link720 link721 link722 link723 link724 link725 link726 link727 link728 link729 link730 link731 link732 link733 link734 link735 link736 link737 link738 link739 link740 link741 link742 link743 link744 link745 link746 link747 link748 link749 link750 link751 link752 link753 link754 link755 link756 link757 link758 link759 link760 link761 link762 link763 link764 link765 link766 link767 link768 link769 link770 link771 link772 link773 link774 link775 link776 link777 link778 link779 link780 link781 link782 link783 link784 link785 link786 link787 link788 link789 link790 link791 link792 link793 link794 link795 link796 link797 link798 link799 link800 link801 link802 link803 link804 link805 link806 link807 link808 link809 link810 link811 link812 link813 link814 link815 link816 link817 link818 link819 link820 link821 link822 link823 link824 link825 link826 link827 link828 link829 link830 link831 link832 link833 link834 link835 link836 link837 link838 link839
Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
Нәтиже сабақ

Аимаханова Кулзира Кушербаевна

Учитель Казахского языка и литературы

Средней школы №198

Республика Казахстан

город Кызылорда

Сабақтың тақырыбы:

Нәтиже сабақ

Сабақтың міндеттері: «Менің мектебім», «Сөйлем түрлері», «Мектеп кітапханасы»тақырыптары бойынша алған білімдерін нәтижелеу, жүйелеу.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: «Мектеп өмірі» модулі бойынша өткенді қайталап, алған білімдерін бекіту, іс — жүзінде қолдана білуге үйрету.

2.Дамытушылық:оқушылардың ой - өрісін, білім деңгейін, таным белсенділігін жетілдіру, тілін дамыту.

3.Тәрбиелік:мектепке, қоршаған ортасына, қазақ тілі пәніне сүіспеншілігін тәрбиелеу.Мемлекеттік тілді үйренуге баулу.

Сабақтың түрі:нәтиже сабақ.

Сабақтың әдісі:сұрақ — жауап, топтық диалог, топтық жұмыс, сөзжұмбақ, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта,слайдтар.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Қазақстан Республикасының әнұранын орындау.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны
Сөзін жазғандар: Ж. Нәжімеденов, Н.Назарбаев Әнін жазған: Ш.Қалдаяқов

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы.

Ерліктің дастаны

Еліме қарашы.

Ежелден ер деген

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген қазағым мықты ғой.

Қайырмасы:

Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін.

Жырың болып төгілемін, елім,

Туған жерім менің-Қазақстаным.

Ұрпаққа жол ашқан

Кең-байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты

Мәңгілік досындай

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!

Қайырмасы: Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін.

Жырың болып төгілемін, елім,

Туған жерім менің-Қазақстаным.

3.Қызығушылық ояту.Алфавиттік жұмбақтар.

Қазір сендердің алдарыңа жұмбақтар беріледі,бірақ осы жұмбақтардың ерекшелігі — шешуі тек бір ғана әріп болады.Қандай әріп екенін табыңдар.

-Осы тапқан әріптерден қандай сөз шығады?

-Нәтиже.

-Жақсы. Бүгінгі сабағымыз - нәтиже сабақ.Дәптерлеріңе бүгінгі күнді, тақы- рыпты жазып алыңдар.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Үй тапсырмасына екі топқа да диалог құрастыру берілген болатын.Бірінші топқа «Мектепте» ,екінші топқа «Кітапханада» тақырыптары берілді. Тыңдайық.

ІІІ.Сабақтың мақсаты мен барысын хабарлау.

Біз бүгін сіздермен «Мектеп өмірі» модулінен өткенді қайталап, алған білімімізді бекітіп, іс — жүзінде қолдана білуге үйренеміз, жаттығамыз.

-Жұмыс топтық түрде жүреді.

Сабақтың жоспары:

1.Бәйге.

2. «Полиглот» ойыны.

3.Сөйлем құрастыру.

4.Сөздің көркі — мақал.

5.Өзіңді сынап көр.

6.Жұмбақ айтыс.

7.Септік шаһарында.

8.Тіл — қатынас құралы.

9.Сөз шебері.

10. «Сөйлемдердің кездесуі» көрінісі.

Ескерту:Мұнда әр топтың алдында сандықша тұрады. Сол сандықшаға сайыста жеңген топқа бір жұлдызшадан салынып тұрады. Соңында жеңімпаз топты сол жұлдызшалар арқылы анықтаймыз.

-Жақсы, енді сайыс сабағымызды бастайық.

І сайыс. «Бәйге».

Бұл сайыстың ерекшелігі - әр топқа жеті сұрақтан қойылады.Топ мүшелері сұраққа жылдам әрі дұрыс жауап берулері керек.

Сұрақтарға жауап бер.

І — топ .

1.Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлері қандай болады ?

2.”Мұғалім” сөзіне синоним табыңдар.

3.Сөз тіркесі дегеніміз не ?

4.Оқушылар кітапханаға не үшін барады?

5. 22 — қыркүйек қандай мереке?

6.Қай жылы қалаға Қызылорда аты берілді?

7.Бұйрықты сөйлемге мысал келтір.

ІІ — топ.

1.Сөз дегеніміз не ?

2.Күздің бірінші айын атаңдар.

3.Қызылорданың алғашқы аты.

4.Сөйлем дегеніміз не ?

5. “Алғашқы” сөзіне антоним табыңдар.

6.Мектеп кітапханасы нешінші қабатта орналасқан ?

7.Сынып жетекшілеріңнің аты — жөні.

ІІ сайыс. «Полиглот».

Берілген жұмбақтардың шешуін тауып, оларды үш тілде айту; қазақ, орыс, ағылшын.

І — топ.

1.Қабат — қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.

2.Білімнің дәнін тереді,

Балаға тәлім береді.

3.Тарыдай болып кіресің,

Таудай болып шығасың.

ІІ — топ.

1.Бір санға өсірді,

Өзі қалып орнында

Бізді алға көшірді.

2.Бір қарыс таяқ алдым,

Алдым да, жұмысқа салдым.

3.Өзім сөзден тұрамын,

Аяқтаған ойды құрамын.

ІІІ сайыс.Сөйлем құрастыру.

Шашыраңқы сөздерден сөйлем құрау.Сөйлемнің түрін ажырату.

І — топ.

Жазушыларының,біздің,қазақ,көп,шығармалары,кітапханамызда.

ІІ — топ.

Басқа,қазақ,қандай,тілінен,оқисыңдар,тілдерді.

ІV сайыс.Сөздің көркі — мақал.

Қазақ халқы — сөзге шешен, дана халық.Қазақ тілінде жақсы, әсем, көркем сөйлеп, өз ойларымызды жеткізуде мақал — мәтелдердің пайдасы зор екенін білдік, ал енді кітап, білім, тіл, оқу туралы мақал — мәтелдерді еске түсіре отырып, жарысайық.

V сайыс.Өзіңді сынап көр.

Фонетикалық талдау жасау.

І — топ. Оқытушы. ІІ — топ. Мұғалім.

VІ сайыс.Жұмбақ айтыс.

Бұл сайыстың шарты бойынша, екі топ жұмбақ айту арқылы жарысқа түседі.

VІІ сайыс.Септік шаһарында.

Берілген сөздерді септеу.

І — топ.Оқырман. ІІ –топ.Жаттықтырушы.

VІІІ сайыс.Тіл — қатынас құралы.

Шым — шытырық сөздерден дұрыс сөз құра.

І — топ. ІІ — топ.

ждатақубыл сутарылаут

шарағым жерүнакй

тімәл қапақ

газүрл буқайа

нікәз жуяа

ІX сайыс.Сөз шебері.

“Мектепішілік” сөзінен бірнеше басқа сөздер шығару.

ІV. «Сөйлемдердің кездесуі» көрінісі.

Балалардың дайындап келген көрінісін тамашалайық.

V. Сабақтың қорытындысы. Рефлексия.

-Балалар, сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? Сендер бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

Әр топтың жұлдызшалары саналып, жеңімпаз топ анықталады.

VІ.Үйге тапсырма беру:ережені, сөздерді қайталау.

Скачать

[attachment=324]

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности