link2040 link2041 link2042 link2043 link2044 link2045 link2046 link2047 link2048 link2049 link2050 link2051 link2052 link2053 link2054 link2055 link2056 link2057 link2058 link2059 link2060 link2061 link2062 link2063 link2064 link2065 link2066 link2067 link2068 link2069 link2070 link2071 link2072 link2073 link2074 link2075 link2076 link2077 link2078 link2079 link2080 link2081 link2082 link2083 link2084 link2085 link2086 link2087 link2088 link2089 link2090 link2091 link2092 link2093 link2094 link2095 link2096 link2097 link2098 link2099 link2100 link2101 link2102 link2103 link2104 link2105 link2106 link2107 link2108 link2109 link2110 link2111 link2112 link2113 link2114 link2115 link2116 link2117 link2118 link2119 link2120 link2121 link2122 link2123 link2124 link2125 link2126 link2127 link2128 link2129 link2130 link2131 link2132 link2133 link2134 link2135 link2136 link2137 link2138 link2139 link2140 link2141 link2142 link2143 link2144 link2145 link2146 link2147 link2148 link2149 link2150 link2151 link2152 link2153 link2154 link2155 link2156 link2157 link2158 link2159
Жеткеншек Мендигалиев
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Начальный казахский класс: Ұланы еркін елімнің

Жошыбаева Марқабат Мұратбекқызы

Сабақтың тақырыбы: Ұланы еркін елімнің

Сабақтың мақсаты: Буын, тасымал, әліпби туралы түсініктерін

пысықтау, өлең мазмұнын түсіндіру.

Оқыту мен тәрбиелік міндеттері:

·Білімділік: Бағыттап оқу стратегиясы арқылы өлеңді мәнерлеп оқиды. Сюжетті суреттермен жұмыс жүргізе отырып, тақырып мазмұнын әңгімелейді. Тақтада түрлі жұмыстарды түсіне орындау барысында жаңа тақырыпты толық түсінуге тырысады.

· Дамытушылық: Венн диаграммасын пайдалана отырып, салыстырма жұмыстар жүргізу барысында және түрлі танымдық тапсырмалар орындау барысында өз бетінше жұмыс істей алу қабілетін арттырып, өз білімдерін толықтай түседі. Өз ойын еркін жеткізуге дағдыланады. Сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамытуға тырысады.

· Тәрбиелік: Сауатты әрі көркем жазуға, бір-бірінің пікірін тыңдай білуге, белгілі қазақ жазушылары жайлы алынған деректер арқылы тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға, әдептілікке, үлкенді сыйлауға, адамгершілікке тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтері, сұрақ-жауап, практикалық

жұмыс, талдау әдістері

Көрнекіліктер, құрал-жабдықтар:Алдын-ала дайындалған ББД анықтау тапсырмалары және флипчарттар, қазақ жазушыларының суреттері, демонстрациялық көрнекі құралдар, интерактивті тақта, электронды оқулық, кесте, маркер.

Сабақтың барысы: 1. Қызығушылығын ояту.

2. Үй тапсырмасын тексеру

3. Мағынаны таныту.

4. Ой толғаныс. Бекіту

5. Үйге тапсырма

6. Бағалау

7. Қорыту

Сабақ жоспары (сабақ блоктары және оны уақыт бойынша бөлу)

Қысқаша мазмұны

Сабақ блоктары, ондағы мұғалім мен оқушының

іс-әрекеті

Уақыт бойынша бөлу(минут)

1.Қызығушылығын ояту: Амандасу, сабақ мақсатымен

таныстыру

Психологиялық ахуал туғызу.

2

2. Үй тапсырмасын тексеру: Тақтада алдын-ала дайындалған

сюжетті суретке біртіндеп жауқазын гүлдерін егу

арқылы орындалады. «Табиғатты аялайық» ойыны.

4

3. Мағынаны таныту:

· Сұрақ-жауаптан басталады. Автормен таныстырылады.

· Оқулықпен жұмыс (өлеңді мәнерлеп оқу.)

· Электронды оқулықпен жұмыс (А.Байтұрсынов)

· «Кім тапқыр» ойыны - 111-жаттығу

· Сергіту сәті

· Дәптермен жұмыс (№1,2 тапсырма)

* «Қайда не бар?» ойыны (Венн д.)

3

5

2

4

1

5

6

4. Ой толғаныс. Жаңа сабақты бекіту үшін пысықтау тест жұмысы орындалады. 5.1. жазбаша орындалады. 5.2. ауызша толықтырады. 5.3. Электрон.

8

5.Үй тапсырмасы: 110-жаттығу. Шығармашылық тапсырма.

1

6. Оқушылар білімін бағалау

2

8. Сабақты қорытындылау.

2

Барлығы

45минут

Сабақ барысы

Құрылым мазмұны

Слайд және флипчатртты басқару, ауыстыру, көрсету

Сабақтың мақсаты:

Сабақта:

·Әліпби ретімен орналастыру;

· Дұрыс буынға бөліп, тасымалдау;

· алған білімді жалпылау, пысықтау тесттері арқылытексеру;

· жаттығулар арқылы білімдерін бекіту;

· ұлы қазақ жазушылары туралы мәліметтерден хабардар ету.

1 флипчарт

1.Қызығушылығын ояту: Қазақ жері — әдебиеттің негізін салған ұлы жазушылардың мекені. Ахмет Байтұрсынов, Бауыржан Момышұлы, Ескен Елубаев ұрпақтары, бұл сабаққа асқан қызығушылықпен қатысады деп ойлаймын. (Ұлы қазақ жазушылары суреттері флипчарт арқылы интерактивті тақтада көрсетіледі)

2-3 флипчарттар

2.Үй тапсырмасын тексеру:

Қандай балалар табиғатты жақсы көреді, оны қалай қорғаған дұрыс? Сен өзің оқып жүрген мектебіңнің ауласын қалай қорғауың керек?–деген сұрақтар арқылы дайындау. Олай болса, балалар, бізде табиғатты көркейтуге өз үлесімізді қосайық. Сіздерге бірнеше жауқазындар әкелдім. Олардың әрқайсысының сіздерге даярлаған сұрақтары бар. Кім сол сұрақтарға дұрыс әрі тез жауап берсе, соның жауқазыны жылдам әрі әдемі болып өседі.

«Табиғатты аялайық» ойыны арқылы сұралады.

Тақтада сюжетті сурет ілінеді. Оқушылар кезек-кезек шығып, гүлдің артындағы сұраққа жауап бере отырып, оны егеді.

Сұрақтар: 1. Әдептілік туралы қандай мәтін өттік?

2. Маржан қандай қыз?

3. Әдептілікті қалай түсінесің?

4. Әдепті болу үшін не істеу керек?

5. Маржанға ұқсағың келе ме?

6. Біздің сыныпта әдепті оқушылар көп пе?

7. Әдептілік сөзін буынға бөл

8. Әдептілік сөзін тасымалдап көрсет

3.Мағынаны таныту:

-Балалар, сіздер гүл егіп едіңіздер табиғат көрінісі тіпті әдемі бола түсті ме?

- Осындай табиғаты әсем елді өсіретін кімдер? Қорғайтын кімдер?

-Сіздер кімсіздер?

- Отан сүйер ұлан болыңдар!-деп тілек айтқан кім?

- Ұлан деген кім?

-Қандай елдің ұланысыңдар?

-Иә еркін, тәуелсіз елдің ұланысыңдар.

-Біздің оқулығымызда «Ұланы еркін елімнің» деген Тынысбек Қоңыратбаевтың бізге арнап жазған өлеңі бар екен. Біздің айтқанымызбен сәйкес келе ме екен оқып көрелік.

-Мұғалім оқып береді.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности