Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Табиғат тылсымы

Казахстан, Алматинская область, Алакольский район

ГУ «Достыкская средняя школа с дошкольным миницентром»

Учитель самопознания

Баримбекова Кунсулу Нурсултановна

Жалпы мақсаттар

Оқушылардың «табиғат»құндылығы туралы түсінігін дамыту.

Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсініктерін қалыптастыру.

Баланың табиғатқа аялы қарым-қатынасын түсіндіру.

Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Топпен жұмыс істеуге және диалог түрінде қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамытуға, өз ойын ашық айтуға, сенімді болуға үйрету

Сабақтың түрі, типі

Жаңа сабақ,дәстүрлі сабақ.

Әдіс-тәсілдер

Жеке жұмыс, топтық жұмыс, оқулықпен, дәптермен ,суретпен жұмыс.

Дерек көздері

Оқу бағдарламасы. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған оқулық. Өзін-өзі тану.

Авторы: Ж.Б. Қажығалиева., А.С. Сейтақов.

Көрнекіліктер

Тапсырмалар,плакат, стикер, жүрекшелер,суреттер т.б.

Түйінді идеялар

Табиғат пен адамның үйлесімділігі туралы түсінік беру, қалыптастыру, денсаулық күту, іскерліктерін дамыту, табиғатын, халқын сүюге, денсаулығын сақтауға тәрбиелеу.

Бағалау

Мадақтау түрінде жұлдызшалар тарату.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары

Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру

(5-7 мин)

Шаттық шеңбері

Мұғалім оқушылардың табиғатқа сүйіспеншілігін дамыта түсу мақсатында оқулықта берілген А.Хангельдинның табиғат туралы өлең жолдарын қайталай отырып шаттық шеңберін ұйымдастырамын.

Табиғат, сен — тіршілік, тұнып тұрған;

Сен — Күнсің, көтерілген күліп қырдан.

Сен — көлсің,

Сен — ормансың,

Сен — бұлбұлсың,

Адамға сұлулықты шын ұқтырған.

Балалар шаттық шеңберін құрады.

Үй тапсырмасын сұрау

(3-5 мин)

Ой сергіту

Әңгімелесу.

«Жасыл ел» туралы естігендерің бар ма?

«Жасыл ел»тобын құрған адамдар немен айналысады?

Оқушылар топпен бірлесіп, сұраққа жауап береді.

Ойын.

«Төрт құбылыс»

«Су» десе қолдарын созады,

«Ауа» десе қолдарын жоғары көтереді,

«От» десе қолдарын айналдырады,

«Жер» десе қолдарын жерге түсіреді.

Ойынға зейін қою.

Ой толғаныс

Табиғат тылсымы дегенді қалай түсінесіңдер?

Табиғат адамды қандай сезімге бөлейді?

Топ мүшелері жауабын сәйкестендіреді.

Әңгімелесу

(10 мин)

Ой қозғау

Ойланайық, пікірлесейік.

Табиғат сұлулығын қалай сезінуге болады?

Табиғат аясында өздеріңді қалай сезінесіңдер?

Табиғаттың қандай көріністері сендерге ерекше әсер етті? Неліктен?

Табиғаттың қызықты да құпия сырлары туралы не білесіңдер?

Оқулықта берілген сұрақтарға оқушының сұрақ -жауабы

Тыныштық сәті

(2 мин)

Балалардың денесі, ойы тынықтырылады.

Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады.Көздерін жұмуына да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстайды, денелерін бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезінеді.

Тұла бойлары жақсылыққа, махаббатқа толғанын сезінуге ұмтылады. Осылайша екі минуттай отырады.

Оқушылар тыныштық сәтіне

белсене қатысады.

Ой түйін

Дәйексөз

«Табиғаттың өзінде өзгеше бір сүйсінерлік, жанға жайлы бір нәрсе бар»

Ш.Уәлиханов

Оқушылардың әңгімелесуден алған түсініктері дәйексөзді талдау барысында түйінделеді.

Жаңа ақпарат.

Адам өмірі табиғатпен тығыз байланысты.

Адам табиғатты аялап, қамқорлап, туған жерге сүйіспеншілікпен қарауы тиіс.

Адам табиғат сұлулығына, әдемілігіне, әсемдігінен бойына қуат, көңіліне шуақ алып, аса зор іңкәрлік сезімге бөленеді.

Оқушылар жаңа ақпаратпен танысу барсында,сабақтан алған білімдерін тиянақтайды.

Мәтінмен жұмыс.

Бесағаш бұлағы

(Үзінді) Ә. Ысқақбаев.

Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен аялы қарым-қатынасын арттыру.

Қорытынды

(2 мин)

Сахналау.

Табиғат пен адамның бір бірімен байланыстылығын ашу және табиғат құпияларын түсіне біліге қызығушылықтарын ояту мақсатында данышпан қарт пен жас бала арасындағы әңгімені оқушыларға сахналауға ұсынамын.

Сабақтан түйген ойларын бекіту.

Жүректен — жүрекке

Оқушыларға «Табиғат - анамыз» әнін айту ұсынылады.

Оқушылар табиғатқа өз тілектерін білдіреді.

- Саялы ағаштар жайқалып өссін деймін!

- Табиғат — Ана жап-жасыл болып тұрсын деймін!

- Табиғат анамыз таза болсын!

- Табиғат ұзақ жасасын!

- Табиғатты аялай біл, Көлеңкесін саялай біл!

Мұғалім оқушыларды бір-бірінің қолынан ұстатып, шеңбер құрғызып, ән, тілектерін айтқызады.

Үйге тапсырма

(1 мин)

Дәптермен жұмыс.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности