Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Әкем, шешем және мен

Қазақстан, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы
М.Б.Ықсанов атындағы №36 ОЖББМ
Мектепалды дайындық тобының тәрбиешісі
Шарафутдинова К.И.

Мақсаты:

Оқушы мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып,спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру, ептілікке,төзімділікке,шапшандыққа тәрбиелеу.

Осы жарыс арқылы балалардың бойындағы еркшіліктерін ата-анасына көрсету

Түрі: Эстафеталық ойын.

Өтілетін орны: Мектеп спорт кешені.

Көрнекілігі: Доптар,шарлар, жалауша, кедергілер,шығыршық т.б.

Кіріспе сөз.

Құрметті мұғалімдер және ата-аналар,оқушылар бүгінгі «Әкем,шешем және мен.» атты отбасылық сайысқа қош келдіңіздер!

Жүргізуші:Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса,дені сау ұрпақ-ұлт болашағы болмақ.Әр отбасында отбасында ата-ана-шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді .Сондықтан ,бала өмірінде ата-ананың рөлі орасан зор.

Шықсаң шымыр боласың,

Сауығып айдай тласың.

Спортты серік ете біл,

Жақсы азамат боласың.

Жеңімпаз болу оңай ма,

Арман болған талайға.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Жарысқа түсіп қалайда.-деп ортаға қатысушыларды шақырамыз.

Ал,құрметті халайық!

Жарысты енді көріңдер,

Әділ қазы алқасы,

Әділ баға беріңдер!

Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық.

1.Бастауыш оқу ісінің меңгерушісі: А.Б.Сарсеналиева.

2.Тәрбие ісінің меңгерушісі: Ақтоты Қонысқызы.

3.Бастауыш сынып мұғалімі: Гаухар Абылайқызы.

Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады.

Сайыстың бағдарламасы:

1.Кедергілер арасымен жугіру.

2.Баланы киіндіріп,мектепке апару.

3. Ойыншықты жинау.

4.Кедергілер арасымен доп алып жүгіру.

5.Арқан тартыс.

Әр кезеңнен кейін әділқазылар өз бағаларын береді.

Құрметті сайыскерлер ! Сіздерге сәт сапар!

Сайысымызды бастаймыз.

«Қайсар»тобын ортаға шақырамыз.

Топтың ұраны:Бәріміз біріміз үшін,Біріміз бәріміз үшін.

«Жасұлан» тобын орта шақырамыз.

Топтың ұраны:Біз әрқашанда мықты,

Бәрін жеңіп шықты.

«Барыс» тобын шақырамыз.

Топтың ұраны:Біз шымыр сергек денеміз,өнер сүйер өнерміз.

1.бөлім «Кедергілер арасымен жугіру.»

2.бөлім «Баланы киіндіріп мектепке апару.»

3.бөлім «Ойыншықты жинау.»

4. бөлім «Кедергілер арасымен допты алып жүгіру.»

5.бөлім «Арқан тартыс.»

Жарыс заңы ежелден-

Жеңімпазды анықтау.

Жеңімпаз болу шарты сол-

Еңбектену,жалықпау.

Біреу озса сайыста,

Біреу артта қалады.

Жеңілгендер ренжімей,

Тараса бізге жарады.-демекші сайысымыздың шарттары бойынша

қорытынды шығарып жеңімпаздарды анықтап,марапаттау сөз әділқазыларға беріледі.(Әділқазылар ұпайларын тыңдау.)

1орын,2орын,3орын беріледі.

Қорытындылау.

Уа,халқым назар аудар денсаулыққа!

Өмірде бақыттысың денің сау да.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді,

Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да –

демекші.

Құрметті қонақтар!

Келгендеріңізге рахмет.Аман-сау болыңыздар.

Спортпен шұғылданайық.Сауболыңыздар.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности