Гульсара
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Республика Казахстан, Северо-Казахстанская обл, г.Петропавловск
Регион:г Петропавловск
Алғашқы қоңырау

«№ 1 жалпы білім беретін орта мектеп-интернаты» КММ

КГУ «Общеобразовательная средняя школа-интернат № 1»

Алғашқы қоңырау

Не? Қашан? Қайда? ойыны

(3-сынып. ашық сабақ)

Өткізген: қазақ тілі пәні мұғалімі

Шопанова Гүлсара Арманбекқызы

Петропавл қаласы

2014 жыл

Сабақтың тақырыбы: Алғашқы қоңырау.

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылармен өтілетін тақырып көлеміндегі ұғымдарды қайталау, жалғау түрлерін еске түсіру.

2. Оқушыларды сауатты оқуға, жазуға дағдыландыру, сөздерді талдай білу дағдыларын дамыту;

3. Оқушылардың оқу-білімге деген қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Не? Қашан? Қайда? ойыны. Ашық сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, дәптермен,оқулықпен жұмыс, ойын, сұрақ-жауап, талдау түрлері, т.б.

Сабақтың құрал-жабдықтары: интерактивті тақта, қара жәшік.

Сабақтың өту барысы:


Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу. Кезекшімен диалог. Оқушыларды түгендеу.

- Оқушылар, бүгінгі сабағымыз ерекше ойын түрінде өтпек. Ойынымыздың атауы:

Не? Қашан? Қайда?

Ойынның негізгі шартымен таныстырып өтейін: Ойыншыларға әр қаладан көрермендерден тапсырмалары бар конверттер беріледі. Ойыншылардың міндеті: сол тапсырмаларды орындай отырып, ұпайлар жинау. Тапсырмаларды дұрыс орындаған жағдайда 1 ұпайға ие болады. Егер тапсырманы дұрыс орындамаса, көрермен-ойыншылар ұпайға ие болады.

Ойын үстелі 6 секторға бөлінген. 6 секторда сұрақтары бар конверттер орналасқан.

Зырылдауықтың тілшесі ойыншылардың ойнайтын секторы мен түскен тапсырмасын анықтайды. Егер тілше ойналған секторға түссе, онда келесі тапсырма орындалады.

Ойын 6 ұпайға дейін ойналады.

Ойынға қатысатын көрермен хаттары:

1-сектор. Алматы қаласы. Мейрамгүл апай.

2-сектор. Атырау қаласы. Бекболатова Жанар — 3 -сынып оқушысы.

3-сектор. Қостанай қаласы. Омаров Диас — 3 -сынып оқушысы.

4-сектор. Петропавл қаласы. Бақыт Сағынайқызы — қазақ тілі пәні мұғалімі.

5-сектор. Тараз қаласы. Жанбаевтар отбасы.

6-сектор. Астана қаласы. Жамбыл мен Ілияс.

Ойынымыздың шарты мен барысы түсінікті болса, ойынды бастайық! Ең алдымен зырылдауықты жүргізейік, содан түскен сектор тапсырмаларын орындаймыз.

1-сектор. Алматы қаласы. Мейрамгүл апайдан.

Оқулықтың 4-бетіндегі 1-жаттығуды орындау.

Мәтінді мәнерлеп оқу. Ауызша аудару.

Бірінші қыркүйек — Білім күні. Балалар мектепке келді. Оларды мұғалім қарсы алды. Алғашқы қоңырау соғылды.

Сәлем, мектебім!

2-сектор. Атырау қаласы. Бекболатова Жанар 3-сынып оқушысы.

Оқулықтың 5-беті. 4-жаттығу.

Жақшаның ішіндегі сөздерді аударып, сөйлемдерді

толықтырып жаз.

Мынау — (школа). Ол - ....

Мектепте (дети) оқиды. Олар білім ....

(Звонок) соғылды. Үзіліс ....

(Ученики) сыныпқа кірді. Олар орындарына ....

(Урок) басталды. Бұл - .... сабағы.

3-сектор. Қостанай қаласы. Омаров Диас 3 - сынып оқушысы

Құрметті 3 “а” сынып оқушылары маған мына сөздерге фонетикалық талдау жасауға көмектесіңдер. Рахмет.

Сабақ, мектеп.

Тексеруі:

Сабақ – 2 буын, 1-буын ашық, 2-буын бітеу; 5 дыбыс, 5 әріп

С — дауыссыз дыбыс, қатаң;

А — дауысты дыбыс, жуан, ашық, езулік;

Б — дауыссыз дыбыс, ұяң;

А - дауысты дыбыс, жуан, ашық, езулік;

Қ — дауыссыз дыбыс, қатаң.

Мектеп — 2 буын, бітеу буындар, 6 дыбыс, 6 әріп

М — дауыссыз дыбыс, үнді;

Е — дауысты дыбыс, жіңішке, жартылай ашық, езулік;

К — дауыссыз дыбыс, қатаң;

Т — дауыссыз дыбыс, қатаң;

Е — дауысты дыбыс, жіңішке, жартылай ашық, езулік;

П — дауыссыз дыбыс, қатаң.

Сергіту сәті. Оқушылар интерактивті тақтадан бейне сергіту сәтін қимылмен көрсете отырып жасайды.

4-сектор. Қара жәшік. Петропавл қаласы.

Бақыт Сағынайқызы қазақ тілі пәні мұғалімі.

Балалар, менің жұмбағымды шешіп көріңдер.

Сен оқуда қандайсың,

Менен жасыра алмайсың.

Сұрақ: Қара жәшікте не бар? (күнделік)

5-сектор. Тараз қаласы. Жанбаевтар отбасы. Сөзжұмбақ шешіп көріңдер:

1. Мектепте оқушыларға білім мен тәрбие беруші адам.

2. Күнделіктегі ең жақсы баға.

3. Оқушының бағалар қоятын, ата-аналары бақылайтын құжаты.

4. Оған бормен жазамыз.

5. Жіктеу есімдігі І жақ, жекеше түрі

6. Оқушының мектептегі жұмыс орны.

Көлденеңінен: білім ордасы. (мектеп)

Жауаптары: 1. мұғалім 2. бес 3. күнделік 4. тақта 5. мен 6. парта

6-сектор. Астана қаласы. Жамбыл мен Ілияс 3 “б” сынып оқушылары.

Құрметті 3 “а” сынып оқушылары сендерге Астана қаласының №25 мектеп оқушылары Жамбыл мен Ілияс хат жазып отырмыз. Біз мына сөздерді септеуге қиналдық. Сендерден көмек күтеміз. Рахмет.

Мектеп, мұғалім, білім.

Тексеруі:

Атау септігі: мектеп, мұғалім, білім.

Ілік септігі: мектептің, мұғалімнің, білімнің.

Барыс септігі: мектепке, мұғалімге, білімге.

Табыс септігі: мектепті, мұғалімді, білімді.

Жатыс септігі: мектепте, мұғалімде, білімде.

Шығыс септігі:мектептен, мұғалімнен, білімнен.

Көмектес септігі: мектеппен, мұғаліммен, біліммен.

Сабақты қорыту: оқушылардың жинаған ұпайларын санау . Сәтті орындаған және қиналған кездеріне тоқталып, талдау айту.

Үйге тапсырма: 1.жалғау түрлерін қайталау.

2. мектеп туралы мақал-мәтелдер жаттау.

Сабақты бағалау: Оқушыларды тапсырмаларды орындау деңгейіне сай бағалау.

Қоштасу: Сабақ аяқталды. Сау болыңдар!

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности