link2268 link2269 link2270 link2271 link2272 link2273 link2274 link2275 link2276 link2277 link2278 link2279 link2280 link2281 link2282 link2283 link2284 link2285 link2286 link2287 link2288 link2289 link2290 link2291 link2292 link2293 link2294 link2295 link2296 link2297 link2298 link2299 link2300 link2301 link2302 link2303 link2304 link2305 link2306 link2307 link2308 link2309 link2310 link2311 link2312 link2313 link2314 link2315 link2316 link2317 link2318 link2319 link2320 link2321 link2322 link2323 link2324 link2325 link2326 link2327 link2328 link2329 link2330 link2331 link2332 link2333 link2334 link2335 link2336 link2337 link2338 link2339 link2340 link2341 link2342 link2343 link2344 link2345 link2346 link2347 link2348 link2349 link2350 link2351 link2352 link2353 link2354 link2355 link2356 link2357 link2358 link2359 link2360 link2361 link2362 link2363 link2364 link2365 link2366 link2367 link2368 link2369 link2370 link2371 link2372 link2373 link2374 link2375 link2376 link2377 link2378 link2379 link2380 link2381 link2382 link2383 link2384 link2385 link2386 link2387 link2388 link2389 link2390 link2391 link2392 link2393
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Үй жануарлары

Қазақстан Республикасы,Оңтүстік Қазақстан облысы,Мақтарал ауданы,Жетісай қаласы
№25 Титов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі
Корганбаева Каламкас Кенесовна

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Оқушылардың үй жануарлары туралы

алған білімдерін кеңейту, түсінік беру

2. Тәрбиелік: Төрт түлік малдың пайдасын түсіне

отырып, сыйлауға,құрметтеуге,бағалауға үйрету.

3. Дамытушылық: Тапсырмаларды

орындай отырып оқушылардың ой-өрісін дамыту,

сөздік қорларын байыту,өзара қарым- қатынасын жақсарту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгіме, түсіндіру, көрсету

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер,интерактивті тақта,суреттер

слайдтар көрсету

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру: 1.Амандасу.

2.Түгендеу.

3.Сабаққа жұмылдыру.

ІІ. Жаңа сабақ:

(Тосын сый кезегі)

1- тапсырма жұмбақ жасыру.

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.

Бұл не?(Қой)

Шешімін табуға қиналса, дауысын шығару

Балалар шешімін тапқан соң, қой көрсетіледі

-Балалар, қой қандай жануарларға жатады?

Балалар өздері айтады. Мен толықтырамын

-Ол момын. Қойдың сүйікті шөптері жусан. Қойдың еті, сүті, майы, терісі пайдалы.Оның жүнінен киіз басылады, киім- кешек тоқылады. Балалар қой үй жануарларына жатады. Сондықтан бүгінгі сабағымыздың тақырыбы : «Үй жануарлары»

-Үй жануарларына қойдан басқа тағы қандай жануарлар жатады?

Олар атап тұрған сайын экранға олардың суреттерін шығару

Сиыр, жылқы, түйе

Түйе

Төрт түліктің төресі — түйе.Оның еті- тамақ, шұбаты- сусын , жүні- киім. Түйе таптырмас көлік. Ол шөлге өте төзімді. (Суретін көрсету)

Жылқы

Жылқы- ер қанаты. Ол сезімтал, талғампаз, жүйрік жануар. Оның еті- тамақ, сүтінен –қымыз жасалады, ол да денсаулыққа пайдалы.

Сиыр

Сиыр -ірі қара малға жатады. Оның сүті, еті пайдалы.Сүтінен құрт-ірімшік, айран жасалады.

Қазақ халқында төрт түлік мал деген ұғым бар. Әр түліктің киесі мен иесі бар деп есептеген.
Жылқы-иесі Қамбар ата.
Түйе-иесі Ойсылқара
Сиыр-иесі Зеңгі баба
Қой-ешкі- иелері Шопан ата мен Шекшек ата.

2.Интерактивті тақтамен жұмыс.

Сәйкестігін тап –тапсырмасы

Төрт түліктің төлдерін табу, төлдерінің аттарын атау.

-Балалар малдың төлдері қандай?(әдемі, сүйкімді)

-Қалай еркелетеміз?(ботақан, қошақан, құлыншақ, момақан)

Балалар, ал сендерді ата-аналарыңда осылай ерекелетеді екен.

3. «Үй жануарларын тап» ойыны

Жан-жануарлардың аттарын айту, солардың ішінде кездескен үй жануарларының аттарына қолдарын шапалақтаулары тиіс.

Тиін, аю, сиыр, қасқыр, түлкі, ат, құлын, қоян, бұзау т.с.с.

4. Үй жануарларының дыбыстауы

Әр жануардың дыбыс шығаруы нақты сөзбен айтылады екен

Түйе боздайды

Жылқы кісінейді

Сиыр мөңірейді

Қой маңырайды

дауыстарын естірту, экраннан суреттерін көрсету

Олай болса балалар, өзіміз дыбыстап көрейікші?

-Балалар біз оларды қалай шақырмыз?

Сиырды қалай шақырамыз?

Балалар: Әукім, әукім.

Жылқыны қалай шақырамыз?

Балалар: Құрау-құрау деп шақырамыз.

Түйені қалай шақырамыз?

Балалар: пұшайт-пұшайт деп шақырамыз

Қойды қалай шақырамыз?

Балалар: Шөре-шөре деп шақырамыз

5.Үй жануарлары немен қоректенеді? (Интерактивті тақтамен)

Суреттен қойдың, сиырдың, жылқының, түйенің қоректенетінін табу. Ұсынылатын заттар: кәмпиттің , шөптің, балмұздақтың суреттері. Балалар оны тауып, жануардың жанына апарулары тиіс.

6.Сергіту сәті

Қошақаны қойдың,

Қайда қалып қойдың,

Бұлтиып тұр бүйірің,

Қай өрістен тойдың?

Секең- секең ей лақ

Жүрмін саған кейіп- ап

Тыным тапсаң болмай ма?

Секеңдемей бір уақ!

7. тапсырма

Практикалық жұмыс 3 топқа: құрастыру, жапсыру, ермексазбен жұмыс

8-тапсырма

Тақпақ жаттау

Секендеген лақ,

Кұлақ деген шұнақ.

Секірем деп жардан,

Қалып жүрме құлап.

9-тапсырма

Суреттен әңгіме құрау

Үй жануарларының өнімдерінен жасалатын тағамдарды белгіле(қоршап қой)

1)Сиыр, түйе, жылқы

2)қымыздың, құрттың, шұбаттың

10. Қорытынды:

-Сонымен, бізге төрт түлік мал бізге не береді? (тақтаға жазу)

тері

жүн

Төрт түліктен не аламыз?

ет сүт

10. Бағалау.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности