link3168 link3169 link3170 link3171 link3172 link3173 link3174 link3175 link3176 link3177 link3178 link3179 link3180 link3181 link3182 link3183 link3184 link3185 link3186 link3187 link3188 link3189 link3190 link3191 link3192 link3193 link3194 link3195 link3196 link3197 link3198 link3199 link3200 link3201 link3202 link3203 link3204 link3205 link3206 link3207 link3208 link3209 link3210 link3211 link3212 link3213 link3214 link3215 link3216 link3217 link3218 link3219 link3220 link3221 link3222 link3223 link3224 link3225 link3226 link3227 link3228 link3229 link3230 link3231 link3232 link3233 link3234 link3235 link3236 link3237 link3238 link3239 link3240 link3241 link3242 link3243 link3244 link3245 link3246 link3247 link3248 link3249 link3250 link3251 link3252 link3253 link3254 link3255 link3256 link3257 link3258 link3259 link3260 link3261 link3262 link3263 link3264 link3265 link3266 link3267 link3268 link3269 link3270 link3271 link3272 link3273 link3274 link3275 link3276 link3277 link3278 link3279 link3280 link3281 link3282 link3283 link3284 link3285 link3286 link3287 link3288 link3289 link3290 link3291 link3292 link3293 link3294 link3295 link3296 link3297 link3298 link3299 link3300 link3301 link3302 link3303 link3304 link3305 link3306 link3307 link3308 link3309 link3310 link3311
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Урок в 7 классе, «Тіл тағдыры — ел тағдыры»

Сыздыкова Айман Жетеновна, учитель казахского языка и литературы,

КГУ «Кривощековская средняя школа района Шал акына»

Северо-Казахстанской области, Республики Казахстан

Ел тағдыры — тіл тағдыры
Мақсаты: 1. Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
2. Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, ой өрісін дамыту.
3. Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, бекеттер-топ аттары жазылған плакаттар, «Ана тілі — рухани даму негізі» кітап көрмесі, ұпай беретін таяқшалар, мадақтау қағаздары, Microsoft Pover Point программасында безендірілген презентация.
1-жүргізуші: Сүйемін туған тілді — анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан
Құлағыма сіңірген таныс үнім.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, сүйсінгенім, жек көргенім.
( С.Торайғыров.)
2-жүргізуші: Туған тілім-бабам тілі-өз тілім,
Туған тілім-анам тілі-өз тілім.
Туған тілім-далам тілі-өз тілім,
Туған тілім-адам тілі-өз тілім.
Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім тіл болудан қалса егер
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.
( Д. Әбілев.)
Мұғалімнің сөзі: Құрметті оқушылар, бүгін біз 3 топ: «Тапқырлар», «Зеректер» «Ойшылдар» Қазақ тілі еліне сапар шегеміз. Алдымыздан көп бекеттер кездеседі. Ондағы тапсырмаларды орындаған топ мүшелері «Қазақ тілі елінің құрметті азаматтары» атағын жеңіп алады.
2- жүргізуші: Әділ қазылар алқасын сайлайық
Тәрбие ісінің меңгерушісі Әнеева Жанар Бөсекейқызы
Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Бегалинова Баян Әлібекқызы .
1- жүргізуші
1. «Қайырлы таң» бекеті үш топтың сәлемдесуі. Танысу. Мына турда көрермендерде өз дауыстарын бере алады. Ұнаған топтың таныстыруына қолдарыңыздағы 10 ұпайынызды жәшікке саласыз.
1.Тапқырлар
2.Зеректер
3.Ойшылдар
Дауыс берейік.
2- жүргізуші:
Әділқазы алқасы дұрыс жауапқа алдарыңыздағы жәшіктерге дұрыс жауап берген жағдайда 10 ұпай санын жәшікке салуларыныз керек.
2. «Үміт» бекеті. Мақал-мәтелдерді жалғастыр:
Отан .................... да ыстық Жауабы: оттан
Туған жерге ...................... тік. Жауабы: ту
Туған жердің .. де ыстық, …де ыстық Жауабы: күн,түн
............ көтермегенді, тіл көтереді. Жауабы: піл
........ ойлағаңды, тіл бітіреді. Жауабы: ми
.............. көңілдің айнасы Жауабы: көз
Тіл................ да өткір жауабы: қылыш
Тіл көңілдің .................... жауабы: кілті
....... шалысынан, сөз шалысы жаман жауабы: от
1- жүргізуші:
Дұрыс жауапқа 20 ұпайдан беріледі.
3. «Қайрат» бекеті .
Қызықты грамматика.
А) Жуан дауыстыларды көрсет
а, ә, о, е, ұ, ө, ы, ү, і, и
жауабы: а, о, ұ, ы
Ә) Табиғи жұп күйіндегі заттар:
Аяқ, ыдыс, көз, фотоальбом, ақша, құлақ, мұрын, етік, қолғап
Б) Қатаң дауыссыздарды көрсет
Қ, г, к, п, б , с, т, в, х, ш, ц, д, н
Жауабы: Қ к, п, с, т, х, ш, ц,
В) Күшті, ел, үлкен, лауазым, өң, науқас
сөзіне синоним қатар жаса.
С) Орамжапырақтар сөзжасам жаса
Жауабы: ор, ара, арық, жап, жара, жарақ, жарық, тарақ, тар, ақ, ақта т.б
Д) Қимыл-қозғалыс, әрекет сөздік қорларын ата: айт, тамақ, жаз, оқы, мылтық, адам, қоян, бер, берме, найза, ал
Жауабы: айт, жаз , оқы, бер, ал, берме
Г) Тілдік бөлшектерді үлкеннен кішісіне қарай ретімен жаз: текст, буын, дыбыс, сөз тіркесі, сөз, сөйлем жауабы: текст, сөйлем, сөз тіркесі, сөз, буын, дыбыс
2-жүргізуші: Дұрыс жауапқа 30 ұпайдан беріледі.
4. «Ғалым» бекеті. Тест сұрақтары.
1. Тіл туралы Заң қашан қабылданды?
А) 1987ж. 17 қараша
В) 1989ж. 22 қыркүйек
С) 1990ж. 13 маусым
Д) 1992ж. 15 қазан
Е) 1991ж. 17 қыркүйек
2.Тіл білімінің негізін салған кім?
А) Ш.Уәлиханов
В) М. Жұмабаев
С) А. Байтұрсынов
Д) Ы. Алтынсарин
Е) А. Құнанбаев
3.Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
А) хинди
В) араб
С) португал
Д) испан
Е) түркі
4. «Ана тілің-арың бұл, ұятың боп тұр бетте» деген өлең жолдарының авторы кім?
А) Қ. Мырзалиев
В) Ә. Тәжібаев
С) С. Торайғыров
Д) М. Шаханов
Е) М. Мақатаев
5. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың ән-өлеңдер жинағы қайсысы?
А) «Айтым саған, қаламқас»
В) «Дариға жүрек»
С) «Сөйле, менің жүрегім»
Д) «Асау жүрек»
Е) «Өмір-өзен»
6. Қазақтың балалар әдебиетінің атасы кім?
А) Ұлы Абай
В) Ы. Алтынсарин
С) М. Жұмабаев
Д ) С. Көбеев
Е) С. Мұратбеков
7. « Паспорт» сөзінің жаңа атауын табыңыз.
А) қағазы
В) куәлік
С) анықтама
Д) міндеттеме
Е) төлқұжат
8. Төмендегі афоризмнің авторын табыңыз.
А) Ы. Алтынсарин
В) А. Байтұрсынов
С) А. Құнанбаев
Д) М. Өтемісұлы
Е) Бұқар жырау
1- жүргізуші:
5. «Арман» бекеті Дұрыс жауапқа 50 ұпай беріледі.
Тұрақты сөз тіркестерінің мәнін аш:
Қас пен көздің арасында (лезде)
Қара қылды қақ жару ( әділ)
Төбе шашы тік тұрды (шошыды)
Тайға таңба басқандай (анық)
Аузына құм құйылды (үндемеу)
Көзге түртсе көргісіз (қараңғы)
Тонның ішкі бауындай (тату)
Бет моншағы үзілу (ұялу)
Жарғақ құлағы жастыққа тимей (мазасыздану)
Күн тигізбей өсірген (мәпелеу)
2- жүргізуші:
Мына бекетімізде көрермендерде дауыс бере алады. Қолдарыңыздағы 50 ұпайды ұнаған топтың шығармасына немесе әңімесіне бересіз.
6. «Дарын» бекеті. Шығармашылық. Өлең, әңгіме құрастыру.
«Ана тілім-ардағым»
1- жүргізуші:
Мына бекетімізде көрермендерде дауыс бере алады. Қолдарыңыздағы 50 ұпайды ұнаған топтың пікіріне бере аласыз. бересіз.
7. « Шешен» бекеті.
« Жеке бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл — бүкіл халықтың игілігі, халықпен бірге жасап, бірге дамиды.
Ана тілін жақсы білмейінше сауатты сөйлеп, сауатты жазып, тіл байлығын мол қолданбайынша, шын мәніндегі мәдениетті адам атануға болмайды». С.Негимов пікірі. Сондықтан…
2- жүргізуші: Иә, бүгінгі шарамыздың уақыты да таяп қалған сияқты. Осы топ мүшелері ішінен қай топ «Қазақ тілі елінің құрметті азаматы» атағын жеңіп алғанын анықтау үшін , әділқазылар алқасына.сөз берейік.
Әділқазылар жәшікті ашып санап болғанша ән тыңдайық.
Ендігі сөз кезегін әділқазылар алқасына ұсынамыз. ( топтарды мадақтау.)
Қорытынды:
1-жүргізуші: Тіл-қасиетті, құдіретті, киелі. Бұл қасиеттер бойға ананың ақ сүтімен дариды. Тіл өшпейді, қандай қиындықта да тіл өз ұрпағының қанына, жанына өз ұрығын егіп, өміршең күй кеше береді.
2-жүргізуші: Туған тілім — тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім мен де бірге өшемін.
(Ә. Тәжібаев.)
Екеуі бірге қосыла: Кіршіксіз қардай сақтаңдар,
Қазақтың тілін ғаламат.
Ана тіл — арым, иманым,
Аманат, саған, аманат.
( М. Әлімбаев.)

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности