Казахстан, Мангистауская область, г. Актау
ГУ "Общеобразовательная средняя школа №5 с гимназическими классами"
Заместитель директора по учебной работе
Изжанова Нұржамал Кубеновна
Сілтеме: |
МАН,бейнефильм,интернет ресурстары. |
|||||||||||||||||||||||||||||
Мақсаты: |
Бағалаудың түрлі нысандары туралы түсінік беру және мұғалімдердің оқыту мен оқу сапасын бағалау арқылы жақсарта алатындығына көз жеткізу. |
|||||||||||||||||||||||||||||
Күтілетін нәтиже: |
1.Формативтивті және суммативті бағалаумен әріптестер танысады. 2.Мұғалімдерге бағалаудың жаңа жүйелерін үйрету арқылы дәстүрлі бағалаудан оқыту үшін бағалаудың артықшылықтарын көреді. |
|||||||||||||||||||||||||||||
Негізгі ойлар: |
Формативті және суммативті бағалау,табыс критерийлері және дескрипторлар. |
|||||||||||||||||||||||||||||
Сергіту-тренинг: |
Қатысушыларға шеңбер құрғыза тұрғызып, әр қайсысына өзінің сол жағында тұрған әріптесіне гүл сыйлап , бір жақсы тілегін айтады Мен саған .... тілеймін! |
|||||||||||||||||||||||||||||
Топтастыру: |
Қима суреттерді құрастыру арқылы қатысушыларды топтастыру.Әр топтың бес мүшесі болады. |
|||||||||||||||||||||||||||||
Тапсырмалар түрлері: |
Уақыты |
|||||||||||||||||||||||||||||
Тапсырма № 1 |
Астанадағы «Хан шатыр» ғимаратын құрастыру. Керекті заттар: Картон,Желім,Қайшы,Скотч,Түсті қағаз. Топтарға осы заттарды қолданып ғимаратты жасау тапсырмасы беріледі. |
15 минут |
||||||||||||||||||||||||||||
Тапсырманы бағалау |
Дәстүрлі бағалау тәсілін қолдана отырып,әр топ бірі-бірі бағалайды. 4 ұпай «Өте жақсы», 3 ұпай «жақсы», 2 ұпай «қанағаттандырарлы» |
2 минут |
||||||||||||||||||||||||||||
Теориялық бөлім
|
Презентациямен бағалаудың екі аспектісімен таныстыру және ОүБ мен ОБ үғымдарының айырмашылықтары туралы түсініктер беру. Сонымен қатар, бағалау өлшемдері критерийлер және дескрипторлармен таныстырып өту. Бұдан кейін топтар жұмысын бағалау қайта бағалау жүргізу үшін топтарға бағалау өлшемдері таратпасы беріледі.
|
5 минут |
||||||||||||||||||||||||||||
Сергіту сәті: |
«Қызыл өрік» |
3 мин |
||||||||||||||||||||||||||||
Тапсырма № 2 |
«Ұршық иіру». Топтардан бір қатысушыдан шығып жүннен ұршықпен жіп иіреді,қалған топ мүшелері осы жұмысты бағалау өлшемдеріне арналған постер дайындайды. |
10 минут |
||||||||||||||||||||||||||||
Тапсырманы бағалау |
Осы бағалау өлшемдерін қолдану арқылы қатысушылар бірін-бірі бағалайды. |
|||||||||||||||||||||||||||||
Тапсырма № 3 |
Бейнекөріністі тамашалау. 3 оқушының бір орыннан қашықтыққа секіруі бейнекөрінісін топтар тамашалап,осы оқушыларды бағалау критерийлері мен дескрипторлары постерін дайындайды. |
10 минут |
||||||||||||||||||||||||||||
Тапсырманы бағалау |
Постер қорғау арқылы өздерінің бағалау өлшемдерін құруды меңгергендіктерін көрсетеді. |
|||||||||||||||||||||||||||||
Қорытынды рефлексия |
Коучинг қатысушыларымен «Екі жұлдыз,бір тілек» арқылы кері байланыс орнату. |
|||||||||||||||||||||||||||||
Кейінгі тапсырмалар |
Бүгінгі коучингтен алған біліміңізді пайдаланып өз пәніңізде бағалау өлшемін құрастырып,қолданып көруді ұсынамыз. |
|||||||||||||||||||||||||||||
Қосымша оқу |
МАН-тан «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» тақырыбы материалдары (104-109 беттер) |