Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
1837 — 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептерімен тарихи маңызы

Қазақстан,Қызылорда қаласы

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық-техникалық колледжі

Қоғамдық пәндер циклының оқытушысы

Абдикаликова Гулнар Истыкатовна

Сабақ мақсаты: .
- Көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептері мен маңызын ашып көрсету.
- Өздігінен жұмыс істеу және салыстырмалы талдау дағдыларын дамыту.
- XVIII - XIX ғғ. ұлт - азаттық қозғалыстарды оқытуда, қосымша әдебиет - терді ,тарихи шығармаларды пайдалана отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: топтық сайыс
Сабақтың әдісі: ізденіс, пікірталас, сұрақ - жауап, әңгімелесу, мәтінмен жұмыс, топтармен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі:
1. Кенесарының суреті.
2. 1836 - 1837 жж. К. Қасымұлы бастаған көтеріліс карта.
3.интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Күй «Махамбет

Кіріспе:
Оқушылар, сіздер Махамбет Өтемісұлының «Махамбет» күйін тыңдадыңыздар. Тәуелсіздік жолында күрескен батырлар Кенесары, Махамбет, Исатай батырлардың ерліктері ешқашан ұмытылмайды, жаужүрек батыр, жерім, жұртым деп, зар еңіреп, боздап өткен боздақ - К. Қасымұлы.

К. Қасымұлы жайлы оның өмірін, батырлығын біз болашақ ұрпаққа дарытуымыз керек.
Оқушылар тақырыпқа шолу жасайды/топқа бөлінеді: Ақмола, Сырым,Жанқожа ,Кенесары

1-Тапсырма

4 топқа бөлініп берілген тапсырмаларға жауап береді.
1. Ақмола: тақырыптың мән - жайын түсіндіреді.
2. Сырым: Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің бүкіл Қазақстанды қамтығандығы туралы мағлұмат береді.

3. Жанқожа: Патша үкіметінің жазалау әрекеттері туралы айтып өтеді.

4. Кенесары.Көтерілістің шешуші кезеңі және жеңілуі туралы айтып өтеді.

2-тапсырма. Үй тапсырмасын бекіту үшін тест сұрақтары беріледі.


1 1845жылы Кенесары Сарыарқадан қайда бет алды

А.ұлы жұзге

В кіші жұзге

С орта жүзге

Д орта Азияға

Е Қытайға

2»1847жылы қай жердегі щайқаста кенесары 44сұлтанмен қаза тапты

А Аңырақай

В Ордабасы

С .Ақбұлақ

Д жасқұс

Е майтөбе

3.Кенесары хандық билікті нешінші жылы қолға алды

А 1841

В1846

С 1850

Д 1851

Е 1856

4.Кенесары әскерінің саны

А 10мың

В 20мың

С 30мың

Д 40мың

Е 50мың

5 Кенесары көтерілісі қай аймақты қамтыды

А Солтүстік Қазақстанды

В Бүкіл Қазақстанды

С орталық пен Оңтүстік Қазақстанды

Д Шығыс Қазақстанды

Е Орталық Қазақстанды

6 Кенесары саяси көзқарасына кім әсер етті

А Әкесі Қасым

В Төрелер

С қожалар

Д Орыс патшалығы

Е Әпкесі Бопай

7 Кенесары ауылынан келген елшілер

А Долгов. Жаманшин

В Долгов. Герн

С Герен. Петров

Д Жаманшин. Герн

Е Спатай .Сұраншыұлы


Жауаптары: 1.А, 2 Е, 3А ,4В,5 В,6 А, 7.В

Жаңа сабақ: Көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызы.

Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері мен салдары. Көтерілістің тарихи маңызы

Таныс емес таулы шатқал арасында қазақтар абайсызда қоршауда қалып қойған болатын. Соңғы шайқас қарсаңында өткізілген әскери кеңесте Кенесары ханның серіктері қоршауды бұзып өтіп, ханның аман құтылуы туралы ұсыныс жасады. Бірақ хан ол ұсыныстан біржолата бас тартты. Кенесары хан өз батырларын қоршауда қалдырып, жеке өзі қашып құтылуды ар санады.Сұлтан Рүстем мен Ұлы жүздің ықпалды биі Сыпатай жасақтарының кенеттен шегініп кетуі көтерілісшілердің жағдайын қиындатып жіберді. Тоқмаққа таяу жерде Кенесары 30-дан астам сұлтанымен және аз ғана сарбазымен күші басым қарсыласымен ерлікпен шайқасып, тұтқынға түсті. Көтерілісшілердің шағын тобы қоршауды бұзып шығып қашып құтылды. Қырғыз манаптарының бас қосқан жиынында қолға түскен ханды, сұлтандар мен сарбаздарды өлім жазасына кесу ұйғарылды. Тұтқындағы хан манаптарды күш біріктіріп, Қоқан хандығы мен Ресей империясына қарсы күреске шақырды. Бірақ қырғыздар ханның сөзіне құлақ аспады.Кенесары мен оның інісі Наурызбай Қасымұлы осылай қаза тапты. Ресей зерттеушісі Л.Мейер қазақ жауынгерлерінің ең соңғы күндері туралы былай деп жазды: «Олар қырғыздармен үш тәулік бойы ерлікпен шайқасты, Сібір қырғыздары көмекке келіп жетер деген үмітте болды. Бірақ патша үкіметінің жергілікті өкімет билігінің басшылары олардың келетін жолын бөгеп, тосқауыл қойып үлгерген еді. Үшінші тәулік дегенде көтерілісшілердің бір бөлігі қоршауды бұзып шығып, құтылып кете алды. Ханның көптеген сенімді серіктері түгелдей дерлік өлтірілді. Ханның өзі бірнеше сұлтандарымен бірге тұтқынға алынды және азапты ауыр жазаның салдарынан қаза тапты».Кенесарының және оның жақын серіктерінің көзін жоюға қатысқан қырғыз манаптарының бәрі де патша үкіметінің наградаларымен марапатталды. Халықтың сүйікті ханының қапылыста қалай қаза тапқанын ақын Нысанбай Жаманқұлұлы (1812-1871) «Наурызбай-Қаншайым» дастанында қайғылы сарында баяндайды.Әкесі Кенесарының бастаған ісін оның ұлы Сыздық сұлтан мен оған шын берілген батырлар жалғастырды. Ханның қазасы үшін кек алу мақсатымен қазақтар Қырғызстан аумағына бірнеше рет әскери жорық жасады.Қазақтардың Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісі осылайша жеңіліс тапты. Кенесары ханның жасақтары Ресейдің жақсы қаруланған әрі күшті әзірліктен өткен тұрақты әскеріне қарсы тұра алмады. Оның үстіне, Кенесары бірнеше бағытта — патша үкіметіне, қырғыз манаптарына және Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді. Мұның өзі оның негізгі күштерін едәуір шашыратты. Сұлтандар мен рубасыларының арасында ауызбірлік болмады.Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қазақ халқының патша үкіметіне қарсы жаппай қатысқан бұқаралық соғыстарының бірі болды. Көтерілістің жеңіліске ұшырауы патша үкіметінің қырғыз жерлерін, Жетісудың аумағын және Оңтүстік Қазақстанды басып алуына жол ашты. Сондай-ақ Бұхара, Қоқан және Хиуа хандықтарын қосып алудың алғышарттары жасалды.Кенесары Қасымұлы қазақ халқының есінде талантты әскери қолбасшы, аса көрнекті мемлекет қайраткері ретінде қалды. Хан билігі іс жүзінде жойылған жағдайдың өзінде ол қазақтың үш жүзінің басын біріктіріп, қазақ мемлекеттілігін қайтадан қалпына келтірді.Көптеген зерттеушілер Кенесарының ұлы Абылай заманындағы егеменді мемлекеттілікті қалпына келтіру үшін жасаған әрекеттерін жоғары бағалады. Оған патша үкіметі әкімшілігінің өкілдері де құрметтеп қарады, ресейлік ғалымдар Кенесарыны «бүлікшіл сұлтан», «Қырғыз даласының Митридаты» деп атап, оның іс-әрекеттеріне жағымды баға берді.Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметіболашақ ұрпаққа өшпес өнеге. Қазақтың жүрек жұтқан батыр перзенттерінің бірнеше ұрпағы мен XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілері одан үлгі алып өсті. Кенесары Қасымұлының Астана қаласында тамаша ескерткіші, оның есімімен аталатын үлкен көше бар.Кенесары қазақ халқын бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары көтерілісі табысқа жетпесе де, оның ұлы істері халық есінде мәңгі сақталады.[

Жылдар сөйлейд1

1802 жылы

Кенесары Қасымұлы дүниеге келді

1837 жылы

Кенесары \қасымұлы Ақтау бекінісіне шабуыл жасады

1838 көктем

Көтерілісшілердің патша жазалаушы қолдарымен қақтығыстар жиіледі

1838 мамыр

Кенесары жасағы Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жіберді

1841 тамыз

Кенесары қолы Ташкентке аттанды

1842

В.А Первскийдің Орынбор өлкесіне генарал губернатор болып тағайындалған В.А.Обручев қарулы қолмен көтерілісті жаншуды ойлады

1843 маусым

1 Николай патша войсковой Лебедов бастаған 300 казак отряды көтеріліті басуға жіберілді

1844 шілде

Кенесары әскерінің шабуылы 20-нан 21-не қараған күні жеңіспен аяқталды

1845 сәуір

Кенесарының ауылына Долговтан кейін штаб поручигі Герннің елшілігі келді

1847жылы

Кенесары Қырғыз жеріне басып кірді

Жаңа сабақты бекіту үшін топтарға постер құрастырту.

Ұлт санасын оятқан ұлы тұлға туралы не білеміз?

  1. Ақмола-
  2. Сырым –
  3. Жанғожа –
  4. Кенесары –

Кенесары Қасымұлы туралы ақындардың өлеңдеріне кезек берейік.

Сабақты қорыту

Рефлексия «Екі жұлдыз ,бір тілек»

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности