link14760 link14761 link14762 link14763 link14764 link14765 link14766 link14767 link14768 link14769 link14770 link14771 link14772 link14773 link14774 link14775 link14776 link14777 link14778 link14779 link14780 link14781 link14782 link14783 link14784 link14785 link14786 link14787 link14788 link14789 link14790 link14791 link14792 link14793 link14794 link14795 link14796 link14797 link14798 link14799 link14800 link14801 link14802 link14803 link14804 link14805 link14806 link14807 link14808 link14809 link14810 link14811 link14812 link14813 link14814 link14815 link14816 link14817 link14818 link14819 link14820 link14821 link14822 link14823 link14824 link14825 link14826 link14827 link14828 link14829 link14830 link14831 link14832 link14833 link14834 link14835 link14836 link14837 link14838 link14839 link14840 link14841 link14842 link14843 link14844 link14845 link14846 link14847 link14848 link14849 link14850 link14851 link14852 link14853 link14854 link14855 link14856 link14857 link14858 link14859 link14860 link14861 link14862 link14863 link14864 link14865 link14866 link14867 link14868 link14869 link14870 link14871 link14872 link14873 link14874 link14875 link14876 link14877 link14878 link14879
Дауталинова Зинегуль Байкасыновна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Жай бөлшектерді қосу мен азайтуға есептер шығару

Сабақтың тақырыбы: Жай бөлшектерді қосу мен азайтуға есептер шығару.

Білімділік мәні: Жай бөлшектерді қосу мен азайту тақырыбынан алған білімдерін жинақтап, қорыту.

Тәрбиелік мәні: Математика сабағында экологиялық тәрбие жолдарын көрсету, табиғатқа, барлық тіршілікке сүйіспеншіліктерін арттыру.

Дамыта оқыту: Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, есеп шығаруда өзіндік талдау, жинақтау жасауға, жеке жұмыста шапшаңдық танытуға, математикалық біліктерін ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын дамыту. Зерделеу, қиялын ұштап, білімін шыңдау.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап

Көрнекілік: Тақта, бор, оқулық, карточкалар, ағаш, күн, судың суреттері.

Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болғалы тұр.Табиғатқа саяхатқа шығамыз. Табиғат — адам баласының тіршілік тынысы, әрі таусылмас қазынасы. Адам табиғаттың туындысы ретінде біте қайнасып, өміріне қажетті азық қорын алады. Қазіргі кезде табиғатты қорғау туралы маңызды құжаттар қабылданып, оның ғылыми негіздері қаланды.

Экология — грек тілінен аударғанда «мекен еткен табиғи орта туралы білім» деген мағынаны білдіреді. Шынында да экология қоршаған ортаның тазалығын сақтау, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады.Егер біз байыптап қарасақ, адам баласы ерте кезден бастап-ақ өзінің тұрған мекенін таза ұстаған. Үйінің айналасына тал егіп, ауласының, көшесінің тазалығына көңіл бөлген. Экология ғылымының мақсаты — барлық тіршілік атаулының табиғи ортасын тұрақтандыру, бүлінуге, ластануға жол бермеу, табиғат қорларын тиімді пайдалану, болашақ ұрпақтың салауатты өмір сүретін ортасын қалыптастыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Күн — табиғат сыйының бірі. Халық: «Күн қай жерге аз түссе, сол жерде адамдар жиі ауырады», - дейді. Күн шуағы көптеген аурудың тууының алдын алады. Ендеше күннің тапсырмасына жауап берсек, біз де ауру-сырқаудан аман боламыз.

Сұрақ: 1. Бөлімдері бірдей жай бөлшектерді қалай қосамыз (аламыз)?

a b a+b a b a-b

m m ¯ m m m ¯ m

2. Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қалай қосамыз (аламыз)?

a c ad+bc a c ad-bc

b d bd b d bd

ІІІ. Есеп шығару.

«Бір тал жұлсаң, он тал ек» дейді дана халқымыз. Себебі ағаштар ауаны көмір қышқыл газдан тазартып, оны оттегіне айналдыру қызметінің қайнар көзі. Бұл адам денсаулығына жағымды әсер етеді. Ендеше бүгінгі біздегі алма ағашының тәтті жемісінен дәм татып көрелік. Алмалардың артында берілген тапсырмаларды орындаймыз. № 438 есеп (1-4).

3a2 _ 3a 3a2

a2-1 1+a (а-1)(а+1)

Сергіту сәті.(Бір-біріне жеміс-жидектің атын атап, сыйға тарту).

Дүние жүзілік су қорының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Республика аумағындағы өзен-көлдердің ластануы көбінесе өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай-газ өндіретін жерлерде жаппай сипат алуда.Өзендердің ішінде Ертіс су алабы Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты, Риддер қорғасын зауыты, Березов кені, Зырян зауыттары пайдаланған ақаба судың құйылуымен ластануда. Іле — Балқаш алабы суының сапасы да мәз емес. Мұндағы ластағыш заттар — ауыр металдар, мұнай өнімдері мен фенолдар. Балқашмыс бірлестігі, Балқаш балық өнеркәсібі, Сарышаған зымыран полигоны т. б. руда комбинаттары Балқаш көліне мыңдаған тонна зиянды заттарды төгуде. Каспий теңізіндегі мұнайды өндіруге байланысты және теңіз деңгейінің табиғи көтерілуі елдің экологиялық тыныс-тіршілігін шиеленістіріп отыр.

Су ресурстарының биологиялық ластануы Арал аймағы мен Батыс Қазақстанда да жиірек ұшырасуда.

Қазақстанның су ресурстарының сапасын жақсарту және қорғау шараларын жүзеге асыру бағытында мемлекет тарапынан көптеген істер жүргізілуде. Соңғы жылдары кәсіптік балықтар, бағалы қара уылдырық пен бекіре тұқымдас балықтардың азайып кетуі тіркелді.

Енді біздің аквариумдағы балықтардың тапсырмасын дұрыс орындасақ, олардың азаюына жол бермегендігіміз деп білейік. № 439 есеп.

ІV. Қорытынды.

Сөзжұмбақ шешу:

1. а

2.

л

3. г

4.

е

5.

б

6.

р

7. а

1) Ауаны көмірқышқыл газынан тазартып, оны оттегіне айналдырады.

2) «Қызыл кітапқа» кірген, саны азайып бара жатқан жануар.

3) Ауа құрамы.

4) Полигон зардабын көріп отырған аймақтардың бірі.

5) Алтынемел, Қарқаралы, Баянауыл ұлттық-табиғи … .

6) Еліміздегі ерекше қорғалатын аумақтардың бірі.

7) Қазақстандағы экологиялық апат аймақтарының бірі.

Табиғатты қорғау дегеніміз — тірі және өлі табиғатты қорғау, тиімді пайдалану және қалпына келтіру жөніндегі шаралар кешені. Әрбір мемлекеттің, ұлттың табиғат қорғау барысында ежелден қалыптасқан салт-дәстүрлері бар. Олардың негізін қалаушы ата-бабаларымыздың ой-өрісінен туындаған аңыздар мен ақиқаттар - өмір тәжәрибелері.

Сондықтан түз тағысы киікті «киелі», жер мен суын «қасиетті» деп жас ұрпағына түсіндірген ата-бабамыз табиғаттың қадіріне жете білген. Шұрайлы жайылымын, орман-тоғайын, өзен-көлін пайдаланып әрі оны қорғауды мақсат еткен.

Табиғат қорғаудағы басты мақсат — оның байлығын тиімді пайдалана отырып, болашақ ұрпаққа қаз-қалпында жеткізу. Ол үшін, біз табиғат қорларын жете білуіміз қажет.

V. Бағалау.

VІ. Үй тапсырмасы: № 440есеп.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности