039 link1040 link1041 link1042 link1043 link1044 link1045 link1046 link1047 link1048 link1049 link1050 link1051 link1052 link1053 link1054 link1055 link1056 link1057 link1058 link1059 link1060 link1061 link1062 link1063 link1064 link1065 link1066 link1067 link1068 link1069 link1070 link1071 link1072 link1073 link1074 link1075 link1076 link1077 link1078 link1079
Бергазина Жанаргуль Умирбековна
Должность:учитель информатики
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Информатикадан ашық сабақ "Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері" 6 класс

Ақтөбе қаласы, Новый орта мектебі

Информатика пәні мұғалімі Бергазина Жанаргуль Умирбековна

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: информатика

Класы 6 «Б» №18

Күні:

18.01. 2016 ж.

Тақырыбы:

Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері

Мақсаты

Мәтіндік процессорда дайындалған құжаттарды пішімдеудің әдіс-тәсілдерін білу; мәтінді редакциялауды үйрену; мәтінді өңдей алу; алған білімдерін практикада қолдану.

Күтілетін нәтиже

Мәтіндік процессорда дайындалған құжаттарды пішімдеудің әдіс-тәсілдерін біледі; мәтінді редакциялауды үйренеді; мәтінді өңдей алады; алған білімдерін практикада қолданады.

Түйінді идеялар (кілтті сөздер)

Оқушылар өздерін еркін ұстай отырып, сабаққа ынтасы артады.

Сабақ кезеңдері:

Сабақ барысы

Бағалау

ресурстар

Кіріспе

Психологиялық амандасу тренингі.

«Мен саған тілеймін…» тренингі.

Оқушылар шеңбер болып тұрып, бір-бірлеріне тілек тілейді.

Топқа бөлу.

Қорапшаның ішінен сөздерді таңдау арқылы топқа бөлу.

1-топ «Қаріптер»;

2-топ «Интервалдар»;

3-топ «Символдар».

Үй тапсырмасын сұрау. «Ұшқыш доп» әдісі

Сұрақ-жауап.

Оқушыларға үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қойылады.

Формативті бағалау

[img]file:///C:UsersAdminAppDataLocalTempmsohtmlclip1�1clip_image002.jpg[/img]

Тұсаукесер

«Сұрақты ұстап ал» әдісі

Оқушыларға жетелейтің сұрақтар қойылады.Қай оқушы ұстап алады, сол оқушы сұраққа жауап береді.

Күннің жадын, сабақ тақырыбын жазу.

1 шапалақ

сұрақтар

Негізгі бөлім

«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі

1. мәтінмен жұмыс;

2. Тақырыпты түсініп оқу;

3. Тақырыптағы негізгі ойды анықтау.

4. Топпен қорғау.

Тапсырманы компьютерде орындау

[img]file:///C:UsersAdminAppDataLocalTempmsohtmlclip1�1clip_image004.jpg[/img]

Смайлик арқылы бағалау

[img]file:///C:UsersAdminAppDataLocalTempmsohtmlclip1�1clip_image007.gif[/img]

[img]file:///C:UsersAdminAppDataLocalTempmsohtmlclip1�1clip_image010.gif[/img]


[img]file:///C:UsersAdminAppDataLocalTempmsohtmlclip1�1clip_image012.gif[/img]

[img]file:///C:UsersAdminAppDataLocalTempmsohtmlclip1�1clip_image014.jpg[/img]

[img]file:///C:UsersAdminAppDataLocalTempmsohtmlclip1�1clip_image015.jpg[/img]

Қорытынды

«Сұрақтар шеңбері»

Тапсырма жазылған карточка

Қосымша оқу

Үйге тапсырма

П.18 оқып, оқып, қосымша мағлұмат әкелу.

Рефлексия

[img]file:///C:UsersAdminAppDataLocalTempmsohtmlclip1�1clip_image017.gif[/img]түсінбедім, сұрағым бар, түсіндім.

Не сәтті өтті?

Нені дамыта аласыз?

Тақырып мазмұны бойынша постермен жұмыс жасау, практикада қолдану сәттері

Не сәтсіз өтті?

Нені өзгерткіңіз келеді?

Уақытты тиімді пайдалану.

Мектепішілік 6 «Б» класында өткен ашық сабаққа талдау туралы

рефлексивтік есеп.

2016 жылдың қаңтар айының 18 күні 6 «Б» класына «Мәтінді пішімдеудің негізгі тәсілдері» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Сабақтың мақсаты оқушыларда атау жазулар мен суреттерді пішімдеу туралы түсінік қалыптастыру, топпен жұмыс жасауға баулу, сыни тұрғыдан ой-өрісін дамыта отырып, өз бетінше жұмыс жасауға үйрету.

Сыныптағы атмосфера — бір қатар факторлардың, олардың ішінде ең негізгілері — тұлға аралық қатынастар мен оқушыларды оқыту үдерісіне тарту негізінде сыныпта қалыптастыратын атмосфера. [2,38] Осыған орай сабақтың ұйымдастыру кезеңінде ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін оқушылардың зейінін сабаққа аударып, бірлесе жұмыс жасау мақсатында «Мен саған тілеймін» тренингі арқылы бастадым. Оқушылар дөңгелене тұрып, бір-бірлеріне сабаққа тілектерін айтады.

Үй тапсырмасын сұрау мақсатында «Ұшқыш доп» әдісін пайдаландым. Бұл әдістің мақсаты оқушылар қолдарындағы допты лақтырып, оқушыларға сұрақ қояды. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, келесі оқушыға допты лақтырып келесі сұрақтарды қою арқылы қортындылайды.

[img]file:///C:UsersAdminAppDataLocalTempmsohtmlclip1�1clip_image019.jpg[/img]

Сонымен қатар сабағымды жинақтап және оқушыға жауапкершілікті сезіндіру үшін топқа бөлуді жөн көрдім. Оқушыларды «Қаріптер», «Символдар» және «Интервалдар» сөздері бойынша 3 топқа бөлдім.. Класта барлығы 13 оқушы, 3 топқа бөлгенде, әр топқа 4 оқушыдан құралды. 1 оқушы сабаққа келген жоқ. Сонда әр топ мүшелері 4 оқушыдан құралды.

Сабақтың кіріспе бөлімінде оқушылардың қызығушылығын ояту аясында интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін тиімді пайдаландым. АКТ-ны пайдалану тиімділігі — мағананы түсінуде басты көрнекілік, оқушылардың өзара әрекет етуі, өз бетінше білім алуына, жаңа материалды игеруде қызықты материалдар көрсетуге мүмкіндік береді және оқушыларға бағыт — бағдар беріп, олардың зейінін сабаққа аударып, Атау жазулар мен суреттерді пішімдеу көрнекілік суреттер арқылы тақырыптың мазмұнын ұғынуға, тақырыпты түсінуге бағытталды. Оқушыларды ойландыратындай жетекші сұрақтар қойылып, сыни тұрғыдан ойланып жауап беруіне жетеледім.

[img]file:///C:UsersAdminAppDataLocalTempmsohtmlclip1�1clip_image021.jpg[/img]


Жаңа сабақты өздігінен меңгерту үшін топтарға тапсырмалар бердім.1-топ және 3-топ оқушыларына пішімдеудің тәсілдерін топтастыруға ал 2-топқа символдармен жұмыс жасау тәсілдерәмен жұмыс жасауға тапсырма бердім.

[img]file:///C:UsersAdminAppDataLocalTempmsohtmlclip1�1clip_image023.jpg[/img] [img]file:///C:UsersAdminAppDataLocalTempmsohtmlclip1�1clip_image025.jpg[/img]

1 топ оқушылары мәтінді мазмұндады. Тақырыпты түсіндіру кезінде Нұрайна (дарынды) мазмұнын ашып ,нақты түсіндірді. Алихан (орташа) өзге сабақтардағыдай емес, мәтінді жүйелі ,түсіндіре білгенін ерекше атап өткім келеді. 2-топ ізденушілер берілген үлестірме материалдары бойынша жинақтап, ойларын ортаға салып, пікірлесті. Жаннұр (дарынды) өз ойын жүйелі, нақты жеткізсе, Гүлназ (орташа) жасаған жұмыстарын жасаған жұмыстары арқылы қорытындылады. 3-топ оқушылары өз ойларын жүйелі жеткізе отырып, Баубек (дарынды) жұмысты толық мағлұмат бойынша, ал Тамерлан (орташа) жұмыстарын жүйелі қорытындылады.

Топтық жұмыста белсенді жұмыс жасап отырған оқушылар: Меруерт, Айдана, Баубек, Жаннұр. Әр топ постерлерін қорғау үшін топпен шығуды ұйғарды.

І және ІІ- топтың мүшелері берілген тапсырманы топпен талқылап, салыстыра отырып, талдады. Кумулятивтік әңгімеде оқушылар бір-бірінің ойларын әрі қарай жалғастырды, қайталанған жауаптар болды. Топтағы оқушылардың барлығы да өз әлінше араласып, өз ойларын айтып қалып отырды. Ал ІІІ — топ қосымша ақпарат, дерек көздерін пайдалану арқылы І топтын берген мағлұматына қосымша мағлұматтар қосып, символдарды қолдану тәсілдеріне кеңінен тоқтап, қорытындылады. Әр топтың жауабынан соң берген жауабының деңгейіне байланысты бір шапалақпен қолпаштап отырды .

[img]file:///C:UsersAdminAppDataLocalTempmsohtmlclip1�1clip_image027.jpg[/img]

Сабақта оқытушы ретінде оқушылардың теориялық білімді қалай меңгергендігін және оны практикада қалай пайдаланатынын бақылау керек болатын.

[img]file:///C:UsersAdminAppDataLocalTempmsohtmlclip1�1clip_image029.jpg[/img]

Бұл мақсатқа жету үшін оқушыларға деңгейлік тапсырмалар орындаттым. Тапсырманы орындау барысында әр оқушының орындап отырған жұмысын бақылап, жұмысын тексеріп бағалап жүрдім. Практикалық бөлімде өзін көрсете білген оқушылар: Баубек, Жаннұр, Меруерт, Айдана көрсете білді. Алихан да қалыс қалмады. Бір-бірлерінің жұмысын көріп, бақылай отырып, барлық оқушылар белсенділік көрсетуге тырысты. Сабақ мақсатына жетті деп айта аламын. Топтық таныстырылмды қорғауда, практиканы орындауда өзім бақылап, тексеріп бағаладым. Нақты бағаны сабақ соңында журналға қойдым.

Сабақтың қорытынды бөлімін оқушылардың алған білімдерін қорытындылау мақсатында сұрақ-жауап түрінде қорытындыладым.

Нәтижесінде: баладан толық жауап алып сонымен қоса ойын тереңдетіп дамытуды көздей отырып, әр оқушы өзінін жауабын нақтылай түсті.

Сабақты бағалау мақсатының негізі — кері байланыс (рефлексия). Рефлексия - оқушылар, мұгалімдер үшін жетістікке жеткендігін көрсететін шартты өлшем. Осы сабақты да қорытындылау үшін, мына мақсатта рефлексия жүргіздім:

Оқушыларға «Бағдаршам» рефлексиясын пайдландым. Оқушыларға 3 түсті дөңгелекшелер таратылды. Қызыл, жасыл, сары түсті. Сол дөңгелекшелерді көтеру арқылы сабаққа рефлексия жүргізілді.

Жасыл- түсіндім, сары- сұрағыс бар, қызыл- түсінбедім.

[img]file:///C:UsersAdminAppDataLocalTempmsohtmlclip1�1clip_image031.jpg[/img]

Кері байланыс оқушыларға өздерінің оқу үдерісіне сыни тұрғыдан ойланып, сараптауға, өздерін реттеуге жақсы ықпалын тигізеді. Сабаққа белсенді және үй тапсырмасы бойынша, сонымен қатар практикалық тапсырмалар орындаған оқушылар смайликпен бағаланды.

Осы сабақты өткізу барысында сәтті және сәтсіз тұстарым да болды. Сәтті тұстарым: оқушылар сабаққа белсенді қатысты, қызығушылықтары артты, топтық таныстырылымдары өте тамаша болды. Ал сәтсіз тұсым уақыттың жетіспеуі, 2 тапсырманың біреуін орындауға уақыттың жетіспеуі. Болашақта осы сәтсіз тұсымды болдырмауға тырысамын.

Қорыта айтқанда, сабақ өтудің өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, сыни ойлауын жүзеге асыруда , диалогтік әдісті тиімді қолдануда нәтижеге жетудің мүмкіндіктері мол екен.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности