link1152 link1153 link1154 link1155 link1156 link1157 link1158 link1159 link1160 link1161 link1162 link1163 link1164 link1165 link1166 link1167 link1168 link1169 link1170 link1171 link1172 link1173 link1174 link1175 link1176 link1177 link1178 link1179 link1180 link1181 link1182 link1183 link1184 link1185 link1186 link1187 link1188 link1189 link1190 link1191 link1192 link1193 link1194 link1195 link1196 link1197 link1198 link1199 link1200 link1201 link1202 link1203 link1204 link1205 link1206 link1207 link1208 link1209 link1210 link1211 link1212 link1213 link1214 link1215 link1216 link1217 link1218 link1219 link1220 link1221 link1222 link1223 link1224 link1225 link1226 link1227 link1228 link1229 link1230 link1231 link1232 link1233 link1234 link1235 link1236 link1237 link1238 link1239 link1240 link1241 link1242 link1243 link1244 link1245 link1246 link1247 link1248 link1249 link1250 link1251 link1252 link1253 link1254 link1255 link1256 link1257 link1258 link1259 link1260 link1261 link1262 link1263 link1264 link1265 link1266 link1267 link1268 link1269 link1270 link1271 link1272 link1273 link1274 link1275 link1276 link1277 link1278 link1279 link1280 link1281 link1282 link1283 link1284 link1285 link1286 link1287 link1288 link1289 link1290 link1291 link1292 link1293 link1294 link1295
Саргожаева Асылхан Алымовна
Должность:завуч
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Мангистау Мунайлы
Доклад на тему "Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бойынша желілік қоғамдастық құрудың ғылыми әдістемелік негіздері"


Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы

№4 орта мектеп І деңгей

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сарғожаева Асылхан Алымқызы

Әдістемелік жұмысты ұйымдастыру бойынша желілік қоғамдастық құрудың ғылыми әдістемелік негіздері

Қазіргі заман талаптарына сай бәсекеге қабілетті, сауатты да саналы, жаңа форматтағы ұрпақ қалыптастырып, тәрбиелеу — біздің парызымыз. Осының
барлығы тікелей білім - ғылым саласына байланысты. Сондықтан білім беруді жетілдіру, ақпараттандыру, білім алушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін арттыру, оқу дағдысын жетілдіру мәселелері көтерілуде. Педагогикалық инновация, жаңа педагогикалық технологияға негізделген сабақтың дәстүрлі емес типтері, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану, тірек - сигналдар технологиясы, проблемалы оқыту, интерактивті оқыту, интеграция, модульдік оқыту, т.б, қайысын алсақ та жас жеткіншекті, жеке тұлғаны біліммен, біліктілікпен қаруландырудың түрлі құралдары болып табылады.

Бүгінгі күнде ең алдымен, оқушыға оның қажеттілігі мен қызығушылығына көңіл аударуды күшейтіп, әр оқушының жеке тұлғалық қасиеттерінің барлық байлығын дамытып, оны толық ашуға мүмкін болған жағдайды құру қажет. Осыған байланысты қазіргі мұғалімдер алдында тұрған міндет - оқушыға белгілі бір білім жүйесін терең меңгертіп қана қоймай, оқу белсенділігін арттырып, олардың әрқайсысының шығармашылық қабілетін айтарлықтай дамыту болып табылады. Сол себепті оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырып, әр сабақты дұрыс ұйымдастыру мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Өміріне құр ғана сабақ болып қоймас үшін, ол қызықты болуы керек. Осыған қол жеткенде ғана мектеп - жасөспірімдер үшін рухани ошаққа, баға жетпес қазынаға айналатыны сөзсіз.

Энн Либермaн "Оқыту қоғaмдacтығындa жүріп жaтaтын aқпaрaт aлмacу үдеріcі мұғaлімдердің тәжірибеcі мен жұмыcының мaзмұнын aрттырып, оғaн тaртылғaн aдaмдaрды өзaрa тығыз бaйлaныcтырып, олaрдың cырт көзге көрінбейтін күнделікті жұмыcынa түр береді” дегендей, адaмдaр тобы бірлеcу қaжеттілігін cезінген жaғдaйдa қоғaмдacтықтaр дaмиды.

Мұғалімнің кәсіби дамуын қамтамасыз ету моделінің бірі — мектепте және мектептер арасында желілік қоғамдастық құру. Желілік қоғамдастық әр түрде құрылуы мүмкін. Ең бастысы- оның қызметі ашық сипатта, ерікті түрде ұйымдастырылады деп ойлаймын. Озық іс-тәжірибе алмасу үшін мүмкіндігі мол, кең сипаттағы құрылым. Желілік қоғамдастықтың тақырыбы мектептегі белгілі кәсіби проблемалардың негізінде анықталады. Ол педагогикалық проблемалар аясында құрылады.

Білім беру желілері арқылы мектептер арасында ынтымақтастық орнату ұлттық және халықаралық деңгейде қолдау тауып отырғаны белгілі. Табысты желіні дамыту жігерлі әрі табанды жұмысты талап етеді. Құрылу кезінде құрылым құру, қарым-қатынастар орнату, жалпы мақсаттарды айқындап, құндылықтарды біріктіру сияқты бірқатар әрекеттерді орындау қажет болады. Фуллан(2004) атап өткендей, желілер «барлық аурулардың жалғыз емі» емес, әрине және білім беру жүйесіндегі барлық проблемаларды шеше алмайды. Алайда ол барлық балалардың жетістігін құрайтын жоғарғы стандарттарға және теңдікке қол жеткізу әдістерінің бірі болып табылады. Кең көлемді, әрі мерейлі міндеттерді өз дәрежесінде атқару жолында Бірінші деңгей мұғалімдерінің алдында ұстаздар арасындағы ынтымақтастықты дамытып, мектепішілік және мектеп аралық желілік қауымдастық құру әрі оның жұмысын жүйелі жүргізу мәселесі тұрғаны анық.

Мұғалімнің желілік қоғамдастықтағы қызметін ұсынылған бөлімдер бойынша бағалауға да болады. Олар: тіркелгені, ресурстық қорға үлесі, ресурстардың мүмкіндіктерін пайдалану, қарым-қатынас мәдениеті деңгейі және тақырыпқа сай жұмыстану белсенділігі. Мұғалім бірінші кезекте өзін-өзі бағалайды, ол өз кезегінде мұғалімнің кәсіби өсу деңгейіне жүйелі түрде мониторинг жүргізіп отыруға мүмкіндіктер береді.

Мұғaлімдер үшін білімді пaйдaлaнумен қaтaр, өздеріне cол білімді құру мүмкіндігін, тaлқылaу бaрыcындa жиі ортaқ шешімге келтірмейтін мәcелелерді тaлқылaу мүмкіндігін, мектептен және aудaннaн тыc жерде жұмыc іcтеу мүмкіндігін бере aлaтын - бұл қоғaмдacтық. Жұмыс барысында менің байқағаным - қоғaмдacтықтa үлгілі шешімдерді шығaрылып қaнa қоймaй, керіcінше мұғaлімнің жұмыcын ынтaлaндырaтын идеялaр туындaйды. Қоғaмдacтық негізінде іcке cерпін беретін және қолдaу тaпқaн ортacындa тәуекелді шешім қaбылдaуғa ынтaлaндырaтын өзгерістер мен толықтырулар жacaлып жүзеге acуы мүмкін. Қоғaмдacтық - мұғaлімдердің білімін, cонымен бірге зерттеулер мен өзгеріcтер кезінде aлынғaн білімді құрметтейтін қоғaмды қaмтaмacыз етеді.

2013-2015 аралығындағы оқу жылдарында І деңгей бағдарламасы бойынша 3 мұғалімнің сертификат алып, жұмысқа кірісуі мектепішілік желілік қоғамдастықтың керектігін көрсетті. Мектепішілік «Болашақ» қоғамдастығы осылайша құрылды.
Қоғамдастық мақсаты:

<!-- [if !supportLists]-->1. <!--[endif]-->Желілік қауымдастықты құру арқылы ой бөлісу, тәжірие алмасу, білім мен біліктілікті дамыту;

<!-- [if !supportLists]-->2. <!--[endif]-->Ортақ шешімге келу, ортақ жұмысты жоспарлау;

<!-- [if !supportLists]-->3. <!--[endif]-->Кәсіби тақырыптарға қатысты формальды және формальді емес қарым-қатынастарды ұйымдастыру;

<!-- [if !supportLists]-->4. <!--[endif]-->Мәселені бірлесе отырып талқылау, талдау, ақпарат бөлісу;

<!-- [if !supportLists]-->5. <!--[endif]-->Үздік педагогикалық тәжірибелерді тарату.

Міндеті:
Сенімді қарым-қатынас құру, қауымдастықтың ережесін жасау, қоғамдастықтың шеңберін кеңейтіп отыру, үздіксіз жұмыс жасауын қадағалау.
Қоғамдастықтың ұйымдастырушылық құрылымы бізге мыналарды анықтауға көмектесті:
• Қоғамдастықтағы ақпарат ағынын;
• Қызметтің аясы мен көлемін;
• Басты рөлдер, үдерістер мен мақсаттарын;
• Уақыт өте келе өсуді.
Желі құрудағы негізгі қадамдар:

1.Өз қоғамдастығымызды басқаратын барлық негізгі топтарды: үйлестіру топтары, басқарушы топтар, дамытушы топтары және жергілікті білім беру ұйымдарымен байланысты көрсететін негізгі топтар анықталды.

2.Топтардың қызметіне көмектесу мақсатында олардың арасында жұмыс істейтін адамдар анықталды.

3. Топтар арасындағы қарым-қатынас арнасын көрсететін байланыстар анықталды.

Мектептегі деңгейлік курстан өткен мұғалімдер туралы база жасақталып, сапалық көрсеткіштері тоқсан сайын алынуда, портфолиолар арналып, зерттеу тақырыптары бойынша жүргізілген жұмыстары жинақталып жатыр. Аптасына екі рет мұғалімдер жиналып, мектептің даму жоспары мен желілік қоғамдастық мәселелері бойынша бас қосып отыр.

Мектепте жүргізіліп жатқан нәтижелі жұмыстарды насихаттау мен өзара тәжірибе алмасу мақсатында аудан көлемінде бірнеше мектептер арасында желілік қоғамдастық құрылды, ресурс мектеп ретінде №4 және №5 орта мектептер таңдалды. №4 орта мектепке аудан орталығындағы Қызылтөбе лицейі, №2, №6, №7,№10 орта мектептер тартылды. Барлық мектептің ұстанған бағыты, алға қойған мақсаты, педагог ретінде мүддесі бір ұстаздары бұл ұсынысқа қуана келісті. «Мұнайлы Жарқын белес» деп аталған қоғамдастық құрылды. Дегенмен желі жетістікке жетуі үшін оның шын мәнінде қажет екендігінің анық әрі нақты себебі қажет. Желі қандай да бір заттарды қалай істесе, жақсы болатындығының жолдарын ұсынып, сынақтан өткізілген және тексерілген оқыту үдерістерінің құндылықтарын ұлғайтуға тиіс.

Біз басшылыққа алатын табысты желілер туралы мәліметтер болмады. Бірақ мұғалімдерге арналған нұсқаулықта да тиімді білім беру желілерінің шаблоны болмағанын білеміз. Себебі олардың құрылымы өздері кіретін мектептердің саясатына және оқушыларының қажеттіліктеріне сәйкес келуге тиіс. Сондықтан «Мұнайлы Жарқын белестің» мақсаты желілік қоғамдастықтың өміршеңдігін сақтау, сол арқылы мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру, тәжірибе алмасу, білім мен біліктілікті дамыту, оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтетін оқытудың жаңа тәсілдерін бірлесе талдау, қолданысқа енгізу деп алдық. Күтілетін нәтижеге: бірлескен зерттеу топтары қалыптасады, мұғалімдердің құзыреттілігі артады, бірлескен іс-шаралар жүзеге асады, басқа мектептермен жағымды іскерлік қарым-қатынас орнайды, мұғалімдер жаңа идеялармен алмасады, кәсіби біліктіліктерін үздіксіз жетілдіріп отырады деп көрсеттік.

Оқу жылы барысында желілік байланыстың түрлі формаларын: дөңгелек үстел, семинар, конференция, отырыстарды пайдалана отырып, «Желілік қоғамдастық - кәсіби дамудың көзі», «Оқыту әдісін жетілдіру - мұғалім шығармашылығының нәтижесі», «Диалогтік оқыту. Сыни тұрғыдан ойлауға негіздеу», «Талантты және дарынды балаларды анықтау тәсілдері», тағы басқа қажеттілікке сәйкес тақырыптар төңірегінде жұмыстар жүргізілді. Бұдан тиімді білім беру желілері жаңа білім мен түсініктемелерді өздерінің оқу орындарынан тыс жерлерден іздестіретінін, одан кейін осы білімді тәжірибе алмасу және тәжірибені жақсарту үшін пайдаланатынын түсінеміз. Желі арқылы байланыстың басты қағидаты- «зерттеу негізіндегі тәжірибе», яғни деректер мен дәлелдемелерге негізделген оқу екенін ескерсек, мұғалімдер «бірлескен зерттеу» арқылы білім алуға тиіс, бұл оларға қазіргі заманғы теориялар мен зерттеулер туралы біліп, ақпарат жинауға көмектеседі, сөйтіп бізге жинақталған ақпаратқа талдау жүргізу арқылы болашақта тәжірибенің қай бағытын дамыту қажет екендігін анықтауға көмектесетініне сенімдімін.

Қорыта келгенде, желілік қоғамдастық мұғалімге не береді? Педагогикалық қоғамдастықтар жұмысына қатыса отырып, мұғалімдер мынадай мүмкіндікке ие болды: қазіргі адамға қажетті білім, іскерлік және сапаларға үйреніп, меңгереді; қызықтырған тақырыбы бойынша ең өзекті ақпаратты ала алады; бір-бірінен кәсіби кеңес пен көмек алады; әдістемелік қоржынына қол жеткізе алады.

Қандай да мұғалім кәсіби әрекетінің қандай кезеңінде болмасын өз білімін оқып тауыстым, кәсіби тұжырымдамасын қалыптастырдым деп айта алмайды. Желілік қоғамдастық жұмысына қатысу — бұл тек уақыт талабы ғана емес, оқу үдерісіне жаңа стандартты енгізетін кез-келген пән мұғалімінің өнімді еңбек етуі үшін қажеттілік болып табылады.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности