Касенова Мадина Тумырзаевна
Должность:специалист по соц.работе
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Северо-Казахстанская область
"Жүректен жүрекке" іс-шарасы

Жүректен жүрекке (отбасылық байқау) 10.02.2015

Мақсаты: Ата - аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, олардың халық ауыз әдебиеті, салт-дәстүрі туралы білімдерін байқау. Отбасы - Отанның бір бөлшегі екендігін ұғындырып, оқушыларды ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.


Түрі: Ата-аналар мен балалардан құралған топтар арасындағы сайыс түрінде өтеді.

Көрнекілігі: Отан, отбасы, ынтымақ-бірлік туралы мақал — мәтелдер. С.Назарбаеваның сөздері. Проектор.

Барысы: сынып шарлар және мақалдармен безендірілген, тақтада «жүректен-жүрекке» деген жазу, әр жапырақшасына жағдаяттар жазылған үлкен түймедақтың (ромашка) суреті жапсырылған. Кабинеттің әр жерлеріне «алма» стикерлары жапсырылған. Кабинеттің бір бұрышында үстелдің үстінде 1-6 сынып оқушыларының қолдан даярлаған бұйымдарының көрмесі «Ана.Достық.Қуаныш» тақырыбымен қойылған. 3 отбасы сыныптың бір жағында 3 үстелді жағалай отырады. Әдемі әуен ойналады.

Қайырлы күн! Құрметті қатысушылар және қонақтар! Сіздерді облыстық өзін-өзі тану декадасының аясында өткізіліп жатқан «Жүректен жүрекке» атты шағын іс-шарада көруге ризамыз.

«Жүректен жүрекке»? Неліктен дәл осындай тақырыпты таңдадық? Өйткені осы екі сөз адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілікті, адамгершілікті, махаббат пен қайырымдылықты білдіреді.

«Асқар тауы –сүйеніші әкесі,

Мөлдір бұлақ-тіреушісі анасы.

Жасыл құрақ-келешегі баласы,

Олар бірге болады мықты отбасы» демекші, бүгінгі іс-шараға осы анықтамаларды бізге түсіндіруге С.Сауытбеков атындағы Балуан негізгі мектебінің оқушылары мен ата-аналары көмектеседі.

Олар: 1 топ: (Алия, Бекзат, Ақбота) ____________________________________________

2 топ: (Айман, Алмас, Диас, Нұртас)____________________________________________

3 топ: (Анель, Ләйлә, Әділхан)_________________________________________________

Оған қоса, біз бүгін оқушыларымыздың да өнерлерін тамашалаймыз. Ал топтардың үздігі анықтауға көмектесетін әділқазылар алқасы бар.

Олар: 1. ___________________________________________________

2. _____________________________________________________

3. ____________________________________________________

1. Таныстыру. Қазір топтарымыз өздерінің PowerPoint бағдарламасында дайындалған презентацияларымен таныстырсын. (максимум 3 ұпай).

1. Жақсы адам кімге болсын болар пана,
Мол оның тал бойында ақыл сана
Көркіне ақылы да сай келетін
Кәрімовтер отбасы ортамызда. (ортаға шығып, презентациясын ұсынады)

2. Қуантады білімімен бәрімізді
Қол соғып қарсы алайық енді оны.
Мажитовтер отбасы келіп қалды
Татулықты ту еткен отбасы бұл. (ортаға шығып, презентациясын ұсынады)

3. Ұл-қызға ақыл, білім жарасады
Нағыз ер халқыменен санасады.
Сайысқа бар күшімді саламын деп
Даировтар отбасы таласады. (ортаға шығып, презентациясын ұсынады)


2. Атадан — ұрпаққа. Қазір алғашқы сайысымыз басталады. Сіздер мұқият тыңдаңыздар! Әр топтың ұлдары өздерінің жеті атасының аттарын атауы қажет. Тез және толық айтқан топқа 3 ұпайдан беріледі (максимум 3 ұпай).

Әділқазыларға сөз

3. Менің отбасым. (қатысушыларға ватман және маркерлар беріледі) Берілген ватмандарға өз отбасыларыңның суретін салу қажет. Суретті тек қана салмай, онда салынған адамдардың мінез-құлқы туралы толық таныстыруда топтың барлық мүшесі қатысу қажет. (махсимум 3 ұпай).

4. Үй жұмысы. Үйге берілген тапсырма — ана балаларымен бірге бір зат дайындап келуі тапсырылған. Ол — астың түрі ме, әлде қолөнердің бір түрі ме? Оны ана мен балалар өздері шешу керек еді. Әр топ өздері дайындаған заттарын әділқазылар алқасына ұсынсын. (максимум 3 ұпай).

Әділқазыларға сөз

5. Блиц. Мақал-мәтелдердегі айтылмаған сөздерді табу қажет. Дұрыс айтылға әр сөз үшін топқа 1 ұпайдан қосылады.

1. Інісі бардың тынысы бар, ағасы бардың ............... жағасы бар. (жағасы)

2. Апасы киген тонды ............ де киеді. (сіңлісі)

3. Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ...............бол. (ұлтан)

4. Балажанды биелер құлындарын теппейді, балажанды адамды бала..............кетепейді. (айналып)

5. Балаңа байқап сөйлесең, ............... көнер. (ақылыңа)

6. Өз білмегеніңді кісіден сұра, үлкен жоқ болса, .................сұра. (кішіден)

7. Әдептілік белгісі, иіліп ............. бергені. (сәлем)
8. Оқу - білім бұлағы, білім - .............. шырағы. (өмір)
9. Қына тасқа бітеді, білім ................ бітеді. (басқа)
10. Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін ......................(өледі)
11. Қарағайға қарап тал өсер, қатарына қарап ..................... өсер. (бала)
12. Досы көпті жау алмайды, ақылы .................дау алмайды. (көпті)

6. «Ана - бала, бала - ана бір ұғым,

Бір - бірінсіз жоқ олардың бақыты.

Омыртқаның үзбеу үшін жұлынын,

Екеуінің өтсін бірге уақыты», дей келе сайысымыздың келесі кезегін балаларға береміз. Жемістер сайысы. Кабинетте әр жерде жапсырылған алманың суреттерін әр топтың балалары кезекпен бір-бірлеп әкелуі қажет. Топтағы бір бала 1 алманың суретін алып, оны өз үстеліне жапсырғаннан кейін ғана келесі бала «жемісті іздеуге» шығады. Берілген уақыт 3 минут. Топ қанша жинаса, сонша ұпай беріледі.

Әділқазыларға сөз

7. Ана деген тіршіліктің иесін,

Сыйлайтынын адал бала білесің.

Өмір балын тамызар да ерніңе,

Шымырлатып еріткен бар жүйесін.

«Түймедақ» сайысы. (үстелдерге бір ақ парақ қағаз және түрлі түсті қағаздар, желім қойылады). Әр топтағы аналар кезекпен тақтадағы түймедақтың бір жапырағын алып, жазылған сұрақтарға тез және толық жауап беруі қажет. (максимум 3 ұпай). Ал балалары сол уақытта алдындағы түрлі-түсті қағаздар арқылы аналарына ашық хат дайындайды.

1. Балаларыңыздың қандай асты ұнататынын айтып беріңіз.

2. Балаларыңыз келіспей қалса, қайсысына болысасыз?

3. Балаларыңызда «адамгершілік», «кең пейілділік» қасиеттерін қалай дамытасыз ?

4. Балаларыңыз қандай ойындарды жақсы көреді?

5. Балаларыңызбен болған қызықты оқиғаны есіңе түсіріңіз.

6. Балаларыңызды тәрбиелеуде ұлттық құндылықтарды ұстанасыз ба? Қандай?

7. Балаларыңызда «мейірімділік», «қайырымдылық» қасиеттері бар ма? Оны қалай тәрбиелейсіз?

8. Балаларыңыздың демалысын қалай өткізуге тырысасыз?

9. Балаларыңыздың қандай дарындылығы бар?

Аналары сұрақтарға жауап беріп болғаннан кейін, балалары ашық хаттарын тапсырады.

9.Ең сәнді бала. Әр топтың қатысушылары өз тобынан бір адамды әуен ойнап біткенше көрермендер арасынан түрлі киімдер жинап, сәндеуі қажет. Қай топтың «сәнді» кейіпкері қызықты да жылдам дайын болатыны анықталады. (максимум 3 ұпай)

Осымен сайыстар аяқталды. Әділқазылар алқасынан 1-6 сынып оқушыларының дайындаған бұйымдарға көз жүгіртіп, ең жақсыларын таңдауды сұраймыз. Әділқазылар алқасы бүгінгі сайыс және қолдан жасалған бұйымдар көрмесі бойынша өз шешімдерін талқылағанша, сіздерге қаңтар айының 15-нен ақпан айының 15-не дейін мектебімізде «Қамқорлық» акциясы жүріп жатқанын хабарлайық! .......................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Әділқазылар алқасының шешімін тыңдайық!

Осымен «Жүректен жүрекке» шағын іс-шарамызды аяқтаймыз. Барлықтарыңызға алғысымызды білдіреміз!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности