link9594 link9595 link9596 link9597 link9598 link9599 link9600 link9601 link9602 link9603 link9604 link9605 link9606 link9607 link9608 link9609 link9610 link9611 link9612 link9613 link9614 link9615 link9616 link9617 link9618 link9619 link9620 link9621 link9622 link9623 link9624 link9625 link9626 link9627 link9628 link9629 link9630 link9631 link9632 link9633 link9634 link9635 link9636 link9637 link9638 link9639 link9640 link9641 link9642 link9643 link9644 link9645 link9646 link9647 link9648 link9649 link9650 link9651 link9652 link9653 link9654 link9655 link9656 link9657 link9658 link9659 link9660 link9661 link9662 link9663 link9664 link9665 link9666 link9667 link9668 link9669 link9670 link9671 link9672 link9673 link9674 link9675 link9676 link9677 link9678 link9679 link9680 link9681 link9682 link9683 link9684 link9685 link9686 link9687 link9688 link9689 link9690 link9691 link9692 link9693 link9694 link9695 link9696 link9697 link9698 link9699 link9700 link9701 link9702 link9703 link9704 link9705 link9706 link9707 link9708 link9709 link9710 link9711 link9712 link9713 link9714 link9715 link9716
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының салт-дәстүрлері, тойлары.

Казахстан, г. Астана

Средняя школа №25

Учитель казахского языка

Сулейменова Айтбала Ашимовна

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Қазақ халқының салт-дәстүрлері, тақырыбы бойынша оқушылардің білімдерін пысықтау, сауатты сөйлеуге дағдыландыру, өмірмен байланыстыру.
  2. Дамытушылық: Оқушшылардың танымдық қасиетін дамыту, ауызекі тілде еркін сөйлеуге үйрету, ой-өрініс кеңейту, тілдік қорын байыту.
  3. Тәрбиелік: Оқушыларды қазақ халқының салт-дәстүрі арқылы, адамгершілікке, отбасын құрметтеуге шақыру. Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.
  4. Көрнекілік: Салт-дәстүрлер көрсетілетін суреттер көрмесі, ойыншық бесік, қуыршақ, дөнгелек үстел, ала жіп.
  5. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
  6. Сабақтың әдістері: Баяндау, ойландыру, түсіндіру, көрсету, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Тұрғызу.

ә) Отырғызу.

б) Кезекшімен әңгіме.

Бүгін кім кезекші? Сыныпта кім жоқ? Бүгін нешесі? Аптаның қай күні?

  1. Жаңа сабақ.

Мұғалімнің сөзі: Қазақ халқының салт-дәстүрлері бала тәрбиесіне соның ішінде балаға жан-жақты тіл үйрету мен ақыл ойын өсіруге еңбек пен адамгершілікке, ізгілікке жетелеу болып табылады. Сабақты «Бала тәрбиесі бесіктен», «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген қанатты сөздерден бастаймын. Қазақ халқы қонақжай халық. Үйімізге кім келсе де қарсы алып, ылтипат көрсетеміз. Балалар, сендер осы «қонақжайлылық» деген сөзді қалай түсінесіңдер:

1-оқушы: Қонақжайлылық — қазақ ұлтына тән жақсы қасиеттердің бірі. Ол туралы көптеген аңыздар бар. Қонақты төрге отырғызады. Қыз бала төрге отырса, байлық келеді деп есептеледі. Бұл қыз балаға деген құрметтің белгісі.

Қазақ халқында не көп, той көп. Осы «той» деген сөзді қалай түсінесіңдер ?

2-оқушы: Той - адамдардың басын қосатын қуаныш. Тойға көп адам жиналады. Олар сәнді киім киіп келеді. Тойда тамаша әнгімелер айтылады, көп бата беріледі. Жастар үлкендерден өнеге алады.

Дұрыс айтасың тойға көп адам жиналып, жақсы тілектер айтылады. Қонақтар ән салады, би билейді. Той көңілді өтеді. Тағыда осы «той» туралы кім не біледі ?

3 — оқушы: Тойға өнерпаздарды шақырады. Адамдар олардың өнерін тамашалайды. Той нелері оларға құрмет көрсетеді. Тойға келген адамдарға мерекелік дастарқан жаяды. Тойда «Құтты болсын!» деген тілек айтады. Кім қандай тойда болды?

4 — оқушы: Жазда біздің үйде үлкен той болды. Менің ағам үйленді. Тойға көп адам жиналды. Олар жақсы тілектер айтты, өлең айтып, би биледі. Біз қонақтарды жақсы қарсы алдық. Той жақсы өтті.

Қазақ халқы , салт-дәстүрге бай халық. Жас балаларға арналған той-домалақ да өте көп: Шілдехана — жас нәрестенің туған күніне арналған той. Осы той туралы кім айтып береді?

5 — оқушы: Сәби дүниеге келгенде шілдехана тойы жасалады. Оған көп адам жиналады. Олар: «Балаңыздың бауы берік болсын!» - дейді. Қонақтар домбыра тартып, жарысады. Кейде шілдехана үш күнде созылады.

Дұрыс айтасың, сөйтіп шілдехана дегеніміз өмірге адам келгенін және оған қуанудың бір белгісі: Осы баланы, жаңа туған нәрестені қазақтар бесікке салады. Енді осы «бесікке салу» дәстүрін көрсетейік.

Бесік тойы: «Укладывание в колыбель» . Ортада бесіктің қасында әже отырады. Анасы сәбиді әжеге береді. Әже: «Алас, алас деп аластап, баланы бесікке салады». Әже: «Бала бесікке жатса, ұйқысы жақсы, тыныш болады, шошынбайды. Бесік деген киелі. Осы бесіктен талай адамдар өсіп — өнген» - деп бесік жырын айтады.

Бесік жыры:

Әлди, әлди ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Тербетейін жата ғой,

Тәтті ұйқыға бата ғой.

Баланың анасы әжеге рахмет айтып, сыйлық береді.

Мұғалімнің сөзі: Балалар, біз ананың әлдиін естіп аялы алақанын сезініп өскен ұрпақпыз. Бойымызға сіңірген әдет — ғұрпымызбен еліміздің саналы ұлы мен қызы болайық.

Осы сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырын бар. Оны не дейді? Кім айтып береді:

6 — оқушы: Тұсау кесер. Перерезание пут.

Жас сәби жүре бастайды. Ата — анасы туыстарын, көршілерін шақырады. Бұл — тұсау кесер немесе тұсау кесу тойы. Тойда тұсаукесер жырын айтады:

Қаз — қаз, балам, қаз, балам,

Қадам бассаң, мәз болам.

Күрмеуіңді шешейін,

Тұсауыңды кесейін.

«Тұсау кесу» дәстүрін көрсетеді.

Бала өсіп жеті жасқа толып мектепке баратын болды. Осы кезде ата -анасы қандай той жасайды? Кім айтады?

7 — оқушы: Тілашар. Праздник первоклассника.

Бала жеті жасқа толады. Ата — анасы баланы мектепке береді. Баланың оқуға баруы — үлкен қуаныш. Сондықтан ата — анасы «Тілашар» тойын жасайды. Тойға туыстар, көршілер жиналады. Олар «Құтты болсын!» дейді. Балаға әжелер, аталар бата береді.

Ақылды бол, дана бол,

Адасқанға пана бол.

Жақсыны мақта,

Нашарды жақта,

Момынды сыйла!

Осы тойлардың бәріне жасалатын тағы бір ырым бар.

Оны «шашу» дейді. Осы шашу туралы не білесіңдер?

8 — оқушы: Шашу — қуанышты білдіреді.

Тойда әжелер үлкен табаққа ірімшік, құрт кәмпит, теңге салады. Оларды адамдарға шашады. Осылай жақсылық тілегенін білдіреді. Тойдағы үлкендер мен балалар шашуды теріп алады.

Мұғалімнің сөзі: Балалар қазір қай жыл мезгілі? Көктем. Көктемде қандай мерекелер бар? 8 — наурыз, 22 — наурыз. Наурыз қандай мереке?

9 — оқушы: Наурыз (март) — көктемнің бірінші айы. Бұл ай парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» деген сөз. Наурыз — жыл басы. Қазақ халқы бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» дейді. Наурызды жақсы тілекпен тойлайды. Наурыз көже жасайды. Көжеге жеті түрлі дәм салады: бидай, тары, ет, құрт, тұз, су.

Наурыз туралы тағы не білесіңдер?

10 — оқушы: Наурыз — жыл басы. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз мейрамы — Ұлыстың ұлы күні. 22 Наурызда күн мен түн теңеледі: Халық мерекеге дайындалады. Олар бұлақтарды тазартады, ағаш отырғызады. Әжелер, аналар дәмді тағамдар пісіреді. Дастарқанның басты тағамы — наурызкөже. Мерекеде жастар ән салады, би билейді. Үлкен кісілер бата береді. Наурыз туралы қандай тақпақ білесіңдер?

11 — оқушы: Наурыз.

Көктем басы — Наурыз,

Той — мереке сәніміз.

Көктем келіп,

Мал төлдеп,

Уыз іштік бәріміз.

Ұлы күні ұлыстың,

Күн мен түнді теңеген,

Таттық наурыз көжеден.

12 — оқушы: Наурыз.

Кел, балалар, ойнайық,

Наурыз тойын тойлайық.

Наурыз келді тамаша,

Ән айтайық таласа.

13 — оқушы: Наурыз көже.

Наурыз тойын әдемі,

Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі,

Наурыз көже пісірді.

Ашылды да кебеже,

Дәм әзірлеу басталды.

Әжем наурыз көжеге

Жеті түрлі ас салды.

Бидай, күріш, тары бар,

Бар сүт ет пен шұжығы.

Ашы құрты тағы бар,

Көже елдің ырзығы.

Жаңа сендер айтып кеттіңдер тойдан кейін бата беріледі деп. Батаны кім береді, батада не тілейді? Кім айтады?

14 — оқушы: Бата беру — қазақ халқының ежелгі дәстүрі. Жасы үлкен қадірлі кісілер тойда, қонақта бата береді. Әр тойдың өз батасы болады. Наурыз мерекесіне де бата беріледі. Батада жақсылық, ынтымақ, бірлік, құт-береке тілейді.

14 — оқушы. Бата береді.

Асқа толсын табағың,

Ашық болсын қабағың!

Ұлысың оң болсын,

Ақ мол болсын

Қайда барсаң, жол болсын!

ІІІ. Бекіту. Сөйтіп, балалар, қазақ халқында той көп екен. Қазақтың салт — дәстүрі, әдет — ғұрыптары адамгершілікке, жақсылыққа жетелейді екен. Осы тақырып бойынша мына сұрақтарға түсініп жауап беруге тырысыңдар.

1) Сәби дүниеге келгенде қандай той жасалады? (шілдехана).

2) Мына суретке қараңдар, бұл қандай той? (бесік тойы).

3) Тұсау кесер тойы қашан жасалады? (бала бір жасқа толғанда).

4) Бала алғаш мектепке барғанда қандай той жасалады? (тілашар).

5) Тойға не шашады? (шашу).

6) Наурыз қашан тойланады? (көктемде).

7) Тойларда батаны кім береді? (жасы үлкен ер адамдар).

VIII. Білімдерін бағалау.

Ән: «Наурыз».

IX. Үйге тапсырма:

«Халқымның салт — дәстүрі» тақырыбына шағарма жазып келу.

X. Сабақты қорыту.

Осымен балалар, қазақ халқының салт — дәстүрлері тақырыбын аяқтаймыз. Біздің қазақ халқының салт — дәстүрлері адамгершілікке, үлкенді сыйлайтын, елін, халқын. Отанын сүйетін патриоттарды тәрбиелейді. Еліміз аман, халқымыз тыныш болсын. Салт — дәстүрімізді берік сақтайық. Отанымыздың адал ұлы мен қызы болайық.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности