link15246 link15247 link15248 link15249 link15250 link15251 link15252 link15253 link15254 link15255 link15256 link15257 link15258 link15259 link15260 link15261 link15262 link15263 link15264 link15265 link15266 link15267 link15268 link15269 link15270 link15271 link15272 link15273 link15274 link15275 link15276 link15277 link15278 link15279 link15280 link15281 link15282 link15283 link15284 link15285 link15286 link15287 link15288 link15289 link15290 link15291 link15292 link15293 link15294 link15295 link15296 link15297 link15298 link15299 link15300 link15301 link15302 link15303 link15304 link15305 link15306 link15307 link15308 link15309 link15310 link15311 link15312 link15313 link15314 link15315 link15316 link15317 link15318 link15319 link15320 link15321 link15322 link15323 link15324 link15325 link15326 link15327 link15328 link15329 link15330 link15331 link15332 link15333 link15334 link15335 link15336 link15337 link15338 link15339 link15340 link15341 link15342 link15343 link15344 link15345 link15346 link15347 link15348 link15349 link15350 link15351 link15352 link15353 link15354 link15355 link15356 link15357 link15358 link15359 link15360 link15361 link15362 link15363 link15364 link15365 link15366 link15367 link15368 link15369 link15370 link15371
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Эрудиттер сайысы

Казахстан, Акмолинская область, с. Чаглинка
Колледж Агробизнеса
Преподаватель физики и информатики

Мейрам Шайза Пашубайқызы

Мақсаты: Оқушылардың белсенділігін және логикалық ойлау қабілеттерін арттыра отырып, оларды зеректілікке, ой шапшаңдылығына,тапқырлыққа, төзімділікке және өзара сыйластыққа, сөйлеу мәдениетілігіне тәрбиелеу. Татулық қарым — қатынасын нығайта отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру және пәнге деген қызығушылығын туғызу.

Түрі: Жарыс.

Жоспары:

І-кезең. «Тест сұрақтары»

ІІ-кезең. «Жұмбақты шеш»

ІІІ-кезең. «Жауабын тап»

ІV-кезең. «Сұрақ - жауап»

V-кезең. «Теоретиктер сайысы»

VІ — кезең. «Құпия жәшік»

VІІ — кезең «Не істейсің?»

Оқытушының сөзі:

Физика - табиғаттың тілі екен ғой,

Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой.

Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,

Бәрінің бағынары физика ғой.

Бүгін де физика барлық жерде,

Құрылыста, техникада, өндірісте.

Сырларын бұл ғылымның меңгеріңдер,

Шәкірттер ынта қойып үйреніңдер!

Армысыздар, құрметті жиылған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі қонақтар, жүзден жүйрек, мыңнан тұлпар» сайыскерлер.

Бүгінгі «Эрудиттер сайысына » қош келдіңіздер!

Ендеше, құрметті көрермендер, «Эрудиттер сайысы» атты іс — шарамызды бастаймыз.

Бүгінгі ойында әділ баға беруші қазылар алқасы құрылады:

____________________________________________

____________________________________________

_____________________________________________

Сайыскерлерді таныстыру.

І кезең. «Тест сұрақтары»

1. Өткізгіштерді тізбектей қосқанда барлық өткізгіштерде қандай шама бірдей болады?

А) Ток күші

Ә) Кернеу

Б) Ток пен кернеудің көбейткіші

В) Анықталмайды

2. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі?

А) Дж

Ә) 1 Кл

Б) 1 Н

В) 1 кал

3. Заттың агрегаттық күйі:

А) Қатты

Ә) Сұйық

Б) Газ

В) берілген жуаптың барлығы дұрыс

4. Жаңбырдан кейінгі шалшық қандай күні тезірек кебеді?

А) Тынық күні

Ә) Желді күні

Б) Жылы күні

В) Суық күні

5. Дененің потенциалдық энергиясы дегеніміз
A) дененің қозғалыс энергиясы.
Ә) дененің жылдамдығының өзгеру энергиясы.
Б) серпінді деформацияланған денеің энергиясы.
В) ыстық дененің суық денеге берген энергиясы.

  1. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 6В, кедергісі 3 Ом. Өткізгіштің ток күші
    A) 12 А
    Ә) 0,5 А
    Б) 108 А
    В) 2 А
  2. Күнге ең жақын орналасқан планетаны көрсетіңіз:
    А) Марс
    Ә) Жер
    Б) Сатурн
    В) Меркурий

  1. Үстелдің ұзындығы 0, 8 м. Оны сантиметрмен өрнектеңдер.
    А) 8 см
    Ә) 80 см
    Б) 800 см
    В) 0, 08 см

  1. Электр тогы дегеніміз не?
    А) Электр зарядының тәртіпсіз қозғалысы
    Ә) Электр зарядтарының реттелген қозғалысы
    Б) Бейтарап бөлшектердің тәртіптелген қозғалысы
    В) Бейтарап бөлшектердің ретсіз қозғалысы

  1. Ток күшін өлшейтін құралды көрсетіңіз?
    А)Амперметр

Ә)Вольтметр

Б)Ваттметр
В)Омметр

Сұрақ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Жауабы

а

а

в

ә

б

в

в

ә

ә

а

Дұрыс жауап 1 ұпай. Уақыты 1 минут. Ең аз дұрыс жауап берген оқушы сайыстан шығады. Әрбір сайыстан шығып отырған оқушы «Физик эрудиті» атты сертификатына ие болады.

ІІ кезең «Жұмбақты шеш»

Келесі кезеңіміз «Жұмбақты шеш» деп аталады.

Оқушылырға кезекпен сұрақтар қойылыды, дұрыс жауап 1 ұпай.

Жауап дұрыс берілмесе қарсыласы жауап береді.

Жұмбақтар:

  1. Жердің жүзін шарлайсың,
    Онсыз еш жерге бармайсың.
    Көлікпен де, жаяу да,
    Саралайсың, таңдайсың. (Жол)

2. Көп болса, асықпайсың,
Мезеттен қашықтайсың.
Асықсаң аз болады,
Табасың мұны қайсың? (Уақыт)


3. Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты
Тағы да бір белгісіз шама шықты.
Ол болмаса денелер қозғалмайды,
Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты? (Жылдамдық)


4. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасаң,
Ньтонға ол келеді. (күш)


5. Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды. (Масса)


6.Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланар күн сайын жарық үшін. (Шам)

  1. Көтерілсе жоғары,
    Ерітер мұхит мұздарды.
    Төмен түссе шамалы,
    Сездірер суық ызғарды. (Температура)


8. Жай көзге көрінбейді,
Қозғалуға ерінбейді. (молекула)

9. Жарқылдан соң жаңағы,
Суға бөкті бар алап.
Көкте түрлі жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат. (кемпірқосақ)

  1. Жалғыз бағыт білері,
    Бұрғаныңа көнбейді.
    Жол көрсетіп береді6
    Бірақ өзі көрмейді. ( компас)
  2. Алтын теңге кетеді,
    Күміс теңге келеді. (Күн мен Ай)


12.
Отқа жанбас,
Суға батпас. (Мұз)


13.
Жылт - жылт етеді,
Жылғалардан өтеді (Су)


14. Бұлтты аспанның жүзінде,
Ойнайтын бұл немене? (Найзағай.)

15. Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток)


16. Туыстарын шетінен,
Өбеді де бетінен.
Бала - шаға ұсағын,
Бауырына қысады. (магнит)

17. Көкке қараған, жұлдыз санаған. (телескоп)


18. Тар шеңберді айналып,
Тұр құдықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен танбайды ( сағат)

19. Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсек егер де.
Басқа күйге ауысқан,
Жұмыс істейді әрқашан. (Энергия)

20. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)

21. Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді. (күн)

Әділқазылар алқасына сөз беріледі, аз үпайы бар оқушы сайыстан шығады.Әрбір сайыстан шығып отырған оқушы «Физик эрудиті» атты сертификатына ие болады.

ІІІ кезең «Жауабын тап»

Бұл кезеңде қалған сайыскерлерге, өлшем бірліктері қағаз бетіне жазылған тапсырманы таратады. Сайыскерлер өлшем бірліктердің физикалық шамасын тауып алуы керек. Уақыты 2 минут (5 ұпай)

Өлшем бірлігі

Физикалық шама

1

Дж

2

см

3

Ом

4

кг

5

Кл

6

Н

7

А

8

Км/сағ

9

м/с2

10

В

Өлшем бірлігі

Физикалық шама

1

Дж

Энергия, жұмыс, жылу мөлшері

2

см

Ұзындық

3

Ом

Кедергі

4

кг

Масса

5

Кл

Заряд

6

Н

Күш

7

А

Тоқ күші

8

Км/сағ

Жылдамдық

9

м/с2

Үдеу

10

В

Кернеу

Әділқазылар алқасына сөз беріледі, аз үпайы бар оқушы сайыстан шығады. Әрбір сайыстан шығып отырған оқушы «Физик эрудиті» атты сертификатына ие болады.

ІV кезең «Сұрақ - жауап»

  1. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? (жарық )
  2. Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе? (найзағайды)
  3. Атом массасының өлшем бірлігіне не алынған? (кг)
  4. Ең кішкентай заряд? (электрон)
  5. Идеал газ күйінің теңдеуін ашқан ғалым кім? ( Менделeeв)
  6. Психрометр нені өлшеуге арналған құрал? (ауа ылғалдылығын)
  7. Сұйықтың ең кішкетай бөлшегі қалай аталады? ( тамшы)
  8. Бұл кім? : өз өмірінде 40 т тамақ жейді, дүние жүзіндегі ең ақылды жыртқыш, қуаты орта есеппен 2,2Вт. ( адам )
  9. Дене пішінінің немесе өлшемдерінің өзгеруі? (деформация )
  10. Адамға қай кезде көзілдіріктің қажеті жоқ? (ұйықтағанда)
  11. Көк шарфты суға салса, не болады? (су болады)
  12. Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойсақ,ішінде не қалады? (ауа)
  13. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұз күйінде)
  14. Күн мен түннің көктемде теңелуі (22 наурыз)
  15. Қандай ыдысқа су құйылмайды? (су толы ыдысқа)

Әділқазылар алқасына сөз беріледі, аз үпайы бар оқушы сайыстан шығады. Әрбір сайыстан шығып отырған оқушы «Физик эрудиті» атты сертификатына ие болады

V кезең «Теоретиктер сайысы»

Бұл сайыста оқушылар тақтада Г. Ом, И. Ньютон және Ш. Кулон аттары жазылып тұрады. Осы ұлы ғалымдардың заңдарын атап, формуласын жазып береді. Уақыты 2 минут, 6 ұпай.

И. Ньютон заңы - І тек инерциалды санақ жүйесінде орындалады.
ІІ үдеу күшке тура пропорционал, дененің массасына кері пропорционал: a=F/m.
ІІІ әрекеттесуші күштер модульі жағынан тең, бағыты жағынан қарама - қарсы болады.
Г. Ом заңы - тізбектің бөлігіндегі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал: I=U/R
Ш. Кулон заңы — қозғалмайтын екі нүктелік заряд вакуумде зарядтардың көбейтіндісіне тура пропорционал және олардың арақашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен әрекеттеседі: F=k*q1*q2 / r2

Әділқазылар алқасына сөз беріледі, аз үпайы бар оқушы сайыстан шығады. Әрбір сайыстан шығып отырған оқушы «Физик эрудиті» атты сертификатына ие болады

VІ кезең «Құпия жәшік»

Бұл кезеңде сайыскерлер тақтада ұяшықтарды яғни онда «жанды нәрсе туралы», «қандай зат» және «қандай физикалық дене» деп аталатын үяшықты таңдайды. Жұмбақтың бірінші сөйлемінен - ақ бірден жауап берсе 5 ұпай, екінші сөйлемнен жауап берсе 3 ұпай, үшінші сөйлемнен жауап берсе 2 ұпай, соңғы сөйлемнен жауап берсе 1ұпай.


Жанды нәрсе туралы


а) Көзі қырағы, жанған жарықты алыстан көреді 5 ұпай
б) Жүрегіңнің қуаты 2. 2 Вт 3 ұпай
в) Ғұмырында 40 тонна тамақ жейді 2 ұпай
г) жердегі ең ақылды кім? 1 ұпай
/АДАМ/

Қандай зат?


а) Адам организмінде бар зат 5 ұпай
б) Заттың үш күйінің біреуі 3 ұпай
в) Үш күйде де бола алады 2 ұпай
г) Жерде онсыз өмір жоқ 1 ұпай
/СУ/

Қорапта қандай физикалық дене бар?


а) Зерттеу жұмыстарына құрал ретінде қолданылады 5 ұпай
б) Іші ауаға толы 3 ұпай
в) Спортшы осы денемен дос 2 ұпай
г) Шар тәріздес 1ұпай
/ДОП/

Әділқазылар алқасына сөз беріледі, аз үпайы бар оқушы сайыстан шығады. Осы сайыстан шығып кеткен оқушы «Физик эрудиті» сайысында ІІІ дәрежелі дипломымен марапатталады.

VІІ кезең «Не істейсің?»

Берілген кезеңде сайыскерлер жасырын тапсырманы өздері таңдап алады.

Берілген тапсырманы 3 минут ішінде аяқтаулары қажет.

№1 қалта.

Конверт ішінде кілт жатыр. Осы кілтті конвертке қол тигізбей қалай алуға болады? Берілген құралдар: Кілті бар конверт, қайшы, су, сіріңке.

(конвертті жағып жіберу керек)

№2 қалта.

Ыдыс ішінде су бар. Ыдыс түбінде тиын жатыр. Қақпақ, сіріңке, қағаз, пинцет, стақан сияқты құралдардың қайсысын пайдаланып, қолды су қылмай, тиынды қалай алуға болады?

(пробка ішіне қағаз салып оны өртеу керек те, үстінен стаканмен жабу керек.)

Әділқазылар алқасына сөз беріледі. Осы сайыстан шығып кеткен оқушы «Физик эрудиті» сайысында ІІ дәрежелі және ұпайы көп оқушы І дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Физика тілдесер табиғаттың тілі екен ғой
Көз тартар сұлулықтың сыры екен ғой
Аттасаң аяғыңды, алдыңды орап,
Артыңнан қалмайды екен тірі де ол
Саған ән, айтылған сөз ішілген ас,
Ғарыштың кемелері, атылған тас
Аққан су, соққан дауыл, айтылған жыр,
Бәрінің бағынары физика ғой!

- дей келе бүгінгі іс-шарамызды аяқтаймыз. Қош сау болыңыздар. Назарларыңызға көп рахмет!

«Тест сұрақтары»

1. Өткізгіштерді тізбектей қосқанда барлық өткізгіштерде қандай шама бірдей болады?

А) Ток күші

Ә) Кернеу

Б) Ток пен кернеудің көбейткіші

В) Анықталмайды

2. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі?

А) Дж

Ә) 1 Кл

Б) 1 Н

В) 1 кал

3. Заттың агрегаттық күйі:

А) Қатты

Ә) Сұйық

Б) Газ

В) берілген жуаптың барлығы дұрыс

4. Жаңбырдан кейінгі шалшық қандай күні тезірек кебеді?

А) Тынық күні

Ә) Желді күні

Б) Жылы күні

В) Суық күні

5. Дененің потенциалдық энергиясы дегеніміз
A) дененің қозғалыс энергиясы.
Ә) дененің жылдамдығының өзгеру энергиясы.
Б) серпінді деформацияланған денеің энергиясы.
В) ыстық дененің суық денеге берген энергиясы.

6. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 6В, кедергісі 3 Ом. Өткізгіштің ток күші
A) 12 А
Ә) 0,5 А
Б) 108 А
В) 2 А

7. Күнге ең жақын орналасқан планетаны көрсетіңіз:
А) Марс
Ә) Жер
Б) Сатурн
В) Меркурий

8. Үстелдің ұзындығы 0, 8 м. Оны сантиметрмен өрнектеңдер.
А) 8 см
Ә) 80 см
Б) 800 см
В) 0, 08 см

9. Электр тогы дегеніміз не?
А) Электр зарядының тәртіпсіз қозғалысы
Ә) Электр зарядтарының реттелген қозғалысы
Б) Бейтарап бөлшектердің тәртіптелген қозғалысы
В) Бейтарап бөлшектердің ретсіз қозғалысы

10. Ток күшін өлшейтін құралды көрсетіңіз?
А)Амперметр

Ә)Вольтметр

Б)Ваттметр
В)Омметр

«Жауабын тап»

Өлшем бірлігі

Физикалық шама

1

Дж

2

см

3

Ом

4

кг

5

Кл

6

Н

7

А

8

Км/сағ

9

м/с2

10

В

«Жауабын тап»

Өлшем бірлігі

Физикалық шама

1

Дж

2

см

3

Ом

4

кг

5

Кл

6

Н

7

А

8

Км/сағ

9

м/с2

10

В

«Жауабын тап»

Өлшем бірлігі

Физикалық шама

1

Дж

2

см

3

Ом

4

кг

5

Кл

6

Н

7

А

8

Км/сағ

9

м/с2

10

В

«Жауабын тап»

Өлшем бірлігі

Физикалық шама

1

Дж

2

см

3

Ом

4

кг

5

Кл

6

Н

7

А

8

Км/сағ

9

м/с2

10

В

«Жауабын тап»

Өлшем бірлігі

Физикалық шама

1

Дж

2

см

3

Ом

4

кг

5

Кл

6

Н

7

А

8

Км/сағ

9

м/с2

10

В

«Жауабын тап»

Өлшем бірлігі

Физикалық шама

1

Дж

2

см

3

Ом

4

кг

5

Кл

6

Н

7

А

8

Км/сағ

9

м/с2

10

В

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности