link13356 link13357 link13358 link13359 link13360 link13361 link13362 link13363 link13364 link13365 link13366 link13367 link13368 link13369 link13370 link13371 link13372 link13373 link13374 link13375 link13376 link13377 link13378 link13379 link13380 link13381 link13382 link13383 link13384 link13385 link13386 link13387 link13388 link13389 link13390 link13391 link13392 link13393 link13394 link13395 link13396 link13397 link13398 link13399 link13400 link13401 link13402 link13403 link13404 link13405 link13406 link13407 link13408 link13409 link13410 link13411 link13412 link13413 link13414 link13415 link13416 link13417 link13418 link13419 link13420 link13421 link13422 link13423 link13424 link13425 link13426 link13427 link13428 link13429 link13430 link13431 link13432 link13433 link13434 link13435 link13436 link13437 link13438 link13439 link13440 link13441 link13442 link13443 link13444 link13445 link13446 link13447 link13448 link13449 link13450 link13451 link13452 link13453 link13454 link13455 link13456 link13457 link13458 link13459 link13460 link13461 link13462 link13463 link13464 link13465 link13466 link13467 link13468 link13469 link13470 link13471 link13472 link13473 link13474 link13475 link13476 link13477 link13478 link13479 link13480 link13481
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
"МИФ әлемі" көңілді тапқырлар сайысы

Қазақстан Республикаcы,Шымкент қаласы

№74 негізгі орта мектеп

Информатика пәні мұғалімі

Оракбаева Шырай

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға XXI-ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру жолдарын жетік үйрету, алған білімін пысықтау, информатика, интернет тарихы туралы білімдерін кеңейту, әртүрлі қызықты сұрақтар қою арқылы, оқушылардың білімдерін жетілдіру;

Дамытушылық: оқушының информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру, ізденуін, логикалық ойлауын, танымдық деңгейін жоғарлау, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру;

Тәрбиелік: оқушылардың өздігінен оқуға, еңбектенуіне үйрету, ортақ іске деген жауапкершілік сезімдеріне тәрбиелеу;

Түрі: Сабақтан тыс жұмыс (Топтық сайыс)

Әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы

Қажетті көрнекіліктер: АКТ, компьютер, интерактивті тақта, слайд, суреттер, тапсырмалар парағы, маркер, стикер, постер, шарлар.

Өтілу барысы:

I.Ұйымдастырушылық кезең

vШаттық шеңбері "Жүректен жүрекке"

vОқушыларды топқа бөлу ( "Компьютер құрылғылары" мен "Интернет" белгілері көрсетілген суреттер арқылы)

II. Сайысты өткізу бағдарламасы

vӘділқазылар алқасымен таныстыру

vТапсырмалар орындау ( 5 кезең)

vПостер қорғау

vБағалау

vКері байланыс

vЕкі жұлдызша, бір тілек

vЫстық орындық

vМарапаттау

Мұғалім:

Тойлап маржандай боп өлеңдесіп,
Оқушыларым отырсың ба елеңдесіп.
Ата — салт, баба дәстүр жолыменен,
Алайық біз әуелі сәлемдесіп.

Сәлем бердік, құрметті ұстаздар мен оқушылар сіздермен бірлесе отырып, бүгін біз мектебімізде өтіп жатқан «Білім ғылым негізі, ғылым өркендеу кепілі" атты апталықтың "МИФ" әлемі көңілді тапқырлар сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.
«Білімді азамат — ел ертеңі», «Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар - дей отырып сіздерге Ақ жол тілеймін. Ең алдымен сіздерге осы сайыста әділ бағасын берер әділқазылар алқасымен таныстырайық.

1. Оқу ісінің меңгерушісі: Мусирова Г

2. Математика пәнінің мұғалімі: Алтынбекова Г

3. Физика пәнінің мұғалімі: Ахылбекова М

Мұғалім:

Білімділігі мен тапқырлығы, алғырлығымен танылған оқушыларды ортаға шақырып, шаттық шеңберін құрып, "Жүректен жүрекке!" тілегін тыңдап топқа бөлейік. (Оқушылар бір-біріне тілек айтып, 2 топқа бөлінеді.)

1-топ: Компьютер

2-топ: Интернет

1-ші кезең: Кроссворд шешу. (5 ұпай) (информатика пәніне қатысты)

1

К

2

О

3

М

4

П

5

Ь

6

Ю

7

Т

8

Е

9

Р

11

Ж

12

Е

13

Л

14

І

  1. Қағаздағы көріністі компьютерге енгізетін құрылғы.
  2. Ақпаратты өңдейтін есептеу құралы
  3. Тышқанның ағылшынша атауы
  4. Ақпаратты қағаз бетіне шығаратын құрылғы
  5. Кескінді құрайтын кішкене нүктелер
  6. Мәзір орысша қалай аталады
  7. Рычагты монипулятор
  8. Компьютердің миы
  9. Адам денсаулығына зиянды құрылғы
  10. Компьютердің есте сақтау құрылғысы
  11. Интернет желісіне шығу үшін қажет құралдың бірі
  12. Принтердің түрі
  13. Шрифтінің қазақша атауы

2-ші кезең: Жұмбақ шешу. (5 ұпай) (физика пәніне қатысты)

1. Өзі затты құрайды, Теңесуге таразыны сұрайды ( Масса)

2. Аса қажет өмірге халық үшін, Пайдаланамын күн сайын жарық үшін ( Ток )

3. Нені сандыққа тыға алмайсың ? (күннің жарық сәулесі)

4. Аяғы жоқ, қолы жоқ, бірақ үйге кіреді. ( суық пен жылу)

5. Жіпке ілдім мен өзім, Кіп-кішкентай күн көзін. (электр шамы)

6. Суға салсаң батпайды, отқа салсаң жанбайды. (мұз)

7. Жалғыз бағыт білері, Бұрғаныңа көнбейді.

Жол көрсетіп береді, Бірақ өзі көрмейді. ( компас)

8. Туыстарын шетінен, Өбеді де бетінен.

Бала-шаға ұсағын, Бауырына қысады. ( магнит)

9. Көкке қараған, жұлдыз санаған. (телескоп)

10. Көтерілсе жоғары, Ерітер мұхит мұздарды

Төмен түссе шамалы , Сездірер суық ызғарды (температура)

3-кезең: Мақал мәтелді жалғастыр (5 ұпай)

1.Білекті бірді жығар.... ..................Білімді мыңды жығар

2.Бір елі ауызға… ............................Екі елі қақпақ

3.Жүз сомың болғанша… ...............Жүз досың болсын

4.Отыз тістен шыққан сөз.... ..........Отыз рулы елге тарайды

5.Бір кісі қазған құдықтан… ...........Мың кісі су ішеді

6.Жеті жұрттың тілін біл… .............Жеті түрлі білім іл

7.Екі жақсы қас болмас… .................Екі жаман дос болмас

8.Білгенің бір тоғыз… .......................Білмегенің тоқсан тоғыз

9. Көптің күші — ..............................бірлікте.

10. Екі қолға ..................................... жүрек.

4-кезең. Ребус шешу

Жауабы: Принтер

,, ,, ,

Жауабы: Күш - физикалық шама.

5-кезең: Шығармашылық жұмыс "Интернет" (постер қорғау)

Тақырыпты ашу үшін слайда жасырынып тұрған сөзді блиц-сұрақтар арқылы табу керек.

1. Адамның досы - и т

2. Өмірдің азығы - н ан

3. Төрт түлік мал- т үйе

4. ҚР рәміздері - е лтаңба

5. Гүлдің аты - р аушан

6. Ұлыстың ұлы күні - н аурыз

7. Ең жаман баға - е кі

8. Ұлттық ойын - т оғызқұмалақ

“Интернет- жаңа білім негізі”

1. "Ішіне - сыртына" стратегиясы

Мына сөздердің «Интернеттен ақпарат іздеу» деген тақырыпқа қатысы бар сөздерді «ішіне», мүлде қатысы жоқ сөздерді «сыртына» жазыңдар:

Веб құжат,URL , файлдық, информатика, принтер, желілік қоршау, ресурс, амалдық жүйе, каталог, браузер, компьютерлік вирус, детектор, интерфейс, күрделі индекс, ревизорлар.

2. «Интернет-ақпараттық магистраль» деген қай ғалымның сөзі?

1. Ада Лавлейс

2. М.И. Ломоносов

3. Джон Непер

4. Блез Паскаль

5. Билл Гейтс

6. Готфрид Вильгельм Лейбниц

3. “Білген сайын келеді, біле бергім”

Internet - миллиондаған компьютерлерді бір алып желіге біріктіретін, ақпаратқа шексіз қол жеткізу және түрлі амалдармен қатынас жасау мүмкіндігін ұсынатын дүние жүзіндегі ең үлкен ғаламдық желі.

Internet — сөзі тікелей мағынасында халықаралық желі дегенді білдіреді. (INTERnational NETwork). Internet ең соңғы жаңалықтарды оқып, ауа райы туралы мәлімет алуға, қандай да бір тауарға не ұшақ билетіне тапсырыс беруге, аз ғана уақыт аралығында электронды пошта арқылы хабарламалар алмасуға, бейнеконференциялар өткізуге және тағы да басқа көптеген мұмкіндіктер ұсынады. Internet мүмкіндіктері төмендегідей:

  • Webбеттерінен және ftp серверлерінен керекті мәліметтерді іздеу;
  • Электрон почта, жаңалықтар тақтасы, чат-серверлер, ICQ, mailagent және аудио-видеоконференциялар сияқты байланыс құралдарынан пайдалану;
  • Жұмыс іздеу, қызмет ұсыну және т.б.

Мұғалім:

Информатика болашаққа бастайды

Келешекке білім қуған жастарды

Қадам басып ХХІ-ші ғасырға

Барлық әлем жаңалығын тастайды - дей отырып сөз кезегін әділқазыларға берейік. Марапаттау.

Мұғалім:

Тағы да үйренеміз аман болсақ!

Шыңымыз биік болар, білім қусақ

Өмір деген өнермен үйлеспей ме

Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ!

Бүгінгі көріп тамашалаған “МИФ әлемі" атты көңілді тапқырлар сайысы өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности