Ташкенбаев Нуржол Ташкенбаевич
Должность:учитель информатики
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Шардара
Алгоритм ұғымы

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ s

Тақырыбы: Алгоритм ұғымы.

Күтілетін нәтиже:

Білімдік

Жаңа білім

• Алгоритм терминін таниды.

• Алгоритм жазу жолдарын үлкен екі категорияға жатқызады.

Жаңа түсінік

• Алгоритмді графикалық түрде жазудың кейбір элементтерін айырып таниды.

• Алгоритмді орындау мысалын келтіреді.

Құзырлылық

Қолданым әрекеті

• Қатесі бар алгоритмдерді өзгертеді.

• Алгоритм ұғымына сәйкес келетін жағдайларды көрсетеді.

Талдау әрекеті

• Логикалық есептерді шешуде алгоритм ұғымының рөлін ерекшелейді.

Шығармашылық әрекет

Ғылымда және тұрмыста маңызы бар мәселелерді шешу арқылы алгоритм ұғымын толығымен түйіндейді.

Құндылық

Бағамдау әрекеті

• Өмір алгоритмдерден тұратындығының түсіндірмесін береді.

• Математикадағы есеп шығару ережелері мен алгоритмдер арасындағы байланысты анықтайды.

Сабақ құрылымы:

І. Ақпарат алмасу (15 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту (3 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (7 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).

Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру

Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивті, топтық

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:

• Жаңа терминологиямен таныстыру

• Тапсырмаларды орындауда көмектесетін нақты мысалдарды көрсету

• Оқушыларға тапсырманы өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

• Алгоритм, программа, блок-схема, алгоритмнің сөз түріндежазылуы, алгоритмнің график түрінде жазылуы

Оқушыда дағды қалыптастыру:

• Жаңа өткен тақырыпты толық игеру

• Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау

• Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау

Ақпарат көздері:

1. Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова. 2005. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп.

2. В.Федосеева, Ю.Базанова. Алгоримты в нашей жизни. Ақпарат көзі:http://900igr.net/kartinki/informatika/Algoritmy/048-Algoritmy-v-nashej-zhizni.html

3. Алгоритм и его свойства. Ақпарат көзі: school.baltinform.ru/files/3/documents_28420_file.ppt‎

4. С. Яковлев. Что такое алгоритм.... Ақпарат көзі: http://school10-rasskazovo.narod.ru/INFO/site-alg/algoritm.htm

Оқушы жетістігін бағалау:

• Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.

Үй тапсырмасы:

• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы

Анықтамаларды жаттау, өмірде кездесетін 2 алгоритм мысалын және математикада қолданатын 1 алгоритм мысалын келтіру.

• Бонус-балл тапсырмасы

Биология, география пәндеріде кездесетін алгоритм мысалдарын келтіру

САБАҚ БЛОКТАРЫ s

і. аҚПАРАТ алмасу

Тақырып жоспары:

  1. “Алгоритм” терминінің анықтамасы, шығу тарихы
  2. Алгоримді күнделікті өмірде қолдану, мысалдар
  3. Алгоритмді жазу жолдарына қысқаша шолу
  4. Алгоритмді информатика, математика және логикалық есептерді шешуде қолдану, мысалдар

Слайдтар:

1-слайд Алгоритм дегеніміз не?

Алгоритм дегеніміз реттелген амалдар жиыны, кезекпен орындалатын операциялар тізімі.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности