link14980 link14981 link14982 link14983 link14984 link14985 link14986 link14987 link14988 link14989 link14990 link14991 link14992 link14993 link14994 link14995 link14996 link14997 link14998 link14999 link15000 link15001 link15002 link15003 link15004 link15005 link15006 link15007 link15008 link15009 link15010 link15011 link15012 link15013 link15014 link15015 link15016 link15017 link15018 link15019 link15020 link15021 link15022 link15023 link15024 link15025 link15026 link15027 link15028 link15029 link15030 link15031 link15032 link15033 link15034 link15035 link15036 link15037 link15038 link15039 link15040 link15041 link15042 link15043 link15044 link15045 link15046 link15047 link15048 link15049 link15050 link15051 link15052 link15053 link15054 link15055 link15056 link15057 link15058 link15059 link15060 link15061 link15062 link15063 link15064 link15065 link15066 link15067 link15068 link15069 link15070 link15071 link15072 link15073 link15074 link15075 link15076 link15077 link15078 link15079 link15080 link15081 link15082 link15083 link15084 link15085 link15086 link15087 link15088 link15089 link15090 link15091 link15092 link15093 link15094 link15095 link15096 link15097 link15098 link15099 link15100 link15101 link15102 link15103 link15104 link15105 link15106 link15107 link15108 link15109 link15110 link15111 link15112 link15113 link15114 link15115 link15116 link15117 link15118 link15119
Худжанова Алия Заркешевна
Должность:методист (старший воспитатель)
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Павлодарская область, г.Павлодар
Алтын сақа ойыны

Алтын сақа ойыны

Тақырыбы: “Менің туған өлкем”

Мақсаты: Туған өлкеге, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, ойлау қабілетін жетілдіру, әдеби сөздерге, мақал — мәтел, тақпақтарға қызығушылығын, оны үйренуге деген белсенділігін арттыру, тілдерін дамыту. Патриоттық сезім тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: үш қақпа, сандық, тақтада суреттер

Ойын барысы: музыка әуені естіліп тұрады, балалар кіреді де отырады.

Педагог: Балалар, әр адамның Отаны бар екен.

- Сендер үшін Отан деген не, қалай ойлайсындар?

- Отан деген туған жерім, елім.

- Отан деген туған қалам, ауылым.

- Отан деген Қазақстаным.

- Дұрыс, балалар. Ендеше туған жер туралы не айтады екен біздің балалар, соларды тындап көрелік.

1 бала: - О, туған жер!

Шексіз екен мейірімін

Ыстық екен құшағын

Қанатымды еркін сермеп

Көгінде еркін ұшамын.

2 бала: Татулықпен, бірлікпенен ірімін

Кең даламның қауыз жарған гүлімін

Елдігімді, ерлігімді паш етер

Ту ұстайтын жеткіншектің бірімін.

3 бала: Неткен сұлу, неткен көркем!

Павлодар туған өлкем!

4 бала: Қаныш туған, Шакен туған

Ардақта досым қазақтын жерін!

5 бала: Алтын дәнді даласы бар

Мәшһур Жүсіп мешіті бар.

6 бала: Туған жердің ұлымын мен

Туған жердің гүлімін мен.

7 бала: Кеңге толы қойнауы бар

Баян, Жасыбай көлдері бар.

Педагог: “Туған жерім тамаша жарасайық балаша” дей отырып ересек топтың балалары дайындаған “Алтын сақа” ойының көріп тамашаланыздар.

Команда басшылары: “Қыран” тобы — Батжанов Ернар.

“Тұлпар” тобы — Алимханова Айшабиби.

- Ал енді екі команда өз ұрандарымен таныстырсын бізді.

Қыран тобы: Жапырақтай жайқалған

Біз балдырған баламыз

Ертен өсіп ер жетіп

Туған жерді қорғаймыз.

Тұлпар тобы: Үлгі - өнеге болар әр күн

Салтын бізге қалдырған

Біз ер жүрек бабалардың

Ұрпағымыз — балдырған.

(балалар отырады)

- Бәрекелді, тамаша, жарайсындар, балалар.

Педагог: Әр командаға екі сұрақтан болады, сұрақтарға дұрыс жауап таба білу керек және де екі дұрыс жауаптан болса қақпалар ашылып отырады да, сөйтіп алтын сақаға жетуіміз керек.

“Қыран” тобына сұрақтарды қалалық білім бөлімнің бас маманы Жамиля Қазаналиқызы қояды:

1. Қандай өзеннің жағасында орналасқан біздің қаламыз?

2. «Кереку» деген атау қалай шыққан?

«Тұлпар» тобына өзіміздің балабақша директоры Кәрімжанова А.К. сұрақтар дайындапты:

1. Ертіс өзені арқылы өтетін қандай көпірлер жасалған?

2. Біздің қаланың қандай көрікті жерлерін танисындар, атап көрсетіп бер. (тақтада суреттер ілулі тұрады. Әр топқа кезекпен бір-бір сұрақ қойылады, балалар ақылдасып, айтады)

Педагог: Бәрекелді, қаламыздың тарихын және де қала ішін жақсы біледі екенсіндер, балалар, рахмет сендерге.

Музыка ойналады, салтанатты әуеннің ырғағымен қола қақпа ашылады.

Педагог: - Жарайсындар «Қыран» және «Тұлпар» командалары! Қола қақпа ашылды.

- Балалар, ойынымызды әрі қарай жалғастырамыз. Ендігі қойылған бір-бір сүраққа дұрыс жауап болса қола қақпаның ішіндегі күміс қақпа ашылады.

Қыран тобы: Алдарындағы көріністе кімді көріп тұрсындар? (Бакир Демеуов, қала әкімі)

Тұлпар тобы: Мына көріністе қаланың қандай жері бейнеленген? (мәңгілік алау аланы!

- Тамаша, жарайсындар. Музыка әуенімен күміс қақпа ашылады.

Күміс қақпаның ашылуы құрметіне қыздар тобы би билеп береді.

Ойынды жалғастырамыз. Алтын қақпаға жету үшін туған жер туралы мақал — мәтелдер жарысын ұйымдастырамыз. Сәт, сапар тілейміз! Кәнеки «Мақал — мәтел» сайысы басталды.

«Қыран тобы»

«Тұлпар тобы!

Балалар кезектесе отыра мақал — мәтелдер айтады. Жеңіл әуеннің ырғағымен ортадағы «Алтын қақпа» ашылады.

- Мына кереметті қарандар, сендердің көп білетін білімдерінді бағалап алтын қақпамыз да ашылды. Алтын қақпаның ашылу салтанатына арнап музыкалық сәлем жолдаймыз.

- Өнерлеріне рахмет, балалар! Алтын қақпамыз ашылып, алтын сақаға да жеттік.

- Ашып көрейік, бәрекелді, ішінде сыйлықтар бар сендерге. «Алтын сақа» ойынымыз өз мәресіне жетті. Көңіл қойып, тамашалағандарынызға көп рахмет.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности