link5781 link5782 link5783 link5784 link5785 link5786 link5787 link5788 link5789 link5790 link5791 link5792 link5793 link5794 link5795 link5796 link5797 link5798 link5799 link5800 link5801 link5802 link5803 link5804 link5805 link5806 link5807 link5808 link5809 link5810 link5811 link5812 link5813 link5814 link5815 link5816 link5817 link5818 link5819 link5820 link5821 link5822 link5823 link5824 link5825 link5826 link5827 link5828 link5829 link5830 link5831 link5832 link5833 link5834 link5835 link5836 link5837 link5838 link5839 link5840 link5841 link5842 link5843 link5844 link5845 link5846 link5847 link5848 link5849 link5850 link5851 link5852 link5853 link5854 link5855 link5856 link5857 link5858 link5859 link5860 link5861 link5862 link5863 link5864 link5865 link5866 link5867 link5868 link5869 link5870 link5871 link5872 link5873 link5874 link5875 link5876 link5877 link5878 link5879 link5880 link5881 link5882 link5883 link5884 link5885 link5886 link5887 link5888 link5889 link5890 link5891 link5892 link5893 link5894 link5895 link5896 link5897 link5898 link5899 link5900 link5901 link5902 link5903
Тойбаева Гульзира Балтагуловна
Должность:Учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Жамбылская область, город Шу
Ашық тәрбие сағаты "Жүз жыл жырлаған жүрек"

Жүз жыл жырлаған - жүрек.

1- жүргізуші: Жүзге кеп бақыт тапқан ақын Жамбыл,

Дүниеге түгел кеткен атың Жамбыл.

Тілекке көп аңсаған бүгін жеттің,

Далада жасасаң да ғасыр Жамбыл.

Халық үшін төрге төсеп төсек етер,

Ағарған сақалы мен шашы Жамбыл.

Көтерген көкке төбе тірелгенше,

Иеді көпшілікке басын Жамбыл.

Қайырлы күн, құрметті көрермендер!

2- жүргізуші: Армысыңдар, ардақты ұстаздар мен оқушылар!

Заманына «ХХ ғасырдың Гомері», жыр дүлділі, ғасыр ақыны, Жүз жыл жырлаған - Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналған тәрбие кешіне хош келдіңіздер! Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызда қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Жамбыл ата өзіңнің үміт күткен ұрпақтарың сіз туралы ой толғап сыр шертеді.

1-жүргізуші: Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Жамбыл Жабаев 170 жасқа толып отыр. Осы мерейтойға арналған би шашу. Сахнада 4 «А» сынып оқушыларының орындауында Еркеназ биі қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Халық поэзиясының алыбы атанған Жамбылдың есімі дүние жүзі халықтарына кеңінен мәлім. Жамбыл медресе-мектептің есігін ашып, қолына қалам ұстап, жазу-сызуды білмесе де, жастайынан домбыра тартып, жыр жаттады, қазақ халқының сөз өнерін үйренді, кейін ақындығымен елге әйгілі жыршы атанды.

1-жүргізуші: Ол «Көрұғлы», «Мұңлық- Зарлық», «Шаһнама», «Қыз Жібек» сияқты үлкен дастандарды бірнеше апта бойы жырлаған.

Алдарыңызда 6 «Ә» сынып оқушысы Абай Аружанның орындауында ән шашу Жамбыл жастар вальсі қабыл алыңыздар.

2-жүргізуші: Жамбыл екі заман тұсында өмір сүрді. Екі дәуірдің куәсі болған ақын өз көзімен көрген өмірдің бар шындығын жырлады.

1-жүргізуші: Жамбыл Жабаев қазіргі Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы 28 ақпанда көшпелі кедей отбасында туған. Жастайынан өлеңді қолма- қол жанынан шығарып айтатын болған. Қаршадай баланың өнеріне сүйінген атақты Сүйінбай ақын оған ақ батасын берген.

Көрініс: Сүйінбай ақынның Жамбылға домбырасын тарту етуі.

2-жүргізуші: Екі ғасырдың куәсі, жыршы- жырау, халық ақыны, ірі айтыскер ақын, «Халық поэзиясының алыбы»,«Жамбыл — менің жай атым, халық- менің шын атым» деген ұлы тұлға.Қазақтың ұлы ақыны Жамбыл жүз жасаған ақын.

Рахым, Наргиза

1-жүргізуші: Шын жүректен шыққан сөз. Ақын жазушылардың Жамбылға берген бағасы.

Мұхтар Әуезов Жамбыл — ақыл ойдың алғыры , өзгеге ұқсамайтын дара , оқшау бет — бейнесі аса зор құбылыс. Оның бір өзі әрі эпик ақын , әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де, ақыны деген.

2-жүргізуші: Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан сықылды. Оны жинап алып, халқының қолына беру- біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз, деген екен С. Сейфуллин.

1-жүргізуші: Ал Ілияс Жансүгіров өз кезегінде Жамбыл жырлары Бұғымүйіз, Бесмойнақ жайлауларының гүліндей алуан түрлі. Хош иісі күншілік жерден аңқып тұрады. Ақын жырын тыңдаған сайын, көк жайлауға әсер аласың деген.

2-жүргізуші: Сәбит Мұқанов Жамбыл- жүз жасаған адам, соның 85 жылы ақындықпен өтті. Ол әлеуметтік және жеке өміріндегі сөзінің көбін өлеңмен сөйлеген кісі деген. Жамбыл ардақты ұлы Алғадайдан айырылса да, қажымай Алғадайдың баласына бесік жырын арнайды.

Аяжан, Ерлан, Нұрсаят, Әділет

1-жүргізуші: Жамбыл-айтыстың асқан шебері. Ақын айтыста да, жыраулық өнерде де биік дәрежеге көтеріледі. Ақынның оннан астам айтыстары сақталған. Әсіресе оның Құлманбетпен, Айкүміспен, Шашубаймен айтысы көпке жақсы мәлім.

2-жүргізуші: Ал ендеше сол айтыстан үзінді тамашалайық.

Айтыс: Жамбыл ата-Рахым



1-жүргізуші: 1941-1945 жылдар біздің Отанымыз үшін ең ауыр жылдар болды. Гитлер бастаған неміс басқыншылары соғыс жарияламай жерімізге енді. Нева жағасындағы Ленинград қаласы 900 күн қоршауда қалды. Халқымыз үшін бұл күндер — зұлмат күндер болды. Осы қайғылы жағдайға байланысты Жамбыл өзінің "Ленинградтық өренім” атты өлеңін арнады.

Елхан, Айхан

2-жүргізуші: Жамбыл ауыр қайғыдан кейін басын көтеріп, өз жолдастарының қатарына қосылғанмен де оңала алмайды. Өнер адамдарымен де кездеседі. Өз домбырасын Нұрғиса Тілендиевке бере тұрып: « Мына, қасиетті қара домбыраның киесі сенде болсын. Осыны көзіңнің қарашығындай сақтап, қазақтың қара домбырасын бар әлемге асқақтата паш ет» деп, батасын береді.

1-жүргізуші: Нұрғиса Тілендиев Жамбыл аманатын ұрпақтар сабақтастығы ретінде қазақтың қара домбырасын айдай әлемге паш етіп, Жамбыл атамыз сияқты артына өшпес мол мұра қалдырып кетті.
Жеңіс жырын естіп, ауыр қайғыдан кейін Жамбыл атамыз 1945 жылы 22 маусымда 7 сағат 55 минутта дүниеден өтті. Жамбыл атамыз өлсе де, аты өлген жоқ, хаты өлген жоқ. Жамбыл өлеңдері, жырлары әрқайсымыздың жүрегімізде соғып тұр.

2-жүргізуші: Алдарыңызда 4 «Ә» сынып оқушысы Хамит Ғибраттың орындауында Қосалқа күйі қабыл алыңыздар.

Қыздар тобының орындауында Жапырақтар биі қабыл алыңыздар

2-жүргізуші: Жамбыл — өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. 13 - 14 жасынан бастап сөзінің көбін өлеңмен айтқан ақынның XIX ғасыр шегінде шығарған өлең - жырлары мен айтыстары да өте мол болған. Олардан дәуір шындығы, Жамбылдың ақындық мұраты мен зор таланты айқын танылады.

1-жүргізуші: Ерлікті, елдікті дәріптеген, халықтың жоғын жоқтап, әлсіздерді күштілердің зорлығынан арашалаған, әділдікті, бостандықты жыр еткен көркем де қуатты поэзиясымен Жамбыл сынды тұлғаларымыз өз ғасырында қазақ әдебиетінде көрнекті орын алады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Жамбыл бабамыздың туып - өскен жері Ұзынағашта өткізілген 150 жылдық мерейтойына арнайы қатысып, жамбыл рухына бас иді.

2-жүргізуші: Осымен қадірменді қонақтар «Жүз жыл жырлаған-жүрек» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Назар салып тамашалағандарыңыз үшін Рахмет!!!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности