Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
Сынық сызықтың ұзындығын табу

Казахстан, Алматинская область, Алакольский район

Средняя школа имени Ә.Әлімжанова

Учитель начальных классов

Абсалихова К.М.

Қайталау. Сынық сызықтың ұзындығын табу.

Мақсаты:

1.Өткен материалдар бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау.

2.Тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың ақыл- ойын, ой- өрісін дамыту. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.

3.Оқушыларды тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Семантикалық карта, кесте, сызба, математикалық диктант, ойын.

Сабақтың түрі: Білімді бекіту сабағы.

Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, тапсырмалар орындау, ойын түрінде.

Сабақтың барысы:

I . Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.

2. Психологиялық дайындық.

Балалар, көңіл-күйімізді көтеріп, келген қонақтармен амандасайық.

Армысың шапағатты күніміз,

Армысың мейірімді жеріміз.

Армысың , ағайлар мен апайлар,

Алдыңызда өзіңіздің балаңыз.

III Үй тапсырмасын тексеру.

Теңдеудің шешімі нешеге тең болды?

Балапанға қалай көмектестіңдер?

IV. Жаңа білімді меңгертуге дайындық.

Балалар , бүгін бізде өте қызықты сабақ болмақ, ал оның қандай сабақ екенін білу үшін сендерге мына тапсырманы орындау керек. Әріптерді сызбадағы сандарға сәйкес тұсқа орналастыру.

76-70 А 80+10 Қ 76-6 Т 30+70 А

7-2 А 6+1 Л 10-6 У

90

6

89

70

100

7

5

4

қ

а

й

т

а

л

а

у

Жауабы: Қайталау

Дұрыс, жарайсыңдар балалар.

Балалар, біздің сабақ оқудағы ұранымыз қандай еді?

Мақсатымыз- білім алу.

Міндетіміз –еңбектену.

Өте жақсы, балалар.

V. Мақсат қою кезеңі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Балалар, сынық сызықтың ұзындығын қалай табамыз?

Дұрыс айтасыңдар.

Қазір геометриялық фигураларға байланысты «Семантикалық картамен » жұмыс жүргіземіз

(Музыка ойнап тұрады. Оқушыларға карта таратылып беріледі.)

Сергіту сәті.

Қолды алға созайық,

Қағаз кеспек болайық.

1 2 3 4

Енді еркін тыныстап,

Дем алайық дұрыстап.

Оқулықпен жұмыс.

Оқулықтағы №1 тапсырманы орындату.

Тұйықталмаған сынық сызықтың ұзындықтарының қосындысын табыңдар.

(Оқушыларды тексеріп шығу.)

Енді балалар «Қызықты теңдеу» ойынын ойнайық.

+ - -


Теңдеуді шешу.

Оқулықтағы №4 тапсырманы орындату.

Уақыт өлшем бірліктеріне байланысты салыстыру.

1сағ 45мин 2сағ 5мин т. Б

Математикалық диктант

8 ондық 2бірлік пен 4 бірліктің қосындысы

3 ондық 5 бірлік пен 4 ондықтың қосындысы

5 ондық 3 бірлік пен 8 бірліктің айырмасы т. Б

Ойын: «Аққалаға қалпақ кигіз».

Ойынның шарты: Аққаланың қалпақтары ауысып кеткен . Әрқайсысының өз қалпақтарын кигізу үшін тапсырмаларды орындау керек.

Тапсырмалар орындалады.

Оқушылардың одан әрі пәнге қызығушылықтарын арттыру үшін тақтаға шығарып , санның құрамына байланысты кесте бойынша жарыстырамын.

14

7

9

8

13

6

9

5

12

3

9

5

VІ. Сабақты бекіту.

Логикалық есептер.

1.Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнады. Әрқайсысы неше сағаттан ойнады?

2.Дорбадағы 10 асықты 10 бала бір -бірлеп алды. Сонда 1 асық дорбада қалды. Бұл қалай?

Балалар, бүгін сабақта не білдік?, не үйрендік? Кім қандай қиындыққа кездесті?

Оқушылар бір- бірін бағалайды.

І. Үйге тапсырма №2. 132бет

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности