link11040 link11041 link11042 link11043 link11044 link11045 link11046 link11047 link11048 link11049 link11050 link11051 link11052 link11053 link11054 link11055 link11056 link11057 link11058 link11059 link11060 link11061 link11062 link11063 link11064 link11065 link11066 link11067 link11068 link11069 link11070 link11071 link11072 link11073 link11074 link11075 link11076 link11077 link11078 link11079 link11080 link11081 link11082 link11083 link11084 link11085 link11086 link11087 link11088 link11089 link11090 link11091 link11092 link11093 link11094 link11095 link11096 link11097 link11098 link11099 link11100 link11101 link11102 link11103 link11104 link11105 link11106 link11107 link11108 link11109 link11110 link11111 link11112 link11113 link11114 link11115 link11116 link11117 link11118 link11119 link11120 link11121 link11122 link11123 link11124 link11125 link11126 link11127 link11128 link11129 link11130 link11131 link11132 link11133 link11134 link11135 link11136 link11137 link11138 link11139 link11140 link11141 link11142 link11143 link11144 link11145 link11146 link11147 link11148 link11149 link11150 link11151 link11152 link11153 link11154 link11155 link11156 link11157 link11158 link11159
Байназаров Айдын Айткалиевич
Должность:Преподаватель-организатор НВП
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Казахстан,ВКО,Тарбагатайский район,село Тана мырза
Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау,қару мен патронды қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері

ШҚО,Тарбағатай ауданы,Тана мырза орта мектебі

Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушысы :Байназаров Айдын Айтқалиұлы

1. Сабақтың тақырыбы: Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау,қару мен патронды қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері

2. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау жүргізуге үйрету.

3. Уақыты: 45 минут.

4. Өткізілетін орны: 10 сынып,БӘД бөлмесі.

5. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакат.

6. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі — 3 минут.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі — 7 минут.

- Калашников автоматы мен пулеметі неге арналған?

- Автомат пен пулеметтің механизмдері мен негізгі бөліктерін атаңдар.

- Автоматтың (пулеметтің) автоматтық әрекеті неге негізделгенін айтыңдар.

б) Негізгі бөлім — 25 минут.

Автоматты (пулеметті) бөлшектеу және жинақтау.

Автоматты (пулеметті) бөлшектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу- автоматты (пулеметті) тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлшектеу-жаңбыр мен қар астында қалғанда не жөндеу кезінде автоматты (пулеметті) қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер мен механизмдер бөлектенген ретімен қойылады.

Автоматты (пулеметті) жинақтау кезінде оның бөлімдеріндегі нөмірлерді салыстыру керек; әр автоматтың (пулеметтің) ұңғы қорабындағы нөмір газ құбырындағы, бекітпе ергенегіндегі, бекітпедегі, ұңғы қорабы қақпағындағы және басқа бөліктердегі нөмірге сәйкес келуі керек.

Автоматты (пулеметті) бөлектеу мен жинақтау аса сақтықпен ғана жүргізіледі.

Пулеметті бөлектеу алдында оның ұңғы бөлігін солға қарата сирағымен қою керек.

Пулеметті жинақтау соңында оны сол қолмен тік ұстап, оң қолмен оның сирақтарын аздап ажырата, ұңғыға тақап және серіппелі ілмекпен бекіту арқылы оның сирақтарын жинайды.

Автоматты (пулеметті) толық емесбөлшектеу тәртібі:

1). Оқжатарды бөлектеу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен дүмінің маңдайшасынан не құндағынан ұстап, оң қолмен оқжатарды орай ұстайды, бас бармақпен бекіткішті қысып, оқжатардың төменгі жағын ілгері ұмсындырып, оны бөлектеп алады. Содан кейін оқтықта оқтың бар жоғын тексереді, бұл үшін ауыстырғыш төменге түсіріледі, оны «АВ» ( автоматты ату) немесе «ОД» (жекелей ату) жағдайына қойып, бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппені ұрыстық қайырудан (взводтан) босатады.

2) Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу. Оң қолдың сұқ саусағымен дүм ұясының қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады; пеналды ашып, одан сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты шығару қажет.

3) Сүмбіні алу. Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып алады.

4) Автоматтан — ұңғылық тежеуіш-компенсаторын, пулеметтен — жалын сөндіргішін бөліп алу. Бұрауышпен ұңғылық тежеуіш компенсатордың орнықтырғышы батырылады.Ұңғылық тежеуіш компенсатор қарауыл негізіндегі бұрандалы дөңестен сағат тіліне қарсы бағытта бұралып шығарылады. Ұңғылық тежеуіш компенсатор (жалын сөндіргіш) тым қатты бұралған жағдайда ұңғылық тежеуіш компенсатордың әйнегіне қойылған сүмбінің көмегімен бұрап алуға болады.

5) Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу. Сол қолмен дүмнің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің дөңесін басады, оң қолмен ұңғы қорабы қақпағының артқы бөлігін жоғары көтеріп қақпақшаны алады.

6) Қайтармалы механизмді бөліп алу. Автоматты (пулеметті) дүмнің мойнынан сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері қарай ұмсындырады; бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп, қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасынан шығарады.

7) Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен одан әрі ұстап тұрып, оң қолмен бекітпе жақтауын артқа тірелгенше тартып, оны бекітпемен бірге көтеріңкіреп барып, ұңғы қорабынан бөлектеп алады.

8) Бекітпені бекітпе жақтауынан алу. Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады; оң қолмен бекітпені кейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп, бекітпені алға қарай шығарып алады.

9) Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен жабдық пеналын газ түтігі тұйықталғышының шығыңқысына тік бұрышты саңылаумен кіргізеді, жапқышты өзінен тік жағдайға дейін бұрып, газ түтігін газ камерасының келте түтігінен шығарып алады. Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті.

1) Газ түтікшесін ұңғылық бастырмасымен қосу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен газ түтігін алдыңғы шетімен газ камерасының келте түтігіне ұмсындырады және ұңғы бастырмасының артқы шетін ұңғыға қысады; тұйықталғышты оның орнықтырғышы көздеу қалыбының ойығына кіргенше бұрайды.

2) Бекітпені бекітпе жақтауына қосу. Бекітпе жақтауын сол қолмен оң қолға алып, оны цилиндрлі бөлігімен жақтау арнасына сұғады; бекітпені оның жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығына кіретіндей етіп бұрап, бекітпені алға қарай сұғады.

3) Бекітпемен қоса бекітпе жақтауынұңғы қорабына қосу. Сол қолмен дүмнің мойыншасын қамти ұстайды. Бекітпесіне қоса бекітпе жақтауын оң қолда бас бармақпен қысылған бекітпе алдыңғы жағдайда болатындай етіп ұстап тұрып, газ поршенін көздеуіш қалыбының қуысына кіргізеді де ұңғы қорабының қайырмалары бекітпе жақтауының ойықтарына кіретіндей етіп бекітпе жақтауын ілгері жылжытады, оны сәл-пәл күштеп ұңғы қорабына қосады да, ілгері ұмсындырады.

4) Қайтармалы механизмді қосу. Оң қолмен қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасына кіргізеді, қайтармалы серіппені қысып, бағыттаушы өзекті ілгері итереді де, біршама төмен түсіріп, оның өкшесін ұңғы қорабының бойлық ойығына кіргізеді.

5) Ұңғы қорапшасының қақпағын қосу. Ұңғы қорабының алдыңғы шетімен көздеу қалыбындағы жартылай шеңбер ойыққа кіргізіледі, қақпақтың артқы шетін оң қолдың алақанымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің шығыңқысы ұңғы қорабының қақпағының ойығына кіретіндей етіп алға және төмен ұмсындырады.

6) Шүріппені ұрыстың қайырмасынан босатып, сақтандырғышқа қою. Ағытқыш ілмекті басып, ауыстырғышты тірелгенге дейін жоғары көтереді.

7) Автоматқа ұңғылы-тежеуіш компенсаторды, пулеметке — жалын сөндіргішті қосу. Дүмді тежеуіш-компенсаторды қарауыл бойындағы шығыңқы бөлікке тірелгенше бұрайды. Егер ұңғылы тежеуіш-компенсатордың (жалын сөндінгіштің) саңылауы орнықтырғышқа сәйкес келмесе, ұңғылы тежеуіш-компенсатор ұңғысына немесе жалын сөндіргішті саңылау орнықтырғышқа орналасқанша айналдырады (бір айналымнан артық емес)

8) Сүмбіні қосу.

9) Пеналды дүм ұясына салу. Сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты пеналға салып, қақпағын жабады да, пеналды түбімен дүм ұясына қақпақша жабылатындай етіп кіргізеді. Жиналмалы дүмді автоматта пенал оқжатарға арналған сөмке қалтасына салынады.

10) Оқжатарды автоматқа қосу. Автоматты сол қолмен дүм мойыншасынан немесе шетмойыннан ұстап тұрып, оң қолмен оқжатардың ілгішін ұңғы қорабының терезесіне енгізіп, оқжатардың ілмегі оқжатардың тірек шығыңқысынан асатындай етіп өзіне бұрады.

в) Қорытынды бөлім — 10минут.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

- Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу не үшін жүргізіледі?

- Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуді ретімен айтып беріңдер.

- Автоматты толық емес бөлшектеудің пулеметті толық емес бөлшектеуге қарағанда қандай ерекшелігі бар?

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности