link1764 link1765 link1766 link1767 link1768 link1769 link1770 link1771 link1772 link1773 link1774 link1775 link1776 link1777 link1778 link1779 link1780 link1781 link1782 link1783 link1784 link1785 link1786 link1787 link1788 link1789 link1790 link1791 link1792 link1793 link1794 link1795 link1796 link1797 link1798 link1799 link1800 link1801 link1802 link1803 link1804 link1805 link1806 link1807 link1808 link1809 link1810 link1811 link1812 link1813 link1814 link1815 link1816 link1817 link1818 link1819 link1820 link1821 link1822 link1823 link1824 link1825 link1826 link1827 link1828 link1829 link1830 link1831 link1832 link1833 link1834 link1835 link1836 link1837 link1838 link1839 link1840 link1841 link1842 link1843 link1844 link1845 link1846 link1847 link1848 link1849 link1850 link1851 link1852 link1853 link1854 link1855 link1856 link1857 link1858 link1859 link1860 link1861 link1862 link1863 link1864 link1865 link1866 link1867 link1868 link1869 link1870 link1871 link1872 link1873 link1874 link1875 link1876 link1877 link1878 link1879 link1880 link1881 link1882 link1883 link1884 link1885 link1886 link1887 link1888 link1889
Юсупова Айнур Мадениетовна
Должность:учитель казахского языка в русских классах
Группа:Посетители
Страна:Республика Казахстан
Регион:город Атырау
сабақ жоспары "Күрделі сөздер. Қайталау"

Атырау қаласы,№3 мектеп-гимназиясы

Юсупова Айнур Мадениетовна

І санатты орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Күрделі сөздер

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:а) Сөзжасам,оның ішінде күрделі сөздерден өткен матиралдарды қайталау.Ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.

Дамытушылығы:ә) Теориялық материалдарды дұрыс баяндау машығын қалыптастыру,ойлау,

сөйлеу қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік: б) Оқушылардың туған жерге,Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,табиғатты қорғауға тәрбиелеу,оқуға,білім алуға деген санасын қалыптастыру,төзімділікке баулу.

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,ой қозғау, топтастыру

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

Сәлемдесу,сабаққа қатысын түгендеу.

ІІ. Өткен сабақтар бойынша сұрақтар.

А) Топтастыру әдісі: (слайд 7)

Қысқарған сөздер

Қос сөздер

Біріккен сөздер

Тіркесті сөздер

Ә) Ой қозғау әдісі: (слайд 8)

1.Сөздер неден тұрады?

2. Түбір сөз деген не? Мысал келтір.

3.Түбірлес сөздер деген не? Мысал келтір.

4.Біріккен сөздер деген не?Қалай жасалады?

5.Қос сөздер деген не?Неше түрі бар?

6.Қысқарған сөздер деген не?Қалай жасалады?

ІІІ. Кім жылдам? (ауызша) (слайд 9)

Төмендегі сөздердің қайсысы дара, қайсысы күрделі сөздер екенін ажыратып айтыңдар.

Арқар, арқан, арқар мүйіз, аспан, аспаз, аспан көк, асқазан, асығып-аптығу, астан-кестен, дәнекер, жолсерік, жылы ұшырау, көркемөнерпаз, қара бүлдірген, қара күрең, қара торы, жомарт, дәреже.

ІV. “Сөзстан” еліне саяхат. (слайд 10-12)

І топ — Біріккен сөздер

ІІ топ — Қос сөздер

ІІІ топ — Қысқарған сөздер

І тапсырма.

( Біріккен сөздер)

Атырау облысы аумағындағы біріккен жер, су атауларын жаз.

( Қос сөздерге )

Қос сөздерді табыңдар, түрлеріне ажыратыңдар.

Көп кешікпей бұларға көрші — қолаң, ағайын — туғандар келе бастады. Кішкентайлар улап — шулап қуаныштарын жасыра алмай, дабырласып кетті.

Анда — санда күн күркіреп қояды.

( Қысқарған сөздерге )

Қысқарған сөзді табыңдар, толық мәнін айт.

Кеңшардан қаладағы элеваторға астық тасып жатқан кез.

ҚБТУ –ға талапкерлер көп жиналды. Олар 20 км — ден астам жүрді.

V. “Ойлан тап” (слайд 13-15)

(Біріккен сөздер)

Қонақ…

…асы

…бақан

ақ…

…аралық

мүшел…

(үй,қонақ,алты,сүйек,халық,той )

(Қос сөздерге)

Сөздерді толықтыр.

Дәрі —

Бұрын —

төмен

Ата —

Дос —

-кеш

- кешек

Әзіл —

Сый —

( дәрмек, соңды, жоғары, ана, жаран, ертелі, киім, оспақ, сияпат)

(Қысқарған сөздерге)

Сөйлемді қысқартыңдар.

Тәуелсіз Мемлекеттер достығы, Алматы педагогика университеті, Кәсіптік техникалық колледж, Халық шаруашылық жетістіктерінің көрмесі, Қазақтың телеграф агенттігі, Машина трактор станциясы, Санитарлық эпидемиялық станция, Жылу электрлік станциясы.

VІ. Дәптермен жұмыс (слайд 16-17)

Мына қос сөздерді пайдалана отырып, өлеңді әңгімеге айналдырып жазыңдар.

Ертелі — кеш, қызылды — жасылды, ұшан — теңіз, қатар — қатар, анда — санда, жеміс — жидек,

Саяжайда алма бағы өседі,

Жапырағы жыбырлап

Күнмен сәлемдеседі.

Жайнауын — ай өзінің,

Жаңбырдан соң кешегі.

Атам маған арнап тіккен ағаш бұл,

Тұңғыш рет гүлдерін де жаңа ашты.

Қатар өскен ағаштардың ішінде

Көбелектер бір — бірінен адасты.

Ағаштардың көлеңкесі — қол шатыр.

Күн тимейді,ығына кеп қанша тұр.

Ағаш егіп,терін төгіп құлшынған

Бір атамның басында ғой сонша ақыл.

( Т.Мұратұлы )

VII. Бекіту. (слайд 18)

Жұмбақ

Тарбаң — тарбаң тарбиған,

Түрі жаман жарбиған.

(Тасбақа )

Сап сары көйлегі,

Қап — қара түймелі.

Көрсетер сүйгенін

Басының игені.

( Күнбағыс )

Қайсысы тіркесті сөздер?

Ақсүйек, күні бойы, ауыл шаруашылығы, мәдениет сарайы, алуан — алуан, ата — ана, ыдыс — аяқ, Көкшетау, темірқазық, белбеу, Екібастұз, бидай өңді, ұзын бойлы.

VIII. Сабақты қорытындылау.

IX. Үйге тапсырма.

Күрделі сөздерге сөйлем құрау, мақал — мәтел, жұмбақтар жазу.

Х. Бағалау

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности