link13144 link13145 link13146 link13147 link13148 link13149 link13150 link13151 link13152 link13153 link13154 link13155 link13156 link13157 link13158 link13159 link13160 link13161 link13162 link13163 link13164 link13165 link13166 link13167 link13168 link13169 link13170 link13171 link13172 link13173 link13174 link13175 link13176 link13177 link13178 link13179 link13180 link13181 link13182 link13183 link13184 link13185 link13186 link13187 link13188 link13189 link13190 link13191 link13192 link13193 link13194 link13195 link13196 link13197 link13198 link13199 link13200 link13201 link13202 link13203 link13204 link13205 link13206 link13207 link13208 link13209 link13210 link13211 link13212 link13213 link13214 link13215 link13216 link13217 link13218 link13219 link13220 link13221 link13222 link13223 link13224 link13225 link13226 link13227 link13228 link13229 link13230 link13231 link13232 link13233 link13234 link13235 link13236 link13237 link13238 link13239 link13240 link13241 link13242 link13243 link13244 link13245 link13246 link13247 link13248 link13249 link13250 link13251 link13252 link13253 link13254 link13255 link13256 link13257 link13258 link13259 link13260 link13261 link13262 link13263 link13264 link13265 link13266 link13267
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Балаларды мектепке дайындаудағы еңбектің маңызы

Қазақстан, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

№2 «Жанар» балабақшасы

Тербиешісі

Кеңесбаева Қыбат Сыдыққызы

Еңбек қуанышы –еңбек адам іс-әрекетінің басты түрі ретінде адамзат сеземінің ең жоғарғы нысаны болып табылады. Осы сезімді балалар бойында дер кезінде тәрбиелеу балалармен жұмыс істейтін педагогтар мен ата-аналардың міндеті болып табылады. Егер мектепке дейінгі жаста бала бойына еңбексүйгіштігі тәрбиелемесе ,кейінгі жылдары бұл жұмыс елеулі қиын болады. Еңбек әрекеті баланың жалпы дамуын ,қызығушылық өрісін кеңейтіп, қарапайым ынтымақтастық қасиеттерін туғызады,еңбекқорлық,тапсырған іске жауапкершілікпен қарау ,парыз сезімі,өзіне-өзі сенімділік лидерлік қасиет,мақсатқа жетуге ерік-жігер тәрізді қасиеттерді қалыптастырады.

Еңбек процесі кезінде баланың ойлау әрекетіне тікелей әсер ететін саусақтарының ұсақ момторикасы ,сөйлеу қозғалысы апаратты жетіледі.Дұрыс ұйымдастырылған еңбек сабақтарының педагогикалық ықпалы көп.Ересектердің шеңбер басшылығы арқасында бала еңбектің не екендігін түсініп,еңбек машықтарын алады,қандайда бір жұмысты өз бетімен орындай алу тәжіриебесін жинақтайды.

Еңбек тәрбиесі мектепте оқуға дайындаудың қажетті шарты болып табылады.

Жастайынан еңбекке баулынған бала мектепте өздігімен, ұйымдасқанымен,

жинақтылығымен,өз-өзіне қызмет ете білуімен ерекшеленеді.

Баланы әлі келетін еңбекке тарту ,ересектердің жұмысымен таныстыру жеке тұлға етіп қалыптастыруға ізгілік және ерік-жігер қасиеттерін дамытуға көмектеседі.

Балалардың мүмкіндіктерінің артуына байланысты еңбек әрекеті көлемі ,мазмұны және орындау тәсілі күрделене түседі. Бұл ересектердің (тәрбиешілердің ,ата-аналардың)арқасында мүмкін болады.

Мектеп алды жасындағы балардың еңбекке тарту міндеттері

-еңбекке оңды қөз қарас қалыптастыруға ;

-еңбек әрекетіне әлеуметтік –психологиялық дайындығын қалыптасытру;

-еңбек мәдениетіне тәрбиелеуге ;

-еңбек әрекетін белгілі бір ретпен жүзеге асыру.

-тиімді еңбек тәсілдерін қолдану,қауіпсіздік ережелері мен жеке бас тазалығын сақтау,жұмыс орнында реттілкті сақтап ,материалды үнемдеу. Аралық және соңғы еңбек нәтижесінің сапасын бақылау;жұмыс орны мен жабдықтарын жинау;

-ересектердің тапсырмасын дәл ,реттілікпен орындау,асханадғы,сабақтағы,табиғат бұрышындағы кезекшілік міндеттерін өз бетімен орындай білу білігін қалыптастыру;

-ұжымдық еңбекке қатысу,бастама көтеру,еңбекте шығармашылық таныту;

-өз қалауымен ,ересектер мен құрбыларының сұрауы бойынша әр түрлі еңбекке қатысу;

-оңды күш салулар мен нәтижелерді,өзара қарым-қатынас тәжіриебелерін мадақтау.

Бала еңбегін ұйымдастыру түрлері.

Еңбек тәрбиесі сабақтарда және басқада оқу-тәрбие процестерінде жүзеге асырылады:кезекшеліктерде,тапсырмаларды орындағанда,топ бөлмесін жинауда,бақшада,гүлзарларда ,үйдегі ұжымдық жұмыстарда.

Шартты түрде тұрмыстағы еңбек,табиғаттағы еңбек (өсімдіктер мен жануарларды күту),қол еңбегі (ағашпен ,матамен,табиғи материалдармен)және өзіндік қызмет еңбегі деп бөлуге болады.

Мектеп алды топтарында балалар еңбегін ұйымдастырудың бірнеше нысандары бар.Бұл тәрбиешінің жоспарында көрсетіледі.

«Жалпы еңбек»

Жалпы еңбек әркім өз жұмысын орындауы мен жалпы нәтижесінің тәуелділік түсінігін қалыптастырады.Бұл тәуелділік жұмыс аяқталғаннан кейін көрінеді.Тәрбиеші соңғы нәтижеге көңіл аудару үшін ,балалар жұмысты бір мезгілде аяқтайтындай етіп ұйымдастыруы керек.

Жалпы еңбекті ұйымдастырғанда тек өзіне ғана емес ,жолдастары үшінде ,өзара көмек,ортақ жұмыс үшін өз қалауына бағыну жауапкершіліктері де тәрбиеленеді.

Еңбек процесі операцияларға бөлінсе, ,ұжымдық әрекет айқын көрінеді.Операцияларға бөлу шаруашылық –тұрмыстық ,табиғаттағы еңбекте жиі қолданылады.Бұл жерде балалалр тапсырманы алдын-ала меңгеру өте маңызды.Еңбек процесі шамамен 3-4 операцияға бөлінеді.Одан әрі бөлшектеп бөлу бұл жастағы балаларды еңбек процесіне тоық қамтуды қиындатады.Ол еңбек интенсивтілігі мен балалардың физикалық дайындығыннан тәуелді.

Бірлескен жұмысты дұрыс ұйымдастыру балалардың өзіндік болуын жетілдіреді.Олар жұмысты жосапрлап,тапсырмаларды бөлу қиын болған жағдайда біріне –бірі көмектесуге үйренеді.

Кезекшілік.

Бұл жастағы балалардың кезекшілік түрін күрделендіру балалардың ой жәнне практикалық еңбектерін өз бетімен шеуге жағдай жасау арқылы жүзеге асырылады.

Сабақтағы кезекшілікті ұйымдастырғанда кезекшілер жұмысын ой белсенділігі мен оқу әрекетінің ұалыптастыруы мен ұштастыру керек.

Асханадағы және сабақтағы кезекшілер күн сайын ауысып отырады.Асханадағы кезекшілік кезінде бала өз бетімен шешім қабылдайтындай жағдай туғызу керек, мысалы мәзірді білу және үстелді жабдықтау ,ертеңгілік асқа қасық,шанышқылар кішкентай және шұңғыл тәрелкелердің қажеттігі т.б.

Табиғат бұрышындағы кезекшілік күрделірек болады.Тәрбиеші жыл басында нені қалай,не үшін істеу керектігін көрсетеді, түсіндіреді және естеріне салады.Кейін жұмысты бақылап,қабылдап отырады. Күн соңында кезекшілер жұмысына баға беріп отыру қажет.

Еңбек тапсырмалары.

Еңбек тапсырмаларын бір немесе бірнеше балаларға бір мезгілде беруге болады.Тапсырма мазмұны балабақшаның жағдайына байланысты топтастырады.

Тапсырмаларды орындағанда балалар бірнеше ережелерді меңгеруі керек:

1.Тапсырманы мұқият тыңдау;

2. Жұмысқа кірісу;

3. Алаңдамау;

4. Жұмысты тиянақты ,аяғына дейін орындау;

Балалар жұмысының нәтижес міндетті түрде обьективті баға беріледі.Бұл балалардың өзіндік баға беруін қалыптастыралы.

Еңбекті дұрыс ұйымдастыру балаларды өзіндік болуға баулиды.Олар келісіп,тату,жұмыс істеуге.келіспеушілікті шешуге ,еңбек нәтижесін бағалауға үйренеді. Бұл қасиеттердің барлығы балаларды мектепке дайындауда шешуші рөль атқарады.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности