link4172 link4173 link4174 link4175 link4176 link4177 link4178 link4179 link4180 link4181 link4182 link4183 link4184 link4185 link4186 link4187 link4188 link4189 link4190 link4191 link4192 link4193 link4194 link4195 link4196 link4197 link4198 link4199 link4200 link4201 link4202 link4203 link4204 link4205 link4206 link4207 link4208 link4209 link4210 link4211 link4212 link4213 link4214 link4215 link4216 link4217 link4218 link4219 link4220 link4221 link4222 link4223 link4224 link4225 link4226 link4227 link4228 link4229 link4230 link4231 link4232 link4233 link4234 link4235 link4236 link4237 link4238 link4239 link4240 link4241 link4242 link4243 link4244 link4245 link4246 link4247 link4248 link4249 link4250 link4251 link4252 link4253 link4254 link4255 link4256 link4257 link4258 link4259 link4260 link4261 link4262 link4263 link4264 link4265 link4266 link4267 link4268 link4269 link4270 link4271 link4272 link4273 link4274 link4275 link4276 link4277 link4278 link4279 link4280 link4281 link4282 link4283 link4284 link4285 link4286 link4287 link4288 link4289 link4290 link4291 link4292 link4293 link4294 link4295 link4296 link4297 link4298 link4299 link4300 link4301 link4302 link4303 link4304 link4305 link4306 link4307 link4308 link4309 link4310 link4311 link4312 link4313 link4314 link4315 link4316 link4317 link4318 link4319 link4320
Ищанова Жанна Каирхановна
Должность:Воспитатель
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Костанайский область, город Рудный
Тәрбие отбасынан басталады

Тәрбие отбасынан басталады
Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі…"(Әл — Фараби) - дегендей балаға әуелі білімнен бұрын, тәрбие берілуі тиіс.
Балаға анықтама беретін болсақ
Бала - жасы кәмелетке толмаған, жан - жақты тәрбиені қажет ететін, болашағынан көп үміт күттіретін жеке тұлға олай болса, балаға тәрбие берушілер
Бала:
Жанұя, ата - ана
Ортасы, жолдастар
Мектеп мұғалім
Осының ішінде бүгін ата - ана, жанұя тәрбиесіне тоқталып өтсек.
«Адамның бір қызығы бала деген» Абай айтқандай, бала адамның да өмірдің де қызығы. Ата - ана - тәрбие өнегесі, сондықтан, мынадай қазақ мақал мәтелдері ертеден жатталып, айтылып келеді.
«Ата көрген - оқ жонар,
Ана көрген - тон пішер,
Баланың ұяты - әкеге,
Қыздың ұяты - шешеге»
Баласының келешегін ойлаған ата - ана өз мекенін ауыстыруға дейін барып жатады.
«Ұлың жақсы болсын десең, ұлы жақсымен көрші бол, қызың жақсы болсын десең, қызы жақсымен көрші бол» деген өнегелі сөз де содан шықса керек.
Бала тәрбиесі туралы сөз ете қалғанда «Алты айлық баласын тәрбиешіге әкелген ата - анаға, сіз балаңыздың 1, 5 жыл тәрбиесін өткізіп алдыңыз, баланы іштен тәрбиелеу керек» деген еврей халқының мысалын келтіріп жатамыз.
Бала тәрбиесі - қиын да күрделі процесс. Біз баламыздың тәрбиелі де өнегелі болып өсіп, өз қатарының алды болғанын қалаймыз. Бірақ баламызды осы мақсаттарға сай тәрбиелеу үшін үлкен еңбек, күш - жігер қажет екенін бәріміз білсек те, мойнымыз жар беріп, бала тәрбиесімен айналыса бермейміз. Кейін баламыз есейген сәтте, «сен маған тартпағансың, мынаны олай істемедің, ананы бұлай істемедің, ештеңеге қырсызсың» деп кінәлап жатамыз.Еліміздің көркейіп, өркениетті елдің қатарына қосылып, халықаралық деңгейге шығуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.Шығыс ғұламасының бірі болып саналатын Жүсіп Баласағұнның дастандарында отбасы тәрбиесі көп айтылады.
Мемлекеттің беріктігі тек ел билеуші қайраткерлерге әділ заңға, күшті әскерге ғана емес, әр отбасының беріктігіне байланысты екендігін сипаттайды.
Оның ойынша: отбасы беріктігі жаңа жар таңдаудан басталады және өнегелі отбасында ғана өнегелі ұрпақ тәрбиеленеді.
Елбасы Н. Назарбаев «Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады» баяндамасында отбасының беріктігі, жұбайлардың бір - біріне, ең бастысы, балаларының алдындағы жауапкершілігі де көп нәрсеге байланысты. Ата - аналар балаларына, ал балалары ата - аналарына қамқор болуға тиісті деп атап өткен.
ҚР - ның Конститутциясы да «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата - ананың құқығы әрі парызы деп көрсетілген».
Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта.
Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі.
Отбасы- оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы. Ол бала тәрбиесі жөнінде мектеппен тығыз байланысты болуды өте жақсы түсінеді. Өйткені бала тәрбиесінің отбасында, мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді.
Отбасы тәрбиесі-бұл қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, мемлекет алдындағы ата- аналардың борышы. Оған дәлел: балалар мекемелері жөнінде халықтың қажеттілігін толық қанағаттандыру, балалардың еңбек, спорт лагерлерінің, жас натуралистер станцияларының, ғылыми- техникалық және көркемдік шығармашылық үйірмелерінің жүйесін кеңейту; ананы, балалық шақты қорғауға ерекше көңіл бөлу; отбасы мүшелерінің демалуы үшін санаторийлердің, демалыс үйлерінің жүйесін кеңейту; аналар жағдайын еске алып, әйелдердің халық шаруашылығына қатысуын үйлестіру.
Отбасында басты мәселелердің бірі- баланың тіршілік әрекетін ұйымдастыру. Бұған баланың күн ырғағы, міндеттері, қойылатын талаптар, оның үй еңбегіне қатысуы, оқу- әрекеті бос уақытын ұйымдастыру жатады.
Отбасы, барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі — ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.Балалардың отбасынбағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады. Ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардың қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара үйелмендік, тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешкандай да түрі алмастыра алмайды.
Отбасы — болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы адым. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.
Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады.
Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы:ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан бала тәрбиесі көбінесе білімі төмен ата мен әжелерге жүктеледі.
Қоғамда жүріп жатқан тұрғындардың материалдық жағдайға байланысты жіктелуі отбасы тәрбиесіне материалдық жағдайы әртүрлі ата-аналардың қарым- қатынасына әсер етеді.Отбасында балаларға отбасылық бюджеттің 25-50%жұмсалады. Материалдық кірісі мол отбасыларда педагогикалық көзсоқырлық, тойынғандық жағдайға алып барады. Тойынғандық дегеніміз- өмірге,өмірдегі мкатериалдық және рухани құндылықтарға деген жеккөрінішті, келекетті қатынас.
Жастайынан осындай ортада өскен балалардың арасына торығушылар, қаңғыбастар ,”қызықты”әсерді іздеушілер өсіп шығады.
Қазіргі кезде отбасының “уақталу”процесі жүруде. Ол дегеніміз- жас ата-аналардан тұратын әжесіз, атасыз отбасылар. Бұл отбасының беріктігін нығайтып, дербес ұжымды қатынастырады. Қиындықтар достық пен ынтымақтастықты нығайтып, қуаныш пен қайғыны бөлісуге тәрбиелейді. Дегениен, жас отбасында алғашқы кезде тұрмыстың түзелмеуі,бала тәрбиесі сияқты қиындықтар кездескенімен, олард ышешу қоғамның құзырында.
Отбасы мүшелерінің келуі, туылған бала санының азаюы да отбасы дамуының ерекшелігін құрайды. Қалалық отбасында бір-екі бала ғана тәрбиеленеді. Бала туудың азаюының себептері сан алуан және өте күрделі; олар ата-аналардың жұмысбастылығын; мектепке дейінгі мекемелермен қамтамасыз етілмеуі;бала тәрбиесіне шығынның көп жұмсалуы; әйел ананың шамадан тыс жұмысбастылығы; отбасының қолайсыз тұрғын үйі; тұрмыстық жағдайы; ата-аналардың “өзі үшін өмір сүруге”ұмтылған тоғышарлық ұмтылысы және т.б.Бала туудың азаюы- шағын отбасындағы тәрбие әдістерін жасау деген және педагогикалық проблеманы алуға тосады.
Қазіргі отбасы ажырасу санының едәуір артуымен сипатталады. Ажырасудың 90% тұрмыс қолайсыздығы мен дайындықсыздың салдары. Дегенмен барлық ажырасуларға жағымсыз баға беруге болмайды, өйткені кей жағдайда ажырасу баланың психикасына теріс әсер ететін ұрыс- жанжал, отбасылық кикілжіңді алдын алады.
Бір балалы отбасы көпшілікпен араласу, ұжымдық қызмет тәжірибесін игеру жағынан баланы қиын жағдайға қалдырады.Бұндай отбасыларда аға,әпке сияқты тәлімгер іні, қарындас сияқты қамқорлығына алатын бауырдың болмауы ұжымдық туыстық қатынастар аясын мүлдем тарылта түседі. Осындай жағдайда баланың қызығушылығы мен қажеттілігін қамтамасыз етуде ата-аналардың педагогикалық нормаларды сақтамауынан бастауыш сынып кезінен оның бойында тоғышарлық, ұжымды жатырқаушылық қасиеттердің қалыптасқандығын аңғарамыз.
Нарық қатынастарының дамуы нәтижесінде отбасында айтарлықтай адамгершілік тұрғыдан ересектердің де, балалардың да жаңа құндылық бағыттарын қалыптастырып, отбасы өміріне елеулі өзгерістер әкелді. Ата-ана мен мұғалімдердің міндеті — қоғамдық қатынастардың жаңа жүйесі ұсынып отырған әлеуметтік мүмкіншілікті дұрыс пайдалану. Мектеп пен отбасы балаларды тауар мен ақша қатынастарының мәдениетіне үйрету жұмыстарын ойластыру қажет, сондай-ақ алып-сату пайда табу немесе пайдақорлық емес, ол жалпы игілік үшін және өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін құқықтық екі жақты қызмет көрсету екенін түсіндіру. Ата-ананың маңызды міндеті балаларымен біріккен коммерциялық қызмет-әрекетке қатысып, оны бақылау, оларды баланың адалдығын, адамгершілігін, ұқыптылығын дамытатын қызмет көрсетудің әртүрін орындауға үйрету. Нарық отбасы мүшелерінің алатын орнына жанама әсер етеді, олардың өміріне жаңа әлеуметтік бағдарлар еенгізеді. Қоғамдық және мемлекеттік тәрбие беделінің төмендеуі отбасы өмірінің тәрбиесіне «өзінше» қиындық әкеледі.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности