link11808 link11809 link11810 link11811 link11812 link11813 link11814 link11815 link11816 link11817 link11818 link11819 link11820 link11821 link11822 link11823 link11824 link11825 link11826 link11827 link11828 link11829 link11830 link11831 link11832 link11833 link11834 link11835 link11836 link11837 link11838 link11839 link11840 link11841 link11842 link11843 link11844 link11845 link11846 link11847 link11848 link11849 link11850 link11851 link11852 link11853 link11854 link11855 link11856 link11857 link11858 link11859 link11860 link11861 link11862 link11863 link11864 link11865 link11866 link11867 link11868 link11869 link11870 link11871 link11872 link11873 link11874 link11875 link11876 link11877 link11878 link11879 link11880 link11881 link11882 link11883 link11884 link11885 link11886 link11887 link11888 link11889 link11890 link11891 link11892 link11893 link11894 link11895 link11896 link11897 link11898 link11899 link11900 link11901 link11902 link11903 link11904 link11905 link11906 link11907 link11908 link11909 link11910 link11911 link11912 link11913 link11914 link11915 link11916 link11917 link11918 link11919 link11920 link11921 link11922 link11923 link11924 link11925 link11926 link11927 link11928 link11929 link11930 link11931 link11932 link11933 link11934 link11935 link11936 link11937 link11938 link11939 link11940 link11941 link11942 link11943 link11944 link11945 link11946 link11947 link11948 link11949 link11950 link11951
Zamanhanova Almagul
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Kazakhstan
Регион:не указан
Ашық сабақ "Батыс Еуропа елдері"

Дәріс жоспары

Пәні: Жағрафия

Дәрістің өткізілген күні: 09. 12. 2014 ж.

Топ: Д — 9 — 12к

Дәрісхана: 401

Тақырыбы: Батыс Еуропа елдері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Тақырыптың мазмұнын түсіндіру, оқушыларға батыс еуропа елдеріне жататын елдерді түсіндіру, басылымдарда жарияланған зерттеулермен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісі мен іскерлік қабілеттерін дамыту, білім деңгейін көтеру.

Тәрбиелік: Қоғам алдындағы жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу, құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастыру, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгеру

Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, буклет, оқулық, тест, сөзжұмбақ, дүниежүзі картасы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру;

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау;

ІІІ. Жаңа сабақ;

ІV. Жаңа сабақты пысықтау;

V. Қорытынды;

VІ. Бағалау;

VІІ. Үй тапсырмасы.

Үй тапсырмасын сұрау:

  1. Дүниежүзілік сауда
  2. Дүниежүзілік сауда міндеттері
  3. Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі (Слайд1,2,3)

Батыс Еуропа елдері

Батыс Еуропа елдері - Париж келісімінің (1954 жылы) шешімдеріне сәйкес

1955 жылы құрылған әскери-саяси одақ. Штаб-пәтері - Брюссельде (Бельгия).

Құрамына Бельгия, Ұлыбритания, Ирландия, Люксембург, Нидерланд,

Грекия, Франция, ГФР, Испания, Португалия және үш мүдделес қосалқы (ассоциациялық) мүше - Түркия, Норвегия, Исландия, олардан басқа бақылаушы бес мемлекет — Ирландия, Дания, Австралия, Швеция, Финляндия енеді. Батыс Еуропа Одағы қызметі кеңесшілік сипатта. Оған мүше елдердің басым көпшілігі әрі НАТО әрі Еуропа одағының мүшелері.

Батыс Еуропа Одағы космос ракеталарын жедел игеріп, жердің жасанды серіктерін жасау, одақ қарулы күштерін құрып, оны атом қаруымен жарақтандырып, НАТО қарулы күштерінің қарамағына беру саясатын жүргізді. 1984 жылдан бастап жылына екі рет Батыс Еуропа Одағына мүше елдер өкілдерінің кездесулері шақырылады. 1991 жылы желтоқсандағы

Маастрихт декларациясы Еуропа одағымен Батыс Еуропа Одағы арақатынасын айқындаса, 1995 жылы мамырда Лиссабон кездесуінде одақтың қарулы күштеқорғаныс министрлері де қатысады. Тұрақты кеңесте елшілер күнделікті жұмыспен айнрі әлуетін көтеру мәселелері қарастырылған. Батыс Еуропа Одағының Бас органы - Кеңес, сессиясына сыртқы істер министрлері, қажет жағдайда алысады. Бас секретариат одақтың барлық органдарының қызметін үйлестіреді. (Слайд 4)

Батыс Еуропа елдері: Ұлыбритания, Франция, Германия, Швейцария, Бельгия, Ирландия, Нидерланды, Австрия.

Ұлыбритания (Great Brіtaіn), Британия, Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі (Unіted Kіngdom of Great Brіtaіn and Northern Ireland) — Еуропаның солтүстік-батысында, Британ аралдарында (ең ірісі — Ұлыбритания), Ирландия аралының солтүстік-шығыс бөлігі мен ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Құрлықтан Ла-Манш (Ағылшын каналы) және Па-де-Кале (Дувр) бұғаздары арқылы бөлінген. Аум. 244, 11 мың км2. Халқы 60,3 млн. (2004), астанасы — Лондон (7 млн.). Халқының 80%-ына жуығы ағылшындар, 15%-ы шотландтықтар, уэльстіктер (валлиялықтар) мен ирландықтар, 5%-ға жуығын Британ Достастығы елдерінен келген иммигранттар құрайды. Ағылшындар англикан мемл. Шіркеуі нанымдарын ұстанса, шотландтықтардың басым бөлігі — пресвитериандар, ирландықтар, негізінен католиктер, қалғандары ислам, т.б. діндерді ұстанады. Ұлыбританияда халықтың 89,4%-ы қалаларда тұрады. Ұлыбритания Біріккен Корольдігі атауына қарамастан федерация емес, унитарлық мемлекет — парламенттік монархия болып табылады. Елдің жеке Конституциясы жоқ. Ұлыбританизаңдары көп ғасырлық конституция, дәстүрлер мен Жоғарғы сот органдарының (прецеденттердің) шешімдеріне негізделген. Мемлекет басшысы — монарх, сот жүйесінің басшысы, жоғарғы басқолбасшы болып табылады. Қазіргі патшайымы (королева) — Елизавета II (1952 жылдан). Жоғары заң шығарушы органы — екі палатадан (қауымдар және лордтар) тұратын парламент. Парламент құрамына патшайым да кіреді. Атқарушы билік премьер-министрдің қолында. Ресми тілі — ағылшын тілі. Ақша бірлігі — фунт-стерлинг. Ұлттық мерекесі — патшайымның туған күні (маусым айының екінші сенбісі). (Слайд 5,6)

Франция — Батыс Еуропадағы ең ірі мемлекет, жерінің ауданы жағынан ол Ұлыбританиядан екі есе үлкен. Францияның құрамына Корсика аралы, Жерорта теңізі мен Бискай шығанағындағы ұсақ аралдар енеді. Француз одағы деп аталатын бірлестікке бес шалғай департамент

(Кариб теңізі алабындағы Гваделупа, Мартиника, Оңтүстік Америкадағы Гвиана, Үнді мұхитындағыРеюньон, Атлант мұхитындағы Сен — Пьер мен Микелон) және т.б. жатады. Жалпы ауданы 127 мың км2 болатын бұл иелікте 1,5 млн адам тұрады. Француздар өз елін «гексагон» (алтыбұрыш) деп атайды. Еуропаның батысында орналасқан елдің негізгі аумағының

құрылықтағы шекаралары солтүстікте Бельгия мен Люксембург, шығыста Германия мен Швейцария, ал оңтүстік — шығыста Италия және Монакомен, оңтүстік — батыста Испания және Андоррамен шектеседі. Еуропалық Одаққа енетін дамыған мемлекеттердің аралығында орналасуы Францияның еуропалық біртұтас қарым — қатынастарының дамуына оң әсер етеді.

Францияның теңіздік шекаралары Жерорта теңізі, Бискай шығанағы және Ла-Манш бұғазы бөліп тұр. Жағалауларында кеме тоқтайтын қолайлы қойнаулардың болуы Францияның ежелден — ақ теңіз көлігінің дамуына және Еуропа ғана емес, басқа дүние бөліктерінде орналасқан елдермен де сыртқы сауда экономикалық қатынастар орнатуына алғышарт болды. Франция мемлекеттік құрылымы жөнінен унитарлы республика болып табылады, әкімшілік — аумақтық бөлінісі жағынан 96 департаменттен тұрады. 1958 жылы генерал Шарль де Голль елде мемлекетті басқарудың жаңа үлгісі — Бесінші республиканы орнатты. Франция республикада президенттің айрықша зор өкілеттілігі бар,ол елдің сыртқы саясатына қатысты мәселерді шешеді. Президент тағайындаған премьер — министр үкіметті басқарып, елдің ішкі жағдайына толығымен жауап береді. Елдегі заң шығарушы орган — екі палатадан сенат және ұлттық жиналыс тұратын парламент. (Слайд 7,8)

Швейца́рия (нем.Schweiz, фр.Suisse, итал. Svizzera, ромш.Svizra), ресми атауы — Швейцария Конфедерациясы (нем. Schweizerische

Eidgenossenschaft, фр. Confédération suisse, итал. Confederazione Svizzera, ромш. Confederaziun svizra) — Орталық Еуропадағы мемлекет. Солтүстігінде Германиямен, батысында Франциямен, оңтүстігінде Италиямен,

шығысында Австрия және Лихтенштейнмен шектеседі. Халқы 7,3 млн. (2001), оның 65%-ы — неміс тілді швейцарлар, 18%-ы — француз тілді швейцарлар, 10%-ы —италиян тілді швейцарлар, 1%-ы — реторомандықтар, т.б. Дінге сенушілердің 50%-ы католиктер, 48%-ы протестанттар. Астанасы — Берн қаласы. Негізгі қалалары: Цюрих, Женева, Лозанна, Санкт-Галлен, Базель. Швецария — федеративтік парламенттік республика. Мемлекет басшысы — Президент, жоғарғы заң шығарушы органы — екі палаталы Федералдық жиналыс (Ұлттық кеңес пен кантондар кеңесі). Мемлекеттік тілі — неміс, француз, италиян тілдері. Ұлттық мейрамы — Конфедерацияның негізі қаланған күн, 1 тамыз (1291). Швейцария — Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымның, Еуропалық кеңестің (1963) мүшесі. Ақша бірлігі — швейцария франкі. (Слайд 9,10)

Германия Республикасының елордасы және мемлекеттік құрылымдары орналасқан жері — Берлин қаласы болып табылады. 82 млн халқы бар Германия мемлекеті — әзірше Еуропадағы халқы санынан ең ірі мемлекет. Еуропа Одағының ірге қабырғасын қалаған мемлекет Еуропаның көшбасшы мемлекеті міндетін атқарып отыр. Германия — федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы — конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Федералдық президенті Кристиан Вульф, ол 2010 жылдың 2 шілдесінде сайланған. Германия парламенті екі палатадан — Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады. Бундесратты жер үкіметі өкілдерінің 68 мүшесі құрайды. Егер федералдық президент болмаған немесе ол өзінің міндетін атқаруды мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда мемлекет басшысының міндеті Бундесрат төрағасына көшеді. Ал Бундестаг төрт жыл мерзімге жасырын дауыс беру арқылы сайланған 603 депутаттан тұрады. Атқарушы билік — федералдық үкіметтің құрамына германдық Бундестагта сайланған Федералдық канцлер мен федералдық министрлер кіреді. Федералдық канцлер мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайды. Алмания қазіргі Федералдық канцлері — Ангела Меркель. (Слайд 11,12)

Бельгия Бельгия Корольдігі — Батыс Еуропадағы мемлекет. Жері — 30,5 мың км2. Халқы — 11 млн. адам (2007). Астанасы — Брюссель (1 млн.) Ірі қалалары: Антверпен, Гент, Шерлеруа, Льеж. Әкімшілік жағынан он провинцияға бөлінеді. Ресми тілдері — француз, нидерланд (фламанд) және неміс. Негізгі діні — католик (70%). Ислам дінін 200 мыңдай адам ұстанады. Ақшасы — бельгия франкі. Ұлттық мейрамы — жиырма бірінші шілде (Леопольд Біріншінің парламентке конституцияны құрметтеуге ант берген күні) мен он бесінші қараша (король әулетінің 1866 ж. таққа отырған күні). Бельгия — конституциялық монархия. Қазіргі конституциясы 1831 ж. қабылданып, оған бірнеше рет өзгерістер енгізілді. Мемлекеттік басшысы — король. Заң шығару билігін король мен парламент жүргізеді. Парламент — өкілдер (150 депутат) және сенат (71 мүше) палаталарынан тұрады. Атқарушылық билікті парламенттің алдында жауап беретін үкімет жүзеге асырады. Провинцияларды король тағайындайтын губернаторлар басқарады. Бельгия жерінің жазықтығымен, жылы климатымен ерекшеленеді. Арденн тауы Бельгияның оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатыр. Ең биік жері — Ботранж шоқысы (649 м). Қаңтардағы орташа температура 3 ӘС, шілдеде 18 — 19 ӘС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 700 — 900 мм, Арденн тауында 1250 мм. Басты өзендері: Маас және Шельда. Өзендер бір-бірімен каналдар арқылы жалғасқан. Бельгия жерін марал, елік, қабан, орман мысығы мен құндыз, құстардан қырғауыл, құр, т.б. мекендейді. (Слайд 13,14)

ГолландияНидерланд патшалығы (бейресми атауы — Голландия) — Еуропадағы мемлекет. Нидерландының солтүстік және батыс бөлігі Солтүстік http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%BE%D0%BB%D1%82%D2%AF%D1%81%D1%82%D1%96%D0%BA_%D1%82%D0%B5%D2%A3%D1%96%D0%B7%D1%96

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности