Петропавл қаласы
«№1 жалпы білім беретін
орта мектеп-интернат»КММ
қазақ тілі мен әдебиет
пәнінің мұғалімі Дюсекина
Света Советбекқызы
5-сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Мектеп
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімдерін молайту,грамматикалық тақырыпты түрлі тапсырмалар арқылы бекіту.
2.Дамытушылық: Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өз беттерінше
жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру, мектепте білім алуға қызығушылықтарын арттыру.
3.Тәрбиелік: Адамгершілік, ұлттық сыйластық тәрбиесін беру.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ- жауап, түсіндіру,баяндау,аудару, жекелей,
жұптық жұмыстар орындау, кесте толтыру,суретпен танысу,сөздікпен жұмыс,диалог құрау
Сабақтың көрнекілігі: тақта, кесте,смайлик,тест,қима қағаздарда тапсырмалар
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ.
I.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушылармен сәлемдесу.(көңіл-күйлерің қалай? смайлик)
ә)Оқушыларды түгелдеу. Сыныпта барлығы 12 оқушы,
- Сыныпта кім кезекші?
- қазір жылдың қай мезгілі?
-Бүгін нешесі? Сыныпта кім жоқ?
сыныпты 3-топқа бөлу, үш түрлі қағаздырды бөліп алу арқылы
-Үй тапсырмасы? синоним, антоним, омоним деген не? -ережесі .
1-топ 2-топ 3-топ
1. Синоним деген не? Антоним-деген не? Омоним деген не?
Ережесін айтады. Топтарды смайликтермен бағалау.
2. Енді мына сөздерді жинап,сабақтың тақырыбын ашамыз. Бұл не?-мақал ,не туралы? –Мектеп туралы
Мектеп,теңіз ,кеме,білім
Ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы; «МЕКТЕП»
Мектеп кеме,
Білім –теңіз.
Жаңа айтылған ережелер бойынша тапсырма орындаймыз.
1-тапсырма Синонимдерін тауып айт, сөйлем құра
1-топ мұғалім-.... ,оқушы-…,
1-тапсырма Антонимдерін тауып айт, және сөйлем құра.
2-топ биік-… ,жаңа-…,
1-тапсырма
3 –топ Омонимдерін тауып айт, сөйлем құра.
сабақ- …, сабақ-… .
Смайликпен бағалау
Мектеп»-тақырыбы бойынша
білемін, не білдім? Не білгім келеді?
Сөздерді , сөйлем құрауды диалог құрауды
Мектеп,сынып,сабақ, Мектеп үлкен,жаңа. –Мектеп қандай?
Мұғалім,оқушы,биік, Мұғалім сабақ береді. –Кім сабақ береді?
Жаңа,ескі- аудармасы Оқушы сыныпта ортыр. –Кім сыныпта отыр.-
Сергіту сәті.
Слайдтар бойынша жеке-жеке сөздерді айтып шығу.
Мына суреттер бойынша не көрдің? -1-суретте мектеп,
2-суретте сынып,3-суретте сабақ барысы.
2-тапсырма бойынша диалог құрап үйренейік.
3-топ
2-тапсырма. Сұрақтар бойынша диалог құра. « МЕКТЕП»
-Бүгін күн қандай?
-_______________________________
-Біздің мектеп алды таза ма?
-__________________________________
-Аулада ағаштар өсіп тұр ма?
-_____________________________________
-Мектеп ауласында балалар жүр ме?
-_______________________________________
-Оқушылар мектепке келе ме?
2-топ
2-тапсырма «МЕКТЕП»
-Мектеп қай көшеде орналасқан?
-____________________________
-Мектеп неше қабатты?
-_____________________________
-Мектепте қандай кабинеттер бар?
-______________________________
-Асханада не даярлайды?
-_________________________________
-Қазақ тілі сабағында қай тілде сөйлейсің?
-
1-топ
2-тапсырма
диалог құра.
-_________________________ ?
-Мектепте мұғалімдер сабақ береді.
-_________________________?
- Олар бізге сабақты жақсы түсіндіреді.
-_________________________?
- Біз жақсы оқимыз.
-_________________________?
-Мен мектепке таңеретең келемін.
-------------------------------------?
-Мен күнде сабаққа дайындаламын.
Смайлик
ТАҚТАДА,3 –топтан бір оқушыдан шығып орындайды.
Дәптермен жұмыс. Бүгінгі күнді жазу, 3-тапсырманы орындау,фонетикалық талдау
3 -тапсырма
Дәптермен жұмыс. «Мектеп», «Сынып», «Ұстаз» сөзін фонетикалық талдау
Мектеп-жіңішке сөз
мек-теп,2-буын,2-дауысты,4-дауыссыз дыбыс
6-әріп,6-дыбыс
М-дауыссыз үнді, е-дауысты жіңішке, к-дауыссыз қатаң, т-дауыссыз қатаң, е- п-дауыссыз қатаң.
-----------------------------------------------------------------------------------------
1IV.Сабақты бекіту.
Мектеп құрылысын жасау ойыны.
1.Сен нешінші сыныпта оқисың?
2.Нешінші қатарда отырасың?
3.Кіммен отырасың?
4.Қазақ тілі пәнінің мұғалімі кім?
5.Ертең неше сабақ болады?
V.Қорытындылау.
VI.Үйге тапсырма:
117-бет.-1. Наурыз туралы сурет салып кел.2.Наурыз туралы 3 сөйлем жаз.3-т « Наурыз»диалог құра.
VII.Бағалау.
Сабаққа белсене қатысқан балаларды бағалау.
Көңіл-күйлерің қалай? (смайлик)
VIII.Қоштасу.
Сау болыңдар!