link10512 link10513 link10514 link10515 link10516 link10517 link10518 link10519 link10520 link10521 link10522 link10523 link10524 link10525 link10526 link10527 link10528 link10529 link10530 link10531 link10532 link10533 link10534 link10535 link10536 link10537 link10538 link10539 link10540 link10541 link10542 link10543 link10544 link10545 link10546 link10547 link10548 link10549 link10550 link10551 link10552 link10553 link10554 link10555 link10556 link10557 link10558 link10559 link10560 link10561 link10562 link10563 link10564 link10565 link10566 link10567 link10568 link10569 link10570 link10571 link10572 link10573 link10574 link10575 link10576 link10577 link10578 link10579 link10580 link10581 link10582 link10583 link10584 link10585 link10586 link10587 link10588 link10589 link10590 link10591 link10592 link10593 link10594 link10595 link10596 link10597 link10598 link10599 link10600 link10601 link10602 link10603 link10604 link10605 link10606 link10607 link10608 link10609 link10610 link10611 link10612 link10613 link10614 link10615 link10616 link10617 link10618 link10619 link10620 link10621 link10622 link10623 link10624 link10625 link10626 link10627 link10628 link10629 link10630 link10631 link10632 link10633 link10634 link10635 link10636 link10637 link10638 link10639 link10640 link10641 link10642 link10643 link10644 link10645 link10646 link10647 link10648 link10649 link10650 link10651 link10652 link10653 link10654 link10655
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Қолөнер — мол өнер

Муханбетжанова Жазира Мизамхановнаға
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Ростов негізгі мектебі

Құмсуат ауылы,Жарқайың ауданы,Ақмола облысы,Қазақстан

Мақсаты:

Білімділік — Келешек ұрпаққа қазақ халқының ұлттық өнерін дәріптеу. Өнер туындалыра арқылы дағдыларды жаңарту.

Дамытушылық – көркем дәстүрді насихаттап, қолөнер бұйымдарын жоғары шеберлік деңгейде екенін, түсіндіре отырып, қызығушылықты арттыру, оқушылардың эстетикалық талғамын ұштау, өнерге ынтасын дамыту. Халқымыздың қолданбалы қол өнеріне баулу, қыр-сырын үйрету.

Тәрбиелік — ата-баба дәстүрін қастерлеуге, сүюге, құрметтеуге, ұлттың сезімін оятып, шапшаңдыққа, талғампаздыққа, әсемдікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І. Кіріспе сөз

Мұғалім: «Шебердің қолы алтын» дегендей, қазақ халқының зор мәдениеті мен өнерін паш ететін құндылықтардың бірі — қолөнер. Ағаштан, темірден түйін түйген, жүннен көздің жауын алардай бұйым жасаған, асыл тастан әшекей бұйымдарды соққан шеберлердің ісі мақтауға тұрарлық өнер туындысы.

Қолөнер — халықтың өз қолымен жасайтын ұлттық мәдениеті. Ерте кездегі қазақ халқының кез келген отбасы қолөнермен айналысқан.

Ендеше, бүгінгі біздің «Қолөнер — мол өнер» атты тәрбие сағатымыз көрме түрінде өтпек. Біз осы көрменің ашылуына келген қонақтарға біздің көрмемізге қош келдіңіздер! Дейміз. Бұл көрме оқушылардың туындысы мен шығармашылық жұмыстарынан жасақталған.

Ендігі кезекті көрмемізді жүргізушілерге берсек:

(Жүргізушілер ортаға шығады)

1 — жүргізуші:

Ата — бабам ардақты

Жамандыққа бармапты.

Ардақ тұтып үлкенді

Ата жолын жалғапты.

2 — жүргізуші:

Бауырласқан тәніміз

Бұзылмаған антымыз.

Кең даланың ежелгі

Қазақ дейтін халқымыз.

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.

1 — жүргізуші:«Өнер — жеміс, өмірге азық» демекші, қолөнер арқылы жан-жақты берілген тәлім-тәрбие, олардың азығы болатынына дау жоқ. Қазақ халқының қол өнері бай және түрлі тармақтар мен салаларға бөлінеді.

Түрін-ай текеметтің! Асыл қандай!

Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай,

«Келе ғой, қошақаным, өзіме!» - деп

Әжем кеп сипағандай шашымнан жай

Шебер көп бұл заманда кілең керім.

Болмайтын ажыратып түр өңдерін

Сүрінбей өте алар ма ғасырлардан

Әжемнің ілмегіндей жыр-өрнегім.

2 — жүргізуші:

Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі,

Тұрғандай ана-көңіл тербеп мені

Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан

Қазақтың моншақталған өрнектері.

Елестеп көз алдыма сән шақырдым.

Келгендей құлағыма аңсатқан үн.

Түрленген түкті кесте көріп тұрмын.

Көзімнің алатындай жанарларын.

1 — жүргізуші: Міне, осындай ұрпаққа мәдени сана мен ата-бабаларымыз заманынан келе жатқан салт-дәстүрлері мен ұлттық қолөнері жалғастыруды қазыналы мұра етіп тастаған екен.

Әдет-ғұрып, салт-дәстүрі қазақтың,

Жарасымды үйлесімді ғажап шын.

Ұмыт болған дәстүрімізді сақтайық,

Насихатап жаңартудан қашпайық

Олай болса облыстық, аудандық жарыстардың жеңімпазы, қолы алтын шебер оқушылар біздің де арамызда бар екенін мақтанышпен айта аламыз. Олай болса сыныбымыздың мақтанышы, қалалық, республикалық жарыстардың жеңімпазы Тәжіғұлова Гүлсаяны ортаға шақырамыз.

(Гүсая өз жұмыстарымен таныстырады)

2 — жүргізуші: «Кестені көңіл сызады, көз тігеді, көз сынайды» демекші — Асыл өзінің қолөнерін яғни өз жұмысын таныстырып өтсін.

1 — жүргізуші: «Үлгісі көптің - өрнегі көп, өнері көптің — ермегі көп» демекші, ендігі сөз кезегін Марғұланға береміз.

2 — жүргізуші:«Алтын балдақ — қол сәні, әшекей кесте — тон сәні» дегендей келесі кезек Нұрбақытқа беріледі.

1 — жүргізуші:«Өнер тамған он саусақ, үзілмесін ырысың» дейді атамыз қазақ, ендеше Эльвира өзінің қолөнерін көрсетсін.

2 — жүргізуші: Ортаға «Ақбота» би ансамблінің бишілері «Қара жорға» биін билеп берсе қарыс емес шығармыз.

1 — жүргізуші:Қолөнер — ғасырлар бойы дамып, жетіліп, уақыт сынынан сүрінбей өтіп, қаланып келе жатқан халық шығармашылығының сарқылмас қайнар көзі, халық мәдениетінің айнасы.

2 — жүргіуші:«Шешеннің тілі, шебердің қолы ортақ» дегендейін, Индираның жасаған қолөнерімен таныс болайық.

1 — жүргізуші:Қолөнер адамды әсемдікке, нәзіктікке деген сезімін тербеп, сол салада табиғатты өзінше таңбалап, бедерлеп сұлулықты қабылдау қабілетін арттырады, ол арқылы біз зор эстетикалық рухани тәрбие алып, әлемдік өнер шыңына қанат қағамыз.

2 — жүргізуші: «Ою ойғанның ойы ұшқыр» демекші Әділхан өз жұмысынан мәлімет береді.

1 — жүргізуші:

Болса өзінде, үлкен сезім парасатты

Талғамына енді кімдер таласады.

Сезімталдық еркіндікпен қатар келсе,

Өнер мен әдептілік жарасады.

- Сен білгенді басқа білсе, айып па?

Мейлі жүрсін, сенің жүрген ізіңмен,

Түрлендірсін заманына лайықтап,

Ұлттық рух сезілердей жүзінен.

Қорытынды.

Қазақ халқы әдеміліке, сұлулыққа жаны құмар халық. Таң шролпанның нұрлы сәулесі, маралдың мұңды үні, сонау шығыстан көтерілген күннің алғашқы шұғыласы, аспандағы аққу үніне ән қосқан ақын-жаршылардың дауысы ерекше бағаланған.

Ақын-жазушылардың көбісі көркем қыздың кескін-келбетін раушан гүлге, інжу-маржан, лағылға теңеген. Солардың барлығының да қолөнерге қатыс бар емес пе?

2 — жүргізуші:

Сенемін келер ұрпақ көрмес зиян

Қазақтың қолөнерін дербес қойған,

Тапсырған аманатты туған елім

Алтын бесік алауы сөнбес ұям.

Бабалардан қалған асыл қазынамызды жоғалтпай, үйреніп, әрі қарай дамыту — біздің парызымыз. «Өнерліден үйреніп, өнерсізден иреніп жүрейік!»

Қатысқандарыңызғы, тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет!

Қош-сау болыңыздар!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности