link2448 link2449 link2450 link2451 link2452 link2453 link2454 link2455 link2456 link2457 link2458 link2459 link2460 link2461 link2462 link2463 link2464 link2465 link2466 link2467 link2468 link2469 link2470 link2471 link2472 link2473 link2474 link2475 link2476 link2477 link2478 link2479 link2480 link2481 link2482 link2483 link2484 link2485 link2486 link2487 link2488 link2489 link2490 link2491 link2492 link2493 link2494 link2495 link2496 link2497 link2498 link2499 link2500 link2501 link2502 link2503 link2504 link2505 link2506 link2507 link2508 link2509 link2510 link2511 link2512 link2513 link2514 link2515 link2516 link2517 link2518 link2519 link2520 link2521 link2522 link2523 link2524 link2525 link2526 link2527 link2528 link2529 link2530 link2531 link2532 link2533 link2534 link2535 link2536 link2537 link2538 link2539 link2540 link2541 link2542 link2543 link2544 link2545 link2546 link2547 link2548 link2549 link2550 link2551 link2552 link2553 link2554 link2555 link2556 link2557 link2558 link2559 link2560 link2561 link2562 link2563 link2564 link2565 link2566 link2567 link2568 link2569 link2570 link2571 link2572 link2573 link2574 link2575 link2576 link2577 link2578 link2579 link2580 link2581 link2582 link2583
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
«Табиғат денсаулық мекені» слайд және сабақ жоспары

Букенова Рымжан Зейнолловна

Бастауыш сынып мұғалімі және өзін-өзі тану

Ақсу қаласының №2 жалпы орта білім беру мектебі

Ақсу қаласы,Павлодар облысы,Қазақстан Республикасы

Мақсаты: «Табиғат» , «денсаулық» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

- Табиғаттың денсаулыққа әсері туралы түсінік беру;

- Денсаулығын нығайтуға ұмтылысын артттыру;

- Денсаулығын бағалауға тәрбиелеу.

- Табиғатты, туған жерді құрметтеуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

  • Оқулық;
  • Дәптер;
  • Күнделік;
  • Қалам-қарындаш;

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ

Оқыту әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру, әңгімелеу, слайд, ойын әдісі.

Дәйексөз: Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,

Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз. (Р.Сәтімбекұлы)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті: «Орманға саяхат»

Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз.

Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз

Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

5 Т. Ережесі.

ІІ. Үй жұмысын тексеру

Дәптерлерден суреттерін тексеру.

ІІІ. Жаңа білім беру

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "Табиғат- денсаулық мекені".

Әңгімелесу

  • Табиғи тағамдарға нелер жатады?
  • Таза ауа,су, топырақтың адам денсаулығына қандай пайдасы бар?
  • Денсаулық мекенін қайдан табуға болады?

  1. Мұғалімнің сыйы:Әңгіме « Балапан»

Жазғы каникулда Арман мен Нұрлан атасы мен әжесінің ауылына қыдырып барды. Бірде олар аталарына аула ішіндегі бау-бақшаны арамшөптерден тазартып, ретке келтіруге көмектесіп жүр еді. Арман Нұрланды шақырды.Барса, жерде шиқылдап сары ауыз балапан жатыр екен. Бұл ағаш басындағы ұядан құлап түскен торғайдың балапаны болып шықты. Өзі кіп-кішкентай, жүні жоқ, қызылшақа.

Балапан шиқылдай береді. Арман басқышқа мініп, балапанды ұясына қайта салды.

Арман мен Нұрлан балапанға қарайлап, үнемі қамқорлық жасап жүретін болды.

· Арман мен Нұрлан балапанға қандай қамқорлық көрсетті?

· Айналаңдағыларға қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

Мәтінмен жұмыс

"Өсиет әңггіме" әңгімесін оқу. Әңгіме бойынша сұрақтарға жауап беру.

  • Әңгімеде не туралы айтылған?
  • Қарияның ұлдары денсаулықтың мекенін қайдан тауыпты?
  • "Саялы орман", "Таза көл", "Көрікті жер" неліктен денсаулық мекені бола алады?

Сергіту сәті

Мынау-менің жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау -басым ақылды

Бәрін осы басқарған.

Мынау -менің оң қолым

Мынау -менің сол қолым

Жаңа ақпарат

Таза ауа, таза су, пайдалы тағам, көтеріңкі көңіл күй, спорт адам денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Шығармашылық жұмыс.

Оқушылар туған жерінің ғажаптарын шығармашылықпен бейнелеп көрсетеді.(ән салып, би билеп, өлең оқып, сурет салу.)

Дәйексөз.

Бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі ретінде Р.Сәтімбекұлының "Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз, Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз" деген даналық сөзі алынған.

- Балалар, бұл дана сөзден не түсіндіңдер?

Дәптермен жұмыс.

1- тапсырма: Табиғаттың көрікті жерлерін қалаған түстермен бояңдар.

2- тапсырма:Денсаулық үшін қандай тағамдар пайдалы, қандай тағамдар зиян екендігін жазыңдар.

3- тапсырма: Жұмбақтардың шешуін дұрыс тапсаңдар, сендерге таза жүруге көмектесетін заттардың аттары шығады. Олардың суреттерін салыңдар.

Жағдаяттарды талдау:

  1. Алмас мен Жарас далада футбол ойнап жүр еді. Кенет Жарастың іші ауырды. Қалай ойлайсыңдар, Жарастың іші неге ауырды?
  2. Талғат жазылмас дертке шалдыққан. Оның үлкен зәулім үйі, көлігі, бау-бақшасы, ақшасы бар. Талғатты бай деп айта аламыз ба?

IV. Бекіту

Оқулықпен жұмыс

120 беттегі сурет бойынша "Табиғатпен біргеміз" тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.

VI. Үйге тапсырма: "Табиғат және мені" тақырыбына сурет салу.

V. Ән

Көктем

Сөзін жазған Қ.Сыдықов

Әнін жазған А.Жайымов

Көктем келіп шуақты,

Балаларды қуантты.

Алақай-ау, алақай!

Құстар сайрап,

Бақтар жайнап гүл атты.

Ля-ля-ля-ля, ля-ля-ля-ля

Құстар сайрап,

Бақтар жайнап гүл атты.

  1. Сабақтың соңғы тыныштық сәті

– Балалар, бір сәт көзімізді жұмып, әуеннің ырғағымен бүгінгі сабақтан алған жақсы құндылықтырыңды, жақсы әсерлеріңді, жақсы қасиеттерді жүректеріңе түйіп алыңдар.

Бүгінгі сабаққа жақсы қатынасқандарыңыз үшін барлықтарыңызға рахмет!

.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности