link11640 link11641 link11642 link11643 link11644 link11645 link11646 link11647 link11648 link11649 link11650 link11651 link11652 link11653 link11654 link11655 link11656 link11657 link11658 link11659 link11660 link11661 link11662 link11663 link11664 link11665 link11666 link11667 link11668 link11669 link11670 link11671 link11672 link11673 link11674 link11675 link11676 link11677 link11678 link11679 link11680 link11681 link11682 link11683 link11684 link11685 link11686 link11687 link11688 link11689 link11690 link11691 link11692 link11693 link11694 link11695 link11696 link11697 link11698 link11699 link11700 link11701 link11702 link11703 link11704 link11705 link11706 link11707 link11708 link11709 link11710 link11711 link11712 link11713 link11714 link11715 link11716 link11717 link11718 link11719 link11720 link11721 link11722 link11723 link11724 link11725 link11726 link11727 link11728 link11729 link11730 link11731 link11732 link11733 link11734 link11735 link11736 link11737 link11738 link11739 link11740 link11741 link11742 link11743 link11744 link11745 link11746 link11747 link11748 link11749 link11750 link11751 link11752 link11753 link11754 link11755 link11756 link11757 link11758 link11759
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Дауысты және дауыссыз дыбыстарды қайталау

Қазақстан,Павлодар облысы,Екібастұз қаласы
«Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің № 26 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Ибраева А.А.

2

Сабақтың мақсаты

Білімділік:

алған теориялық білімдерін түрлі тапсырмалар арқылы қайталау, қаншалықты меңгергендігін анықтау, фонетикалық талдау дағдыларын қалыптастыру

Дамытушылық:

талдау жұмыстары арқылы дауысты, дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата алуына, тыңдай білуге, тілін дамытуға мүмкіндік туғызу;

Тәрбиелік:

оқушыларды ұқыптылыққа, зеректілікке, атқаратын жұмысына жауапкершілікпен қарауға, сауаттылыққа тәрбиелеу;

3

Сабақтың түрі:

қайталау

4

Сабақтың әдісі:

салыстыру, сұрақ-жауап, тест

5

Сабақтың көрнекілігі:

интербелсенді тақта, флипчарт, тестер

6

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

оқушылармен амандасу, түгендеу, сабаққа даярлығын тексеру

1 мин

Қызығушылығын ояту

Табиғат көрінісі. (Инербелсенді тақта арқылы флипчарттан құстардың және табиғат құбылысының дыбыстарын тыңдату) -Оқушылар, біз нені естідік? –Дыбыстарды. –Ненің дыбыстарын? –Құстың, судың т.б. — Бұлар қайда кездесетін дыбыстар? –Табиғатта. –Ендеше бұл табиғатта кездесетін дыбыстар болса, біздің тілімізде де дыбыстар бар екен. Олар қандай дыбыстар? — Тіл дыбыстары. Дауысты және дауыссыз дыбыстар. –Онда бүгінгі сабағымызды дауысты және дауыссыз дыбыстарды қайталауға арнаймыз.

2 мин

3

II Мәтінмен жұмыс

Ғажайып табиғат көрінісіне арналған мәтінмен танысайық. (Бір оқушыға мәтінді мәнерлеп оқытамын)

Күміс көлдер, көгілдір өзендер үстінде жыпырлай жүзген аққу, қаз, үйрек. Олардың у-шуынан, қоңырлата сыңси салған әндерінен құлақ тұнады. Сай-салада сылқ-сылқ күліп былдырлай аққан қар суы, мұз бұлақтар. Дүние анасынан жаңа туғандай жасарған. Осы бір керемет сәнге бөленген әлем өзінің ғажайып ән-күйімен сенің қиялыңды қуанышымен әлдилейді. Өзіңді-өзің бұл жалғанда ең бақытты жан сезінесің!

Тапсырма:

Бірінші сөйлемнен еріндік дауысты дыбыстар қатысқан сөздерді, екінші сөйлемнен ұяң дауыссыз дыбыстар қатысқан сөздерді теріп жаз.

4 мин

ІІІ Сөздік диктант

Қазір балалар сөздік диктантын жазамыз. Сөздерді баған бойынша жазамыз (тақта бойынша тексерем), екінші бағанға естілуі бойынша жазамыз.

Сөздердің дұрыс жазылуы мен айтылуын салыстыр:

Шаш-шәш, шай-шәй, күрек-күрөк, жүрек-жүрөк, өнер-өнөр, сый-сый, ки-кій, тоқу-тоқыу, ою-ойу

5 мин

ІҮ Семантикалық карта (Семантикалық карта арқылы фонетикалық талдау жасаймыз)

Сөз

дауысты

жуан

жіңішке

ашық

қысаң

еріндік

езулік

дауыссыз

қатаң

ұяң

үнді

б

+

+

ұ

+

+

+

+

л

+

+

а

+

+

+

+

қ

+

+

3 мин

Ү Венн диаграмма

Енді дауысты және дауыссыз дыбыстарды Венн диаграммасына түсірейік. (Бір оқушы шығып толтырады)

4 мин

ҮІ Білімді тексеру Тест

Енді тест жұмысын орындаймыз.

1. Дауысты дыбыстардың саны қанша?

а)12 ә)25 б)7 в)9

2. Үнді дауыссыздарды көрсет.

а)р, о, т, д ә)б, в, г, д б)а, о, ы, ұ в)м, р, ң, у

3. Жуан дауысты дыбыстардың қатарын белгілеңдер.

а)а,о,е,у,ы ә)а,о,ү,і,ұ б)а,о,ы,у,ұ в)ә,ө,ү,е,і

4. Үнді дауыссыздан тұратын сөзді табыңыз.

а)қалам ә)үй б)адасты в)жұлдыз

5.Еріндік дауысты дыбыстарды тап.

а)е, о, т, а ә)о, ү, ұ, ө б)е, а, и, у в)ы, а, о, и

6.«Қ»әрпі жазылатын сөзді табыңыз.

а)ө…іл ә)іс…ер б)ше…ара в)уа…ыт

7. “Б” дыбысының қандай екенін анықтаңыз.

а)ұяң дауыссыз дыбыс ә)қатаң дауыссыз дыбыс б)ашық дауысты дыбыс в)қысаң дауысты дыбыс

8. Бірыңғай ұяң дауыссыз қатысқан сөзді көрсетіңіз.

а)ешбір ә)қап-қалың б)дағды в)сыңғырлату

9. Қысаң дауыстылары бар сөзді көрсетіңіз.

а)әділет ә)жауырын б)ғылыми в)төсек

10. Ұяң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.

а)г, ғ, й, з ә)д, з, ж, л б)б, д, з, ж в)ж, б, в, м

7 мин

ҮІІ Метаграмма құрастыру

Тарақта бар,

Шашта жоқ.

Тамақта бар,

Аста жоқ. (Қ)

7 мин

Үй тапсырмасы

«Дыбыстар патшалығында» тақырыбында ертегі құрастыру. (Өздерің әдебиет пәнінен ертегілермен таныссыңдар, ендеше үйге берілген тапсырмада ертегінің бойындағы белгілер болуы тиіс: қиял, арман т.б.)

1 мин

Бағалау

әр оқушының білім деңгейі бойынша

1 мин

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности