Тақырыбы: Табиғатты аялайық.
Дәйексөзі: Табиғатты сүйемін,
Көркіңе бас иемін.
Мақсаты:
-оқушыларға адам мен табиғаттың бір - бірімен байланысты екенін ұғындыру.
- табиғат ерекшеліктеріне көңіл аудара отырып, оны қорғауға тәрбиелеу.
Әдіс- тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ — жауап, интерактивті әдіс.
Қажетті оқу- құралдары: түрлі суреттер, оқулық.
Сабақ барысы:
І. Шаттық шеңбері (Музыка әуенімен оқушылар класқа кіреді.)
- Сәлеметсіздер ме, балалар, мен бүгін көктемнің жайма шуақ күнінде сіздермен тағы да кездескеніме қуаныштымын.
- Қане, өзіміздің сүйікті шеңберімізге тұрып сәлемдесуімізді айтайық:
Амансыз ба, Алтын күн!
Амансыз ба, Көк аспан!
Амансыз ба, Жер-Ана!
Амансыз ба, достарым!
Сіздерді көрсем қуанам!
- Енді қонақтармен сәлемдесейік
Үлкенге де Сіз,
Кішіге де Сіз,
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз!
ІІ. Тыныштық сәті.
- Енді, балалар, денемізді еркін ұстап, мына бір дыбыстарға құлақ түрейік. Көзімізді жұмуға да, жұмбауға да болады.
(Құстардың дауысы, өзеннің сылдыры, желдің сыбдыры жазылып алынған үнтаспаны тыңдату арқылы оқушылардың табиғаттың тамаша көрінісін елестетуі.)
- Ал, балалар, көз алдымызға не елестете алдық?
- Орман, тау, өзен, құстар, күн, ағаштар осылардың бәрін бір сөзбен не деп айта аламыз?
-Табиғаттың қандай пайдасы бар деп ойлайсыздар?
- Балалар, біздің мектеп айналасында қандай ағаштар өсіп тұр, олардың қандай пайдасы бар? (таза ауа, әсемдік, әдемілік)
- Балалар,ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Табиғатты аялайық» деп аталады.
ІІІ.Әңгімелесу.
«Ағаштар неге ашуланды?» әңгімесін оқып беру.
Ағаштар неге ашуланды?
Жадырап көктем туды. Қар еріді де , жер қарайып, құрғап шыға келді. Мектепте көшелерді көгертіп, ағаш отырғызу басталды. Оқушыларды түгел қызықтырған бұл іс тек Алмабекке ұнамады. «Орман болса, тап іргеде тиіп тұр. Көшеге ағаш отырғызудың керегі қанша», -деп ойлады ол. Бірақ барлық оқушылар кіріскен істен Алмабек қала алмады. Өз кластастарымен бірге орманға ол да барды. Бірнеше тал, терек, қайың әкеліп,терезе жанына отырғызды. Басқалар ағаштарын суарып, мәпелеп күтумен болса, бұл оның бірін де істемеді.
Жаз шықты. Көктемде отырғызылған ағаштар жапырақтары желкілдеп, биіктеп өсе бастады. Солардың арасында Алмабек отырғызған ағаштар тамырланып кете алмай жүдеп тұрды.
Мұны естіген ормандағы ағаштар ашулана бастады.
(көрініс көрсетіледі)
- Мәтінде кім туралы айтылған?
- Мектеп оқушылары не істеді?
- Алмабектің ағаштары неге өспей қалды?
- Ормандағы ағаштар Алмабекке не үшін ашуланды?
- Ал сіздер Алмабектің орнында болсаңыздар не істер істер едіңіздер?
(Оқушылар ойларын тыңдау.)
Яғни, балалар, табиғатты аялап қорғай білетін де , күтпей бүлдіретін де — Адам,
- Ал сіздер өздеріңіз қандай жақсылық жасаған кездеріңіз болды, еске түсіріп көріңіздер. (оқушылар ойларын тыңдау)
ІҮ. Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп — кішкентай балалар
Үлкен болып өсе
Ү, Суреттерді бояу.
Үі Суреттер бойынша жұмыс
Пайдалы әрекеттер Зиянды әрекеттер
(Оқушылар алдарындағы суреттер бойынша сөйлейді)
ҮІІ. Қорытындылау
- Балалар, мына күнге қараңдаршы, бетін бұлт шалып қалған сияқты, біз оған көмектессек қайтеді?
- Ол үшін қобдишадағы сыйқырлы сөздерді оқуымыз қажет.
Табиғатты аялап, сүйе білейік.
Табиғатты қорғау — міндетім.
Табиғат — Анамыз.
Мен табиғат қамқоршысымын
Адам табиғат перзенті.
- Біз бүгін табиғат туралы әңгімелестік. Табиғатқа деген аяушылық сезіміміз болған сияқты. Сондықтан оларға қамқорлықпен қарау қажеттігін түсіндік.
ҮІІІ. Жүректен — жүрекке.
Балалар бір — біріне тілек айтады. Қонақтарға тілек жазылған «жүрек» сыйлайды. .