link9576 link9577 link9578 link9579 link9580 link9581 link9582 link9583 link9584 link9585 link9586 link9587 link9588 link9589 link9590 link9591 link9592 link9593 link9594 link9595 link9596 link9597 link9598 link9599 link9600 link9601 link9602 link9603 link9604 link9605 link9606 link9607 link9608 link9609 link9610 link9611 link9612 link9613 link9614 link9615 link9616 link9617 link9618 link9619 link9620 link9621 link9622 link9623 link9624 link9625 link9626 link9627 link9628 link9629 link9630 link9631 link9632 link9633 link9634 link9635 link9636 link9637 link9638 link9639 link9640 link9641 link9642 link9643 link9644 link9645 link9646 link9647 link9648 link9649 link9650 link9651 link9652 link9653 link9654 link9655 link9656 link9657 link9658 link9659 link9660 link9661 link9662 link9663 link9664 link9665 link9666 link9667 link9668 link9669 link9670 link9671 link9672 link9673 link9674 link9675 link9676 link9677 link9678 link9679 link9680 link9681 link9682 link9683 link9684 link9685 link9686 link9687 link9688 link9689 link9690 link9691 link9692 link9693 link9694 link9695 link9696 link9697 link9698 link9699 link9700 link9701
Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Ижевск
Жер- біздің ортақ үйіміз
Автор:Турысбекова Анель, ученица 5 «А» класса

Специализированной гимназии для одаренных детей

г.Аксу Павлодарской области, Казахстан

Руководитель: Баядилова Асем Канатовна

Жер- біздің ортақ үйіміз

Жер- біздің ортақ үйіміз. Барлық ғаламшарлардың ішінде Жер шары ең әдемі,ең бай,өмір сүруге ең қолайлы планета.Жерді адамдар, құстар, жан- жануарлар мекен еткен.
Жердің 79% судан тұрады. Жер бетінде тек адамдар мен жануарлар ғана емес, өсімдіктер де өмір сүреді. Жер бетіндегі тіршілік адамдар мен табиғатқа ортақ. Демек табиғат пен адамдардың өмірі бір-біріне тікелей байланысты. Жердің байлығын, табиғатын, жан-жануарларын дұрыс пайдаланбасақ, қорғамасақ, жер бетіндегі тепе-теңдік бұзылады, тіршілікке нұқсан келеді. Жер, су, Күннің жылуы, ауа - тіршілік көздері болып табылады. Сондықтан осы тіршілік көздерін ластамай,бекер ысырап етпей, аса сақтықпен пайдалана білуіміз керек. Зауыттан шыққан қалдықтар, түрлі қоқыстарды өртеу, машиналардан шыққан зиянды газдар және абайсызда шыққан өрт ауаны ластайды. Кейбір жануарлар мен құстар және өсімдіктер жойылып кетудің алдында тұр. Сондықтан оларды Қызыл кітапқа енгізген. Осы Қызыл кітапқа енген аңдар мен құстар, өсімдіктер мемлекеттік қорғауға алынған. Өйткені оларды қорғамаса , олар жер бетінен мәңгі жойылып кетеді.
Мен Қазақстанда тұрамын. Қазақстан ең ірі мемлекеттердің бірі болып табылады. Қазақстанның көркеюіне бүкіл ел болып ат салысуда. Қазақстанның келешегі онда тұрған халыққа тікелей байланысты. Әрбір адам бір мүдде, бір бағыт, бір мақсатқа жұмыла еңбек етсе, еліміздің болашағы сөзсіз жарқын болады.
Қазақстан - көп ұлтты мемлекет. Онда көптеген ұлттың өкілдері бейбіт қатар өмір сүруде. Олар бір - біріне дос, бауыр, жолдас. Қазақ елі, жері барлық жағынан бай. Елінің ынтымағы жарасқан. Жерінің қойнауы толған кен, жайлауы толған мал, даласы толған егін. Сәні мен салтанаты ерекше. Қазақ жерінің байлығы көз тұндырады. Сондықтан ертеде оның жаулары да көп болған. Бөгенбай, Қабанбай, Қарасай, тағы сол сияқты көптеген батырларының арқасында ұлтарақтай жерін де ешкімге бермей, білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғап қалған. Осының бәрін олар келешектегі ұрпақ қамы үшін жасаған. Сол сияқты, киелі қазақ жері әулиелерімен де атағы шыққан. Мысалы: Семейдегі Қоңыр әулие , Жетісудағы Балпық әулие ,Ескелді әулиелердің кесенелері, Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан баб кесенелері, Жамбыл облысынды Айшабибі кесенесі соның айғағы.
Қазақстан көлдер мен өзендерге де бай. Атақты Ертіс, Іле, Шу,Есіл,Жайық өзендері де Қазақстанның жерін басып өтеді. Сонымен қатар атақты Балхаш, Алакөл, Бурабай, Жасыбай сияқты көлдері бар. Арал теңізі, Каспий теңізі тулаған балықтарымен елге әйгілі. Жердің көркі болған атақты Көкшетау, Алатау, Қаратау, Тарбағатай, Алтай, Баян тауларының қойнауы пайдалы қазбаларға толы. Қарағанды мен Екібастұздың көмірі, Маңғыстау мен Ақтаудың мұнайы еліміздің таусылмас қазынасы болып табылады. Осының бәрін өз орнымен пайдаланып, табиғатын аялап сақтау, келешек ұрпақтың қолына табыстау - біздің негізгі міндетіміз.
Ерінбей еңбектеніп, елімізді гүлдендіріп, атағын бүкіл әлемге әйгілеуіміз керек деп ойлаймын. Қазақстан алдыңғы қатарлы елдердің қатарында болады деп сенемін. Сол үшін өзімнің қолымнан келгеннің бәрін жасауға дайынмын. Өйткені мен өз Отанымды, өз елімді,өз жерімді,өз ғаламшарымды, оны мекен еткен бүкіл адамдар мен табиғатты сүйемін!

Павлодар облысы Ақсу қаласының дарынды балаларға

арналған мамандандырылған гимназиясының 5 сынып

оқушысы Турысбекова Анель



Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности