link13622 link13623 link13624 link13625 link13626 link13627 link13628 link13629 link13630 link13631 link13632 link13633 link13634 link13635 link13636 link13637 link13638 link13639 link13640 link13641 link13642 link13643 link13644 link13645 link13646 link13647 link13648 link13649 link13650 link13651 link13652 link13653 link13654 link13655 link13656 link13657 link13658 link13659 link13660 link13661 link13662 link13663 link13664 link13665 link13666 link13667 link13668 link13669 link13670 link13671 link13672 link13673 link13674 link13675 link13676 link13677 link13678 link13679 link13680 link13681 link13682 link13683 link13684 link13685 link13686 link13687 link13688 link13689 link13690 link13691 link13692 link13693 link13694 link13695 link13696 link13697 link13698 link13699 link13700 link13701 link13702 link13703 link13704 link13705 link13706 link13707 link13708 link13709 link13710 link13711 link13712 link13713 link13714 link13715 link13716 link13717 link13718 link13719 link13720 link13721 link13722 link13723 link13724 link13725 link13726 link13727 link13728 link13729 link13730 link13731 link13732 link13733 link13734 link13735 link13736 link13737 link13738 link13739 link13740 link13741 link13742 link13743 link13744 link13745 link13746 link13747 link13748 link13749 link13750 link13751 link13752 link13753 link13754 link13755 link13756 link13757 link13758 link13759 link13760
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Шәкәрім Құдайбердіұлы «Еңлік-Кебек» поэмасы Оқушылардың сын тұрғыдан ойлауын поэманы талдау арқылы дамыту

Джадирова Жанар Джамбуловна,

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

«К. Ушинский атындағы №7 орта мектебі» КММ

Талдықорған қаласы,Қазақстан Республикасы

Жалпы мақсаттар

  • Сұрақтар мен жауаптар арқылы білім алушылардың сыни ойлауын қалыптастыру.
  • Жаңа тақырыпты сыни тұрғыдан ойлау модулін қолдана отырып талдау зерттеу, өзара сөйлеу және коммуникативті қарым-қатынас жасау мүмкіндіктерін дамыту.
  • Оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы арасындағы диалогтік іс- әрекетті белсендіру.

Сабақтың мақсаты

  • Еңлік пен Кебектің бейнесін аша отырып, ақын астарлаған әлеуметтік жағдайға түсінік беру.

Сабақтың міндеттері

  • Білімділік: феодалдық әдет-салт, заңның құрбаны болған Еңлік пен Кебектің бейнесін ашу, поэманың композициялық құрылымы мен көркемдік ерекшелігін таныту;
  • Дамытушылық: өз бетінше және топпен білім алу дағдысын қалыптастыру, талдау жасау арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту, білімдерін өз бетінше қолдануға, іздену, зерттеу жұмыстарына, өз пікірін жеткізіп айтуға үйрету;
  • Тәрбиелік: адам бойындағы жақсы қасиеттерге баулу, махаббат сезімін қадірлей білуге үйрету,

Оқыту нәтижелері

ü Оқушылар поэманы сыни тұрғыдан ойлау модулін қолдану арқылы талдайды, зерттейді және қорытындыға келеді.

ü Жұппен және топпен жұмыс жасауда пікір алысуға, бір-бірінен үйренуге жетелейді.

ü Әр түрлі әдістер арқылы шығарманы саралайды.

ü Поэма кейіпкерлеріне талдау жасайды.

ü Ой қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді.

ü Өзін және өзгені бағалайды.

Негізгі идеялар

  • Оқушының сыни тұрғыдан ойлауы арқылы ізденіске, шығармашылық жұмыс жасауға дағдыландыру.

Ұйымдастыру кезеңдері

- Оқушылармен сәлемдесу;

- Оқушыларды топқа бөлу;

Дереккөздер

10 сынып, қазақ әдебиеті

9-11 сыныптарға арналған электронды оқулық, қазақ әдебиеті

Сабақ барысы

1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

3. Оқушыларға сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.

4. Сыныпты топқа бөлу. (түстер бойынша).

5. «Шаттық шеңбер» құру.

Мұғалім сөзі

Балалар, біз бүгін Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы бойынша оқып білгендердерімізді ортаға салып, жинақтап, қорытындылаймыз. Сабағымызды ақынның "Бұл әңгіме - 1780 жылы шамасында осы Шыңғыс тауында Матай мен Тобықты арасында болған іс. Шариғатта әкесінің атастырғаны жас қызға неке есепті десе де, өзге дүниелік пайдасын ойламай, жалғыз ғана қызының қамын ойлап берер дегені. Әйтпесе «жас баланы сатып, пайдаланып, кем-кетікке беріп обалына қал» демейді. Мен соны ойлап, Еңлік-Кебекті соншалық жазалы демеймін" деген сөзімен бастағым келеді.

Жарты ғасырдан астам еріксіз үзілістен соң, халық алдына қайта шыққан тұлғсаларымыздың бірі - Шәкәрімнің қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихында алатын орны ерекше. «Еңлік-Кебек» поэмасын Абайдың көзі тірісінде ақыл кеңесімен жазылғаны барлығымызға мәлім («Еңлік-Кебек» 1891жылы жазылған жанры - этикалық-ғашықтық дастан. Тақырыбы - екі жастың махаббат трагедиясы. Идеясы - қоғамның әділетсіздігіне, озбырлығына қарсылық.) Поэманың оқиғасы Еңлік пен Кебектің қайғылы жағдайларға негізделгенімен, ақын сол кезеңдегі заман сипатына, ел ішіндегі әлеуметтік жаңдайларға назар аударады. Шәкәрім қос ғашықтың қайғылы қазаға ұшырауын бір рудың, бір топтың не жеке адамның мойнына қоймайды. Оны қоғамдық, әлеуметтік тартыстың қаталдығынан көреді.

Балалар, мен сендерге қазір бағалау парағын үлестіремін. Сабақ бойы өздеріңді бағалайсыңдар. (Бағалау парағын үлестіру)

Қызығушылықты ояту

Балалар, қазір кітаптардың астына жасырылған сұрақтарға жауап беріп көрейік.

  1. «Еңлік-Кебек» поэмасы кімнің ақыл-кеңесімен жазылған және қандай мәселе көтерілген?
  2. Еңлік пен Кебектің өліміне кім кінәлі?

Жырдағы дауды басқаша шешуге болар ма еді?

  1. Махабатты ешбір күш жеңіп бағындыра алмайды, - дегенді қалай түсінесіңдер?
  2. Поэманың оқиғасы Еңлік пен Кебектің қайғылы тағдырына негізделгенімен, ақынның не айтқысы келді?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Топпен жұмыс

Ой толғаныс

І топ. Талдау. Поэмада өздеріне ерекше әсер еткен тұстарына өз пікірлерін жазып талдау. (Қосжазба күнделік толтырады.)

ІІ топ. Сипаттау.

Поэмадағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасай отырып, өзінше бағалау, мінездеме беру.

ІІІ топ. Салыстыру. Поэманың тақырыбын, идеясын, кейіпкерлерін өзге шығармалардың кейіпкерлері, идеясы, тақырыбымен салыстырады. (Венн диаграммасы)

Сыни тұрғыдан ойлау модулі

Оқушылар постер қорғайды.

Топты бағалау

«Бармақпен бағалау» әдісі

Мұғалім сөзі

Сонымен, балалар біздің сабағымыздың тақырыбы мен мақсаты не туралы? Біз сол мақсатымызға жеттік пе?

Оқушылар өздері сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтады.

Ой қорыту

«Хат жазу» стратегиясы

Оқушылар авторға, поэма кейіпкерлеріне өз пікірлерін білдіріп хат жолдайды.

Бағалау

Оқушыларды бағалау парағы бойынша бағалау.

Қолдарындағы бағалау парағын толтыру.

Рефлексия

Сабақ туралы өзінің рефлексивті ойлауын хат арқылы жазу.

Сабақта алған ойларымен бөліседі

Үйге тапсырма

Үзінді жаттау

Күнделіктеріне жазады.

Оқушылардың білімін бағалау парағы

Сабақ кезеңдері, жұмыс барысы

Бағалау дискрипторлары

Ұпай

шкаласы

Жинаған ұпайы

Жеке оқиғаны баяндау

1. Әңгімені толық әрі жүйелі айтуы, қыстырмасыз, әсерлі, жатық сөйлеуі.

2.Оқиғаны қысқартып, қатесіз, нақты, алайда батылсыз жеткізуі.

3.Жаттанды, әсерсіз, шатастыра айтуы.

0,7-0,9

0,4-0,6

0,1-0,3

Кейіпкерге сипаттама жасау, мінездеме беру

1.Әр кейіпкерді әңгіме барысында дәл сипаттап бере алуы.

2. Кейіпкерді тек сұрақ барысында таныта кетуі немесе жеке бір белгісін (әрекетін, мінезін) ғана айтып беруі.

0,7-0,9

0,4-0,6

Сұраққа жауап беру

  1. 1.Дұрыс, толық жауапты көмексіз беру
  2. 2. Аздаған көмекке сүйеніп, дұрыс айту
  3. 3. Жауап шала, деректер қате берілсе…

0,7-0,9

0,4-0,6

0,1-0,3

Топтық талдауда өз ойын айту

1.Ойын дұрыс әрі сенімді айтуы.

2. Басқа пікірлермен санаса білуі.

3.Ойы дұрыс, бірақ жеткізуі әлсіз.

0,7-0,9

0,4-0,6

0,1-0,3

Ұсыныс айту, түзету, сұрақ қою

  1. 1. Қажетті, дұрыс ұсыныс айтуы.
  2. 2. Ұсыныс айтуға жеке сөзбен немесе дерекпен көмектесуі.

0,7-0,9

0,4-0,6

Топта жұмыс істей білуі

  1. 1. Топ ішінде белсене жұмыс істеуі
  2. 2. Топ жұмысына сирек қатысуы.

3.Топ мүшелеріне сұрақты нақты әрі дер сәтінде қоя білуі.

0,7-0,9

0,4-0,5

0,1-0,2

Жалпы ұпай саны

Сынып

4

Сабақ

Күні:

Сілтеме

Жоспар

Сабақ атауы

Қазақстан — менің Отаным

Жалпы мақсаттар

Оқушыларға туған елі, отаны — Қазақстан туралы қазақ тілінде айта білуге үйрету.

Білімділік: Қазақстан мемлекеті туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: Тілін дамыту, ойын еркін жеткізе білуге үйрету.

  • Тәрбиелік: Өз елін, туған жерін сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге тәрбиелеу

Оқыту нәтижелері

  • Оқушыларың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;
  • Жұппен және топпен жұмыс жасауда пікір алысуға, бір-бірінен үйренуге жетелейді.
  • Өз бетімен жұмыс жасауға мүмкіндік;
  • Өз пікірін дәлелдейді , басқалармен келіседі немесе келіспейді.
  • Өз іс-әрекетіне рефлективті талдау жасауды үйренеді
  • Өзін және өзгені бағалайды.

Негізгі идеялар

  • Оқушының сөйлеу және бір-бірімен қарым –қатынас жасау біліктіліктерін дамытуда топпен жұмыстың тиімділігін көре білу. Өзінің білмегенін қасындағылардан үйрене отырып, қалай оқуды іске асыруға болатындығын түсінуі және өзін бағалай білуі.

Ұйымдастыру кезеңдері

І.Ұйымдастыру.

1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

3. ҚР Мемлекеттік гимнін орындау.

«Жүрек жылуы» арқылы бір-біріне жылы сөз, тілектер айтады.

Ауызекі сөйлеу.

ü Бүгін аптаның қай күні?

ü Бүгінгі ауа райы қандай?

ü Бүгін сыныпта кім кезекші?

ü Сыныпта кім жоқ?

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  • Жазбаша жұмыстарын тексеру.

Сөздік диктант алу.

Единство, честность, символ,

Дереккөздер

4 сынып, қазақ тілі

Сабақ барысы

1.Оқушылармен сәлемдесу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

3. Оқушыларға сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау.

4. Сыныпты топқа бөлу. (өз қалаулары бойынша ).

5. Үй тапсырмасын тексеру.

Тәуелсіз Қазақстан туралы бірер сөз.

Оқушылар Қазақстан туралы сұрақтарға жауап береді.

  1. Қазақстан қандай мемлекет?
  2. Қазақстанның табиғаты қандай?
  3. Қазақстан Республикасының елордасы қай қала?
  4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қай тіл?
  5. Қазақстан қалаларын ата.
  6. Қазақстан Республикасынң Мемелекттік Туының авторын ата.
  7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбаның авторлары ата.
  8. Астана қаласы қайда орналасқан?
  9. Отан деген не?
  10. Қазақстан Республикасы кімдердің Отаны?
  11. Қандай адам бақытты?
  12. Отанды сүю неден басталады?

Қос тіл — достықтың қос қанаты. Кәне, екі тілде сөйлесейік!

1. Моя Родина - Казахстан — …
2. Казахский язык — государственный язык – …

3 . Казахстан — независимое государство - …
4. Родная земля — золотая колыбель - …

“Сөз атасы — мақал”. Мақалдар айту.

Туған жер — алтын бесік. (Родная земля - золотая колыбель.)

Отан оттан да ыстық. (Родина жарче огня.)

Туған жердей жер болмас. (Нет земли роднее своей.)

Туған елдей ел болмас. (Нет народа ближе своей.)

Отансыз адам — ормансыз бұлбұл. (Человек без Родины, что соловей без леса.)

Тақтамен жұмыс.

1-тапсырма. «Мемлекеттік» сөзін тақтаға жазып буынға бөледі. Буын түлерін ажыратады.

2-тапсырма. «оқушылар» сөзін сөз құрамына талдау.

3-тапсырма. «мемлекеттердің» сөзін сөз құрамына талдау.

4-тапсырма. «елдердің» сөзін сөз құрамына талдау.

5-тапсырма. «Баспалдақ» ойыны

Отан.

Менің Отаным.

Менің Отаным — Қазақстан.

Менің Отаным — тәуелсіз Қазақстан.

Қосыл, досым, әніме!

- Балалар, біз Отан туралы қандай өлеңдер білеміз?

- Оқушылар өздері білетін Отан туралы өлеңдерді мәнерлеп оқиды.

Тақтаға Қазақстан елінің картасы ілулі тұрады. Оқушылар «Менің атым.... Ұлтым… . Менің Отаным –Қазақстан» деген сөздерді айтып, жалауларды картаның үстіне қояды.

«Атамекен» әні.

Бағалау

  1. Бағалау парағы арқылы өздерін бағалайды.

Үйге тапсырма

«Менің Отаным — Қазақстан» тақырыбында мәтін құру.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности