link13915 link13916 link13917 link13918 link13919 link13920 link13921 link13922 link13923 link13924 link13925 link13926 link13927 link13928 link13929 link13930 link13931 link13932 link13933 link13934 link13935 link13936 link13937 link13938 link13939 link13940 link13941 link13942 link13943 link13944 link13945 link13946 link13947 link13948 link13949 link13950 link13951 link13952 link13953 link13954 link13955 link13956 link13957 link13958 link13959 link13960 link13961 link13962 link13963 link13964 link13965 link13966 link13967 link13968 link13969 link13970 link13971 link13972 link13973 link13974 link13975 link13976 link13977 link13978 link13979 link13980 link13981 link13982 link13983 link13984 link13985 link13986 link13987 link13988 link13989 link13990 link13991 link13992 link13993 link13994 link13995 link13996 link13997 link13998 link13999 link14000 link14001 link14002 link14003 link14004 link14005 link14006 link14007 link14008 link14009 link14010 link14011 link14012 link14013 link14014 link14015 link14016 link14017 link14018 link14019 link14020 link14021 link14022 link14023 link14024 link14025 link14026 link14027 link14028 link14029 link14030 link14031 link14032 link14033 link14034 link14035
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Геометриялық пішіндер

Қазақстан,Қызылорда,Қармақшы ауданы

№1 «Аққайың» балабақшасы

Тәрбиеші

Балмаханова Жаңылған Майданбайқызы

Мақсаты: Балаларды геометриялық пішіндер мен таныстыру.

Пішіндердің мағынасын түсіндіріп оларды бір−бірінен ажырата білуге үйрету.

1) Білімділік: Геометриялық пішіндер, айналадағы заттардың көлемін, формасын тікелей бақылата отырып меңгерту, логикалық ойындар ойнату.

2) Дамытушылық: Өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру, ойнау қабілетін,байқампыздығын, сабаққа қызығушылығын дамыту, өздігіненталдау жасауға үйрету.

3) Тәрбиелік: Білім мен байланысын түсіндіру, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу, денсаулық шараларын дамыту.

Сабақтың түрі: Қайталау.

Әдіс−тәсілдері: Сұрақ−жауап, көрініс, ертегі кейіпкерлерін жандандыру.

Қажетті−құрал жабдықтар: Магнитті тақта, геометриялық пішіндер.

Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, дене шыңықтыру, математика, семсорлық тәрбие.

Сабақ барысы: 1) Ұйымдастыру.

Шаттық шеңбер.

Қуанамын менде,

Қуанасын сенде

Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге!

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде сенсорика сабағы. Өткен жолы геометриялық пішіндермен таныстық.

Бәрін қайталау сабағы. Бізге қонаққа бауырсақ келіп қалыпты.

( бауырсақ келеді, музыкалық әуен ойналады).

Бауырсақ сөзі: Менің атым бауырсақ.

Қаймаққа иледі, майға пісірді.

Мен атадан, әжеден кеттім.

Тыңдамадым атамды

Тыңдамадым әжемді

Үйімді мен сағындым

Көмектесші балақай.

Тәрбиеші: Бауырсақ қай ертегінің кейіпкері?

Балалар: Бауырсақ ертегісінің кейіпкері.

Тәрбиеші: Бауырсақтың түсі қандай?

−Сары.

Тәрбиеші: Бауырсақтың пішіні қандай?

−Дөңгелек.

Қоян: Ой, ненің тәтті иісі шығып тұр. Бауырсақ жүр екен ғой осында.

− Балалар менің тұратын үйім жоқ.

Тәрбиеші: Біз саған көмектестік. Мынау геометриялық пішіндер.

Балалар мынау қандай пішіндер, сендер білесіңдер ме?

Балалар: Төртбұрыш ( оның төрт бұрышы бар).

Балалар мынау үшбұрыш ( оның үш бұрышы бар).

Мынау шеңбер (ол домалақ болады)

Балалар қоянның үйін құрастыруға көмектеседі.

Қоян: Балалар сендерге көп−көп рахмет. Менің енді үйім болатын болды. Рахмет мен енді өз жөнімен кетейін.

Тәрбиеші: Қоян кеткен сияқты еді ғой. Ненің даусы шығып жатыр.

(Аю келеді музыка ойналады).

Аю: Ой мында балалар отыр ғой. Бауырсақ сенде осыңда жүрсің бе?

Бауырсақ: Иә мен балаларға қонаққа келдім. Сенің неге көңіл күйің жоқ.

Аю: Ешкім менімен дос болғысы келмейді. Ойнайын десем, ойнамайды.

Тәрбиеші: Балалар онда біз аю мен ойын ойнайық. Аю сен қандай ойын әкелдің?

Ойын: Доптарды қораптың ішіне шашып. Үлкен допты үлкен қорапқа, кіші допты кіші қорапқа жинау.

Аю: Рахмет, балалар мен енді кетейін.

Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық

Алақанды ұрайық

Бір отырып, бір тұрып

Біз тұңығып алайық.

Бауырсақ: Балалар мен сендермен геометриялық пішіндерден құрылғын екі « Денсаулық жолдарымен» жүрейік. « аяқ табанының массажы»

Тапсырма: Түс пен пішінді ажырата білу.

Сары шеңберге секір.

Қызыл төртбұрышқа аяқ қой.

Көк ұшбұрышты атта.

Түлкі: Қандай қызық ойын.

Бауырсақ маған да үйретші (бірге жасайды).

Бауырсақ: Түлкі менг балалардан көп нәрсені үйреніп алдым.

Сен бізді бір сынап көрші.

Тәрбиеші: Ал, балалар түлкіге тақпақ айтып берейікші.

Арман: Бала, бала балапан

Кәне қайсы алақан

Саусақтары әйбат

Былай, былай ойнат.

Ақбота: Төртбұрышты қолданып,

Ұшбұрыш қолданып

Көрпешені жасаймын

Әдемісін ішінен

Қуыршаққа сыйлаймын.

Сабыржан: Отан менің − жан анам,

Отан менің − жан әкем.

Отаным деп шаттанам

Отаным деп әлденем.

Ернар: Ойыншақтар қандай, қандай

Қызыл, жасыл, сары, қоңыр.

Түрлі — түсті түстері

Көз тартады өздері.

Сырымбет: Мен бақшаға келемін

Күнде қалмай жүремін

Ұйықтаймын, ойнаймын,

Мен сабақтан қалмаймын.

Түлкі: Бәрекелді балалар. Өте өнерлі балалар екенсіңдер. Мен сендерге ризамын.

Бекіту: − Балалар бүгін біз сабақта немен таныстық?

− Ең бірінші қоянға көмектестік.

− Біз геометрилық пішіндерден үй, бауырсақ жасадық.

− Аю мен ойнадық

Денсаулық жолмен жүрдік

Түлкіге тақпақ айтық.

Рефлексия: (балалардың сабақтан қанағаттандыруын біліп тану, алған әсерін түсі арқылы білдіру). Музыкалық әуенмен тақтадағы сары күн мен қара көк бұлттардан балалардың көңіл − күйін білдіретін таңдатып қонақтарға сыйлықтар беру.

Тәрбиеші: Балалардың ашық түсті, сары күнді таңдадық. Өз көңіл — күйлерінен алған сабақтың әсерін байқаттыңдар. Біздің сабақ өте қызықты, әсерлі болды. Олай болса біз бауырсақты атасы мен әжесіне апарайық.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности