link15360 link15361 link15362 link15363 link15364 link15365 link15366 link15367 link15368 link15369 link15370 link15371 link15372 link15373 link15374 link15375 link15376 link15377 link15378 link15379 link15380 link15381 link15382 link15383 link15384 link15385 link15386 link15387 link15388 link15389 link15390 link15391 link15392 link15393 link15394 link15395 link15396 link15397 link15398 link15399 link15400 link15401 link15402 link15403 link15404 link15405 link15406 link15407 link15408 link15409 link15410 link15411 link15412 link15413 link15414 link15415 link15416 link15417 link15418 link15419 link15420 link15421 link15422 link15423 link15424 link15425 link15426 link15427 link15428 link15429 link15430 link15431 link15432 link15433 link15434 link15435 link15436 link15437 link15438 link15439 link15440 link15441 link15442 link15443 link15444 link15445 link15446 link15447 link15448 link15449 link15450 link15451 link15452 link15453 link15454 link15455 link15456 link15457 link15458 link15459 link15460 link15461 link15462 link15463 link15464 link15465 link15466 link15467 link15468 link15469 link15470 link15471 link15472 link15473 link15474 link15475 link15476 link15477 link15478 link15479
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Наурыз мейрамы

Уразалина А.Х.

хор класының оқытушысы

Шыңғырлау ауданы «Балалар саз мектебі»

Шыңғырлау ауданы, Батыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы

Тәрбие сағат мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы

білімдерін тереңдету. Оқушылардың тілін, мәнерлеп өлең оқу, ән салу, би

билеу, сөйлеу мәдениетін, сөздік қорын дамыту. Оқушыларды елін сүюге,

дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Кіріспе:

Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтар! Ұлыстың ұлы күні –

Наурыз мейрамы құтты болсын! Наурыз — көнеден келе жатқан мейрам.

Наурыз — бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр

сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні

құтты болсын, ағайын!

1 — жүргізуші: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

2 — жүргізуші: Бүгін ұлыстың ұлы күні.

1 — жүргізуші: Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны

жарылған күн!

2 — жүргізуші: Күлімдеген көктемнің шуақты шақтарымен бірге жер

бусанып, «арқаның қысы аттан түсетін» кез.

1 — жүргізуші: Наурыз — табиғаттың тамырына қан жүгіртіп, тіршілік

атаулыны қайта оятып, жаңартатын кез.

2 — жүргізуші: Ендеше көктемнің шуағын ала келген Ұлыстың ұлы күні

Наурыз мерекесі құтты болсын! Ән: «Наурыз»

1 — жүргізуші: Алдымен «Наурыз» сөзіне тоқталатын болсақ, бұл көне

парсы сөзі. Қазақшаға аударсақ «Жаңа күн» деген мағына береді. Бұл біздің

халқымызда күн мен түн теңелер мезгіл — наурыз айының 22 жұлдызына

сәйкес келеді.

2 — жүргізуші: Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып келе жатқан,

дәстүрлі осы Наурыз тойы, бүгін міне, тағы да есігімізді ашып отыр.

1 — жүргізуші: Ал енді қыздарымыздың орындауында би: «Ата толғау»

Мұғалімнің құттықтау сөзі.

2 — жүргізуші : «Самалық» әні, дәстүрін көрсету. Самалық, самалық,

Қан тауының көк құсы Ұйқыдан көзін ашты ма? Самалық, самалық,

Самарқанның көк тасы Жібіді ме, көрдің бе? Самалық, самалық, Жаңа келген

жақсылықты Көрдік пе, көрмедік пе? Самалық, самалық, Ескі жыл шығып,

жаңа жыл кірді. Самалық, самалық, Сүт көп, көмір аз, Жаңа жыл жарылқа,

Ескі жыл есірке,- деп, үйдегі ескі ыдысты сындырып, «қабақ сынды, қайғы

кетті» деп ырым жасаған.

1 — жүргізуші: Құрметті халайық! Біздің өткен барыс жылына еш

өкпеміз жоқ. Солай ма? Көпшілік: Иә, өкпеміз жоқ.

2 — жүргізуші: Ендеше ең алдымен «өткенге салауат, болашаққа –

аманат» дегендей барыс жылын шығарып салайық. /барыс жылы келеді/

1 — жүргізуші: Оу, мына жұрттың өзіне дән риза, қадамың құтты болды.

Саған рахмет барыс жылы! Ал, өзіңнің мына жұртыңа не айтарың бар? Барыс

жылы: - Мен де халқыма дән ризамын! Ел іргесі бүлінбей, бейбіт тыныштық

сақталды. Лайым солай болғай. Өзімнің орнымды басар Қоян жылына да

тілерім сол. Әрдайым бақыт, бейбіт өмір болсын. Бөбектеріміздің жүзінен

күлкі арылмасын. Аманшылықта жолығысайық! Көріскенше күн жақсы,

халайық!

2 — жүргізуші: Барыс жылының құрметіне «Баласы ауырған ана»

тамашасын қабыл алыңыздар.

Ән: «Сенің анаң алтын»

1 — жүргізуші: Ал, енді Жаңа жыл — Мешін жылын ортаға шақырайық.

/Сахнаға жүгіріп Мешін шығады/

2 — жүргізуші: - Қош келдің, жаңа Мешін жылы. Төрлет, Наурыз,

елімнің бақ-береке, ырыс мейрамы!

1 — жүргізуші: Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!

2 — жүргізуші : Ұлыс бақытты болсын, Төрт түлік ақты болсын!

● Ән: «Ағажан»

● Сыған қызы билеп шығады

1 — жүргізуші: Сұрайықшы мына кісі карта аша ма екен? Не дейді

карта? Сыған қызы: /картасын жайып жіберіп/ Жол ашық. Жайлы жыл

болатын түрі бар. Еңбек еткен адамға жағатын жыл. Табыс көп түседі.

2 — жүргізуші: Ал енді «Аязды күндер» тамашасын қабыл алыңыздар.

1 — жүргізуші: Құрметті дос-жараңдар! Қадірменді аға-апалар!

2 — жүргізуші: Қымбатты іні-қарындастар!

1 — жүргізуші: Қазір халқымыздың ғұрпы бойынша өткен күндердегі

реніш, сырқат бәрі ескі жылда, басқан ізде, жанған отта қалсын!

2 — жүргізуші Жаңа жылда көңілдегі көркем ой, асыл арман, ақ

тілектеріміз қабыл болсын деген ниетпен әр столдан бір кісіден ортаға

шығып, мектеп басшысы бастап, мектепті аластаймыз.

1 — жүргізуші: Әркім өз көңіліндегі тілегімен бірге Алас, алас Алас, алас

Әр бәледен қалас Ескі жыл кетті, Жаңа жыл жетті. Айдан аман Жылдан есен

болайық!

2 — жүргізуші: Аластау рәсімін бастаймыз. /аластау/ - Жаңа күн,

Наурызымыз келдің бе? - Көктем боп Наурызымыз келдің бе? - Бүрлеген

қайынды көрдің бе? - Күлкісін сәбидің көрдің бе? - Құс қанатын сабылтып

келдің бе? - Ел жұртыңды сағындырып келдің бе?

● Ән: «Айналайын»

1 — жүргізуші: Осымен мерекелік концертіміз мәресіне жетті.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности