Эрмекова Агилаш Реймбаевна
Должность:Воспитательница
Группа:Посетители
Страна:Мангистауский обл город Жанаозен
Регион:Мангистауский обл г.Жанаөзен
Кеңес: Мүсіндеудің әдіс -тәсілдері

Тәрбиеші: Эрмекова Ағилаш

Кеңес:Балабақшада мүсіндеудің әдіс-тәсілін үйрету

Мүсіндеу балалардың сезінуін, қабылдауын және көрнекі түсінігін дамыту үшін қажет. Нақты дүние заттарын тануда көру басты деп саналады, бірақ балаларда бейне қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде көрудің тірегі затты түйсіну болып табылады. И.М. Сеченов: «Заттардың денелік пішінін көзге қарағанда қол басқаша айқындайды және де біз қолдың алақанын әрдайым көзден біршама таса заттардың бүйір беттеріне , сондай-ақ көз мүлдем көре алмайтын артқы жақтарына тигізе алудың арқасында , оны толығырақ айқындайды». Мектеп жасына дейінгі балаларға затты білу ұшін оның кейбір жалпы белгілері ғана жеткілікті Мүсіндеу алдында затты белсенді зерттеу - балалардың сезімдік тәжірибесін ұйымдастырудың педогогикалық әдісі.Бұл кезеңді шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады.

1 кезең- бұл затты қабылдауды ұйымдастыру. Ол-жоғары нүктеден бастап төмен қарай, негізгі сипаты сызықтар бойынша саусақтар мен көздің бір қалыпты және үздіксіз қозғалысы. Зат әрдайым белгілі бір күйде тұрады(сол қолымен затты ұстап тұрады, оң қолымен оны зерттейді, зат столда қозғалыссыз тұра алады).

2 кезең- Затты қолмен және көзқараспен зерттеу оның негізгі бөліктерін саралаумен және олардың қасиеттерін айқындаумен қоса жүреді, саусақтардың қозғалысы тереңдік қатынасын өлшегендей болады және бөліктердің кеңістіктегі өзара қатынасын анықтайды.

3 кезең- заттың ең ұсақ бөліктерін көрсету және оларды формасынының , көлемінің, негізгі бөліктерге қарағанда кеңістіктегі орнын анықтау.

4 кезең- затты қайтадан тұтас қабылдау. Қолдың жалпы ақтық қозғалысы мен жоғарыдан төмен қарай көзбен шолып шығу сезімдік жолмен алынған деректерді тұтас бейнеге біріктіруге мүмкіндік береді.Зерттеу заттың беткі жағы құрлымын саралауға да бағытталуы мүмкін. Бұл жағдайда қолдың барлық саусақтары жұмыс істеуі тиіс.Ма териалдық құрылымын анықтау үшін заттың бетіне қолды батыруға тура келеді. Мүсіндеу кезінде заттарды зерттеуге өзіндік ерекшелігі бар, өиткені мүсіндеуде заттың формасы көлем күйінде беріледі.Мүсіндеу алдында затты зерттеудің жоғарыда ұсынылған жүйесі сабақ, ойын немесе арнаулы жаттығулардың барысында жүзеге асады. Бұл жағдайда затты зерттеуге,яғни затты жедел қабылдау мен бақылауды үйретуде екі жастан бастаған жөн. Затты қабылдауда, сондай-ақ затты ажырата білуге мүмкіндік беретін оның кейбір қасиеттерін тануға балаларды 2-3 жастан үйрету қажет.Мұндай жаттығулар өткізе отырып, тәрбиеші зат сапасын анықтайтын бейнелі сөздерді іріктейді.Мәселен ол балаларға алманы қолына ұстауды, оны қолмен сипауды , оның салмағын, тығыздығын (алма ауыр,үкен, домалақ) сезінуді ұсынады, заттпен таныстықтан кейін баланың өзі осындай домалақ алма (немесе осындай жұмыр допты және т.б.) жасау керек.Затты бейнелеуден бұрын оны зерттей отырып, біз бала назарын осы затқа аударамыз, оның нақты қасиеттерімен таныстырамыз, яғни баланың сенсорлық тәжірбиесін қалыптастырамыз.Тәрбиеші төрт және бес жасқа аяқ басқанда балаларды тұтасс заттарды , ал содан кейін заттың жеке ерекшеліктерін бейнелеуге мүмкіндік беретін қасиеттерін қабылдауға үйретеді.Мүсіндеген кезде балалар әдетте негізінде геометриялық пішіндермен бар заттармен жұмыс істейді. Мүсіндеуді «Ойлан,тап, мынау не?», «Дүкен», « Осындай затты тап», «жасырылған затты тап», «Ғажайып дорба» деген дидактикалық ойындармен бастаған жөн. Тірі обьектілерді жүйелі бақылаған жөн. Мысалы: Тасбақамен таныстырғанда ең алдымен балалардың назарын тасбақаның сыртқы пішініне аударған мақұл,содан кейін тасбақаны топта қалдыру керек.

Екінші сабақта балалар тасбақаны тұла бойын тұрпатын, дене бөлшектері жайлы егжей-тегжейлі әңгімелейді, қол аяғын жиғанын-созғанын жіті бақылайды. Содан кейін балалар тасбақаны жасауға кіріседі.Төменгі,ортанғы топтарда балалар мүсіндеудің мынандай қарапайым операциясы болып табылатын негізгі қозғалыстарын игеруі тиіс: жаю, домалақтау, жалпайту, тарту, созу, бүктеу, қосу, шымшу.Кейде заттың түрлі формасын, мәселен, дөңгелек формаларды (жұмыртқа, қияр, картоп) мүсіндеу кезінде мүсіндеудің бірнеше формасын бірден қолдануға тура келеді. Бұл жерде мынадай тәсілдерді: шиыршақтап орауды, содан кейін аздап жайып жіберуді неғурлым дәл форма шығару үшін саусақтармен жөндеп қоюды қолдану керек.

Бірінші кіші топта қолына иленген саз балшығын ала отырып , олар барлық саусақтарымен сықпалай бастайды, оны үзіп — үзіп, тақта үстіне жайғастырады және оны қайтадан оны тұтас етіп жинайды , саусақтарымен шұқыр жасайды. Шын мәнінде балалар сазбен ойнап отыр. 2-3 жасар балаларды оқытудың әдістері сенсорлық зерттеу жолымен заттардың формасын меңгеруге, сабақ үстінде эмоциялы көңіл-күй орнықтыруға бағытталады, мұның өзі мүсіндеу кезінде балалар бойында образ жасау нышандарының байқала бастауына байланысты болады.

Бірінші кіші топтағы пішіндеу сабақтардың өзінде-ақ тапқырлықты дамыту жөніндегі міндеттерді қоюға болады.Мәселен, балалар бірнеше форманы бейнелеуді, меңгергеннен кейін, оларға тәрбиеші күні бұрын жасалған шардан, дискіден,цилиндер-таяқшадан кез келген заттың пішінін жасауды ұсынады.Мұндай тапсырма балалар заттарды бейнеленген кезде бөліктерді өздігінен қиыстыру үйретілуі тиіс. Сабақтардың алғашқы нәтижесі әрдайым ойдағыдай бола бермейді, бірақ білімді жинақтай келе бала қарапайым заттарды бейнелей отырып, дербестік көре бастайды.

Екінші кіші топтағы мүсіндеудің сипаты үш жасар балалардың жасағанымен салыстырғанда әлде қайда мәнді. Бірақ мүсіндеудің бастамасында түпкі ой болмайды. Бала өз бұйымдарын тақта үстіне бір-бірден орналастырады немесе бірінің үстіне бірін үйіп, жинай бастайды : егер тәрбиеші дер кезінде келмесе , бала өз бұйымдарын жалпы саз кесегіне айналдырып, бәрін мыжып тастай салады. Бұл топтардағы сабақтардың әрдайымғы басты міндеттерінің бірі балалардың зеректігін, ойлау шапшаңдығын және дербестігін дамыту болып табылады. Мәселен балалар бағандарды мүсіндейтін болса, тәрбиеші оларға, бұлардан не жасауға болатынын анықтауды ұсынады.Үлкендердің көмегімен бағандардан, көпір, үй, самолет және тағы сол сияқты заттарды жасайды. Тәрбиешімен баланың бірлескен жұмысы бүкіл сабақ бойы жалғаса береді. Тапсырылған тақырыпты әрқайсының жүзеге асыруына көмектесе отырып , ол балаларға сұрақ береді, ой салады. Мүсіндеу барысында кіші топтағы балалардың біршама дербестік, белсенділік көрсетуі үшін оларды жұмыс нәтижесімен ынталандырып қойған жөн. Мәселен, балалар жасаған балапанды жасыл қағаз парағы үстіне қоюға болады, құламайтын қуыршақ жасаған кезде қолдарына жалауша ұстатып қою керек. Сәбіз жасаған кезде қоянды әкеліп қою керек.Бұл қосымша заттарды тәрбиеші алдын ала дайындап қояды.

Естияр топтарында балалар жасаған оброздардың екінші кіші топтағы балалар жасағандардан айырмашылығы шамалы болады. Мусіндеп жасалған екі, үш кескінін немесе түрлі ыңғайда басқа заттарды көрсете алады. Заттың қимылына немесе қалпына байланысты бөлшектер орналасуының өзгеретінін балалардың көруі қажет. Образды жасау балаларға оның мазмұнының қалай түсіндірілгеніне байланысты болады. Мәселен,қоянның кескінін жасаған кезде балаларға олардың біреуі түлкі жортып келе жатқан жоқ па екен деп елеңдеген қоянды, ал басқалары қорыққан қоянды (бірінші қоян құлағын делдитіп, тыңдап тұр, ал екіншісі құлағын арқасына басып, тыныш отыр) жасайтындығын айтуға болады. Мүсіндеу әдісін көрсетпеуге де болады,бірақ сабақтың бастамасында фарфордан немесе ағаштан жасалған қоян тұлғаларын, ал егер олар жоқ болса –түрлі қалпында бейнелеп, тәрбиеші жасалған қоянның екі тұлғасын міндетті тіүрде көрсету керек.Мүсіндеудің мұндай методикасы ортаңғы топтағы балалардың сабақты түсіндіру үстіне белсенді болуына тәрбиешіні тыңдауға, оның сұрақтарына жауап беруге,мүсіндеу үшін тақырыпты өз бетінше таңдай білуге үйретеді.Сонымен,бұл тапсырмаларда оқып үйрену сәті де,творчесволық сипат сәті де бар.Олар балаларды қай затты бейнелейтінін және қалай бейнелейтінін ойластыруға және оны шешуге мәжбүр етеді. Мүсіндеудегі образдылыққа жете отырып, тәрбиеші балаларға тұлғаның беткі жағын өңдеудің әдістерін көрсетеді. Мәселен балықтың пішінін көрсететін болса, тәрбиеші таңба таяқшамен белгілей отырып, қабыршықты қалай бейнелеуге болатынын көрсетеді.Өңделген фигура тартымды, сәнді болып шығады.Одан әрі балалар бұл әдісті өз бетімен пайдалана алады және ол жөнінде тәрбиеші тек еске салып отырса болғаны.Ыдыстарды бейнелегенде, ортаңғы топтағы балаларға заттың беті саусақтармен қалай тегістелетінін көрсетуге болады. Бірте-бірте олар жасалған заттың беті кейде тегістеуді қажет етедігінде, ал кейде мәселен, жануарларды бейнелегенде, ол кедір-бұдырлы болатынын түсінеді. Мүсіндеу іскерлігінің шындала түсуі жыл ортасына қарай түпкі ой бойынша өткізілетін сабақтарда балалар дербестігінің көрінуі үшін зор мүмкіндіктері ашады, бұл кезде сабақ сипаты біршама өзгереді.Образдарды көз алдына елестету және жабыстыру тәсілдеріне үйрету жөнінде балалармен жүиелі жұмыс жүргізілсе, онда балалар бейнелеу әдістерін еркін пайдалана бастайды, тіпті шағын компазициялар да жасайды. Балықты жасап, бала оның төңірегіне бірнеше ұзын таяқшалар қояды. Ол, «мынау теңіз,толқып жатыр, ал балық жүзіп келеді»-деп түсіндіреді. Екінші бала сол сабақта құсты жабыстырып шығарды , ал оның жанына дән салынған ыдысты қояды. Айқынырақ болуы үшін ол бірнеше дәнді ыдыстың айналасына тастайды. Мұнысын құс шоқығанда, балалар шашылып қалды деп түсіндірді. Бұл мысалдар ортаңғы топтағы балалардың образды терең шешуде инициатива көрсетуге қабілетті екенін білдіреді, бірақ әдетте олар қозғалысты өздігінен сирек бейнелейді: олар пішіндеген тұлғалар көбіне қозғалыссыз қалпында болады .

Ересек топтарында балалар пішінді анықтауда онша назар аудармайды, тек оны бөлшектермен толықтырады. Балалар тарту мен қысу тәсілдерін әрдайым дәл орындамайды, қателерін көбіне түзетпейді . Мұны былай түсінуге болады :бір жағынан , образ жасауға еліккен олар фигура бейнеленетін затқа ұқсасын деп , оны қажетті бөлшектермен тезірек толықтыруға талпынады , екінші жағынан, балалар үшін негізгі сыртқы белгілері (бастың,дененің, қолдың және тағы басқалар) зор роль атқарады, ал барлық ерекшеліктеррімен форманы , оның құрлымын егжей-тегжейлі бейнелеу балаға қиын. Бес жастағы балалар өздерінің жұмыстарын әрқашан өздері немесе үлкендердің басшылығымен бақылаған образдан бастайды, бірақ бейнелеу үстінде үйлесімділікті сақтау жолында қателіктер жіберіп алады. Мәселен олар адамның немесе жануардың басын қазандай ,аяғын шидеи етіп жасап қоюуы мүмкін ,өиткені бөлшектерді өзара салыстыру оларға оңай түспейді, бірақ оларда қол-аяқтың денеге қарағандағы ұзындығын салыстыру қажеттілігін қалыптастыруға болады және қалыптастыру керек те. Бейнелеу құралдарының ішінен балалар таяқшамен (тереңдетілген рельеф) бейнелеу немесе бетіне саздың ұсақ кесектерін салу арқылы фактураны өңдеуді жие қолданады. Балалардың бұл талпынысы олардың бейнелеу қызметінің образды екенін көрсетеді, зат қандай болса, сондай етіп орындауға ниет білдіреді. Жасалатын образды ұсақ тетіктермен толықтыра отырып, балалар көлемді бейнелеумен жие әуестенеді. Мәселен, олар көзді екі кішкентай шарик түрінде,құлақ,ауыз ,балық қабыршағын жалпиған күйінде жабыстырады. Бұл жастағы балалардың пішінді мұқият өңдеуге талпынбайтындығына байланысты, сабақ кезінде олардың басқа немесе біртекті заттардың (мәселен, мысықты жасай отырып, бала бір мезгілде табақты немесе сүт құятын ыдысты жасай алады) пішінін жасауға уақтылы қалады.Ересек балалар тобындағылар сазбен жұмыс істеу ұқыптылықты қажет ететінін: сазды стол үстіне шашып тастауға, еденге түсіруге болмайтынын жақсы біледі.Кіші топ пен ортанғы топтағы балалар пішіндеуде тақтада жасаса, бұрынғыдан күрделірек бейнелер талап етілетін ересек балалар тобында стол үстінне қойылатын айналмалы станоктарды енгізуге болады, олар мұны жақсы орынды пайдалана алады.Станокта жұмыс жасау мүсінді қолмен айналдырмай-ақ оның барлық жағынан өңдеуге мүмкіндік береді. Оның үстіне мұның өзі балаларға қызғылықты болады, олар станокпен қуана жұмыс істейді. Сонымен, біз ортанғы топтағы балаларға қарағанда, ересек топ балаларының творчестволық мүмкіндіктері кең екенін көреміз.

Қортындылай келіп, түрлі жастағы топтарда пішінін жасау жөніндегі сабақтарда балалар творчествосын дамыту үшін оқып үйретудің сан алуан әдістері және ең алдымен балалар дербестігін, белсенділігін , инициативасын көтермелейтін, бала қиялы мен түсінігін дамытатын әдістер қолданылады деп айтуға болады.

Мүсіндеу оқу іс -әрекетінің жас ерекшелігі бойынша әдістері.

1-сәбилер тобында: Алғашқы сабақта саз балшықпен мүсін жасау жұмыстарымен басталады.Мұнда тәрбиеші балаларды мүсіндеуге қолданатын құрал-жабдықтар мен және саз балшықтың қасиетімен таныстырады. Оның жұмсақтығы, қолмен жақсы иленетінін, оны бөліп алуға, қайтадан біріктіруге болатыны түсіндіріледі.Одан илеп әр түрлі заттар жасалатынын, тақтайшаның үстіне салып илеп жұмыс істеуге,бүтін саздың бір кесегін бөліп алып кішкентай заттың пішінін мүсіндеуге және оны өзгертуге, қарапайым заттарға ұқсастық табуға үйренеді.Тәрбие арнайы ойын әдісімен құра отырып тәрбиеші нақты заттың өзін немесе ойыншық, шағын көлемді мүсіндерді көрсетіп,сипаттап, сұрақ-жауап арқылы түсіндіреді. Балалардың назарын сол затқа аудара отырып , оның мүсінін жасау әдіс тәсілдерін түсіндіріп айта отырып көрсетеді де, балалардан бірлесіп жасауды өтінеді.Тәрбиешінің қолданатын әдіс-тәсілдері: кесек балшықты үзіп бөліктерге бөлу , үзіп алған кесекті алақан арасына салып ерсілі-қарсылы есу( тақтайша үстіне қойып есуді көрсету) . Есілген заттарға ат қою,мысалы:бағаналар, таяқшалар,карандаштар.т.б. Бұдан кейін саз балшықты авлақан арсына салып айналдыру тәсілдері үйретіледі. Домалақ пішінді заттардың тегіс болып бейнелеуін қадағалайды. Мұндай заттар: доп, алма,апельсин.т.б. Қыс мезгіілде қардан аққала, ақшақар, сырғанақ жасауға болатынын суық аязда қататынын, күн жылына еріп кететінін түсіндіреді.Оқу жэылының аяғына қарайқарапайым заттарды мүсіндеу күрделене береді. Мысалы: Саңырауқұлақ,қуыршаққа қолшатыр.

Екінші сәбилер тобында: Мүсіндеу жұмыстары бойынша бұл топта 2-3 бөліктен тұратын заттарды мүсіндейді. Жасаған бейнелерді нүктелермен безендіреді . Алдыңғы іскерліктері мен дағдыларын жетілдіре түседі. Бірінші тоқсанда: алғашқы сабақтарда саз балшықты алақан арасына салып тігінен есу, алақан арасына салып домалақтау тәсілдерін меңгереді.Біріңғай пішінді бірнеше зат жасауды,бірнеше бөліктер тұратын заттарды мүсіндейді.Мысалы «Мүсіндеуді үйренеміз» дегн тақырыпта балалар бұрынғы іскерліктерін жетілдіре отырып әр түрлі пішіндегі заттарды жасайды.Қолдың қимыл қозғалысы дамытылады.көкөністер, жемістер, ұлттық тағамдар,тоқаш, нан. Екінші тоқсанда алдымен домалақ пішіндерді жасап оны бір-біріне біріктіру, бірнеше бөліктерден тұратын қоян бейнесін сәбізімен қосып жасауға болады.Мүсіндеуден үйренгендерін бекіту мақсаты дербес әрекет ету үшін «Қуыршақты қонаққа шақырамыз»-деген тақырып ұсынылады.Үшінші тоқсанда бірнеше бөліктен тұратын заттарды, біріңғай пішінді немесе әртектес заттарды жасап бір-біріктіреді (шарлар, цилиндр,конус пішінді және диск тәрізді ұқсас заттар)Мүсіндеу сабақтары да ойын түрінде өткізіледі.Негізі жұмысқа кіріспесбұрын заттықарау,толық және жеке бөліктіреді бейнелеп көрсету .Дөңгелектерден қуыршақ жасайтын болса алдын ала ойншық қуыршақты қарайды ,бөліктерін талдайды. Жасалу жолдарын көрсетеді, жаңа тәсілдерді міндетті түрде нақты көрсету қажет. Мысалы таяқшамен безендіру тәсілі.Балалармен алдымен жүргізілетін жұмыстар; көркем шығармаларды оқып берушағын мүсіндерді,иллюстрацияларды қарау өте маңызды.Сабақ соңында ойынға айналдыру өз іс-әрекетің нәтижесін көруде тиімді тәсіл.Жолдастарының жақсы шыққан жұмыстарына назар аудару.Тапсырманы тиянақты орындағандар мадақталады,жұмыстың мазмұнына назар аударады .Мүсіндеу кезінде құрал-жабдықтармен ұқыпты жұмыс істеу дұрыс пайдалана білуге үйрету.

Естияр топтары: мүсіндеудің әдіс-тәсілідерін меңгеруде алақан арасына салып айналдыра домалақтау,қысып басу арқылы жалпақтау,есу, шымшып созу тәсілдерін меңгеруді үйретеді.Саз балшықпен жұмыс жасауда саусақтардың,қолдың,иықтың бұлшық еттерін жетілдіре отырып,қимыл қозғалыс үйлесімділігін дамытады. Құрлыс қарапайым бірнеше бөліктен тұратын заттар мүсіндеуге жаттықттырады.Біртектес бірнеше бейнелерді жасайды. Заттардың бейнесін жасауда әшекейлеуге, әрлеуге таяқшаларды пайдалану, ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып бастаған істерін аяқтауға ,еңбек нәтижесіне жете б ілуге үйретеді.

Ересек тобы: Тәрбиешімен шеберлікпен әрбір іс-әрекетке тікелей басшылық етуі қажет.Бұл топта мүсіндеу іс әрекетімен айналысу үшін алдын ала арнайы мақсатты серуендер, саяхаттар ұйымдастырылып , тарихи оқиғаларға байланысты іргелі ескерткіштерді қарап көру , шағын көлемді мүсіндерді қарап, талдау арқылы мүсін өнері жайында қарапайым түсініктер беріледі. Балаларға өздері көрген пішінін сезіне отырып саз балшықтан, ермексаздан мүсіндеудің әдіс тәсілін меңгерту.Жеке заттарды мүсіндеуді меңгергеннен кейін біртектес бірнеше заттарды , содан соң әртектес әр түрлі заттарды мүсіндеп, мазмұн бере білуге үйрету. Кесек саз балшықтан көз мөлшерімен үзіп алып заттың бөліктерін жеке жасап оны біріктіруге, таяқшаларды»стек! Пайдаланып тегістеуге,қырнап жонуға, бедер түсіруге, заттың негізгі белгілеріне қарай сипатын көрсете білуге машықтандыру.Мүсіндеген заттың бір біріне беріктігн қадағалау және тұғырға дұрыс орналастыруды үйрету.Әдіс-тәсіл: Шымшу, есу, домалақтау, жалпақтау. Мүсін жасалған заттарды сулы шүберекпен тегістеу.Қазақ халқының ыдыс аяқтары: тостаған,табақ,құман, торсық, астау.т.б.өрнектеуде үстіне үстемелеп ермексаз қосу,бедерлеу,оймыштап бедерлеу,саз балшықпен жасалған заттарды кептіріп бояумен әшекйлеу дағдыларын меңгертеді. Релефті бейнелерді бедерлеуде сандық бетін,, жүк аяқ, дөңгелек үстел беттерін әшекейлеу машықтарына жаттықтыру.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности