link4080 link4081 link4082 link4083 link4084 link4085 link4086 link4087 link4088 link4089 link4090 link4091 link4092 link4093 link4094 link4095 link4096 link4097 link4098 link4099 link4100 link4101 link4102 link4103 link4104 link4105 link4106 link4107 link4108 link4109 link4110 link4111 link4112 link4113 link4114 link4115 link4116 link4117 link4118 link4119 link4120 link4121 link4122 link4123 link4124 link4125 link4126 link4127 link4128 link4129 link4130 link4131 link4132 link4133 link4134 link4135 link4136 link4137 link4138 link4139 link4140 link4141 link4142 link4143 link4144 link4145 link4146 link4147 link4148 link4149 link4150 link4151 link4152 link4153 link4154 link4155 link4156 link4157 link4158 link4159 link4160 link4161 link4162 link4163 link4164 link4165 link4166 link4167 link4168 link4169 link4170 link4171 link4172 link4173 link4174 link4175 link4176 link4177 link4178 link4179 link4180 link4181 link4182 link4183 link4184 link4185 link4186 link4187 link4188 link4189 link4190 link4191 link4192 link4193 link4194 link4195 link4196 link4197 link4198 link4199
Мир учителя
Должность:Администратор
Группа:Мир учителя
Страна:Страны СНГ
Регион:не указан
Арттағы сөзің мен ісің қалса

Год: 2012

Страна: Казахстан

Қызылорда облысы Әйтеке би кенті

№216 Қ.И.Сәтбаев атындағы орта

мектептің қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі Өтегенова Лиза

«Арттағыға сөзің мен ісің қалса»

Кештің мақсаты: Шәкәрім Құдайбердіұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні маңызына тоқталу.

Шәкәрім өлеңдерін нақыштап оқу дағдысын жетілдіре отырып, рухани танымын кеңейту.

Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктері: Түрлі түсті альбомдар, ақынның портреті, кітаптар бұрышы, көрініске құрал — жабдықтар, домбыра, плакаттар, шарлар.

Кештің барысы:

Жүргізуші: Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Өзіне - өзі орнатып ескерткішті

Мұра қып кейінгіге қалдырған кім?

Ерте оянып, ойланып, ер жеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Қажы боп, имандылық ізін салған,

Өмірін халқы үшін сарп қылған кім?

(Сахнаға Шәкәрім суреті түсіріледі)

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бұл кеш сүйікті ақынымз өз заманының озық ойлы, парасатты да білімдар азаматы, қазақ халқының тұлғалы таланттарының бірі, ұлы Абайдың мирасқоры ШГәкәрім Құдайбердіұлының 150 — жылдығына арналады. Шәкәрім мерекесі — халық мерейі боп, Шәкәрім биіктеген сайын қазақ та биіктей береді. Сол биіктен көз жазбау — біздің парызымыз да, қарызымыз. Қара өлеңнің алыбы, даланың дархан данасы Шәкәрім ата! Өзіңнің үміт күткен ұрпақтарың сіз туралы ойлап — толғап сыр шертпек, ұлы бабам! Туған топырағыңның торқасынан тұрып, бір сат болса да бізге орал, ортамызда бол!

Сахнаға Шәкәрім — оқушы шығады. «Адамдық борышың» өлеңі оқылады.

Жүргізуші:

Ақындық өнерді сән үшін емес, қарапайым қалықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтау үшін пайдалану қажет екеін түсінген Шәкәрім өзінің алғыш ірілі — уақты өлеңдерінде — ақ бай мен билердің, төрелердің елге жасағанқиянатын әшкерелейді. Халық мүддесін өз өлеңдеріне арқау етеді. Шәкәрім шығармаларының тақырыбы әр алуан. Ол бірлігі күшті елді, тасыған халық алдындағы азаматтық борышты, жалынды жастықты жырлады. Ендеше, Шәкәрімнің сондай жырларының бірнешеуін тыңдап көрелік.

Сахынаға Шәкәрім өлеңдерін жатқа айтатын оқушылар шығады. «Жолама қулар маңайға», «Жастарға», «Жасымнан жетік білдім», «Ашу мен ынсап», «Жапанда жалғыз жатып елден безіп» атты өлеңдері оқылады.

Жүргізуші:

«Абай шәкірттерінің ішінде көп жазғаны да, көп жасағаны да осы Шәкәрім. Ол әрі лирик, әрі эпик ақын, әрі прозазик, күйші, сазгер. Ол терең ойшыл, әрі бармағынан мөр тамған сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаз, үлкен мәдениет қайраткері» - деп Абай шәкірттерінің шығармашылығын түбегейлі зерттеп жүрген ғалым Қайым Мұхамеджанов айтқандай және де Шәкәрімнің баласы педагог, әрі ақын Ахат Құдайбердиевтің сөзіне сүйенсек , ақын өнердің басқа түрлеріне де зер салған. Аса шешендік, тапқырлықпен талай шиеленіскен дауға билік айтқан. Ою - өрнек сызып, тасқа бедер салған. Бойға қонымды, ықшам, әдемі киім үлгісін ойлап тауып, жеңгелеріне де киім пішіп берген, Өзі домбыра, скрипка, мандалина жасайтын шебер де болған. Жүйрік ат, қыран бүркіт, құмай тазы ұстап, аңшылық, саятшылық құрған және де күй жазуға да машықтарған. Олай болса, келесі кезекті Шәкәрім күйіне берсек.

Сахнада оқушы Шәкәрімнің «Ала байрақ» күйін орындайды.

Жүргізуші:

Шәкәрім — сәні мен сазын бүгінге дейін жоғалтпаған әуезді әндердің туындыгері, кеудесі күмбірлеген сазгер еді. Өнердің қоғамдық күшін, адам өміріндегі қызметін тереңдей көрсетуге ақынкөптеген өлеңдер жазған. Сол өлеңдері арқылы өзінің әдебиет туралы ойларының өлеңмен, әнмен, күймен байланысын көрсетеді.

«Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй…» - деп Абай атамыз жырлағандай келесі кезек әнге беріледі.

Сахнада оқушы Шәкәрімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнін орындайды.

Жүргізуші:

Шәкәрім — келешек ұрпағына өнеге - өсиеті мол туындылар қалдырған қаламы жүйрік жазушы болатын. Ол бір кездері өзі жазған дастандары жөнінде пьеса жассам деп армандаған екен. Сол арманы орындалып, ақын ойын кейін жазушы Мұхтар Әуезов жүзеге асырып «Еңлік - Кебек» пьесасын жазды.

Сахнада «еңлік - Кебек» пьесасынан үзінді қойылады.

Жүргізуші:

«Алдыңғының соқпағын артқы түзер» деп ойшыл Шәкәрім Құдайбердіүлы айтып кеткендей, қоғам өмірінде орын алған қателіктерді тарих өзі тезге салып, ақиқаттың үстемдігі орнады. Бес арысымыздың ортамызға оралып, әдебиетіміздің дамуына үлес қосқан тұлға таланттардың шығармашылығын тануға жол ашылды. Қазіргі таңда ақын шығармалары қайта жинақталып, мемлекет тарапынан қолдау көрсетіліп, ақын өлеңдерінің жинағы, энциклопедиясы жарыққа шықты. Шәкәрімнің жырлары ғасырлар бойына бір тұтанып, бір сөнген, сөйтіа қайта лауланған қазақ халқының өз жыры, өз сыры, бақ қонып, қызыр дарыған ақыны. Сондақтанда ұрпағының сырласындай, қимасындай халық пен поэзияның өзі секілді мәңгі жасай береді.

Өлмейсің мәңгілікке ғұлама ақын,

Себебі, жанашыр көп саған жақын.

Сөздерің жетелейді парасатқа,

Өмірің өнегелі жұртқа айқын

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Осымен Ш.Құдайбердұлының шығармашылығына арналған поэзиялық кешімізді жабық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет!

Скачать урок

Скачать файл: otegenova-liza.doc
Посмотреть онлайн файл:


Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности