Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның табиғаты.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Қазақстан табиғаты туралы мәлімет бере отырып оның құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту.Ауызекі сөйлеу арқылы коммуникативті дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, елін жерін сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың көркекілігі: интербелсенді тақта, слайд, қабырға газеті, оқулық, қосымша материал. Үлестірмелі карточкалар.
Сабақтың түрі : жаңа сабақ
Әдісі-тәсілі: Сұрақ- жауап, ойын, әңгімелесу, топтық жұмыс
Сабақтың барысы:
Психалогиялық ахуал: Әр топ бір біріне сәттілік тілейді. (хормен)
1топ 2 топқа-Біз 2 топқа сәттілік тілейміз.
2 топ 3 топқа –Біз 3 топқа жақсы көңіл күй тілеймі.
3 топ 1 топқа –Біз 1 топқа көп бестік баға алсын деп тілейміз.
Ұйымдастыру кезеңі:
Балалар оған сұрақ қояды
–Қазір қай жыл мезгілі?
- Бүгін нешесі?
-Үйге қандай тапсырма берілді?
-Ал енді мен де сендерге тілегендерің қабыл болсын, мен де сендерге сәттілік тілеймін.
-Алдын ала тапсырма;
Үй тапсырмасы «Туған жер» туралы мақал-мәтел жаттау болды,қазір сендер интербелсенді тақтада берілген мақалдарды толықтырасыңдар. Бірден топтағы спикерлерді таңдау.
Интербелсенді тақтада жазған мақалдар:
1.Туған жердің жері де көрікті, ............................. . (елі де сүйікті).
2. Ағаштың тамыры-...................... , (өскен жерінде).
Адамның жаны-.......................... . (туған елінде).
3.Ел іші-.................. . (алтын бесік).
4.Туған жердің күні де ыстық, ......................... . (түні де ыстық).
5. Әркімнің өз жері-............ . (жұмақ).
6. Туған жердің суы ......, (тәтті).
Топырағы да ............... . (ыстық).
7. Жері байдың - .............. (елі бай).
Үй тапсырмасы бағаланады.
Жаңа сабаққа шығу үшін оқушылар табиға туралы әуенді мұқият тындап мағынасын түсінуге тырысыңдар
-Балалар мына әуенді мұқият тыңдап мағынасын түсінуге тырысыңдар және мына презентацияға қарап естеріңе сақтап отырыңдар.
Балалар бұл әуенді естігенде ,ойларыңа не келді?
Балалар: -Тау, су, көл өзен, өсімдік, жануарлар туралы болды,
Осы айтқандарыңды біз бір сөзбен қалай айтамыз
Балалар: -Табиғат!-деп айтады.
-Біздің айтқан мақал-мәтелдеріміз не туралы еді?
-Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай?
Сабақтың мақсаты: балалар бүгінгі сабаққа қандай мақсат қоямыз?
Интербелсенді тақтада жазған сөздерді кезекші оқып,аударады
Мекендейді-обитают
тығыз байланысты- тесна связанно
ластамай- не загрезняя
қорғау- охранять, защищать.
Бұлан-лось
Үкі-сова
Қарсақ- степная лисица
Сөз тіркестер құрастырамыз
Сын есім+зат есім
Зат есім+етістік
Септіктермен жұмыс
Тақтада табиғатқа қатысты суреттер ілініп тұрады Мысалы: бұлан, үкі, аққу, қарсақ. т б, суреттін артында бір септік атауы жазылған, балалар сол суретті алып суретке қарап сол сөзді септейді.сөл суреттерде жаңа сөздің суреттері де бар.
Мәтінмен жұмыс.
Оқушылар 3 топқа бөлінген, әр топта 4 баладан,бір мәнінді 3 бөлікке бөліп әр топқа беріледі, оқушылар оқып танысады түсінуге тырысады.Сосын әр топтан 2 бала шығып басқа топтарға барып сол топтың мәтінімен танысып түсініп өз топтарына қайтып оралады, алған мәліметті ортаға салады бір тұрас мәтін жинайды.
Осы мәтіннен түсінгендеріңді қағаз бетіне түсіресіңдер.
постер жасап оны қорғайды.
Мәтінге диолог құрастарады, 2 сұрақ, жауап.
1 топтың мәтіні
Қазақстанның жері бай, табиғаты өте әдемі. Қазақстан жерінде таулар өзен-көлдері бар жерлер көп. Қазақстан жерін 10% таулар алып жатыр. Іле Алатау, Қаратау, Алтай, Баянауыл, Тарбағатай таулары бар.Табиғат пен адам бір –бірімен тығыз байланысты. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сондықтан табиғатымызды ластамай қорғайық.
2 топтың мәтіні
Қазақстанның жері бай, табиғаты өте әдемі. Қазақстан жерінде таулар өзен-көлдері бар жерлер көп.Өзендері: Ертіс, Сырдария, Есіл, Жайық. Көлдері: Балқаш, Зайсаң,Алакөл, Марқакөл,т.б. Каспи және Аал теңізі де бар.Табиғат пен адам бір –бірімен тығыз байланысты. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сондықтан табиғатымызды ластамай қорғайық.
3 топтың мәтіні
Қазақстанның жері бай, табиғаты өте әдемі. Қазақстанның орманды жерлерінде алуан түрлі жануарлар, құстар, жәндіктер мекендейді. Жануарлары: бұлан, қарсақ, қоян, барс, т.б. Құстары: үкі аққу, бүркіт. т.б.Табиғат пен адам бір –бірімен тығыз байланысты. Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Сондықтан табиғатымызды ластамай қорғайық.
Табиғат мінезі» жаттығуы .
Қане, барлығымыз тізбектеле тұрайық. Көзімізді жұмып, өзімізді табиғат аясында тұрғандай сезінейік. Күн тамаша ашық, күн сәулесі шуақ шашып тұр, айнала тамаша көрініске толы. Енді, көзіміздіашып, өзімізді еркін сезінейік. Алғашқы да бәрі жақсы болып тұрды да кенет, аяқ астынан жеңіл жел соқты.
5 жолды өлең жазу
1 Зат есім
2 2 сын есім
3 3 етістік
4 сөйлем
5 синоним-ассоцияция
Қорытынды:
Сабақ сендерге ұнады ма?
Қандай тапсырмалар ұнады сендерге?
Табиғатқа тілектер
Ағашқа (макетке) балалар өз тілектерін жасыл жапыраққа жазып жапсырамыз.
өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды.
Қорытынды: сабақта бүгін не өттік?
Мақсатымызға жеттік пе?
Бағалау.Топ басшысы бағалау парағына әр тапсырмадан алған бағаларын жазып сабақтың соңында қорытынды бағасын қояды, қойған бағаларын оқып шығады.
Үй жұмысы
:ІІІ деңгей.
Жаңа сөздерді жаттау, сөз тіркестерін құрастыру.
ІІ деңгей.
Диалог құрастыру, табиғат сөзін септеу.
І деңгей.
Табиғат туралы шағын шығарма жазу.