Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Ижевск
Тлеутаева Багира Искаковна, учитель математики и физики Средней школы №5 Тайыншинского района ,Северо-Казахстанской области, Казахстан

Өткізген: Тлеутаева Б.И.

математика және физика мұғалімі

Пән: физика және математика

Тақырыбы: «Қызықты калейдоскоп» интеллектуалды ойын сабағы

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың физика, математика пәндеріне қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
  2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады;

Алған білімдерін өмірмен байланыстыра отырып, білімдерін көрсетеді;

Қатысушылар:9-11 сынып оқушылары.

Көрнекілігі: Безендірілген зал, нақыл сөздер,ойынның слайдтары, әр топқа даярланған үстел; физикалық эксперимент құралдары, интерактивті тақта.

Түрі: интеллектуалды ойын сабағы

Жоспары: 1. Амандасу, ұйымдастыру, әділ — қазылар алқасын тағайындау.

Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

2. Викториналық сұрақтар.

3. «Ойланайық,ойлайық!» (логикалық есеп)

4. «Кім тапқыр?» (физикалық құралдардың атын,атқаратын

қызметін түсіндіру).

5. «Ойлан тап!» (физикалық тәжірибе жасау)

6. Ой сергіту. (Кел күлейік!)

7. «Домино» (сөздерді ретімен орналастыру)

8. «Тіл өнер». (Сұрақтың шешімін тауып,орыс,ағылшын тіліне

аудару)

9. Қорытынды.

Қолданылған нақыл сөздер:

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

(К.Гаусс)

2. Математика — барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те.

(Р.Бэкон)

  1. «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек».

С.М.Ломоносов

4. «Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол формула»

С.В.Ковалевская

5. «Арифметика — математиканың, ал математика — барлық ғылымдардың

патшасы»

К.Гаусс

  1. «Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жетқізді, олар: дарын, жігер

және еңбек».

М.Искаков

Барысы:

1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!

Нақты ғылымдарға қызығушылар.

Естігенін есте тұтып,

Оқығанын миға тоқушылар.

2- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар.

Сіз оқытқан окушылардың,

Сәті келді сыналар.

1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,

Арасында ойын ойнап жарысамыз.

Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.

Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.

2- жүргізуші: Олай болса, тұрмайық,

Кешімізді біз бастайық,

Әділ бағаға қалтасы толы,

Әділқазыларды шақырайық.

1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау

Үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс

шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.

2- жүргізуші: Шын жүйрік шабасынан табылады.

Нақты білім, терең ой сыналады.

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады.

Әр команданы ортаға шақыра, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық.

1 — бөлім. Таныстыру: Бұл тапсырманы орындау үшін оқушылар жеребьевкамен өз топтарына атау таңдап, ұранын бірге қосылып, нақты айтулары керек.

А) Ұраны: Білікті бірді жығар.

Білімді мыңды жығар.

Сәлемдесуі: Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен.

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

В) Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі: Армандарға қол созумен келеміз,

Өмір теңіз жүзіп келеді кемеміз.

Білімменен қаруланған тобымыз,

Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.

С) Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз.

Сәлемдесуі: Қиындықтан сірәда біз қашпаймыз,

Алғырлық пен тапқырлықты ұштаймыз.

Қияларға самғап ұшқан құстаймыз,

Шегінбейміз жеңістерге бастаймыз.

Әділ — қазылар таныстыруды 3-5 баллмен бағалайды.

2 — бөлім. «Кім жылдам?»Викториналық сұрақтар:Екітопқа физикалық және логикалық сұрақтар қойылады. Дұрыс жауабын тез және нақты айту керек. Жауап 10 баллмен бағаланады. Егер орнынан айтатын болса, -5 балл шегеріледі.

  1. Температура өлшейтін аспап…(термометр)

2.Термодинамиканың бірінші заңы…(энергияның сақталу заңы)

3.Зарядталған бөлшек…(электрон)

4.Заряды жоқ бөлшек…(нейтрон)

7.Ауаның ылғалдылығын қандай аспаппен өлшейді?(психрометр)

8.Ауаның қысымын анықтайтын аспап.(барометр)

5.Параллель қосу кезінде өткізгіште қай шама бірдей?(кернеу)

6.Тізбектей қосу кезінде өткізгіште қай шама бірдей?(ток күші)

9.Көлемі тұрақты изопроцесс.(изохора)

10.Қысымы тұрақты изопроцесс.(изобара)

11Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым(Әл-Фараби)

12Ағылшын ғалымы Исаак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына

не себеп болды?(алма)

13.1961 жылы 12-сәуірде қандай уақиға болды?(адам ғарышқа ұшты)

14.Диэлектрик қабатымен бөлінген өткізгіш.(конденсатор)

15.Заряд бірлігі.(Кулон)

16.Электростатиканың негізгі заңы.(Кулон заңы)

3 — бөлім. «Ойланайық, ойлайық!» Логикалық есеп

Тапсырма: Бір топ үйрек ұшып келе жатты.Біреуі алдыңда,

екеуі артында,бірі артында,екеуі алдында,біреуі екеуінің ортасында,

үшеуі тізбектеліп қатар ұшқан.Қанша үйрек ұшып келеді?(Үш үйрек)

4 — бөлім. « Кім тапқыр!»Берілген физикалық құралдардың атын,атқаратын

қызметін түсіндіру.

Оқытушы 2 топқа арнап,бір-бірлеп физикалық құралдарды көрсетеді. Әр

топ құралдардың атын,атқаратын қызметтерін айтады.Әр дұрыс жауап 5 баллмен бағаланады.

Берілетін құралдар:

1. Амперметр(ток күшін өлшейтін құрал)

2.Вольтметр(кернеуді өлшейтін құрал)

3.Реостат(кедергіні өлшейтін құрал)

4.Электроскоп(дененің электрленуін анықтайтын құрал)

5.Катушка(индукцияланған токты жинайтын құрал)

6.Трансформатор(айнымалы токтың трансформациясын жүзеге

асыратын құрал)

(Әділқазы алқасынан ұпай саны сұралады).

5– бөлім. «Ойлан тап!» Берілгнн тапсырмалар бойынша физикалық

тәжірибе жасау.

2 топтың ойыншысы 2 конвертті таңдайды.

Дұрыс жасалған тәжірибеге-10 балл.

«А» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: шикі жұмыртқа,суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы.

Тапсырма: 1.Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп қасықпен сал.

Не байқалады? Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі,яғни батады.

Себебі: Жұмыртқаның тығыздығы судың тығыздығынан артық.

2.Жұмыртқаны стақанның ішінен ал,стақанға 10 шай қасық тұз сал,толық

ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал.

Не байқалады? Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады,яғни батпайды.

«В» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар:Стақан,өлшемдері стақан диаметрінен үлкен қалың

қағаз.

Тапсырма: Стақанның жиегіне дейін су толтыр.

1.Бетін қағазбен жап.

2.Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңнын алқанымен су

төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стақанға қысып ұста.

3. Енді түбін жоғары қаратып,стақанды өте шапшан төңкер.

4.Қолынды ептеп қағаздан ажырат.

Не байқалады?Су стақаннан төгілмейді.Қағаз стақанға кептеліп қалған

тәрізді. Төңкерілген стақандағы су неге төгілмейді?

Себебі:Стақан түбіндегі қатты қағазға тәменнен жоғары әсер ететін

ауаның қысым күшістақан ішіндегі судың салмағынан көп болады.Сондықтан қатты қағаз стақанға тығыз жабысып,су төгілмейді.

6 — бөлім. Сергіту сәті. (Кел күлейік!)

Тапсырма: 30 қабырғалы,517мускулдан,алдыңғы аяғында 5 саусақ,артқы аяғында 4 саусағы бар,жүгіргенде 50км/сағ,60м қашықтықтан көре алатын,адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады? Тапсырма: 30 қабырғалы,517мускулдан,алдыңғы аяғында 5 саусақ,артқы аяғында 4 саусағы бар,жүгіргенде 50км/сағ,60м қашықтықтан көре алатын,адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады? (Мысық).

7–бөлім. «Домино» (сөздерді ретімен орналастыру),(10 баллмен бағаланады).

Келтірілген сөздерді мынадай ретпен орналастыру керек: келесі сөз алдыңғы

сөз аяқталған әріптен басталуы керек.

Сөздер:Демокрит,реостат,амперметр,тесла,термометр,спектр,радиус,

радио,диск,килограмм,разряд,масса.

8- бөлім. «Тіл-өнер».Жұмбақтың шешімін тауып, орыс,ағылшын тіліне

аудару.Дұрыс жауапқа қазақ тілінде-10 балл,орыс тілінде-10 балл,ағылшын

тілінде-10балл.

  1. Сұйықтың ең басты қасиеті:сұйық пішінін өзгертеді,ал нені өзгертпейді? (көлем, объем,volume)

  1. Қандай шама Паскальмен өлшенеді?(қысым, давление,pressure)

  1. Дененің қызулық дәрежесін сипаттайтын шама?(температура,

температура,temperatura)

4. Неде су буының болуын “ылғалдық” деп атаймыз?(ауа, воздух, air)

5. Қандай денелер кристалдық күйде болады?(Қатты, твердый,solid)

6. Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді.(күн, солнце,sun).

Әділқазы алқасынан жалпы сайыстың қорытындысы сұралады.

Кеш аяқталып, ойынға белсене қатысқан оқушылар марапатталады.

1-жүргізуші: Санаңды сенің толтырар,

Есептану пәні бар.

Сабағынды егер оқысаң,

Өмірде саған жол болар.

2-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.

Ал, қазыр әділқазылар сөз алады.

Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,

Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады.

Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности