link1820 link1821 link1822 link1823 link1824 link1825 link1826 link1827 link1828 link1829 link1830 link1831 link1832 link1833 link1834 link1835 link1836 link1837 link1838 link1839 link1840 link1841 link1842 link1843 link1844 link1845 link1846 link1847 link1848 link1849 link1850 link1851 link1852 link1853 link1854 link1855 link1856 link1857 link1858 link1859 link1860 link1861 link1862 link1863 link1864 link1865 link1866 link1867 link1868 link1869 link1870 link1871 link1872 link1873 link1874 link1875 link1876 link1877 link1878 link1879 link1880 link1881 link1882 link1883 link1884 link1885 link1886 link1887 link1888 link1889 link1890 link1891 link1892 link1893 link1894 link1895 link1896 link1897 link1898 link1899 link1900 link1901 link1902 link1903 link1904 link1905 link1906 link1907 link1908 link1909 link1910 link1911 link1912 link1913 link1914 link1915 link1916 link1917 link1918 link1919 link1920 link1921 link1922 link1923 link1924 link1925 link1926 link1927 link1928 link1929 link1930 link1931 link1932 link1933 link1934 link1935 link1936 link1937 link1938 link1939 link1940 link1941 link1942 link1943 link1944 link1945 link1946 link1947 link1948 link1949 link1950 link1951 link1952 link1953 link1954 link1955 link1956 link1957 link1958 link1959
Юсупова Айнур Мадениетовна
Должность:учитель казахского языка в русских классах
Группа:Посетители
Страна:Республика Казахстан
Регион:город Атырау
ашық сабақ "Буын. Қазақстанның астанасы"

Юсупова Айнур Мадениетовна

Атырау облысы, Атырау қаласы

№ 3 мектеп-гимназиясы

І санатты орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:

Грамматикалық тақырыбы: Буын

Лексикалық тақырыбы: Қазақстанның астанасы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларда үндестік заңы туралы түсінік қалыптастыру. Буын түрлерін ажырата білуге үйрету. Сөйлесім әрекеттері арқылы оқушылардың сөйлеу қабілетін жетілдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың алдыңғы өткен сабақтарды қайталай келіп, сол арқылы тілдерін, ой - өрістерін кеңейту, лексика — грамматикалық тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Туған еліне, жеріне сүйіспеншілігін дамыта келе, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу. Сыныпты түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (слайд 3)

3 — тапсырманы тексеру. Сұрақтарға жауап беру.

  1. Қазақстан қандай мемлекет?
  2. Қазақстанда неше облыс бар?
  3. Үлкен қалаларын ата.
  4. Сен қай облыста тұрасың?

5. Облыс орталығы қай қала?

Астана

ІІІ. Ізденіс кезеңі. Жаңа сабаққа бейімдеу.

Шымкент

Ақтөбе

(слайд 4)

Қазақстан қалалары

Тараз

Қарағанды

Алматы

Ақтау

Семей

1. Орынбор қаласы (слайд 5-6)

1920 - 1922 ж. ж.

Орынбор (1938—57 жылға дейін Чкалов) — қала, РСФСР-дің Орынбор облысының орталығы (1934 жыл­дан). Жайық өзенінің бойында, Сакмар өзенінің Жайыққа құйылысына жақын жерге орналасқан. Самара, Ақтөбе, Орск қалаларына баратын темір жол торабы. Халқы 800 мың адам (1998) болған еді. Орынбор алғашында қазіргі Орынбор қаласының орнына 1735 ж. қамал ретінде салынды, аты да Op өзенінің атына байланысты қойылған. Қазіргі орнына 1743 ж. көшірілді.

Орынбор 1920—22 ж. Қазақ АССР-інің астанасы болды. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ интеллигенциясының едәуір бөлегі Орынбордың оқу орындарында оқып, білім алды. Қала 1930 жыл­дан жедел қарқынмен өркендеп келеді. Ауыл шаруашылық, медицина, педагогтық институттар, арнаулы орта білім беретін оқу орындары, драма, музыкалы комедия, татар театрлары, филармония, өлкетану және бейнелеу өнері музейлері бар.

2. Қызылорда қаласы (Ақмешіт) (слайд 7-8)

1922 — 1929 ж. ж.

Қызылорда, Ақмешіт — Қазақстанның оңтүстік бөлігіндегі ірі қала, Қызылорда облысының әкімшілік, мәдени және экономикалық орталығы. Сырдария өзенінің (төменгі ағысында) оң жағына орналасқан. Қызылорда 1853 жылға дейін Ақмешіт болып аталып, қоқандық шағын қамал болды. Ақмешіттің салынуы туралы екі ұдай пікір бар. ­ Оның бірінде Ақмешіт Қоқан хандығының қамалы ретінде 1820 жылдың шамасында салына бастады делінсе, екіншісінде 1817 ж. шамасында, қоқандық қамал Ақмешіт са­лына бастады делінген. Октябрь социалистік революциясына дейін қала Түркістан өлкесі, Сырдария облысының уез орталығы болды. Революциядан кейін Ақмешіт аты қайтадан қалпына келтірілді де, ал 1925 жылдан бастап Қызылорда атала бастады. 1926-1929 жылдары Қызылорда Қазақ АССР-інің астанасы болды. Қызылорда жалпы білім беретін 30-дан астам мектеп, педагигкалық институт, бірнеше орта арнаулы оқу орындары, Н. Бекежанов атындағы қазақ дра­ма театры, облыстық тарихи-өлке тану музейі т.б. бар.

3. Алматы қаласы (Верный) (слайд 9-12)

1929 — 1997 ж.ж.

Қазақ АССР-інің астанасы (1929-1936 жж), ал 1936 жылдан бастап Қазақ ССР-ның астанасы болды. Республикалық деңгейдегі қала. Республиканың саяси, эко­номикалық, ғылыми жэне мәдени орталығы, басты транспорт торабы. Іле Алатауы жотасының солтүстік беткейінің 900 м-ге дейінгі биіктіктегі етегін ала, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің ысырынды конусында орналасқан. Төңірегінің табиғаты өте көркем. Алма­ты — дүние жүзіндегі ең көгал қалалардың бірі Алматы қаласы — Қазақстан Ресубликасының мәдениетті және сәулетшілік орталығы. Ол — өте әдемі, көркем, әсем және үлкен қала. Алматыда Үлкен Алматы, Кіші Алматы өзендері бар. Медеу мұз айдыны Алматыға жақын. Алматы көшелері тузу және кең. Қең көшелерде машиналар, автобустар, трамвайлар, троллейбустар жүріп жатыр. Алматы — елдің спорт орталығы. Алматылықтар мен қаламыздың меймандарына бес стадион, бәйге алаңы, теңіз деңгейінен 1700 м биіктіктегі Медеу мұз айдыны мен аспалы тербелмелі жолдары бар, теңіз деңгейінен 2200-2780 м биіктігіндегі аса күрделі шаңғы жолдары бар таудағы Шымбұлақ шаңғы курорты айғара есігін ашады.

4. Астана қаласы (Ақмола) (слайд 13-15)

Астана (1998 жылдың 6 мамырына дейін — Ақмола) 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Парламентінің қолдауымен еліміздің орталығы, астанасы болып тарихқа енді. 1998 жылдың 10 маусымында Қазақстанның жаңа астанасының халықаралық презентациясы болып өтті. 1992 году қалаға бұрынғы өз атын қайта бергеннен соң Ақмола атала бастаған еді.Қараөткел, Ақмола, Целиноград, Астана қаласы – Қазақстан Республикасының қазіргі орталығы. Сарыарқаның солтүстік бөлігінде, далалық зонада, Есіл өзенінің биік оң жағасынеда орналасқан. Астанада Ұлттық музей, бірнеше бизнес-орталықтары, аквапарк, этнопарк, Ұлттық кітапхананың бөлімшесі тәрізді мәдени-ғылыми ғимараттар бой көтеріп үлгерді.Мұнда оқу орындары өседі деп күтілуде. Қазірдің өзінде Евразия университетінде мыңдаған студенттер білім алуда.

1998 жылы қаланың инфрақұрылымын көтеру үшін Астанаға «Гүлдер» мемлекеттік бишілер ансамблі, фольклорлық «Сазген» ансамблі көшірілді.

Парламент және Үкімет үйлері тұрғызылды. Елбасының резиденциясының көк күмбезді ғимараты көз жауын алады. Сенат пен Мәжілістің бірлескен жиналыстары өтетін ғимаратта бұл күндері алыстан мен мұндалап тұрады.«Интерконтиненталь» және «Финтрако-Комфорт» қонақ үйлері, «Әл-Фараби», «Самал» атты шағын аудандар іске қосылды.

ІV.Сөздік жұмысы (слайд 16)

сарай — дворец

қонақ үй — гостиница

кешен — комплекс

ұлт — национальность

жас — молодой (-ая, -ое)

орыс — русский (-ая)

V.Мәтінмен жұмыс (слайд 17)

Осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасында төрт астана болды. Бірінші астанасы — Орынбор қаласы, екінші астанасы — Қызылорда қаласы, үшінші астанасы — Алматы қаласы, төртінші астанасы — Астана қаласы. 1998 жылдан бастап Ақмола Астана қаласы деп аталды.

Мәтін бойынша сұрақтар (слайд 18)

  1. Қазақстан Республикасында неше астана болған?
  2. Бірінші астанасы қай қала?
  3. Екінші астанасы қай қала?
  4. Үшінші астанасы қай қала?
  5. Төртінші астанасы қай қала?

6. Ақмола қаласының атауы қай жылы Астана қаласы болып өзгертілді?

Тапсырмалар

v Қазақстан астаналарының атауларын теріп жазып, буынға бөл. Буын түрлерін анықта.

v Мәтін мазмұнынан 5 жуан буынды сөздерді теріп жаз.

v Астана сөзіне фонетикалық талдау жаса.

VІ. Сергіту сәті

VІІ. Бекіту (слайд 20-22)

1. Сөзжұмбақты шешу

2. Сұрақтарға жауап беру

1.Астананың бұрынғы атауы.

2.Қазақстанның үлкен қалаларының бірі.

3.Астананың символы.

4.Қазақстан Республикасының үшінші астанасы.

5.Алматы қаласының бұрынғы атауы.

6.Қазақстанның мұнайлы астанасы.

VІІІ. Үйге тапсырма (слайд 23)

Бет 33, 5-тапсырма

Сөздерді буынға бөліп жазу. Буын түрлерін ажырату.

ІХ. Бағалау

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности