link13230 link13231 link13232 link13233 link13234 link13235 link13236 link13237 link13238 link13239 link13240 link13241 link13242 link13243 link13244 link13245 link13246 link13247 link13248 link13249 link13250 link13251 link13252 link13253 link13254 link13255 link13256 link13257 link13258 link13259 link13260 link13261 link13262 link13263 link13264 link13265 link13266 link13267 link13268 link13269 link13270 link13271 link13272 link13273 link13274 link13275 link13276 link13277 link13278 link13279 link13280 link13281 link13282 link13283 link13284 link13285 link13286 link13287 link13288 link13289 link13290 link13291 link13292 link13293 link13294 link13295 link13296 link13297 link13298 link13299 link13300 link13301 link13302 link13303 link13304 link13305 link13306 link13307 link13308 link13309 link13310 link13311 link13312 link13313 link13314 link13315 link13316 link13317 link13318 link13319 link13320 link13321 link13322 link13323 link13324 link13325 link13326 link13327 link13328 link13329 link13330 link13331 link13332 link13333 link13334 link13335 link13336 link13337 link13338 link13339 link13340 link13341 link13342 link13343 link13344 link13345 link13346 link13347 link13348 link13349 link13350 link13351 link13352 link13353 link13354 link13355
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Сан есімді қайталау

Қазақстан Республикасы,Қостанай облысы,Сарыкөл ауданы,Соналы ауылы
"Сарыкөл аудандық әкімдігі білім бөлімінің Соналы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бастауыш сынып мұғалімі
Бектембетова Зина Тасқалиқызына

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушылардың өткен сабақтан алған білімдерін түрлі ойындар, көрнекіліктер пайдалана отырып, білім деңгейлерін анықтау.

Дамытушылық:Жаңа оқыту технологиясының түрлі әдістерін пайдалана отырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білу, байқампаз іскерлігін, шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, оны қорғауға, отанды сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Кубизм (Текше), «Қызғалдақ», «Бәйшешек», «Жауақазын» топтардың аты, ойындар «құстарды қарсы алу», «Күннің көзін бұлттан ашайық», ребус, қызыл, жасыл, көк дөңгелектер, жарнама, айран , құрт, сабын.

Сабақтың түрі: Ойын, жарыс сабағы.

Сабақтың тәрбиелік ұраны: «Ағаш-өмір

Білім-жапырақ»

Сабақтың барысы:

Қызығушылықты ояту:

  1. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Психологиялық дайындық.

- Қазір қай сабақ?

- Қазір қазақ тілі сабағы.

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

2. Психологиялық дайындық

Қол ұстасып өзіңе, достарыңа, сабаққа сәттілік тілеу.

«Қуанамын мен де, (өзін көрсетеді)

Қуанасың сен де, (жанындағы досын көрсетеді),

Қауанайық, достарым (бір-бірінің қолдарын ұстайды)

Арайлап атқан күнге! » (қолдарын жоғары көтереді)

-Бүгін сабағымыз ерекше, сан есімді қайталауға ойын, жарыс сабағы.

Әр топ өз аттарын анықтайды, топ жетекшілерін сайлайды.

-Кәне, ойынға дайынбыз ба?

  1. «Кубизм» әдісі . Сынақ (тест)
  2. Берілген сан есімдерден реттік сан есімдерді тап:

Бір, тоғызыншы, мың, он бірінші, жиырма, бес, отыз үшінші, жетпіс тоғыз.

2. Мақал-мәтелдердің ішінен сан есімді тауып, сұрақ қой?

«Ер бір рет өледі, қорқақ мың рет өледі»

«Жеті рет өлшеп, бір рет кес»

«Жігіт адамға жетпіс өнер де аз»

3. Санамақты оқып, шешуін тап. Қанша? Нешеу? Сұрақтарына жауап беретін сан есімді ата.

Торғай нешеу?

Талдан ұшты топ торғай,

Емес бірақ көп торғай.

Алдында оның бастаушы,

Артында төртеу- қостаушы.

4. Мәтіннен реттік сан есімдерді атап шық.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан республикасының Тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды. 1993 жылы 15 қарашада мемлекетіміздің ұлттық валютасы — теңге айналымға енді.

5. Өлеңдегі реттік сан есімдерді есептік сан есімге айналдыр.

Бірінші батыр — Бекен батыр,

Екінші батыр — Елен батыр,

Үшінші батыр — Үкен батыр,

Төртінші батыр — Төлен батыр,

Бесінші батыр — Бөкен батыр.

6. Мәтіннен сан есімдерді тауып, түріне қарай ажырат.

Біздің планетамыз Жер Күнді айналады. Оның бір емес, сегіз көршісі бар. Демек, Күнді тоғыз планета айналып жүреді.

2.Шығармашылық жұмыс

«Құстарды қарсы алу» ойыны

  1. «Қарлығаш» Сөздерден сөйлем құрап жаз. Сан есім тауып астын сыз.

Торғай, отыр, тоғыз, бұтақта.

  1. «Қараторғай» Сан есімді тап

Теңгеге, сатып, жүз, Ертай, кітап, алды.

  1. «Ұзақ» Сөздерден сөйлем құрап жаз. Сан есім тауып астын сыз.

Сағатына, құстар, жұз, ұщады, қашықтыққа, километр.

- Құстардың пайдасы неде?

- Құстар туралы қандай тыйымдар білесіздер?

1.Құстың ұясын бұзба!

2.Құстың жұмыртқасын жарма!

3.Құсты айыр ағашпен атпа!

3.«Күннің көзін бұлттан ашайық!»

  1. Бұлт тапсырмасы

Биылғы жылды, айды, күнді жазумен жаз.

  1. Бұлт тапсырмасы

Өтірік өлеңді оқы. Ондағы сандарды сөздермен жаз.

50 метр есіктен,

Еңкеюмен шақ кірдім.

100 қасқырды өшіккен,

1 қозыға бақтырдым.

3.Бұлт тапсырмасы

Берілген сөздердің ішінен сан есімді теріп жаз

Он сегіз, он, жиырма, отыз үш, жүз он бес, жеті, төрт.

4.Қызықты тапсырма.

1.Ребусты шеш.

100 гіш 100ім 100лік

2.Мына сөздерге лайықты сөздерді қай қатар тез айтады екен?

Бес асым, ьір жұтым, бір ауыз, бір шымшым, бір шөкім, бір жайым қамыр, су, өлең

3.Сан есімнен басталатын ән аттарын атандаршы.

«Бір бала», «Жиырма бес», «Он алты қыз», «Бір қошақан».

5.Сергіту сәті

Ұзын мұртты құмырсқа

Келе жатты жұмысқа

Алды допты қолына

Қойды допты орнына

Оңға қарады,

Солға қарады.

Үлкен доп деи ойлады.

6.Жұмбақтар.

вот.

  1. Екі пышақ бірлесіп,

Кесіп, пішіп береді.

Екеуі бір жүрмесе,

Жоқ қой бізге керегі. (Қайшы)

  1. Отыз екі — бәрі алып,

Тұрар іште қамалып.

Ашылғанда қос есік,

Көрінеді ағарып.(32 тіс және ерін)

  1. Бір шеңберді, бір шеңбер,

Көтеріп тұр білесіңдер. (сегіз)

7.Жарнама.

I топ Айран.

Мынау Бақанаста шығарылған айран. Бұл сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайдасы зор. Спрайт ішкенше, осы айранды сатып ішуіміз керек. Өзі арзан, өзі дәмді.

II топ Құрт.

Мыну сиырдың сүтінен жасалған құрт. Оның тіске пайдасы көп. Ол тісті қатайтады. «Орбит» алғанша осы құртты сатып алған тиімді.

III топ Бұл «Бота» деген сабын.

Өзіміздің жерде өсетін әр түрлі шөптерден жасалған. Бұл сабынның пайдасы денедегі микробтарды жояды. Беті-қолды шаңнан тазартады. Осы сабынды пайдаланыңыздар өкінбейсіздер.

8.Ой толғаныс.

Жұмбақ құрастыру.

I топ Маса туралы.

II топ Айдаhар туралы.

III топ Қоян туралы.

Сабақты қорытындылау:

Өлең оқып, жұмбақ шешіп,

Дәптерге жазу түсірдік.

Соныменен сабақта,

Нені оқып үйрендік?

1.Сан есім дегеніміз не?

2.Сан есімнің сұрақтары қандай?

3.Сан есімнің түрлерін ата?

Сан

есім

4.Реттік сан есім дегеніміз не?

5.Есептік сан есім дегеніміз не?

Қосымша тест

Сан есім дегеніміз не?

А) Заттың атын білдіретін сөздер

Ә)Заттың санын білдіретін сөздер

Б)Заттың қимылын білдіретін сөздер

Сан есімнің түрлерін анықта?

А)есептік, реттік, дара, күрделі

Ә)қарсы мәндес, дара, күрделі

Б)келер шақ, осы шақ, өткен шақ

Сан есім қатарын көрсет?

А)бес, сана ұйықта

Ә)елу бес, жас, кәрі

Б) қырық, елу, мың

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности